Сапалық және мөлшерлік анализде комплекс түзілу реакциялары өте жиі қолданылады. 1893 ж жасалған А.Вернердің координациялық теориясына сәйкес комплексті қосылыстың молекулалары ішкі координациялық сферамен бірге, сыртқысын да түзетін иондардан немесе молекулалардан тұрады. Ішкі сфераның ортасында бір не бірнеше орталық атомдар бар, оларды комплекс түзушілер деп атайды және көбінесе М әрпімен белгіленеді.Оларды айнала қарама-қарсы зарядты иондар немесе молекулалар топтасады, олар лигандтар деп аталады және L әрпімен белгіленеді.
Сондай-ақ комплексті қосылыстарда қос тұздардан ажырата білу қажет, себебі олар тек қана физика-химиялық қасиеттерімен емес, сонымен бірге құрылысымен де ерекшеленеді. Мысалы, қос тұздарға ашудастар (аммонийлі, темір, хромды) екі тұздың ерітінділерінің кристалдану жолымен алынады.
К2SO4 + Al2(SO4)3 + 12H2О = 5KАІ(SO4)2 · 12H2О
Қос тұздар ерітінділерде жай иондарға диссоциацияланады:
KАІ(SO4)2 = К⁺ + Al³+ + 2SO4²-
Комплексті тұздар жай және комплексті иондарға диссоциацияланады,
соңғысы жай иондарға өте аз мөлшерде диссоциацияланады:
Na₃[AlF₆] = 3Na⁺ + [AlF₆]³¯
Комплексті қосылыстардың диссоциациялануы
Комплексті қосылыстың ыдырауы суда ерітілген комплексті қосылыс алдымен сыртқы және ішкі координациялық сфераға ыдырайды. Олардың арасындағы байланыс иондық болғандықтан комплексті қосылыс осы сатыда толық ыдырайды:
[Ag(NH3)2] Cl → [ Ag(NH3)2]+ +Cl-
[Cu(NH3)4] Cl2 → [Cu(NH3)4]+2 +2Cl-
Бұл комплекс күшті электролит сияқты диссоциацияланады.
Комплексті иондардың ішкі координациялық сферасының диссоциациялануы
Комплексті иондардың ішкі координациялық сферасының диссоциациялануы комплексті иондар ерітіндіде металл ионға және лигандтарға диссоциацияланады. Бірақ бірінші диссоциациялану процесіне қарағанда екінші ыдырау процесі төмен дәрежеде жүреді. Себебі металл мен лиганд донорлы акцепторлы байланыс арқылы байланысады. Донорлы акцепторлық байланыс иондық байланысқа қарағанда тұрақты. Сондықтан комплексті иондар ерітіндіде төмен дәрежеде ионданады және иондану (диссоциациялану) процесі әлсіз электролиттерге ұқсас сатыланып жүреді: