12 апта. Тақырыбы: Саяси сана мен саяси идеология. Жоспары: Саяси сана деңгейлері, функциялары. Саяси идеология ұғымы, деңгейлері, қызметі



бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі23,73 Kb.
#132437
  1   2   3   4

12 апта.
Тақырыбы: Саяси сана мен саяси идеология.
Жоспары:
1. Саяси сана деңгейлері, функциялары.
2. Саяси идеология ұғымы, деңгейлері, қызметі.

Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп – сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс - әрекеттеріне бағыт – бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі- мемлекеттік билік, оның қызметі.


Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:
1) қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;
2) тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс- әрекеттеріне бағдар беру;
3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл- күйді білдіру.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өңдеп, мәдени өзгертіп отырады.
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет