12. Дамыта оқытудың әдіс-тәсілдерін белгілеп жазыңыз, талдаңыз Дамыта оқыту әдістеріне «ой қозғау»



Дата21.06.2022
өлшемі17,91 Kb.
#37166
Байланысты:
Сессия 1.2.3.12


12. Дамыта оқытудың әдіс-тәсілдерін белгілеп жазыңыз, талдаңыз

Дамыта оқыту әдістеріне «ой қозғау» әдісі, «ассоциация», «салыстыру», «Раунд-Робин", «Топтау» әдісістерің жатқызамыз.




«Ой қозғау» әдісі – (немесе психология тілінде «миға шабуыл» деп те аталады). Бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандай да бір проблеманы әр баланың пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. «Миға шабуыл» стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса, баланың стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады.
Бұл әдісті көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашу кезінде қолданған тиімді. Мысалы: жұмбақ, сөзжұмбақ, суретті ребустар шешу арқылы бала оқу іс-әрекетінің тақырыбын өзі тауып аша алады.
«Ассоциация» әдісі – бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады, соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады (айтылады). Мысалы: жалпы сөз «Отбасы»: Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні т.б. Бұл әдіс арқылы тәрбиеші балалардың сөздік қорын тексере отырып, сауатты сөйлеуге дағдыландырады.
Ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі – «Салыстыру әдісі». Бұл тәсілдің басты мақсаты: объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Бұндай тапсырмалар арқылы баланың қиялы, логикалық ойлау қабілеті дамиды. Салыстыру арқылы байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйреніп, байқампаздығы артады.
Дамыта оқытудың мектеп жасына дейінгі балалар үшін тағы бір тиімді тәсілдерінің бірі – «Раунд-Робин» әдісі. Бұл әдіс өткен тақырыпты немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін өте қолайлы. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не білетінін бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай, түгел айтып шығуы тиіс. Мысалы: «Гүлдер» тақырыбында Гүл – өсімдік, гүл – әдемі, гүлді жұлуға болмайды, гүл – хош иісті т.с.с.
«Топтау» әдісі -бұл әдісте балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырмалар беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет