12 апта. Тақырыбы: №2 Коллоквиум. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақ- жауап. Жұмыс тәсілі


Синэкологияның негізгі түсініктер



бет2/3
Дата16.03.2022
өлшемі20,92 Kb.
#28222
1   2   3
Синэкологияның негізгі түсініктер.

Синэкология (грек тілінен аударғанда дүп-бірге) әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын (биоценоздар) олардың қалыптасу жолдарымен, қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шрентер болып есептеледі.

Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде бірлестікер немесе биоценоздар деп атайды. Биоценоз (bios-өмір, swinos-жалпы) табиғи жағдайлры бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ғылымға ұсынған неміс зоологы К.Мебнус кез келген биоценоз өзімен өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы- биотоптардан тұрады. Биотоп тірі организдердің жиынтығы тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценоз бен биотоп бірлесіп биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н. Сукачев енгізген. Биогеоценоз дегеніміз биоценоз биотоптың диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер), талап етушілер (бірінші- өсімдікқоректі жәндіктер, екінші- жануар тектес қоректілер), ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері.

Биоценозды зерттеуші ғылым саласы – биоценология деп аталады. Ең үлкен биологиялық жүйе биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлық тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды. Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде экожүйе термині қолданылады.

Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты – автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Биоценоз көбінесе зерттелетін обьектінің құрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функциясын сипаттайды. Экожүйелер 1.Энергия ағымына 2.Қоректік тізбектер 3.Кеңістік пен уақытқа байланысты көптүрлілік құрылым 4.Биогенді элементтер айналымы 5.Эволюция және даму 6. Басқару 7.Компаненттердің қарым-қатынастарын толық қарастырады. Сондықтан экожүйе эволюцияның функциялы бірлік өлшемі. Оның ең басты қызметі – ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас ықпал етуі. Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік байланыстар ғылымда – биотикалық факторлар деп атайды. Яғни тіршілік барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері немесе ықпалы. Биоценозда әр-түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым – қатынаста қалыптасады.

Бәсекелестік – бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы т.б. Ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі. Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірте айқын білінсе, бірде насивті көрінеді. Эколог Г.Ф.Гаузеннің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяр еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі активті түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес, мінез-құлық тұрағы үшін, территория, факторлардың жетіспеушілігіне де болады.

Жыртқыштық – түрлер арасында болатын қарым – қатынастардың ең жоғарғы формасы. Ол кейде қорек, территория т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді.

Паразитизм – бұл түрдің өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету. Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы пайда болған. Бұл процестер вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдік пен өсімдік, жануарлар мен жануар және өсімдік пен жануар арасында паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго – паразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) болып бөлінеді. Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы тіптен қатерлі ауралар (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба) таратады. Олардың қатарына маса, сона, құмырсқа, бүрге, кенелер жатады. Көптеген жануарлар (түлкі, қоян) жыртқыш құстар, қарсақ паразиттерді таратушылар ретінде үлкен рөл атқарады.

Симбиоз екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі.

Комменсализм – арамтамақтық құбылыс. Бір түрдің қоректік қалдығы мен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмейді.

Мутуализм – әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етеді.

Зоохария. Жануарлардың орын ауыстыруы арқылы тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария өсімдіктер мен жануар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдары бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер, қылшықтар пайда болып құстар, сүтқоректілердің басқа да жәндіктердің денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алыс кеңістіктерге тарап отырған. Өсімдік тұқымдарының бұл жолмен таралуын эктозоохария деп аталады. Кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың нәжістері арқылы таралады. Оларды эндозоохария таралу жолы деп атайды.

Аллеопантия – бұл организмдердің денесінен өзіне тән химиялық өнімдер шығару арқылы қарым-қатынас жасалу жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш немесе жиіркендіргіш түрінде әсер етеді. Жануарларда өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін активті заттар бөліп өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш сигнал беру қасиетіне ие болады. Мәселен, антибиотиктер, пеницилин, стрептомицин, гиберилилин медицинада жиі қолданылады. Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді – мұны аменсализм деп аталады. Мәселен, кейбір құмырсқалар көршілес құмырсқа елдерінен жұмыртқа мен личинкаларды тартып әкеліп, иелік жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет