Қайталау үшін сұрақтар
1. Басылым машиналары басылым аппаратының конструкциясына қарай қалай ажыратылады.
2. Тигельдік және жазық басылым машиналарында табақтық қағазда, ал ротациялық машиналарда рулондық қағаздарданеліктен басады?
3. Бір айналымда басылым бояуларына қарай басылым машинасы қалай жіктеледі?
4. Басылым қағазының өлшемдеріне қарай басылым машиналарын атаңдар?
5. Басылым процессінде басылым машинасының өнімділігі неге маңызды роль атқарады және ол қандай факторлаға тәуелді?
6. Басылым машинасының, жұмыс жылдамдығы мен басу жылдамдықтарын ата?
7. Әмбебап басылым машинасы нені білдіред?
8.6. Басылым жабдықтарының дамуының қазіргі жағдайы
Қазіргі жаңашыл полиграфиялық өндіріс басылымның әртүрлері мен тәсілдеріүшін басылым машиналарының көптеген типтері мен конструкцияларын жасап беруде. Соңғы жылдарда түбегейлі өзгерістер түстікомпьютнрлік принтерлер саласын ғана емес, сонымен бірге сериялы басылым машиналарын да қамтыды, бұл сандық технологиялардың пайда болуы мен онан әрі қарқынды дамуынан көрініс тапты.
Қазақстан мен ТМД рыноктарында полиграфиялық өнім шығарудың компьютер – сканер – принтер – интерфейс – ризограф – коллатор – брошюралаушы – түптеуші – кесуші құрылғы аяқталған технологиялық процесті іске асыруға мүмкіндік беретін кіші (мини) баспаханалар үшін құрал жабдықтар кеңінен қолданылуда.
Офсеттік басылымның құрал-жабдықтары қазіргі кезде кіші өлшемді машина модельдерін, орташа және ірі өлшемді машина модельдері болып бөлінеді.
Офсеттік басылымның кіші өлшемдімашиналардың тобына КСРО мен ТМД елдерінде кеңінен танымал Ромайор және Даминат офсеттік машиналар жатады, бұлар қағаздың кез келген сортымен жұмыс істейтін, жұмыс істеуге ыңғайлы, ресурсы үлкен, сенімді машиналр.
Қазіргі кезде әртүрлі модификациядағы «Адаст Доминант» машиналары батыс Еуропаның және Америка рыноктарында да елеулі бедел жинады. 2001ж алғашқыжаңартылған сериялары Қазақстанда пайда болды. «Адаст Доминант» машиналарының типтік қатары 381х 520 дан 520х470мм дейінгі өлшемдегі, бояулығы 1 ден 5ке дейінгі шағын өлшемдегі әртүрлі өнімдерді шығаруғаарналған барлық «Даминат» машиналарының тербелуші фогрендтері бар компрессорымен, былғануға қарсы Prihiax құрылғысымен жабдықталған. Екі бояулыдан бастап машиналар стандартты бір баспа табақтың екі бетіне де басуға мүмкіндік беретін аудармалы қондырғымен жабдықталған.
«Доминант» сериясының машиналарының бастапқыда осы кластағы неміс машиналарына арзан балама ретінд Еуропалық пайдаланушылар мен батыс батыс стандарттарына негізделіп жасалынған болатын. Бұл чех өнертапқыштығының жемісінің табысы болғандығының куәсі.
Пайда бола саласымен ол тұтынушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болып, қазіргі қазіргі кезде әлемнің 90 аса елдерінде экспортқа шығрылады
Қазіргі таңда отандық полиграфияда HAMADA HASHIMOTO (Жапония) шағын фарматты басылым машиналары кеңінен танымал болып отыр.
Бұл машиналардың негізгі қызметі штрихтік және жартылай реңді өнімді бір немесе бірнеше бояуды шығаруды бір айналымда материялдық екі жағынан (1+1) басуға мүмкіндік береді. Басылымға дайындау функциялары автоматтандырылған басылым қалыбын беру және бекіту, оның жағдайын «жүріс үстінде» түзету, реттеудің бірегей механизмі табақты офсеттік цилиндрге дәл берілуін қамтамасыз етеді. Бұл машиналарда секциянумераторды (модель Е 475 – НР) орнату қарастырылған, бұл өнімді номермен шығаруды, перфорациялауды және ұзынынан кесуді, сонымен бірге бір айналымда декоровтикті безендіру үшін бейнені үшінші бояумен басуға мүмкіндік береді. HAMADA Superb 47 машинасында өзін ақтарынан көрсете білді. HAMADA компаниясы шағын форматтағы табақтық басылым машиналарын шығаратын ірі компаниялардың бірі ғана емес, сонымен бірге Азиядағы, ірі газетжурнал өнімдерін шығарудағы ротациялық машиналарды НAMADA 1951 жылдан бері шығарып келеді. Қазіргі кезде HAMADA компаниясы өз өнімдерін әлемнің т105 еліне экспортқа шығарып отыр.
Әлемге танымал «КБА Планета» қатарындағы типтік машиналар офсеттік машиналардыңкелесі тобын құрайды. «КБА Планета» — фирмасы 1898 жылы құрылған.
1965ж. Секциялы үш цилиндрлі «Планета – Вариант» машинасы құрастырылып шығарылды.
Мұндай типтегімашиналар үш онжылдық көлемде шығарылып келеді
Қазіргі таңда бұл фирма “KBA Rapida” болып өзгертілді. Табақтық машиналардың жаңа буыны қазіргі қазіргі заманғы дизайнмен, жоғары дәрежедегі автоматтандырылумен, форматының жоғарылаумен, өңдеу операцияларын іске асыру және санды технологияны пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.
«Рапидалар» — алыптар бір жақты басылым негізінде жылдамдығы – 15000 табақ, ал екі жақты басылымда – 10000 табақ басады. Табақты аударатын автоматты қосылатын қалдырғы, әртүрлі лактау және кептіру құрылғылары мен қосымына жабдықтардың кең көлемі бар.
КБА концерні Германиядан рынокқа шығаратын алып «Рапидалардың» бес моделі бар:
“Rapida – 130” (өлшемі 91х130см)
“Rapida – 130” (96,5х130см)
“Rapida – 142” 102х142см)
“Rapida – 162”(102х162см)
“Rapida – 162” 120х162см)
Келесі офсеттік машиналар тобын Қазақстан мен ТМД рыногінде “Heidelberg” фирмасының офсеттік машиналары құрайды.
Басылымның құрал – жабдықтарының қазіргі кездегі даму жағдайын басылымға дейінгі, басылым, басылымнан кейінгі құрал – жабдықтарды біріктіретін басылым жүйелерін шығарушы осы фирманың тарихынан көруге болады.Фирманың тарихы 1850 жылдан басталады. Ол көп жылдар бойына әртүрлі жоғары сапалы басылым өнімдерін шығару үшін баспаханаларға қажетті заман талабына лайық полиграфиялық құрал – жабдықтарды шығарушы әлемдегі бірден бір фирма болып келе жатыр.
Атқаратын қызметіне және қолдану аясына қарай HEIDELBERG шығаратын машиналарды негізгі екі топқа бөлінед:
жоғарғы өлшемділікті және жоғарғы сапалы өнеркәсіптік басу үшін машиналар – Speedmaster класы.
Жоғарғы сапалы жедел және сериялы басылым үшін машиналар Printmaster класы.
Speedmaster класына барлық өлшемдегі ұқсас атаулы жоғарғы технологиялық машиналар жатады: Steedmasteer SM-52, Steedmaster SM-74, Steedmaster SM-102, Steedmaster SD-102. Негізгі қолдану аясы жоғары сапалы акцидентті, этикеткалы және орау жұмыстарында (көбінесе Speedmaster CD – 102)
Printmaster класына – жедел басатын Quictmaster 46 сериялы, акциядентті өнімдерге GTO- 52 сериялы және пайдалануы қарапайым аз афтоматтандырылған әртүрлі мақсаттарда қолданылатын s- offset серияны машиналар жатады.
Бояулығына және бір айналымда басып шығаратын жақтарының санына қарай машиналар бір боялы және екі жақты басылым (айналмалы қондырғысыз) және екі жақты басылым (айналмалы қондырғымен) болып бөлінеді. Көп бояулы машиналар секциялы принцип бойынша құрастырылған, ағындағы бояу санын оңай есептеуге мүмкіндік береді. Speedmaster машиналарының барлық типі (1 бояулыдан 11 бояулыға дейін), GTO - 52 (4 бояулығы дейін) және S-offset типтегі (1және 2 бояулы) осы принцип бойынша құрылған.
Ағында орындалатын өңдеу және басқа да операцияларды жасау үшін машиналар мынадай жабдықтармен жабдықталуы мүмкін:
лактау қондырғысы
бояу кептіргіш құрылғымен
лактау және кептіру қондырғысымен
нөмірлейтін, перфорациялайтын, басатын қондырғымен.
Қазақстан рыногі (Жапония) фирмасының және басқа да офсеттік басылым машиналарымен толықтырылуда.
Барлық машиналар автоматты тіріліп табақ өлшемі мен қағаз қалыңдығы, басылым қалыбын автоматты ауыстыру қондырғысымен, офсеттік алаңмен бояу біліктерін автоматты жуу, үздіксіз су-спирті ылғалдың жаңашыл жүйесі, үздіксіз маймен шаю жүйесімен жабдықталған.
Электроникада жаңашыл жетістіктерді пайдаланып, аз уақыт ішінде басылымға дайындауды, басудың жоғарғы өнімділігі мен өнімің жоғарғы сапалығын қамтамасыз етеді. Клиенттің тілегеніне сай машиналарды қосымша құрылғылармен мысалға қалыптық цилиндрді автоматты жуу, нөмірлеу секциясымен т.б. жабдықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |