№12 (5450) 26 наурыз 2016 жыл Газет 1932 жылдан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.03.2017
өлшемі10,45 Mb.
#7358
1   2   3   4   5

Алғыс күні 

Батаменен көгерген өр қазағым,

Жаңбырменен көгерген жер қазығым.

Ізгі ниет əркімге бар керегі

Алғыспенен алған-ау ер азығын.

Рақымшылық өмірдің  нысанасы,

Қайырымды жандар бар ел панасы.

Мейірімділік азаматтық парызы 

Жебеп жүрсін бір құдай жаратушы.

Алғаш рет тойладық Алғыс күнін,

Ұлтымыздың сездіріп достық үнін.

Көктем лебі əкелген шуақты күн,

Құтты болсын, ағайын, Алғыс күні!

Қарт ұстаз Мейірхан Айтжанұлы

Оқырман жыр дəптерінен

ХХ ғасыр тұтасынан тұнып тұрған қарама-

қайшылық емес пе? Əсіресе, жиырмасыншы

– отызыншы жылдары адамның түсіне кіруді

де тілемейтін жан шошырлық уақиғалар.

Қазақ даласы қасірет жамылған. Асау аттай

сайын даланың самалына төсін тосып,

бұлқына өмір сүрген қазақты бұғаулап көндіре

алмаған қызыл туды жамылған шовинистер

оны енді біржолата қырып тастаудан

тайынбаған.

Қырып тастаудың алдында əлем халқының

көзін бояп, еркін қазақты «цивилизацияға»,

«жаңа мəдениетке» жетектегісі келгендей

кейіп танытты. «Жетелеу» үшін өздері

«тағылық» деп түсінген көшпелі елді көне

мəдениетінен, дінінен айыру жоспарланды.

Қазақтың көне мəдениеті жаңа тұрпатты

мəдениетке сəйкес келмейді-міс. Сол

мəдениеттің үлгісін ұстаған азаматтардың,

арман еткен саяси тұлғалардың көзін жою ісі

аяусыз жүргізіліп жатты. 

Қазақтың қоңыр үнді домбырасы да қара

жамылды. Əсіресе, сезімге толы ұлы

даланың сағымға толы бейнесін де,

мөлдіреген көгілдір аспанын да, баяу ескен

самалын да, құлдырай кісінеген құлынының

үнін де, жайқалған жайлауын да сағындырып,

санаға серпіліс беретін, жүректі мұңға тол-

тыра отырып, өмірдің тамашалығын да, бұл

жалғанның жалғандығын да еріксіз мойында-

татын қазақтың шертпе күйі «ату» жазасына

кесілді. Шертпе күйді күй өнерінің шыңына

шығарған Қыздарбектің  жеті-сегіз шəкірті бі-

рінен соң бірі атылды. Сембек күйшіні

Жамбылдың Сарыбұлағында «Сезбес» деген

соңғы күйін шерткізіп отырып атып тастады.

Əбдиді елге келген осы зауалды күймен бей-

нелеп, «Қарғыс» деген күй шығарғаны үшін

Қарқаралы түрмесіне қамап, көшеге айдап

шығып, есалаң жұртқа таспен ұрғызып, атып

тастады. Əбікен Хасенов өз ауылында бір

күнде 27 адамды атқан күні үйінде болмай

қалғандықтан аман қалып, Семей, Павлодар,

Өскемен асып, ақыры Алматыға жасырынып

аман қалды. Қыздарбек күйшінің ізбасарлары

Мақаш, Кенжеғара, Ақмолда, Кəрібектер де

опат болды. 

Сөйтіп, шертпе күй «ату» жазасын бастан

кешірді. Ешкімді аяған жоқ. Бұл жазып

отырғанымыз - бар ел таныған айтулы

тұлғалар. Олардан басқа домбыраны

көлденең ұстаған қаншама қазақ баласын кез

келген жынды-сүрей өзін «үкімет пен

партияға» адал берілгендігін таныту үшін оққа

байлады. Оның есебі жоқ. Есі дұрыс көрге

айдалды, есуас төрге озды. Мылтықтың

күшімен əркімнің жүрегіндегі оты өшіріліп,

құлдық психологияның қамыты кигізіліп,

тышқан тірлік қанға сіңірілді. Құдай-ау, осы

құлдық психологиядан қашан құтыламыз?

«Шортанбай жыраудың керегі жоқ» деген ди-

ректор болғанды, соны қостап мырс-мырс

күлген əдебиетші, мəдениет саласының

қызметкерін, сондайды қоздырып отырған

аудан əкімін көзіміз көрді. Шортанбай жырау

– қазақтың мұңын азынап жоқтаған əруақ.

Əруақ – киелі. Оған тіл тигізген тағынан ауда-

рылып, бірінің ырысы шашылып, тағы бірінің

отбасының берекесі кетіп жатса, киеге

ұшырамады демеске болмас. Сайтан суға

малынып, боқтасып, баласымен оттасып

жүргендер арамызда. Мұның бастауы - сол

отызыншы жылдар.

Шертпе күйге мылтықпен тыйым салынды.

Қыздарбек пен шəкірттерінің атын атауға бол-

майтын заман туды. Тəттімбеттің жайсаң

күйлерін тартатын адам жоқ. Өткен ғасырдың

елуінші жылдары Киікті ауылында тұратын

Шырын деген ақсақалдың жұрт алдына

шықпай, өз үйінде оңаша ғана отырып, шерт-

кен күйлерін тыңдауға сəті келген еді.

Оңашада, қамығып отырып ертеден түске

дейін тартқан ақсақалдың көзінен аққан жас

бір тыйылмады. Мектепті жаңа бітірген балаң

жігіт менің:

- Ақсақал, неткен шерлі күйлер. Кімнің күйлері

бұл, - дегеніме,

- Е, шырағым, қайтесің оны. Бізбен бірге ке-

теді де бұл, - дегеннен басқаны айтпады.

Өз басын əрең сақтап қалған Əбікен

Хасенұлы ұлы күйші Қыздарбектің мол

мұрасын тегістей білсе де, атын атауға тыйым

салынған заманда Қыздарбектің күйлері

деуге бара алмай, халық күйлері, Тəттімбеттің

қосбасары деп тартып жүр дегенді Қази

ақыннан, Əбдіғали молладан, Сухибек

ұстаздан, т.б. сан естіп өстік. Иə, осы Сухибек

мұғалімнен алғаш рет əріректе өмір кешкен

Итаяқ күйшінің атын естіген едік. 

Жетпісінші жалдардың орта кезінде Шал-

таста өткен шопандар тойынан кейін

Ақтастың мамыражай сайында бас қосқан

ақсақалдардың арасында болудың реті келді.

Əлі деген ақсақалдың төрінде Əбдіғали

молла, оң тізесінде талай дастанды жатқа ай-

татын Қасең ақсақал. Көбін танымаймын.

Əбдіғали молланың қолында қазақи дом-

быра. Сəлем берген маған: «Кештете жетіп

қалдың-ау» дегенді айтып қалды. «Кештете

жеттің-ау»-дың аржағында менің Итжеккенге

барып келуім де жатыр. Жас та болсам, жа-

нына отырғызды. Бар əңгіменің иесі

Əбекеңнің өзі. Күй өнерін Қыздарбектің ізба-

сарлары Сембек пен Ақмолдадан үйренгенін

айтып отыр. Мен естімеген бір күйді төгілте

шертеді де, сол күйдің шығу тарихын тамыл-

жыта баяндайды.

- Мына күйді сен тартшы, - деп өзі ұстаздық

еткен Дəулетбек Сəдуақасұлына домбыраны

ұсынса, келесі жолы Дəулескер күйші бола-

тыны шертісінен көрініп тұрған Ағысбай деген

жігіттің қолына ұстататын. Бұл бір күйге

арналған жайлаудағы түн болды. Əңгіме

өрістей – өрістей Итаяқ, Қыздарбектен асып

Тəттімбетке жеткен. Əбекең молла

Тəттімбеттің «Көкейкесті» күйін Тəтті – екеңнің

күйші баласынан үйренгенін айта отырып,

«осы күнгілер бұл күйді дұрыс тартпайды»

деп, домбыраның құлақ күйін тағы бір қоңыр

əуенге келтіріп, шектен шыққан ғажайып

əуенді алақанның жұмсақ еттерін тигізер –ти-

гізбестей етіп сөндіріп-жандырып, қобыз

ойнағандай мен естіп көрмеген сырлы əлемге

айналаны толтырған еді.

Үй иесі Əлі ақсақал Əбекең молладан

«Бестөрені» шертіп беруін өтінген. Əбекең

молла күрт тұнжырап, терең күрсініп:

- Қайран ерлердің атын өшірген заман болды

ғой. Кенесары – Наурызбайдай көзсіз ер,

жайсаң жандар енді қайтып болар деймісің, -

деп домбыраны қолына алды. – Бұл

«Бестөре» Наурызбайдың күйі ғой.

- Қалай? – деп қалды Ағысбай.

- Иə, - деп Дəулетбек Əбекең молланы

қоштап басын изеді.

Күй күңіреніп кетті. Қысылтаяң шақты

жүрегіңмен сезгендейсің. Əлдебір беймəлім

шабыс... Əлдекімдердің кезектескен

толғанысты, қапалы үндері құлаққа жеткен-

дей. Күй тебіреністі халдың шешуін

таппағандай бір сағынышты үнмен біткендей

болды.

- Мұны Тəттімбеттің күйі деп жүр ғой, - деп



Ағысбай тағы сөзге килікті.

- Демеске шара не? Күйді жеткізуші өзіміздің

Əбікен Хасенұлы. Қыздарбектің

айналасының оққа байланғанын көзі көрді.

“Басына түссе баспақшыл” деген, мына

«Бестөре» Наурызбайдың күйі деп қалай ай-

тады? Өнердің осындай айтулы туындысы

өлмесін деп, жерде қалмасын деп, Əбікен

«Бестөрені»Тəттімбетке теліді. Мұны осы

жақтың азаматтары Бектің Орынбегі де,

Сəкен де біледі. Солар да іштей қостады да

қойды. 


- Япыр-ай! Солай ғой, солай, естіп жүрміз ғой,

- десіп үй толы қонақтар дабырласып барып

басылған. 

Заман айтқызбай кеткен өнердегі

тұлғалардың есімі аз ба? Солардың ішінде

есімдері өшуге бет алған Қыздарбек, Əбди,

Сембек күйшілердің аты жетпісінші

жылдардың басында еміс-еміс естілген.

Осындай күйшілер бопты деседі. Бұлар орта

ғасырда өмір сүргендей елес болып жазы-

лады. Өздерін де, күйлерін де іздеп, зерттеп

жатқан жəне ешкім жоқ.

Күй - санасында сəуле бар жан үшін

өнердің асыл қазынасы. Оны өлтіру - қиянат

қана емес, халықтың рухын өлтіру. Рухы

өлген халық өзін-өзі жояды. Не істеу керек

деген сауал алдымда көлденең тұр. Қип ет-

кенімді аңдып, КГБ-ның тыңшылары жүр.

Үйімде болып тұратын тінтулерден де əбден

ығыр болғанмын. Сонда да... Иə, сонда да

басты бəйгеге тігіп, Қыздарбек күйшінің

мұрасын іздеуге кіріскенмін. Сонау Мойын-

тыда Қыздарбек күйшінің немерелері

Мəтімұса, Иманмұса дегендер бар деп естуім

бар. Солардың үйіне тоқтап, бұл маңның бар

тарихын жатқа соғатын Қази ақынды іздеп

таптым. Қази ақыннан Қыздарбектің өмір

жолы туралы мол мəлімет алдым (соның не-

гізінде жазған «Көксеу» деген повесім

«Жұлдызға» шығып, кейінірек кітап болып ба-

сылды). Қази ақын заманында əн салып, дом-

быра тартқан атақты сері болған. Қазір жасы

тура тоқсанда. «Мынау Қыз – ағаңның мы-

нандай күйі еді» деп домбыраны қолға

алғанымен, ісініп кеткен саусақтары икемге

келмей, еріксіз тоқтайды. Қыздарбектің талай

күйлерінің шығу тарихы туралы тамаша

əңгімелер естідім. Ара-арасында «Бестөре»

жөнінде де сөз қыстырдым.

- Əу, сен білмеуші ме ең? – деп қарт ақын

ренжіп қалды. – Ол əлгі қазақтың маңдайына

сыймай кеткен Наурызбайдың күйі ғой. Кене-

сары мен Наурызбайды қырғыздар ай бойы

тірі сақтап, тіпті, ұрпақ алып қалмақ болып

Кене ханның қойнына қыздарын да салған

ғой. Сонда осындай күйге түскендеріне

налып, атадан өжет боп туған Наурызбай осы

күйді шығарған. Тыңдашы өзің міне,

«Бестөреде» бес адамның үні бар. Міне, -

Қази ақын икемге келмейтін саусақтарын зор-

лап иліктіріп, «Бестөре» күйінің алғашқы

бөлігін орындап берді. Ірі денелі, дауысы зор

Қази ақынның кемсең ете қалғаны көз ал-

дымнан кетпейді. 

Арада екі айдай уақыт салып, Бегімсал

күйшіні іздеп бардым. Жанымда аудандық

газеттің редакторының орынбасары,

Бегімсалдың немере інісі Есен Орынбеков.

«Бекең ағам бес жасында Қыздарбектің тізе-

сінде отырып домбыра шерткен», - дейді

Есен. Бегімсалды жасырақ кезімде

«Отызжылдық» колхозының басқармасы

Қалкен Ыбырайұлының алдына ақ киіз жай-

дырып, домбыра шерткенде көргенмін. Апыр-

ай, бір күйді екі рет қайталамай түс ауғанша

сансыз күйді төгілдірген осы адамға таң

қалып, «мынау адам емес, пері шығар» деге-

нім де бар.

Бегімсал жұпыны үйінде қарсы алды. Шау

тартыпты. Жетпістің жуан ортасында екен.

Көзіндегі нұр да сөнген. Саусақтары күс-күс

жарылып кеткен. Өмірін домбыраның əуеніне

арнаған Бекең əр жерде үзіп-жұлып қана

жұмыс істеп, «трудовой» деп аталатын еңбек

книжкасы болмай, пенсияға да шыға алмай

қалыпты. Кейінірек үйленген əйелінен туған

бала-шағасы да жас. Оларды асыраудан

қамыты мойынға əбден мінген. Қыста от

жағушы, жазда елдің малын бағады.

- Неге кеш келдің? – тағы алдымнан шықты.

– Мен домбыраны тастағалы,.. – деп күс – күс

саусағын жайып, бала-шағасын нұсқады.

- «Күй өлмесін» дегенді құлағына сіңіре жүріп,

сырғауылға іле салған домбырасын алды-

рып, перне мен ішегін тағып, Бекеңнің он

саусағын жылы суға малып, жылқының

майын жағып, екі-үш сағат əуреміз. Бекеңе

ақыры домбыра ұстаттық. Шерте бастайды

да, келмейді деп басын шайқайды. Шерткен-

дері үзік-үзік əуен. Баяғы естен тандырған

сарын жоқ. Бір өзі отыз килодан кем емес маг-

нитафонды дайындап, сарыла күтіп от-

ырмын. Бекеңнің де əуре болғанына сағаттан

аса уақыт өтті. Байқаймын, жүзі нұрлана

бастаған сияқты. Домбыраның үні де

өзгерген. Илікпей отырған саусақтары пернені

бойлап, ішекпен бірге дірілдейді. Басын изеді-

ау бір кезде.

- Беке, күйдің атын өзіңіз айтып отырыңыз.

Ертең менімен дауласа кететін біреу табыла

кетпес үшін, - деп жатырмын. 

- Мына Қыздарбектің «Беу дүние, бір қиял»

деген күйі, - дейді Бекең (осы күйді күні бүгінге

ешкім игеріп, қайта тарта алмай жүр. Ғажап

сарын).

Бекеңнен Қыздарбектің өзінің жəне



Қыздарбек тартып жүрген жиырмаға жуық

күйді магнитафонға түсіріп алдым. «Мынау

Қыздарбек тартқан «Бестөре». Бұл Қыз –

ағаңның күйі емес, Наурызбайдың күйі» де-

генді Бегімсал қадап айтты. 

1987 жылдың қысында «Жазушы» баспа-

сында Жүсіп Алтайбаевпен жүздестім. Ол кісі

Ағыбай батыр туралы жазған кітабы жоспарға

іліксе де сексен алтының декабрінің

уақиғаларына байланысты шықпайтын

болғанына қапа болып жүр екен. Бəрін қойып,

ел əңгімелеріне бет алдық. Менің Қыздарбек

күйлерін зерттеп жүргеніме ризашылығын

білдіріп, Əбікеңнің «Қоңыр» күйі туралы

əңгіме қозғады. «Əбікең бұл күйді алғаш рет

1938 жылдың жазғытұрымында маған

естіртті. Сонда күйді «Қайран азаматтар-ай!»

деп тартқан еді, мен ондай атаумен тартса

күйдің де, күй иесініің де құритынын баса

айтып, тоқтаттым», - дейді Жүсекең. Осы

жерде жазушы Жүсіп Алтайбаевтан

«Бестөре» күйінің иесі Наурызбай екенін тағы

естідім.

Қыздарбектің шəкірттерінен тəлім алған

Ілияс молла Абылай ханның «Дүние ғапыл»,

«Қайран елім» күйлерін сақтап, бізге жеткізді.

Бүгінгі күнде бұл күйімді ҚарМУ-дың филоло-

гия бөлімінің деканы, Ілекеңнің баласы

Мұхаммедқали Əбдуов орындап жүр. Мұны

жазып отырған себебіміз, Қыздарбек күйшінің

шəкірттерінің өнерге деген адалдығы. Ешкім

білмейтін осы күйлерді Ілекең не өзінің, не бір

бабасының мұрасы десе, ешбір жан дауласа

алмас еді. Мұндай ізеттілік, адалдық күй

құдіретін меңгерген адамдарға тəн ғана

құбылыс.


«Бестөрені» Наурызбайдың күйі, «Дүние

ғапылдығы» Абылай ханның күйі деп сақтаған

Қыздарбек күйші мен оның ізбасарлары. Иə,

əр күйшінің өзіндік үлгі – стилі, орындау

мəнері өзгеше. Ол оның дүниетанымына,

ойлау жүйесінің ерекшелігіне, құдай берген

айрықша қасиетіне, өзі өмір сүріп тұрған

заман кезеңін түсіне – қабылдауына байла-

нысты болар. «Бестөренің» де Тəттімбеттің

барлық күйлерінен басқаша көріністе екенін

жұрт түсінген. Өйткені оның иесі бөлек. Оның

иесі қазақтың маңдайына сыймай кеткен (ай-

нала дұшпан сыйдырмаған) туа біткен сері,

көзсіз батыр Наурызбай.

Əр өнер иесінің қолтаңбасы өзінше. Оны

айыру қиын емес. Абылай ханның «Дүние

ғапылы» Қыздарбекке сыймас еді.

Тəттімбеттің «Сарыжайлауы»  Қыздарбекке

еш уақытта тели алмасың, Қыздарбектің

«Өткіншісін» Тəттімбетке сіңіре алмайсың.

Бұлар жаны бөлек дүниелер, жеке-жеке

əлем. 


Жазушы Қалихан Ысқақұлының мен оқып

көрмеген бір бет қағазын əкеліп алдыма та-

стаса, үш-төрт сөйлемнен кейін-ақ мен иесін

жазбай тауып берер едім. Сөз саптау, сөзбен

сурет салу ерекшелігінен, өзіндік бояуынан,

сөйлем құрамынан-ақ Қалиханның өзіндік ізі

атойлап көрініс беріп шыға келеді. 

Иə, «Бестөре» Наурызбай күйі дегенде

біздің мақсат Тəттімбеттің мол мұрасын ор-

тайту емес, бір жанын бүгінгі қазақтың баласы

үшін қиған, өнердің де саңлағы болған На-

урызбайдан қалған жалғыз мұраны соның

əруағы үшін өз иесіне қайтару ғана.

Отаршыл ел бізді бір-бірімізбен алакөз етіп,

қасақана жауластырып, ұлыларымызды

ұлықтатпай, қасиетті мұрамызды талан-

таражға салып, бүлдіріп бақты. Орны толмас

ойранды істерді қолымыздан келгенше

түзесек деген ғана ниеттіміз. Алла ізгі тілектің

сəтін салсын.



Кəмел қажы Жүністегі

жазушы, “Құрмет” орденінің иегері,

Шет ауданы.

Ой-тамызық

Наурызбай «Бестөресі»

Т.Б. Мұқатаева

М.Сүлейменов  атындағы  ЖОББМ

қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі 

6

26 наурыз

2016 жыл

Н   Ў   Р   А  

Елімізде Наурыз мерекесі бỳкілхалыќтыќ той ре-

тінде 1926 жылдан 1988 жылѓа дейін тойланбаѓаны

белгілі. Ал, 1991 жылы Наурыз мерекесіне мемлекет-

тік мереке мєртебесі беріліп, 2009 жылдан бері жаџа

жыл бірнеше кỳн тойланатын болды. Осы арќылы

шыѓыс халќында кỳн мен тỳнніџ теџелген кỳні ре-

тінде тойланатын айтулы мерекеге ерекше мєн бе-

рілді. Єр ўлт тойлайтын мерекеніџ ортаќ ниеті –

жаџа  кỳн Жыл басын  ќарсы алу.

Жаќсылыќтыџ нышанындай, жер-ананыџ

ќўшаѓындай берекелі Ўлыстыџ ўлы мерекесі – Нўра

ǿџірінде де басталып кетті. Самарќанныџ кǿк тасы

еріп, кỳн мен тỳн теџелген Наурыз  мейрамы Киевка

кентініџ “Тєуелсіздік” саябаѓында салтанатты

сєнімен ашылды. Аудан єкімі

Ќ.Б.Бексўлтанов Наурыздыџ бе-

рері мол жыл басы екеніне

тоќтала келе: «Бўл мереке – елді

ынтымаќ бірлікке баулитын, ќўт-

береке єкелетін ерекше кỳн», -

деп атап ǿтті. Аудандыќ

Мєдениет ỳйі ќызметкерлері

ќойылымдарында тамыры иіген

табиѓат ананыџ мол сыйына

ризашылыќ ниетімен тал егіп,

бўлаќ кǿзін ашты. Ќыз-келіншек-

тер кǿпшілікке наурыз кǿже

толы кесесін ўсынып, аќќа

ауызы тиген ќазаќтыџ дєстỳрін

дєріптеді. Ќыстан ќысылмай

шыќќан ќазаќ тǿрі ўлттыќ салт-

дєстỳр мен ойын сауыќќа

ўласты. Табиѓат ананыџ бауыры

жібіп, тіршілік атаулы ќайта

тỳлеп, жаџару мен

жасампаздыќтыџ бастауы, ырыс

пен ынтымаќтыџ арќауы Наурыз

мерекесін тойлауѓа арнайы тігіл-

ген киіз ỳйлер ўлттыќ ою-

ǿрнекпен єдемі

жабдыќталып ќана ќоймай,

ўлттыќ піскен ет, ќўрт, ірім-

шік, бауырсаќ, шелпек,

жент, ќатыќ сияќты

таѓамдарѓа, єсіресе, єрбір

ќазаќтыџ дастарха-

нынан міндетті

тỳрде болатын на-

урыз кǿже мол

болды. Не керек,

ўлттыќ таѓамдардыџ

тỳр-тỳрі кеџ дастар-

ханнан молынан

орын алды. Нўра

халќы Ўлыстыџ Ўлы

кỳнінде тǿс

ќаѓыстырып, біріне-

бірі алѓыс айтып

жатты, Алладан

амандыќ, жаќсылыќ

тіледі. Дастархан ба-

сында аќсаќалдар кі-

шілерге бата берді.

Ўлттыќ бўйым

таѓынѓан ќыз-келін-

шектер ерекше сўлуланса, жігіттер жаѓы кỳш сына-

сып бєсекеге тỳсті. Єсем єн кǿџілге ќуаныш сый-

лады. Балуан жігіттер жаѓы ỳш дєрежелі салмаќта

кỳш сынасты. Жеџімпаздарѓа аќшалай сыйлыќ бе-

рілді.


Тойдыџ  ќызыѓы  лоторея билетін ойнатќанда болды

десек ќателеспеспіз. Ỳш жỳз билет сатылымѓа тỳсіп,

айналымдаѓы басты ўтыс «Iphone 5s» ўялы телефоны

ќаройлыќ Нўрмаѓанбетова Фариза Маќанќызына

бўйырды. Екі баланыџ анасы Фариза ќуанышын жа-

сыра алмай: «Таяуда ѓана ǿзіме ўялы телефон сатып

алѓан едім», -  деп ќалып - «Керек тастыџ ауырлыѓы

жоќ» дегенді де ќосып жатты. Екінші орындаѓы

ќўнды ўтыс   «Оtautv» тегін ќондырылымымен бірге

Рахимберлина Гỳлстанныџ ỳйіне жол тартты. Ỳшінші

орындаѓы ќўнды ўтыс электрлі сỳт тартќыш маши-

насы Ибраева Ажар Ќанатќызына бўйырды. Сон-

дай-аќ, екі ќой, екі тонна жем, бір тіркеме шǿп,

єртỳрлі тўрмыстыќ бўйымдар ўтысќа тỳсіп, иелерін

шаттандырды. Наурыз мерекесінде халќына

шаттыќ сыйлаѓан жаны жомарт мєрт жігіттер

Ќ.Ж.Отарбаев, Г.Г. Прокоп, Б.Н. Ќалиевтер еді. Бе-

рекелі Наурыз тойы шын мєнінде думанѓа ўласты.

Халќымыздыџ ўлттыќ ќўндылыќтары єспеттеліп,

Наурыз мейрамыныџ ќадір-ќасиеті ашылды. Бата

беріліп, аќжолтай тілектер айтылды. Ўлыс оџ болсын!

Нўрыш Наќыпова

Ўлыстыџ Ўлы кỳніне орай

Кỳні игі – Наурыз!

Қалың қыстан аман-есен шығып, күн

нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы

алу мерекесінде көріскен жандар бір-

бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілек-

тер айтысып жатты. Білім ордасының

табалдырығын  аттағанда-ақ, Наурыз

мерекесі салтанат құрып, жиналған

қауымды өз ырғағына елітіп әкетіп

тұрды. Мұғалімдер мен оқушылар, ата-

аналар ұлттық киім киінген, жүздері

жайнап, көтеріңкі көңіл-күйде болып,

бір-бірін жаңа жылдың келуімен, күн

мен түннің теңелуімен құттықтап абыр-

сабыр. 


Бұл - М.Сүлейменов мектебі

қабырғасында өткен  «Бақ-берекем,

құт-мерекем - әз Наурыз!» атты мереке-

лік шараның басталуы.  Мектеп дирек-

торы А.Д.Ахметов мерекелік шараның

шымылдығын ашып, Ұлыстың Ұлы

күнімен құттықтап, жиналған қауымға

ізгі тілегін білдірді. 

“Қара жорға” биі биленіп, Ұлы күннің

басты тағамы наурыз көже таратылып,

ақ жаулықты әжелер қауымы шашу

шашып, мерекенің мерейін арттырды.

Мерекені    1-11 сынып оқушылары

ата-аналарымен бірлесе, өздеріне беріл-

ген ән, күй, би, салт-дәстүрден көрініс

көрсетті. Осыған орай, мың бұралған

бишілер де, домбыраны күмбірлеткен

күйшілер де, дәстүрлі әндерді әуелеткен

әншілер де  өнерлерін аяп қалмады.

Биылғы жылдың бір ерекшелігі әр

сыныптың оқушылары ата-аналары-

мен өнерлерін көрсетіп, мектеп іші ән-

күйге бөленді, шын жүректен шыққан

жылы лебіздер естілді.

Концерттік бағдарламадан кейін тех-

нология пәнінің мұғалімі Д.А.

Қаратаеваның басшылығымен

жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге әр

сыныптың оқушылары өздерінің

қолдарынан жасаған бұйымдарын,

тағамдарын әкеліп саудалады. 

Мереке іле спорттық ойындармен

жалғасты.  Қазақтың  ұлттық ойын-

дары: арқан тарту, асық ату және

сақина салу ойындары ойнатылды. Жі-

гіттер  күш сынасты. Спорттық

жарыстарға қатысқан ойыншыларға

арнайы тағайындалған марапаттар

ұсынылып, мықтылар үкіленді.  

А.С. Пшенбаева

М.Сүлейменов атындағы ЖОББМ

Баќ-берекем, ќўт-мерекем - єз Наурыз!



7

26 наурыз

2016 жыл

Н   Ў   Р   А  

Наурызым - салтым жоѓалып, ќайта

табылѓан,

Шыраѓым болып алдымнан бỳгін

жаѓылѓан.

Бабамныџ ỳнін аќ бата беріп жеткізген,

Єр ќадамынан жанымы мейірім табылѓан,

-  дей отырып, ауылымызда тойланѓан

Наурыз тойы туралы ой бǿліскім келеді. 

Наурыз атауы ќазаќ тіліне Соѓда  мен

Хорезм  арќылы ежелгі парсы тілінен кел-

ген. Бўл айды соѓдалыќтар «Наусарыз», ал

хорезмдіктер «Наусарджи»  деген. 

Наурыз мейрамы ǿте ерте заманнан

келе жатыр, ол кǿктем мейрамы есе-

бінде халыќтардыџ кǿпшілігінде бар.

«Наурыз» - парсы сǿзі. Ќазаќша

аударѓанда «жаџа кỳн» деген маѓына

береді. Осы кỳн - тепе-теџдік, ерекше

еркіндік кỳні.  Дєл бỳгін кỳн мен тỳн

теџеледі, суыќ пен жылылыќ алмасады,

ќыс пен кǿктем ауысады. 

Наурыз тойыныџ негізгі маќсаты - ата

салтымызды ќадірлеу, кейінгі жас

ўрпаќќа  жеткізу, ўлттыќ тєрбие беру.

Мектеп жоспары бойынша мектепіші-

лік іс-шаралар ǿткізілді: "Ўлыстыџ Ўлы

кỳні - Наурыз" атты таќырыпта сынып

саѓаттары жєне "Ўлтымныџ

наќыштары" таќырыбында ќолǿнер

кǿрмесі, "Наурыз айыныџ бояулары"

атты суреттер байќауы

ўйымдастырылды. 

Мереке ауыл аќсаќалы Садыќ атаныџ

батасынан бастау алып, ауыл

аќсаќалдары мен келген ќонаќтар на-

урыз кǿжеден дєм татты. Мектеп

оќушылары ỳш ўлт орталыѓы  болып

(орыс, ǿзбек, ќазаќ) "Тǿрлет, Науры-

зым!" атты таќырыпта концерттік

баѓдарлама тамашалады.  Сонымен

ќатар  Кертінді ауылыныџ Мєдениет

ỳйініџ ќызметкерлері ǿз ǿнерлерін

кǿрсетті. Концертпен ѓана шектелмей,

ўлттыќ ойындар - садаќ ату, желке тар-

тыс ойындары ойнатылды.

Жасǿспірімдер арасында жарысќа

деген ќызыѓушылыќ кеџейе тỳсті.

Мереке  соџында осы іс-шараларѓа бел-

сене ќатысќандар баѓалы сыйлыќтар

жєне маќтау ќаѓаздарымен марапат-

талды.

Наурыз мерекесініџ  жоѓары дєрежеде



ǿтуіне атсалысќан мектеп ўжымы жєне

кǿмек кǿрсеткен ауыл тўрѓындарына

айтар  алѓысымыз шексіз.

Ж.Н. Ќалаубаева

Пушкин НОМ

мектеп кітапханашысы,

Алѓабас ауылы

Ǿџір тынысы

Ўлыстыџ Ўлы кỳнінде

Наурыз – кǿктем мен еџбектіџ, достыќ

пен бірліктіџ мейрамы болуымен бірге,

халќымыздыџ салт-дєстỳрлерін

ќўрметтеп, ўлттыќ ќасиеттерімізді бо-

йына сіџіріп, жан-жаќты дамыѓан

ǿнегелі, ǿнерлі азамат тєрбиелейтін

ўлттыќ мейрамымыз.

Майоровка ауылында наурыздыџ 22

жўлдызында «Наурыз айы туѓанда»

деген атпен Ўлыстыџ ўлы кỳні той-

ланды. Клубтыџ іші шарлармен,

даналарымыздыџ ўлаѓатты сǿздерімен

ерекше безендірілді.  Фойесінде ўлттыќ

таѓамдардан дастархан жайылып,

жєрмеџке де болып жатты. 

“Батаменен ел кǿгерер” демекші, ме-

рекелік шараныџ ашылуында Ќыдыр

ата ǿз батасын беріп, єжелер  аластау

рєсімін ǿткізіп, ќыздар наурыз кǿже

таратты.  Ауыл єкімі Е.Абаев

тўрѓындарды єз Наурыз мейрамымен

ќўттыќтады. Содан кейін жылдыќ

жоба «Еџ ỳздік ỳй» номинациясы бо-

йынша Бейсембеков М., Коняхина Г.,

Апсалоне Л., Вольф  И., Рысмагамбетов

Т., Сериков М. деген азаматтарѓа алѓыс

хаттар мен сыйлыќтар табыс етілді. 

Ќазаќтыџ ўлттыќ ойындарына сан

жетпейді жєне маџызы ǿте зор.

Ўлыстыџ Ўлы кỳніндегі мерекелік

баѓдарлама жабаѓы жарысы, ќазаќтыџ

ўлттыќ ойындары: арќан тартыс, ќол

кỳресі, кір кǿтерумен басталды.

Жабаѓыларын жаратып, жарысќа

ќатысќан балалар мен кỳш сынасып

сайысќа тỳскен ер азаматтарѓа алѓыс

хаттар мен сыйлыќтар табысталды. 

Мерекелік концерт ауыл азаматы

Еркін Мўхаметжановтыџ ќазаќтыџ

ќара домбырасымен шерткен кỳйімен

бастады. Бỳлдіршіндер  сахнада би

билеп, халыќќа шашу  шашты. 

Мекемелер арасында ǿткізілген «Пай,

пай, шіркін, ќазаќтыџ келіндері-ай!»

сайысы кǿрермендерге сахнадан тама-

шаланды. Таныстыру, ас єзірлеу ше-

берлігі, таѓам тарту, ќазаќтыџ

салт-дєстỳрлерін, мазмўнын айту,

ǿнерлерін кǿрсету, сўраќ-жауап атты

кезеџдер бойынша  байќау ǿткізілді.

Сайыстыџ жеџімпаздары: «Инабатты

да парасатты келін» номинациясына

дєрігерлер ўжымынан Кабденова

Лаура, «Кǿрікті келін» номинациясына

єкімшіліктен  Нўрабай Гỳлден,

«Ǿнерпаз да шебер» номинациясына

клуб ўжымынан Кудушева Зульфира,

«Жаџа заман келіні» номинациясына

мектеп ўжымынан Жакупова Орынба-

сар атты келіндері ие болып, ауылдыџ

аќ жаулыќты єжелерініџ батасын алып,

алѓыс хаттармен марапатталып, баѓалы

сыйлыќтарѓа ие болды.

Клуб ўжымы мен ауыл кітапхана-

шысы Айжан Оспанова ќызыќты

кǿріністерін, музыкалыќ нǿмірлерін 

дайындап,халыќќа тарту етті.

Ауылымыздыџ  Абай Жакупов, Рахат

Оспанов, Салтанат Абеуова, Арнагỳл

Темирбаева атты єншілеріміз халыќќа

єсем єндерін орындап, мерекені

жалѓастырып жатты.  Осындай мереке

ўйымдастырып, халыќќа ќуаныш

сыйлаѓан ўйымдастырушыларѓа, де-

меуші болѓан жеке кєсіпкерлерге жєне

«Нўр Астыќ -2005»  ЖШС-не

тўрѓындардыџ атынан мыџ да бір

алѓыс айтамыз. 

Аѓайын, бірлігіміз жарасќан ел

болайыќ! Ўлыстыџ Ўлы кỳні ќўтты бол-

сын, аќ мол болсын, мал-жанымыз

аман болсын! Келген жыл ќўт-береке

єкелсін!    

Р.Темирова

Майоровка ауылы єкімшілігініџ

жетекші маманы

Наурыз айы туѓанда...

Иє, Самарќанныџ кǿк тасы жібіген кỳн,

кỳн менен тỳн теџелген шаќ, алты айѓы

ќардыџ кǿбесі сǿгілген мезгіл ќазаќ ỳшін

– Ўлыстыџ Ўлы кỳні. Осы айтулы мей-

рамды мерекелеу маќсатында жер-жерде

дỳбірлі де думанды тойлар ǿткізілуде.

Кǿппен кǿрген ўлы той. Ауылымыз да

осы тойѓа ǿз ỳлесін ќосып, ǿз єлінше ду-

манды мереке ǿткізді.

Соналы мектебініџ ѓимаратында

ǿткізілген  мерекелік  іс-шарада єн де

айтылды, би де биленді. Тǿс

соѓыстырып ізгі тілек айтылды. Аќ бата

беріліп, єжелердіџ мол шашуы

шашылѓан соџ, наурыз кǿжеден дєм

татыстыќ.  Єжелеріміз бесікке бǿлеу

салты, ауыл жастарыныџ ќыз ўзату

салтынан кǿріністер ќойды. Мектеп

оќушылары наурыз туралы ǿлеџдер

оќып, єн салып, би биледі, мєнді де

маѓынылы шаѓын кǿріністер ќойды.

Ўлттыќ ойын тỳрлері

ўйымдастырылды.

Ауыл жастарыныџ белсенді ỳлес

ќосуымен спорттыќ сайыстар да

ќызыќты ǿтті. Асыќ атудан бірінші

орынды Оралтай Маќсат, екінші

орынды Балтабаев Ерасыл, ỳшінші

орынды Мўхаметќали Елдос иеленсе,

ќол кỳресінен Базар Назар  бірінші

орын, Ермуханов Ануар екінші орын,

Минжасаров Руслан ỳшінші орынды

жеџіп алды.  Кір тасын кǿтеруден бі-

рінші орынды Алшинбаев Данияр,

екінші орынды Ермуханов Ануар,

ỳшінші орынды Базар Назар иеленді.

Арќан тарту сайысынан бас жỳлдені

«Арлан» тобы, екінші орынды  «Барыс»

тобы иеленді.  Бауырсаќ жеуден Тасбо-

латов  Бауыржан  жеџімпаз болып   та-

нылды.  Аударыспаќтан Сарсекеев

Темірлан бірінші, Тỳгелбаев Ерлан

екінші орын иеленді. 

Мерекелік  іс-шара соџында ауыл

єкімі Д.Алшинбаев сǿз сǿйлеп,

жỳлдегерлер  мен жеџімпаздарѓа

аќшалай марапаттар   тапсырды.

Жылдаѓы  игі дєстỳр бойынша  Соналы

ауылыныџ  бỳлдіршіндеріне жєне ба-

стауыш мектеп оќушыларына  тєтті де

дємді наурыз сыйлыќтары берілді. Со-

нымен бірге, Наурыз мейрамын

ǿткізуге демеушілік кǿмек кǿрсеткен

М.Ж.Жакенов, Б.А.Данияров,  Т.Ж.Да-

нияров, М.С.Тасыбеков, М.Б.Тугелбаев,

Е.Е.Тугелбаев, Д.Т.Сарсекеев, Ж.Т.Сар-

секеевтерге  ауыл халќыныџ атынан

зор ризашылыќ білдіріп, алѓыс хаттар

тапсырылды.  Тіршілік атаулыны ќайта

тỳрлендірген Наурыз Соналы ауылын

думанѓа бǿледі.  Мереке соџы мол да-

стархан мен мейрамѓа ўласты.   Ўлыс

оџ болсын, аќ мол болсын!!!

Ж.Ж. Карипова

Соналы ауылы

Соналыдаѓы  

думанды Наурыз 

11 марта 2016 года на стадионе «Нура»

проходили соревнования по волейболу

среди юношей и девушек старших клас-

сов по программе спартакиады школь-

ников. В этой спартакиаде участвовали

финалисты кустовых соревнований -

юноши (КОШ № 3, ОШ имени К.Мын-

баева, ОШ имени Асылбекова и Щерба-

ковской ОШ), девушки: (КОШ №1,ОШ

имени К.Мынбаева, ОШ имени Р.Асу-

баева и Щербаковской ОШ).

Цели и задачи данной спартакиады:

развитие волейбола среди подростков

Нуринского района, а также комплекто-

вание сборной команды Нуринского рай-

она для участия в областных

соревнованиях.

Перед началом соревнований заме-

стителем руководителя по учебной работе

Есеновым С.А и специалистом отдела

физической культуры и спорта Нурин-

ского района Усембековым С.С. были

представлены судейская бригада, прове-

дены жеребьевка и зачитан  порядок

проведения соревнований.

Соревнования начались с игры дево-

чек ОШ Мынбаева и КОШ № 1, где по-

беду одержали девочки КОШ № 1 со

счетом 2:0, а в следующей игре встрети-

лись команды Щербаковской ОШ и ОШ

имени Р.Асубаева, и счет был 2:0 в пользу

девочек ОШ имени Р.Асубаева.

Затем начались финальные игры: за

3-ье и 4-ое места боролись команды де-

вочек ОШ имени К.Мынбаева и ОШ Щер-

баковское, где со счетом 2:0 одержали

победу мынбаевцы, тем самым заняв

призовое третье место. Они играли в

таком составе: Дегелевич Я, Базяк Н,

Шевченко Д, Иванишина С, Самирова

Ш, Кунуспекова М, и Постникова В.

(команду подготовили физрук школы

Белан И.П и тренер- преподаватель

ДЮСШ Есенов Н.С).

За 1-ое и 2-ое место  играли девочки

КОШ №1 и ОШ имени Р.Асубаева, где в

упорной борьбе победу одержали девочки

КОШ № 1, став чемпионками района.

Вице- чемпионки-девочки ОШ им. Асу-

баева выступали в таком составе: Сєкім

А,Турѓанбек Н, Анарбаева Г, Арсланова

А., Турганашева А., Ябс М., Лих К., Ка-

дырбай Ж. (команду подготовил физрук

школы Рыспаев М.О). 

Чемпионки района выступили в

таком составе: Кваст Е, Жантуова Д, Ти-

мофеева В, Сидельникова А, Туркина Д,

Орлова М., (команду подготовили физрук

Спасибуха В. и тренер-преподаватель

ДЮСШ Баранов Г.А.)

Лучшими игроками среди девушек

были признаны Жантуова Диляра, Тимо-

феева В., Дегелевич Яна и Саким Ару-

жан.

Самыми зрелищными и упорными по-



единками были встречи у юношей, места

распределились следующим образом:

чемпионами района стали волейболисты

ОШ им.К.Мынбаева, выступали в таком

составе: Сулейменов Р, Жихарев Д, Киль-

метр В, Шакабаев Н, Черняев В, Саги А,

Абюров А.(команду подготовили тренер -

преподаватель ДЮСШ Есенов С.А. и

физрук школы Белан И.П.)

Второе место заняли волейболисты ОШ

им.А.Асылбекова, выступали в таком со-

ставе: Бастенов М., Кусаинов Д., Ше-

стерник В., Бейсекей Ж., Жумагазы К.,

Кабден М., Акинчин В., Оспанов

А.(команду подготовил физрук школы

Баймаханов Д.Б.)

И тройку призеров замкнули волей-

болисты КОШ №3.

Лучшими игроками были признаны

Кильметр В., Абюров А., Жумагазы К. и

Жумадильда Д..

В завершение хотелось бы поблагода-

рить через газету «Нура» участвовавшие

команды и пожелать им крепкого здо-

ровья и успехов в учебе.

С. Есенов

заместитель руководителя

КГУ ДЮСШ Нуринского района   

Спорт     

Районная спартакиада

среди школьников


8

26 наурыз

2016 жыл

Н   Ў   Р   А  

«Қазақстан Республикасы  Ұлттық эко-

номика министрлігінің Тұтынушылардың

құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды

облысы тұтынушылардың құқықтарын

қорғау  департаментінің Нұра

аудандық  тұтынушылардың

құқықтарын қорғау

басқармасы» РММ-нде сенім

телефоны жұмыс істейді: 22-

2-65.  Бұл телефонға мемле-

кеттік қызметкерлер Ар-намыс

кодексін, «Жемқорлыққа

қарсы күрес» жəне «Мемле-

кеттік қызмет туралы» Заңдарын бұзған

«Нұра аудандық  тұтынушылардың

құқықтарын қорғау басқармасының»

қызметкерлері жайында хабарлауға бо-

лады. 


РГУ «Нуринское районное управление

по защите прав потребителей Департа-

мента по защите прав потребителей Ка-

рагандинской области Комитета  по

защите прав потребителей Мини-

стерства Национальной экономики

Республики Казахстан» сообщает о

телефоне доверия: 22-2-65 , по ко-

торому Вы можете сообщить ин-

формацию о фактах нарушения

сотрудниками «Нуринского район-

ного управления по защите прав по-

требителей» Кодекса чести

государственных  служащих РК, законо-

дательства  Республики Казахстан о госу-

дарственной службе, о борьбе с

коррупцией. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет