Жарықсезгіштік - көшірім қабатында белгілі физика-химиялық өзгерістерге алып келетін актиниялық (уран кенінен алынатын радиоактивтік элемент, күміс түстес ақ металлл) сәулеленудің әсер ету шамасы. Жарықсезгіштікке әсер етуші факторлар: - көшірім қабатының химиялық құрамы (оның ішінде, құрауыштың шоғырлануы);
- көшірім қабаты мен астардың оптикалық қасиеттері (шағылу коэффиценті, көшірім қабатының астарға жабысуы, көшірім қабатының қалыңдығы);
- көшірім қабатын даярлау жағдайлары температурасы, ылғалдығы, құрғату:
- жарықтандыру жағдайлары (сәулеленудің спектрлік құрамы, экспозициясы, уақыты);
- көшірім қабатын өңдеудің жағдайлары.
Репродукциялы - графикалық қасиеттері. Ажыратқыштың қабілеті - көшірім қабаты бейнесінің ұсақ элементтерін, штрихтар тобын, жеке берілетін сызықтар санын (R, [mm-1], [мкм-1]) жаңғырту қабілеті. Ажыратқыштық ауытқуы - 25%. Штрихтардың айқындығы мен оптикалық тығыздықтарына да талап қойылады (денситометр шағылыстыруға жұмыс істейді).
Ерекшелеулік қабілеті- басылым қалыбының жеке тұрған сызықтың қалыңдығын (R, [mm-1], [мкм-1]) беруге қабілеттілігі.
Бейненің ұсақ деталдарының берілу сапасын модуляцияны беру функциясы бәрінен де жақсы бағалайды. МБФ шеткі функция арқылы, ал соңғысы штрихтың кеңуімен анықталады. Пластинаның экспозициясы мен кедір-бұдырының ұлғаюларына байланысты жарықтың көшірім қабатындағы таралуы мен бұрмалануы артып, бірнеше мәрте шағылысуы мүмкін.
Қабаттың қалыңдығы аз көшірім қабатында жарық шашыраудың азаюын ескереді. Штрихтық элементтің астындағы жарықтау аумағының өзгеруі штрихтың алғашқы қөлемдерінің өзгеруіне алып келеді. Қабаттың қалыңдығы неғұрлым аз болған сайын, ажыратқыштық және ерекшелеу қабілеті соғұрлым жоғары болады. Реңдік түпнұсқаны градациялық түрде беру мына факторларға байланысты:
- көшірім қабатының құрамына;
- көшірім қабатының қалыңдығына;
- сәулелер көздерінің көлемдеріне;
- сәуле көзі мен көшірім қабатының ара-қашықтығына;
- көшірім қабатын шығару процесіне;
-пластинаның микронометрлік қалыбының сипатына;
- көшірім қабатынының пластина бетіне жабысқақтық дәрежесіне; - фотоқалыптың сапасына (оптикалық тығыздықтың растрлық элемент көлеміне қарай өзгеру сипаты).