12 апта. Тақырыбы: №2 Коллоквиум. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақ- жауап. Жұмыс тәсілі


Биологиялық қауымдастықтардың әр алуандылығы



бет3/3
Дата16.03.2022
өлшемі20,92 Kb.
#28222
1   2   3
3. Биологиялық қауымдастықтардың әр алуандылығы.

Әр қауымдастық белгілі бір трофикалық құрылымға ие болады. Оны әр трофикалық деңгейдегі особьтар саны арқылы немесе орылмаған өнім арқылы. Сандар пирамидасы немесе особьтердің трофикалық деңгейлер бойынша бөлінуі мына факторларға байланысты.



  1. Кез-келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді.

  2. Кез-келген жыртқыш оның жемтіктерінің көлемі төменгі және жоғарғы шегі бар. Жоғарғы шегі жыртқыштың өз денесінің көлемінен әлдеқайда ірі жануарға шамасы жетіспейтіндігімен, төменгі шегі – жемтігінің көлемі тым шағын болған жағдайда оны аулаудың жыртқыш үшін еш мәні қалмайтындығымен анықталады.

Биомассалар пирамидасы – әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды. Өндірушілері өте ұсақ және консументтері ірі болған экожүйелерде соңғысынан жалпы массасы барлық кесте продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасыда кері болады.

Энергия пирамидасы – кезекті трофтық деңгейлердегі энергия ағынының шамасын немесе өнімділігін көрсетеді. Қоректену тізбегі алдыңғы түр, келесі түр үшін азық болып табылады. Қоректену тізбегінің жеке звенолары трофтық деңгейлер деп аталады. Күннен энергияны бірдей сатылар арқылы алатын ағзалар бір трофтық деңгейге жатады. Жасыл өсімдіктер (автотрофтар) бірінші трофтық, екінші, бірінші реттейтін консументтер, биоқоректілермен қоректенетін бірінші реттейтін жыртқыштар – үшінші (екінші реттік консументтер), екінші ретті жыртқыштар – төртінші (3 ретті консументтер) деңгейді құрайды.

Қоректік тізбектердің екі түрін: жайылымдық және дентритті бөліп көрсетуге болады. Қоректік тізбектер бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоректену торын түзеді. Әр өндірушіде (продуцент) бірнеше консумент болады. Консументтердің көпшілігі полифактар (көп), яғни бір емес, бірнеше қоректену көзін пайдаланады. Көптеген түрлер әр түрлі қоректік тізбектерге кіреді. Мысалы, аюлар өсімдіктерменде, жануарларменде өлекселерменде қоректенеді.

Бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзуші автотрофты организмдерді продуценттер өндірушілер деп аталады.



Дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдерді гетеротрофты немесе консументтер (тұтынушылар) деп аталады.

Ал органикалық заттарды ыдыратушы бактериялар мен кейбір саңырауқұлақтарды редуценттер (ыдыратушылар ) деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет