Полиграфияөнімдерінің өңдеу әдістерінің сұлбасы 13.2. Парақтық өнімге жабын жабу
Лактау – бұл баспа-таңбаға (парақтық жағалауларынан басқа жеріне түгелдей немесе бояулы бейнелі жерлеріне ғана) мөлдір түссіз лакты -ультракүлгін сәулелердің немесе электрлі шоқтарының әсерімен полимерлену реакциясының бастаушысын немесе катализаторын енгізгенде қатқан шайырдың (олигомердің), полимердің сәйкес келетін ұшып кететін ерітіндіде (сұйық олигомердің) ерітіндісін жағу. Лактау кезінде сұйық тұтқырлығы төмен лак баспа-таңба бетінің макрокеуектері мен саңылауларын толтырады, басылған беттің макротегіс еместігін жауып, оның құрғағаннан кейінгі тегістігін арттырады. Құрғақ лак қабатының қалыңдығы жеткілікті мөлшерде болған жағдайда лак пленкасының үстіңгі беті шығыңқы жерлердің ұштарынан жоғарылап, оларды жауып, айнасының бет түрін қабылдай алады.
Лак қабатының бетінің сындыру, мөлдірлік және тегістігінің салыстырмалы жоғарғы көрсеткіштерінің арқасында қағаздан, қатырмадан және бояу жабынынан шағылысып, лак қабатынан өтіп шыққан жарық шоғы азды-көпті тәртіпке келіп, айнада шағылысқан түрге жақындайды. Осының нәтижесінде баспа-таңбаның жарықтануының көрсеткіші едәуір артады және көзбен қабылдауы жағынан қаныға түседі. Лактанған баспа-таңбаның тегіс және икемді беті суға және пайдалануға төзімді, өйткені қағаз бен қатырманың талшықтарымен бекітілген лактық жабынның шайыры және шайырмен бекітілген басу материалының бетінің талшықтарының гидрофобтығы жоғары болады да, басқа беттермен үйкеліске жақсы төтеп бере алады.
Лактау технологиясы өте қарапайым: жазық стапельді қағаз бергіштен, лактау және құрғату қүрылғылары мен стапельдік қабылдағыштан тұратын лактау автоматтарында лак параққа біркелкі жұқа қабатпен жағылады да, кептіріледі. Лактау автоматын жұмысқа даярлау цилиндрдегі декельмен офсеттік резіңкематалы пластинаның астына осындай өңделген пластина мен жалпы қалыңдығы 1,7-3,2мм түптеу қатырмадан жасалынған декель астылық түзеткіш бекітіледі. Лакталған баспа-таңбаның өлшемі түзетілгенде мм-ден аз болуы керек.