12 – дәріс Ауыл шаруашылық малдарының сәулемен зақымдануы


Кобальт – 60-пен сәулегеннен кейін қой қанындағы тромбоциттер санының өзгеруі



бет2/4
Дата10.12.2023
өлшемі7,58 Mb.
#136550
1   2   3   4
Байланысты:
12 daris 4

Кобальт – 60-пен сәулегеннен кейін қой қанындағы тромбоциттер санының өзгеруі.

Қанның формалық элементтері (проф. Рухлядев Н.Ф. бойынша)  ТАБЛИЦА -І. Жылқы қанының формалық элементтері (норма): 1-базофил; 2-эозиофил; 3-жас нейтрофил; 4-5-таяқша ядролы нейтрофилдер; 6-7-сегмент ядролы нейтрофилдер; 8-9-10-лимфоциттер; 11-12-моноциттер; 13-Тюрк жасушасы; 14-эритроциттер, тромбоциттер. ТАБЛИЦА-ІІ. Түйе қанының формалық элементтері (норма): 1-базофил; 2-3 эозиофилдер; 4-жас нейтрофил; 5-таяқша ядролы нейтрофилдер; 6-7-сегмент ядролы нейтрофилдер; 8-кіші лимфоциттер; 9-орташа лимфоцит; 10-үлкен лимфоцит; 11-12-моноциттер; 13-Тюрк жасушасы; 14-эритроциттер; 15-тромбоциттер. ТАБЛИЦА-ІІІ. Ірі қара мал қанының формалық элементтері (норма): 1-2-базофил; 3- эозинофилдер; 4-жас нейтрофил; 5-таяқша ядролы нейтрофилдер; 6-сегмент ядролы нейтрофилдер; 7-кіші лимфоциттер; 8-орташа лимфоцит; 9-үлкен лимфоцит; 10-11-моноциттер; 12-Тюрк жасушасы.

  • Сәулеленудің әр түрлі дозалары кезінде клиникалық, гематологиялық және биохимиялық өзгерістердің белгілі бір заңдылықтары болады. Осының барлығы клиникалық және зертханалық деректерді талдауға негізделген ауылшаруашылығы малдарының жіті сәуле ауруын биологиялық дозиметриялау әдісін жасауға мүмкіндік берді.
  • Сәулемен зақымданудың ауыртпалығын 36 – 37–кестелерде келтірілген көрсеткіштер бойынша бағалауға болады.
  • Әрбір 100 бас малдан 5 – 10 бас алып олардан алынған клиникалық және гематологиялық көрсеткіштер бойынша, радиациялық зақымданудан кейінгі алғашқы 3 – 5 күнде, кесте бойынша сәуле ауруының ауыртпалық деңгейін және сәулелену дозасын шамалап анықтайды. Бұл кезде клиникалық та, гематологиялық та көрсеткіштердің максимальды саны ескеріледі.
  • Жіті сәуле ауруы кезінде малды емдеу
  • Жіті сәуле ауруы кезінде патологиялық өзгерістер, организімнің көптеген жүйелерінің функциялары мен реттегіш нейроэндокринді механизімдердің функцияларының бұзылуының салдарынан болатын алуан түрлі клиникалық белгілермен сипатталады. Сондықтан жіті сәуле ауруы кезінде әлдеқандай бір немесе бірнеше дәрілік препараттарды ұсынуға болмайды. Малды емдеу комплексті түрде жүргізілуі керек, ол организімнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге, некробиотикалық үрдістер мен індетті асқынудың дамуынан алдын – ала сақтандыруға бағытталған болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет