Себебі: сұйылту нәтижесінде иондардың концентрациясы азаяды.
3) Лигандты басқа қосылысқа (ионға) айналдырған кезде комплекс бұзылады:
Ag(NH3)2+ + 2H+ → Ag+ + 2NH4+
4) Лигандтардың алмасу процесі. Ішкі координациялық сферадағы лиганд басқа лигандпен алмасады, яғни бірінші комплекс бұзылады, екінші жаңа комплекс түзіледі.
Егер екінші комплекстің тұрақтылық константасы біріншіге қарағанда жоғары болса, онда осы алмасу процесі мүмкін болып табылады. Мысалы:
[Cu(NH3)4]Cl2 + 4KCN → K2[Cu(CN)4] + NH4Cl + KCl
Комплексті қосылыстардың бұзу әдістері
5) рН мәнін өзгерту.
Мысалы: калийдің гексанитрокобальтаты сілтілік ортада бұзылады.
K3[Co(NO2)6] + 3NaOH → Co(OH)3 ↓ + 3KNO2 +3NaNO2
6) Комплекс түзуші иондардың тұнбаға түсуі.
Мысалы: диамин күміс хлориді [Ag(NH3)2]Cl арқылы күкіртті сутек жіберсе, күміс иондары комплекс құрамынан бөлініп, тұнбаға түседі.
2[Ag(NH3)2]Cl + H2S → Ag2S ↓ + 2NH4Cl + 2NH3
[Ag(NH3)2]+ комплекс ионының тұрақтылығы орташа ( β = 10-7), ал күміс сульфиді өте нашар еритін тұз (EK Ag2S = 6,3*10-50).
Сол себепті комлекстің диссоциациясы нәтижесінде күміс иондарының мөлшері тұнба түзу үшін жеткілікті болады.
[Ag+]2 * [S2-] > EK Ag2S тұнба түзілу шартты.
Кешенді қосылыстардың алынуы 3KCN + Fe(CN)3 = K3[Fe(CN)6]
Тұнбаның ерігіштігіне комплекс түзу процестерінің әсері
Мысал: Концентрациясы 10-3 моль/л AgNO3 ерітіндісіне концентрациясы 10-5 моль/л NaCl ерітіндісі қосылған кезде тұнба түседі ме?