Қайталау үшін сұрақтар
1 Бейнелерді құрастыру не үшін қажет?
2. Көркемсуреттік түпнұсқалардың түрлері қандай?
3. Штрихты түпнұсқалар дегеніміз нелер?
4. Жартылай реңдік түпнұсқалар деп нелерді айтамыз?
5. Сканерлеу дегеніміз не?
6. Бейнелердің қандай түрлері бар?
7. «Калибрлеу» термині нені білдіреді?
8. Түстерді синтездеу дегеніміз не?
9. Түс ажырату дегенді қалай түсінесіз?
10. Бейнелерді өңдеудің цифрлық (сандық) әдістерінің ерекшеліктері қандай?
11. Бейнелерді өңдеудің ұқсама әдістері қандай салаларда қолданылады?
2.4. Мәтіндік және бейнелік ақпаратты өңдеу
Терілген терімдер мен өңделген көркем сурет өнімдерін біріктіріп, оның негізгі және қосымша элементтерін пішімдері бірдей, түпнұсқаға сәйкес, беттерді кұрастырып орналастыруды беттеу дейміз. Құрастыру элементтерінің сипатына, олардың мағыналық және логикалық атқаратын міндетіне қарай, беттеудің кітаптық, газеттік және журналдық түрлері болады.
Кітап беттерін беттестіруде барлық түпнұсқаны көрсетілген мәтіндер мен бейнелер, олардың қаріптері белгілі бағдарлама бойынша реттестіріледі. Мұндай бағдарламалар бейнелерді өңдеу мүмкіндіктерін ұсынбайды, өйткені бұл бағдарламаның басты міндеті құрастырылатын беттерді шығарылуға даярлығын қамтамасыз ету болып табылады. (Quazk ХРгеss және Аdоbе РаgeМакеr). Екі бағдарлама да, іс жүзінде, беттестірудің кез-келген дизайнын жасау мүмкіндігіне ие. Екі бағдарлама да, дұрыс шығару үшін қаріптердің гарнитурасын бағдарламалар ТIҒҒ, ЕРS және JРЕG пішінді файлдарды шығарады. Басқа бағдарламалар секілді, олар барлық RGВ, SМҮК, НSВ, Pantone Matching System т.б. түс жүйелерімен жұмыс істейді. Xtensions Quark Xpress бағдарламасымен қамтамасыз етілген бірегей функция болып табылады. Олар қосымшаларға арнайы функциялар қосып беріп отыр. Жалпы алғанда, пайдаланушы жұмысты беттерін жиыстырып құрастырудан және беттестіруді қажетті көлемі мен пішінін белгілеуден бастайды. Ерекшемелер баспа машиналарының сипаттамалары мен осы баспахананың басылым машиналары мен баспа-таңбаларын бүктеу (фальцовка) мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді. Басқа маңызды конфигурациялар түптеу-брошюралау процесіне байланысты. Мұндай сипаттамалардың мысалдары беттестірудің арақашықтықтары, жиектер мен әдіптер бола алады. Соңғы сатыда фотоқалыптар, басылым қалыптары іске асырылады немесе кейбір сандық басу машиналарындағыдай, шығару тікелей баспа машинасының қалыптық цилиндірінде жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |