Жарамдылығы - енгізілген немесе енгізуге дайын ақпаратты өңдеудің қорытынды кезеңіндегі қасиеттерінің жиынтығы. Қасиеттердің жиынтығы бірнеше факторларды:
- түпнұсқаның түрлерін:
- пайдаланылатын баспа қалыптарының түрін;
- басылым әдісін;
- баспа талаптарына біріктіріп, қалыптастырылады.
Технологиялық процесте бейнелеу ақпаратын өңдейтін жеке-жеке элементтері бойынша өңдеу жүйелері жұмыс істейді.
1 - ақпаратты енгізу блогы;
2 - ақпаратты электрондық өңдеу блогы;
3 - шығару блогы.
Полиграфиялық кәсіпорындарында бұл технологиялық процесс мынадай жалпы сұлба бойынша орындалады:
1. Түпнұсқаны талдау:
2. Ақпаратты енгізу:
- сканерлеу;
- векторлық графикалық элементтерін жасау;
- мәтінді теру;
- ақпаратты басқа құрылғылардан енгізу.
3. Компьютерлік өңдеу:
— бейнені өңдеу:
— құжатты теру және Post Script типті файлды құрастыру.
4. Ақпаратты шығару:
- ақпаратты Rір-те өңдеу;
- шығару (фото шығаратын құрылғымен т.б.);
Технологиялық процесті іске асыру үшін мынандай құрылғылар қажет:
1. Ақпаратты енгізу: сканерлер клавиатура, серверлі жүйе, әртүрлі тасымалдағышы бар құрылғы.
2. Өңдеу: өңдеуші станция (жеке компьютер және бағдарламалық қамтамасыз ету).
3. Шығарушы құрылғылар: фотоматериалға немесе қалыпты материалға шығару.
4. Бақылау құрылғысы: өтіп жатқан және шағылысқан жарықта қарайтын құрылғы (көзі Е=300лк, Тцв 25мың немесе 6,5 мың К), денситометрлер, колориметрлер, спектрофотометрлер.
Стандартқа сәйкес, бейнелік түпнұсқаларға мынандай талаптар қойылады:
1 Көркемсуреттерді, түпнұсқаларды маркерлеу және белгілеу.
1. Әрбір түпнұсқаның сыртында мынадай мәліметтер көрсетілулері керек:
— баспаның атауы;
— автордың аты-жөні;
— басылымның атауы;
— түпнұсқаның түрі (штрих, рең, слайд);
— бейненің нөмірі;
— кітап бөлімінің атауы;
— түрлі-түсті қарындашпен белгіленген суреттер нөмірлері;
— фотосуреттер нөмірлері (көркем-өнер басылымында);
— бейнелердің масштабы;
— алғашқы байқау баспа-таңбасына арналған қағаз түрі;
— көркемдеуші және жетекші редакторларының келісім қолдары;
2. Түпнұсқаның үстіңгі соңғы беттерінде ешқандай бөгде жазулар болмаулары тиіс. Көркем суреттердің түпнұсқалары мен бақылау фотобасылымдардағы барлық қажетті жазулар ұқыпты және анық жазылулары керек.
3. Түпнұсқаның сыртындағы жазулар мен белгілер оның бет жағынан көрініп тұрмаулары керек.
4. Түсті диапозитивтер (слайдтар) жеке конвертке салынулары қажет, конвертке бақылау фотобасылым жапсырылады.
II. Бастапқы бейнелердің сипаттамалары:
- слайдтар;
- реңдердің біртүстілігі;
- бірбояулы диапозитивтер мен негативтер;
- түрлі-түсті бояулы.
III. Техникалық талаптар:
Техникалық шарттар полиграфиялық өңдеуге арналған түпнұсқаларына қойылатын талаптарды реттестіреді. Жалпы талаптар: әртүрлі техникалық ақаулардың (бүктеме, қыртыс, сызат, сызықтар т.б.) болмауы.
Көркем суреттер түпнұсқалар баспаханаға лазерлік дискілердегі мәтіндер немесе суреттер, фотосуреттер полиграфиялықбаспа-таңбалар түрінде түседі. Бейнелердің фотосуреттер, баспа-таңбалар немесе суреттер түрінде түскен жағдайларында, оларды өңдеу, сканерлеуден басталады.
Сканерлеу дегеніміз – бейнелерді экранға шығарып (фотосурет, слайд, суретшінің салған суреті, полиграфиялық баспа-таңбалар т.б.) арнайы құрылғылар арқылы өнім алу процесі. Өңдеу кезінде мынандай факторларғе мән беріледі:
— сканердің мүмкіншілігі;
— түрлі-түсті өнімді өңдеу қабылеттілігі;
— жарықтылығы мен контрастылығы;
— сканердің жылдамдылығы.
Өндірістік кәсіпорындарында пайдаланып жүрген сканерлер мынадай топтарға бөлінеді: қолмен сканерлеу планшетті және барабанды. Қолмен сканерлеу өндірістік кәсіпорындарында өте сирек, шағын таралымдар үшін пайдаланады. Олардың жылдамдылығы өте төмен, оптикалық қабілеттілігі бір дюйм 100мм, бағасы арзан.