12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет66/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қағаз бергіш аппараты — бұл басылым машинасымен синхронды байланыстырылған парақтарды машинаға бір-бірлеп беріп тұратын қондырғы.
Басылым машинасын қағаз бергішпен жабдықтау, оны жартылай автоматтан толық автоматқа айналдырып, баспашының (баспагер) еңбегін едәуір жеңілдетеді және машинаның жұмыс істеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Қағаз бергіш аппараты мынандай қызметтерді атқарады: бір бума қағазды парақ ажырату механизмдеріне беру, парақтарды бумадан бір-бірлеп ажырату, оларды теңестіру механизіміне беру және парақтарды дұрыс немесе мүлдем бермеген жағдайда оның жұмысын тоқтату. Қағаз бергіш аппараты жұмысының дәлдігі, көбінесе, таралымды басу кезінде бейненің табақта дұрыс орналасуына әсер етеді.
Парақты топтан ажырату тәсіліне қарай, қағаз бергіш аппараты пневматикалық және фрикциялық болып бөлінеді; парақтарды машинаға беру тәсіліне қарай, олар сатылы (каскадты) және қағаз парақтарын кезегімен беретін болып бөлінеді; стапельдік қондырғының типіне қарай – жазық стапельді және дөңгелек стапельді; машинаға орналастыру тәсіліне қарай, орналастырылған және ажыратылымды; стапельдің сыйымдылығына қарай – биік стапельді және қысқа стапельді болып жіктеледі.
Пневматикалық қағаз бергіш аппаратында парақ жиынтығынан, пневматикалық құрлығылардың көмегімен вакуумдық сору арқылы ажыратылады, ал фрикциялық топтың үстіңгі парағымен байланысқа түсетін жылдам айналатын фрикциялық ролик – тарағыштардың үйкеліс күштерінің көмегімен ажыратылады.
Парақты ажырату және алдыңғы жиекке беру қағидасы бойынша, жұмыс істейтін қағаз бергіш аппараттары – бұлар парақтарды кезегімен беретін қағаз бергіш аппараттары. Парақты топтан (жиынтықтан) ажырату бірнеше серіппеленген сорғышы бар штанганың көмегімен іске асырылады. Мұндай жүйенің жетістігі – олардың құрылысы мен қызмет көрсетуінің қарапайымдылығында. Кемшілігі – өнімділіктің шектеулілігінде.
Үлкен пішімді басылым машиналарында парақтарды сатылы беріп тұру үшін, қағаз бергіш аппаратының типтік бас тиегі қолданылады. Парақтарды артқы жиектерден ажырату қағаз тобына түсіп, үстіңгі парақтың шетін көтеретін ажыратушы сорғыштармен іске асырылады. Ажыратылған артқы жиек пен қағаз бумасының арасында қармауыш жұтқыш сығылған ауаның ағынымен ажыратылған парақты көтереді. Артқы жиегі көтерілгеннен кейін, жетекші сорғыштар парақты іліп әкетіп, оны қабылдау роликтерімен өткізілетін столға беріп отырады.
Жоғары жылдамдықтағы кіші пішімді машиналарда парақты артқы жиектен ажыратып, оны қабылдау роликтеріне жеткізетін әмбебап сорғыштардың бір ғана қосағы болады. Сонымен қатар, қармауыш жұтқышта, тек, бума деңгейін бекітеді, ал ауа беру артқы үрлегіштер арқылы іске асырылады.
Бұл ықшамдалған әмбебап құрылым өлшемдерінің қағаздардың әртүрлі пішімдері мен қалыңдықтарына сәйкес, 16000 от/сағ жылдамдықта жұмыс істеуге қабілетті және біртіндеп беру режиміне көше алады.
Басылатын өнімнің сапасы парақтардың технологиялық талаптарға сай болуы қажет, сондықтан да, басылым аппаратына беру алдында, қағаз бергіш аппаратының өткізу столына барлық парақтардың алдыңғы және бүйір тіректері түзуленіп, теңестіріліп беріледі. Парақтар теңестіру аймағына жүк роликтерімен тасымалданып немесе вакуумдық таспалармен жеткізіледі, олар парақтардың алдыңғы тірекке жақындағанда жылжуын 25%-ға баяулатып, сапалы болуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кейбір жаңашыл машиналарда столдың төменгі жағында орналасқан тар саңылаулар арқылы ауа келіп, парақтың алдын көтереді де, оның алдыңғы жиегін теңестіреді. Парақты алдыңғы жиек бойынша теңестірген соң, механизм көмегімен бүйір жақтары теңестіріледі. Жаңашыл құрылымдағы машиналарда бүйір тірек механизміне қосарланған парақтарды бақылаудың индукциялық датчигі орналастырылған, ол машинаға басылатын материал туралы мәліметтер берісімен, автоматты түрде жұмыс қалпына қосылады. Датчик теңестіру сапасын бақылайды, ал қажет болған жағдайда машинаның жұмысын тоқтады.
Жоғары деңгейдегі автоматтандырылған басылым машиналарында алдыңғы және бүйір тіректерін жұмыс қалпына келтіру автоматты басқару пультімен іске асырылады. Осы мақсатпен әрбір тірек жеке қозғағышпен жабдықталған, олардың көмегімен тіректердің жағдайын реттеп, қалыпқа келтіруге болады.
Қағаз бумасының үстіңгі жағы аспалы столдың ауық-ауық көтеріліп тұруына байланысты, автоматты түрде біркелкі деңгейде ұсталынады. Қағаз бергіш аппаратын қағазбен қайта жабдықтау машинаның жұмысын тоқтатпаған күйде іске асырылады. Қағаз бергіш аппараты басылым қондырғысына бір мезгілде екі дұрыс тегістелмеген парақтың түсуін болдырмайтын автоматты құрылғымен жабдықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет