1109 Экология және тұрақты даму


Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер



бет36/68
Дата16.03.2023
өлшемі311,62 Kb.
#74823
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Байланысты:
umk ekol turakt damu 13 yanvar

Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003 2.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл. 3. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999 Қосымша әдебиеттер: 2.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991. 3.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.


ДӘРІС №10 Тақырып: Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.
Тема: Тұрақты органикалық ластағыштар. Проблема загрязнения СОЗ

Мақсаты: Студенттерге қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі, Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера, табиғат ресурстарының классификациясы туралы білім беру.
Жоспар:
1.Табиғат ұғымына анықтама
2.Ресурстардың жіктелуі
3.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
4. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері мен аспектілері
5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
6.Қазақстанның қазба байлықтары
7. Загрязнение СОЗ.
8. Стокгольмская конвенция о СОЗ.
9. Меры, принятые РК для выполнения Стокгольмской конвенции о СОЗ.


Негізгі түсініктер: табиғат ресурстары, энергетикалық ресурстар, биологиялық ресурстар, генетикалық ресурстар.
1. Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы. Қоғамның материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады. Табиғ ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік), химиялық табиғатына (органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы (жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми, эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді. 2.Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық,су,өсімдіктер,жануарлар,топырақ,қазба байлықтар,энергетикалық және т.б. болып бөлінеді.Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара,түсті,асыл және сирек кездесетін, радиоктивті металдар) рудалары,бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар)жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор,құм,гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш-сланец, жертезек) жатады Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ,жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады.Топырақ – барлық материалдық игілік негізі,әр адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық көзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы,яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі өте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да,әсіресе ағашты жатқызуға болады. Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар,соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы,су толқыны,ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы,космостық шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа,жауын- шашын,жел,сонымен қатар жер қойнауындағы жылу. Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды,ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын,табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады. Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады,бірақ сандық сандық жағына сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит,құрлық атмосфера) немесе түрлері (сұйық,қатты,бу тәрізді) арасында таралуы әртүрлі. 3 Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары. Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады: 1.Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет. Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады. 2.Биосфераны оптимизациялау. 3.Табиғатты пайдалануды оптимизациялау. Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшінмемлекеттік дәрежеде шешу жолдары. 4.Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі. 5.Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы. 6.Өндірісті шоғырландыру. 7.Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.
4. Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері. Қоршаған ортаның табиғи қалпын сақтау, өнеркәсіп орындары шығаратын қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу, зиянкес заттарды залалсыздандыру бәрі де, белгілі бір дәрежеде қаржы бөлуді, еңбек күшін жұмсауды қажет етеді. Қаржыландыру 2 бағытта жүреді: 1.Қоршаған ортаға зиянды заттар мен қалдық қоқыстарды азайтуға бөлінетін қаржы. 2.Зиянды заттарды залалсыздандыруға және оларды жоюға жұмсалатын қаржы. Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бөлуге болады: Экономикалық аспектісі – адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен роль атқаратындығымен анықталады. Сауықтыру-гигиеналық аспектісі – ірі индустриалды аудан аймақтарындағы табиғаттық жедел өзгеруі, судың, ауаның және топырақтың өнеркәсіптік қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында ядерлік және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті халықтың біршама бөлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп төнеді. Тәрбиелік аспектісі – табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды жақтарын қалыптастырады. Эстетикалық аспектісі – адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау. Ғылыми-танымдық аспектісі – Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау. 5. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзарабайланыстылығы мен өзаратәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір құбылыс көптеген басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі. Ерте заманнан әртүрлі ғылымдар саласында табиғаттағы өзарабайланыстар болатындығы туралы мәліметтер жинақталған, бірақ ол туралы кең және терең жалпылау тек табиғат және қоғам туралы диалектикалық-материализм дамығанда ғана пайда болды. Табиғат пен қоғамның өзараәсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта болатын өзарабайланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қоғамның табиғатқа және табиғаттың қоғамға әсер ету процессін басқару үшін қажет. Табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың өзарабайланыстарының сапалық және сандық ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен әдістерінің сипаты тәуелді. 6.Қазақстанның қазба байлықтары Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден- үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын- алтыншы,темір кені- жетінші, қалайы мен никель-сегізінші, көмір мен табиғи газ –тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
В мае 2004 года вступила в силу Стокгольмская конвенция о стойких органических загрязнителях. Целью конвенции является защита здоровья человека от воздействия 12 самых опасных химических веществ.
По предварительным данным в Казахстане накоплено более 1500 тонн устаревших непригодных к использованию пестицидов, среди которых есть вещества из списка Конвенции. Стойкие органические загрязнители очень токсичны. Они обладают высокой устойчивостью к разложению в природных средах в течение нескольких лет и даже десятилетий.
Эти соединения путешествуют по всему миру, перемещаясь с водой и по воздуху. СОЗ могут вызвать значительные негативные последствия для здоровья человека. Разрушая системы внутренней регуляции организма – гормональную и эндокринную, рак.
Конвенция должна помочь в поисках более безопасных средств борьбы с малярией, где ДДТ играет важную роль в борьбе с переносчиками. Страны доноры приняли обязательство выделить сотни миллионов долларов на замену СОЗ менее опасными препаратами.
Осознание мировым сообществом угроз, исходящих от стойких органических загрязнителей, привело к тому, что во многих странах были приняты соответствующие стратегии и введены специальные правовые и регуляторные инструменты для управления увеличивающимся количеством этих веществ. Однако, поскольку СОЗ обладают устойчивостью к разрушению и способностью пересекать границы государств, страны начали искать возможность двустороннего и многостороннего регионального сотрудничества.
СОЗ, регулируемые Стокгольмской конвенцией:
I. Пестициды:
1. Альдрин - используется для обработки почв при борьбе с термитами, саранчой и другими вредителями;
2. Дильдрин - применяется как средство от термитов и вредителей, обитающих в текстильных изделиях, а также как средство борьбы с насекомыми-переносчиками болезней и насекомыми, обитающими в почвах сельскохозяйственных угодий;
3. Хлордан - используется для борьбы с термитами, а также в качестве инсектицида широкого спектра действия для обработки различных сельскохозяйственных культур;
4. Гептахлор - применяется как средство борьбы с почвенными насекомыми и термитами; он также широко используется для борьбы с вредителями хлопка, саранчой и другими вредителями, а также с малярийными комарами;
5. ДДТ - самый известный из СОЗ-пестицидов; широко применялся во время второй мировой войны для защиты военнослужащих и гражданского населения от малярии, тифа и других заболеваний, распространяемых насекомыми; продолжает использоваться в некоторых странах против переносчиков малярии;
6. Эндрин - этим инсектицидом опрыскиваются листья таких культур, как хлопок и зерновые; используется также как средство от мышей, полевок и других грызунов;
7. Гексахлорбензол (ГХБ) - уничтожает грибки, наносящие вред продовольственным культурам. Также образуется в качестве побочного продукта в процессе производства некоторых химикатов и в тех же процессах, которые являются источников диоксинов и фуранов;
8. Мирекс - используется в качестве средства от муравьев вида соленопсис и других видов муравьев и термитов; применяется также в качестве замедлителя горения в пластмассовых, резиновых и электрических изделиях;
9. Токсафен - известен также под названием "камфехлор", применяется для обработки хлопка, зерновых культур, фруктов, орехов и овощей; используется в качестве средства против различных видов клещей у домашних животных.
II. Промышленные химические вещества:
Полихлорированные дифенилы (ПХД) - используются в промышленности в качестве жидкостей для теплообмена, в электрических трансформаторах и конденсаторах, в качестве добавок к краскам, не содержащей углерода копировальной бумаге, в качестве добавок к уплотнительным материалам и пластмассам.
III. Побочные продукты:
1. Диоксины - образуются непреднамеренно в результате неполного сгорания, а также во время производства некоторых пестицидов и других химикатов. К выбросу диоксинов в атмосферу могут приводить некоторые виды переработки металла и целлюлозно-бумажных отходов. Диоксины содержатся в выбросах автотранспортных средств, табачном дыме и дыме, образующемся при сжигании дерева и угля; 2. Фураны - образуются непреднамеренно в результате тех же процессов, которые приводят к выбросу диоксинов. Они также обнаружены в технических смесях ПХД.
Бақылау сұрақтары:
1.Жер табиғи қорларына сипаттама беріңіз.
2.Табиғи орта, табиғи жағдай, табиғи кешен дегеніміз не?
3.Жер табиғи қорларының жіктелуі қандай? Мысал келтіріңіз.
4.«Ластаушы зат» анықтамасын түсіндіріңіз.
5.Ластаушы заттардың жіктелуі қандай?
6.Ауаның ғаламдық, аймақтық, жергілікті ластануына мысал келтіріңіз.
7.Қандай қалдықтар бірінші реттік, қандай заттар екінші реттік қалдыққа жатқызылады ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет