12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет143/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Тыстамаларды көбінесе лакталған қалың тегіс қағаздан немесе бетіне полимер пленка жапсырған қағаздан жасайды. Көбінесе бір қағаз табағында бірнеше тыстама басып шығарады да, баспа-таңбаларды өңдегеннен кейін оны бірнеше бөлікке қырқады. Тыстамаларды иілімді мөлдір полимер пленкалардан да жасайды, бірақ олар өңдеуге қолайсыз әрі қымбат тұрады. Кітапты тыстамамен орау және оның етектерін қайыру қолмен немесе арнайы автоматтарды, мысалы, конвеер типті автоматтарда іске асырады.
Бақылау кітап шығарудың технологиялық процесі аяқталғаннан соң оларды жеке кітаптар бойынша тексереді, бұл басылымды шығарудың барлық сатыларына жүргізілетін кезеңдік бақылаудың жалғасы болып табылады. Кітаптың соңғы бақылауын бақылаушылар жүргізеді. Олар кітаптың сыртқы түрін, қаптаманың ішкі жақтарын, кітапты желпуіш тәрізді ашып, титул парағы мен блогын қарап шығады.
Кітаптың сыртқы түрі – оның аса маңызды көрсеткіші. Ол оның жеке элементтерінің көлемдерімен, олардың бір-бірлеріне байланысты орналасуын, қаптаманың жақтары мен түбіндегі бейнелердің сапасымен, блокты кесу сапасымен, оның түбінің пішінімен т.б. сипатталынады.
Кітаптың беріктік көрсеткіші оның пайдалану мерзімінің ұзақтығы, әр түрлі атмосфералық жағдайларда сақтауға шыдамдылығы туралы пікір түзуге мүмкіндік береді. Кітаптың сыртқы түрі мен оның беріктігінің көрсеткіштерін баспа кітаптың өлшемі, көлемі, арналуы т.с.с. жағдайларға байланысты белгілейді.
Бүкіл кітап-журнал өнімдерін оларды шығарудың технологиялық процестерін аяқтайтын операциялар біткеннен кейін оларды оқырмандарға сапалы түрде жеткізіп беру үшін орамдайды. Кітап-журнал өнімдерін орамдауға белгілі талаптар қойылады:
- орындалынған кітап бумасының салмағы 8 келіден артпауы тиіс; өлшеміне қарай өнімді бумаларға бір, екі немесе төрт қатардан салады; кішкентай басылымдарды сегіз қабат етіп жайғастыруға болады; кітаптарды қабаттарға бір немесе бірнеше данадан түптерін әр жаққа қаратып жатқызып салады;
- қабаттағы бірліктер саны екі немесе беске тең болуға тиіс;
- қабаттың биіктігі 19 см артпауы керек;
- буманы қағазға немесе қатырмаға (қобдиша немесе гофрленген) салу керек, мұндайда қағаз немесе қатырма клапандарының айқасы 3-5 см болуы тиіс;
- орамдалынған бума айқас немесе қосарлана орналасқан екі белбеумен байланады, байлау материалы ретінде шпагат (қағаз полипропилен немесе зығыр талшықтарынан), полипропилен таспасын, полипропилен фибрилдендірілген жіп, ені 3-5 см полиграфия дәкесінің қалдығын, В маркалы желімі мен қағаз негізге жапсырылған таспаны пайдалануға болады;
- байлау материалы қорапта тығыз оралуы керек, байлау материалы берік бекітілуі, бірақ мұқаба мен тыстамаларға батып, із салмайтындай болуы тиіс;
- қағазға ораған жағдайда баилау материалының астына ені 8 см кем емес төсем, ал катарынан екі жерден буғанда 15 см кем емес төсем салады;
- қатырмаға орағанда немесе қатырма тысқаптарға салынған өнімдерді буғанда байлау материалының, астына төсем салмайды.
Кейде өнімді гофрлеген қатырмадан жасалынған жәшіктерге салады. Жәшік ішіндегі қабат пен қатар сандарын басылымның өлшемі мен жәшіктің көлеміне қарай жәшіктің қабырғалары мен өнім араларындағы саңылау 1 см артық болмайтындай етіп белгілейді. Егер саңылау одан үлкен болса, онда араларына қатырма сыналар салу керек.
Әрбір бумаға немесе жәшікке 9х13,5 см, онда: баспаның атауы, автордың аты-жөні, кітаптың атауы, мұқаба қаптамаларының типі, бумадағы кітап саны, бақылаушы немесе ораушының нөмірі, тапсырыс нөмірі, кәсіпорынның атауы мен мекен-жайы басылған жапсырма желімделеді. Маркерлеуді тікелей бума орамына да жасауға рұқсат етіледі. Бумалар мен жәшіктерді шетелдер үшін маркерлегенде, орыс мәтінімен қатар өнім жіберілетін елдің тілінде де мәліметтер басылып, жапсырылулары тиіс.
Бумалар мен жәшіктер өнімдерге ешқандай зақым тимейтіндей, жауын-шашыннан бүлінбейтіндей жағдайда тасымалдануы керек. Бумалар мен жәшіктерді тиеу және түсіру кездерінде оларды байлаған материалдардан ұстауға болмайды. Оларды жабық жайларда төсеніштерге немесе тақталарға биіктігі 1,8 м аспайтындай қат-қабатқа жинау керек.
Кітап-журнал өнімдерін орамдау – еңбекті көп қажет ететін процесс, ол таяу уақытқа дейін қолмен орындалып келді. Соңғы жылдары орындау механикаландырылып, бұл процестің еңбек сыйымдылығы едәуір азайды. Орта және ірі кәсіпорындарында бұл ауыр, әрі еңбекті көп қажет ететін процесс механикаландырған. Мысалы, орамдау машинасы бір бума кітапты қалың қағазға (рулоннан таратылған) немесе рулондық қорап қатырмасына орайды. Байлау машинасы бумаларды шпагатпен немесе полимер таспамен байлайды.
Кейінгі кездерде орамды арнайы жабдықта термоотыратын пленкаға жасау қолданыла бастады. Мұндай жағдайда бандерольге немесе қағазға оралған кітап бумасын арнайы полимер пленкасынан жасалынған (қалыңдығы 0,3 мм) қапшыққа салып, шеттерін қайырады. Сосын орамдалынған бума жылыту құрылғысы арқылы өткізіледі, осы кезде пленканың көлемі едәуір кішірейеді, ал осыдан кейінгі суық ауамен үрлегенде ол бекіп, созылады.
Орамдаудың бұл процесі процестің қарапайымдылығымен, жоғарғы өнімділігімен, бумалардың сыртқы түрінің әдемілігімен, орамдаманың ішіне ауа енбейтін беріктігімен сипатталынады және бумаларды байлауды керек етпейді.
Полиграфия кәсіпорындарынан кітаптар оқырмандарға көтерме және бөлшек сауда базалары және қоймалары арқылы түседі, оларда тапсырыстар жинақталып, алушылардың тұратын жерлеріне жөнелтіледі, бұл жерлерде өнімдер қайта оралымдалады. Сондықтан да, бумалардың көлемдерін белгілегенде жөнелту партиясының көлеміне таралымның бір мекен-жайға жөнелтілуі мен әдебиеттің түрінен тәуелділігін ескеру қажет. Бұл тәуелділік орамдау кезінде буманың көлемін азайтудың да, көбейтудің де қажеті жоқ екендігін дәлелдейді. Бұл көлемдер қатаң түрде регламенттеулері керек.
Кітап-журнал өнімдерін тасымалдаудың қазіргі жүйесі кітап базаларында бар электро және автотиегіштерді тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейді, автокөліктердің тиеу-түсіру жүмыстары кездерінде бос тұрып қалуларына жол береді, қойма жайларда кітап-журнал өнімдерін сақтау кезінде тиімді пайдалануды қамтамасыз етпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет