Ойыңқы басылымның рулондық машинасының басылым секциясының сұлбасы
Ойыңқы басылымның көптеген жаңашыл машиналары бақылау жүйелері мен машинаның бояу аппаратындағы басу бояуының жабысқақтығын автоматты түрде реттеуді, сонымен қатар, басылым процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін басқа да жүйелермен жабдықталған.
Бір бояулы рулондық машиналар, құрылымдары жағынан, өте қарапайым және ең бастысы, басылымды қағаздың екі жағынан да басып, өнімді бүктелген дәптер күйінде шығарады. Бұл машиналар, негізінен, рулондық қондырғылардан, құрғату қондырғысы бар екі басылым секциясынан, бүктеу аппараты мен қабылдау қондырғысынан тұрады.
Журнал және кітап басылымдарын басу үшін, әр түрлі көлемді және түсті басылымдарды шығаруға мүмкіндік беретін көп секциялы, көп бояулы рулондық машиналар кеңінен қолданылуда. Кейбір журнал басылымдары үшін тұрақты безендіретін (көлем, пішін, бояулық) рулонды машина агрегаттары кәсіпорындардың арнайы тапсырыстарын дайындайды. Онда машина пішінін, басылым секциясының санын, рулондық қондырғымен, бүктеу аппараттарын, сонымен қатар, қабылдау қондырғысының түрін, тігу аппаратының болуын, машинаның автоматтық қондырғылары және жүйелерімен жабдықталуын белгілеп береді.
Тұрақты безендірілетін мерзімді басылымдар үшін машина-агрегаттар, шын мәнісінде, басылымның барлық элементтерін басып шығаруды, бүктеу мен жинақтауды, үш жағынан кесу мен тігуді, басылымның бумаларын даярлау мен оларды бумалауды орындайтын автоматтық желіліер болып табылады.
Соңғы жылдары ойыңқы басылымның рулондық машиналары жаңа синтетикалық орам материалдарының пайда болуларына байланысты қаптама өндірісі үшін аса қымбат болып отыр, себебі үлкен таралымдарды басуға мүмкіндік береді және парақтық машиналарға қарағанда пайдалы. Қаптама жасалынатын полиэтилен пленкасы неғұрлым жұқарған сайын, ойыңқы басылым соғұрлым флексографиядан артта қала бастады.
Бірақ ойыңқы басылым еңбек нарығында қағазға, қатырмаға, целлофанға, аллюминий фольгасына, ішінара синтетикалық пленкаға көп таралымдық басуды «сақтап қалу» сәті түсті. Ойыңқы басылым машиналарында кәмпиттер, сорпалар, кофе, кулинарлы күлшелер, май, ірімшік және баска да көптеген танымал маркілердің тамақ өнімдері үшін қаптамалар, сигарет қораптары, кір жуатын заттар үшін қапшықтар, полиэтилин пакеттері мен орама қағаздар дайындалады.
Ойыңқы басылым әдісінің даму болашағы технологиялық процестің салыстырмалы қарапайымдылығы мен басылым өнімдерінің жоғарғы сапалылығында жатыр. Ойыңқы басылымдағы белгілі технологиялық ұмтылыс деп, бірнеше мәрте пайдаланылатын қалыптық цилиндрлер мен тікелей ою-өрнектік жүйесінің (Dicowed Gravvre) жасалуларын айтуға болады. 1995ж NaN Roland Drack-maschen AG басу қалыптарын тікелей басылым машинасында алуға мүмкіндік беретін процестің технолоиялық негіздемесі мен тәжірибелік прототипін жасап шығарады. Бірақ бұл технологияны өндірістік маңыздылығы туралы айту әлі ертерек.
Ойыңқы басылым үшін сулы боялар жасау саласындағы жаңа жасалымдар да елеулі қызығушылық туғызды, олар толуол негізіндегі бояуларды ауыстырып, құрғату, еріткішті кетіру және қалпына келтірудің күрделі процесін жояр еді. Қазіргі рекуперация жүйелері - бұлар жүмыстары қатал экономикалық нормалармен реттестірілген күрделі қымбатқа түсетін процестер. Жаңа бояулардың ерекшелігі: бөлме температурасында қатты (түйіршек) түрде сақталады; тұрақты еру нүктесі бар - 80°С шамасында; еріткіші жоқ.
Мұндай бояуларды қолдану классикалық ойыңқы басылым машиналарында белгілі өзгерістер жасалуын қажет етеді (мысалы, қалыптық цилиндрді қыздыруды). Тағы бір қызықтыратын жәйт - еріткіштің жоқтығы, яғни құрғату құрылғысынан бас тартуға болатындығы. Бояудың бекітілуі оның басылған материалда қатуы (сууы) жолымен іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |