12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Басылған өнімді металмен өрнектеп, безендіріп өңдеу



бет107/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

13.3. Басылған өнімді металмен өрнектеп, безендіріп өңдеу

Металл жабындыларды алтын және күміске ұқсастырып жасау жапсырмалар, құттықтау, ашықхаттары мен мекен жай, жоғарғы сапалы тауарлардың, қатырма қаптамаларын үлкен сериялық өндіруде, факсимильдік парақтық және кітаптық басылымдарды, ескі иконалар, қолжазба кітаптар т.б. аз және орташа сериялық шығаруда, сонымен бірге


көпшілік таралыммен шығатын танымал сериялардың тыстамаларын әрлеу үшін қолданылады. Осы мақсаттар үшін әрлеу деңгейі мен таралымына қарай қоламен зерлеу, металдандырылған бояумен басу, металдандырылған фольгамен өрнектеу, көбінесе, конгрев өрнегімен қолданылады.
Баспа-таңбаны қоламен зерлеу деп, жаңа ғана басылып шыққан баспа-таңбаға қола немесе аллюминийдің жұқа дисперсиялы опасын жағуды айтады. Қоламен желімділігі 1,5±0,25мм және тегістігі 100с кем емес желімделінген каландрланған және жоғары каландрланған қағазға басылған баспа-таңбаларды зерлеуге болады. Машиналық тегістігі бар қағаз әрлеудің бұл түрі үшін жарамсыз, өйткені опаны кедір-бұдыр қағаздың ашық элементтерінен толық кетіру мүмкін емес. Қоламен зерлеуді бір айналымда, негізгі бейненің бояу пленкасы берік бекітіліп, металл опаны сіңірмейтіндей болғанында ғана іске асырады.
Алтын мен күміске коламен зерлеу алдында тиісті бояу реңі бар баспа-таңба алады: алтынға зерлейтін болса - сары, күміске - көксұр. Бояу тұтқыр, жабысқақ (ағымдылығы 38-40мм, ал жабысқақтығы Зм/см) және тез кебетін болуы керек, ол үшін тиісті рең алынғаннан кейін оған жалпы массасының 14,5% көлеміндегі берік полиграфиялық олифа мен сиккативтік паста енгізеді.
Қоламен зерлеу үшін қола және аллюминий опаларын қолданады. Майда сериялық өндірісте қоламен зерлеуді опаны мақта тампонмен айқастыра жағып, қолмен орындайды. Опаның артығын таза мақта тампонмен сүртіп алып тастайды. Бұл, міндетті түрде, металл опаның ұшатын бөліктері жұмысшының тыныс алу жолдарына түспеуі үшін керудің алдында жасалынады. Жапсырмалар мен қағаз қаптамаларды ірі сериялық өндірісте қоламен зерлеуді үздіксіз ағымды өндіріс жасау үшін басу машиналарына қосалқыландыратын автоматтарда іске асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет