12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата10.01.2017
өлшемі2,83 Mb.
#1579
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3.2

12 

жылдық

мектепте 

бейіндік 

оқытуды 

дамытудың

тұжырымдамалық негіздері

Бейіндік  оқыту – кәсіптік  білім  беру  бағдарламаларын  игеруге  даярлау,

олардың кәсіптік бағдарлары үшін  жағдай  жасау,  оқушылардың арнаулы

бейімділігі  мен қызығушылығын,  танымдық  қабілетін  ескеруге  бағытталған

білім  беру үдерісінің құрылымы мен  мазмұнын ұйымдастыру  түрі,  жоғары

сыныпта оқуды даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі [3].

12  жылдық мектептегі  бейіндік  оқытудың мақсаты – жаратылыстану-

математикалық,  қоғамдық-гуманитарлық

бағыттары

және  олардың

ішкі

бағдарларға  бөлінуі бойынша  жалпы  орта  білім  беру  мазмұнын  саралау,



жүйелеу, 

кіріктіру 

және 

кәсіптік 



бейімдеу 

жолымен


оқушылардың

қабілеттеріне, бейімділіктеріне, өмірлік қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім беру

бағдарламаларын таңдап алуып, сапалы білімді игеруіне мүмкіндік беру болып

табылады [2].

Қойылған мақсатқа  жету үшін 12  жылдық мектептегі бейіндік  оқытуды

дамытудың басымды бағыттары анықталды:

оқушылардың



жекелей

қабілеттері  мен  бейімділіктерін  ертерек

айқындау және тұлғалық пен кәсіби қалану болашағын ертерек жоспарлау;

жоғары  сынып  оқушыларының



білімді

өзіндік  практикалық іс-

әрекеттерінде қолданулары бойынша түйінді құзыреттіліктері мен қабілеттерін

дамыту;


бейіндік  мектепте  оқуға  ынтаны  күшейту,  жаңашыл  ойлау  мен  сыни

тұрғысынан ойлауды, өзіндік білім алуды қалыптастыру;

білім беру мазмұнының қолданбалы сипатын нығайту және білім беру



үдерісі үшін оқу-өндірістік жағдай жасау  арқылы  оқушылардың тереңдетілген

түрдегі кәсіби-бейімделген оқуын ұйымдастыру [20];

жоғары  мектеп  компонентін  «Бейіндік  мектеп»  бағдарламасының



мазмұнына кіріктіру жолымен, таңдап алынған бағыты бойынша оқушылардың

жоғары  оқу  орнында  оқуларын  жалғастыру үшін  оңтайлы  жағдаймен

қамтамасыз ету [3];

жоғары сынып оқушыларының өздігінен практикалық іс-әрекет ету мен



өзін-өзі дамыту бойынша білімдерін қолдану үшін түйінді құзыреттіліктері мен

қабілеттерін дамыту;

дуалдық оқыту жүйесінің элементтерін енгізу және кәсіптік мектеп пен



өндіріс саласының арасындағы әлеуметтік  серіктестікті  дамыту  жолымен

инновациялық

технологиялар  мен

қазіргі  заманғы

өндірістің

бастапқы


негіздерін игеру;

еңбек  нарығының



сұранысын  ескере  отырып  шағын  бизнесті

ұйымдастыру және жүргізу, кәсіпкерлік қызмет дағдыларын дарыту;



30

ауыл  жастарының мүдделерін  ескере  отырып,  ауылды  сақтау  мен



дамыту мақсатында мамандықтардың алғашқы деңгейін ертерек игерулері үшін

ауылдық аймақтарындағы оқушыларға жағдайлар жасау;

еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуын  және  экономиканың



дамуының өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, өмірлік келешектерді саналы

түрде анықтауға оқушыларды дайындау;

ТОЖ-ның вариативтік  компоненті  мазмұнын  кеңейту  жолымен  оқыту



мазмұнын саралау және жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

оқушылардың жаңашылдықпен ойлауын және креативтілігін, өздігінен



ғылыми-зерттеу  және  жобалау  іс-әрекеттерін жасау, өздігінен  білім  алу

дағдыларын қалыптастыру.

Көрсетілген  бейіндік  оқытуды  дамытудың басымды  міндеттерін  орындау

бойынша  12

жылдық

мектепте  бейіндік  оқытуды  жүзеге  асырудың



механизмдері айқындалды [20, 21, 22, 23]:

оқушылардың жеке бейімділіктері мен қаблеттерін анықтауда, келешек



тұлғалық және  кәсіптік қалыптасуын  жоспарлауда  психология-педагогикалық

қолдауды және отбасылық тәрбиенің рөлі мен орнын күшейту;

қамқорлық кеңестің рөлін арттыру, психологиялық және кәсіби бағдар



беру қызметті жақсарту;

типтік  оқу  жоспарының вариативтік  компонентін  күшейту,  жекелей



білім  беру  траекторияларын  жүзеге  асыру,  жаңа  мазмұнды  бейіндік  пәндерді

енгізу;


тәжірибеге  бағдарланған қолданбалы  курстар  мен  таңдауы  бойынша

курстарды жүзеге асыру механизмдері мен мазмұндарын жетілдіру;

білім  беру  мазмұнының  қолданбалы  сипатын  күшейту,  оқытудың



жүйелі-әрекеттік әдістерін пайдалану;

бейіндік пәндерді көптілді оқыту;



білімді,  моделдеуді,  жобалау  мен құрастыруды  іс-жүзінде қолдану

дағдыларын  дамыту,  эксперименттік  есептер  және өмірлік мәселелерді шешу

әдістерін пайдалануды кеңейту;

бейіндік  оқыту  мен  басқа  да  кәсіптік  білім  беру  деңгейлерінің



мазмұндарын  және әдістерін  кіріктіру:  кадрларды,  ақпараттық және ғылыми-

өндірістік ресурстарды үйлесімді пайдалану;

бакалаврдың



жалпы 

білім 


беру 

пәндерін 

«Бейіндік 

мектеп»


бағдарламасының мазмұнына  кіріктіру,  ЖОО базасында  бейіндік  мектептер

ашу;


сәйкесінше оқу-өндірістік жағдайларды жасау, әлеуметтік серіктестікті

дамыту;



бейіндік  мектеп  пен  бизнестің арасындағы  тиімді  ынтымақтастықты



дамыту:  оқыту  бағдарламаларын

қалыптастыруға  жұмыс  берушілердің

қатысуы, оқу-өндірістік  базасында білім  беру үдерісін ұйымдастыру  және

сабақтың тәжірибелік  бөлігін өткізу,  оқыту  нәтижелерін  бағалау,  кәсіби

мамандықты оқуға және меңгеруге ынталандыру;

дуалдық оқыту жүйесінің элементтерін енгізу;



кредиттік оқыту жүйесінің элементтерін енгізу;



31

бейіндік  оқытудың оқу-әдістемелік қамтамасыз  етілуін  жетілдіру:



оқушыларға  оқу  материалдарын,  мұғалімдер үшін әдістемелік құралдарды,

қолданбалы  курстардың  қосымша  бағдарламаларын әзірлеп,  оларды  таңдауға

кең көлемде мүмкіндік беру;

бейіндік  мектепте  жұмыс  істеу үшін  арнайы  бағдарламадан өткен



магистрлерді даярлау жүйесін ретке келтіру;

сәйкесінше  кадрлар



әлеуетімен  және  оқу-өндірістік  базасымен

«Бейіндік мектеп – Ресурстық орталықтар» құру;

түлектердің академиялық білімдерімен қатар,  маңызды құзыреттің



және  оқытудың таңдап  алынған  бағыты  бойынша  тәжірибелік  дағдылардың

қалыптасуы  бағасын қоса қамтитын  бейіндік  мектепте  оқыту  нәтижелерін

бағалаудың критериялық жүйесін жасау;

бейіндік  оқытудың бағыттарына  сәйкес ҰБТ  талаптарын,  мектеп



бітірушелердің мемлекеттік аттестациялау жүйесін жетілдіру;

белгілі  мамандықтардың түрлері  бойынша курстан өткендігі  және



құзыреттерге ие болғандығы туралы сертификаттарды тапсыру жүйесін жасау.

12  жылдық білім  беру  жүйесіндегі  басты  артықшылық баланың тек қана

білім  алып ғана қоймай,  бейімі  мен  икемділігіне,  таңдайтын  мамандығына

қарай


алғашқы  кәсіби  бағдар  алып  шығуында  жатыр.  Яғни,  11-12

сыныптардағы  білім  мазмұны  оқушының жоғары  оқу  орындарының алғашқы

курстарында  алатын  білім  мазмұнымен  кіріктіріледі.  Оқушы  мен  оқытушы

арасында өзара  түсіністік  пен  ықпалдастыққа  негізделген  оқыту үдерісі

оқушының ойлау  жүйесінің дамуына, құндылық бағдарының айқындалуына,

қарым-қатынас жасай  білу  дағдысының  қалыптасуына  игі  ықпал  етеді.

Нәтижесінде оқушының танымдық қабілетінің деңгейін өсіріп, ойлау қабілетін

арттырып,  ақпаратты қабылдап қана қоймай,  оны  талдап, өзіндік  тұжырым

жасай  алатын  дәрежеге қол  жеткізеді.  Бұл үрдіс  12  жылдық білім  беру

жүйесінде  білім  мазмұнын  түбегейлі  жаңартумен қатар,  оқытудың тың

әдістемесін дүниеге әкеледі.

12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан

өзгермелі қоғамда өмір сүруге  икемді,  жеке  басының, сондай-ақ,  қоғам

пайдасына

қарай

өзін-өзі


толық

жүзеге 


асыруға 

дайын 


білімді,

шығармашылыққа  бейім,

құзыретті  және  бәсекеге

қабілетті  тұлғаны

қалыптастыру мен дамыту болып табылады [24].

Осыған орай, оқытудың 12 жылдық моделінде білім мазмұнына қойылатын

талаптарды тұжырымдаймыз [20]:

Қазақстан



қоғамын

әлеуметтік-экономикалық

жаңғыртуда

жаңа


ғылыми білімдер мен басымдылықтарды енгізу;

білім  берудің жасампаздық және футуристік  (әлеуметтендіруші)



сипатын күшейту;

көптілді оқытуды енгізу;



білім  беру  мазмұнының когнитивтік,  аксиологиялық және  іс-әрекеттік

компоненттерінің арақатынасын үйлестіру [25] (2-сурет);

оқу  материалдарын  білім  беру  деңгейлері  арасында үлестіру  эәне



олардың сабақтастығын қамтамасыз ету;

32

мазмұнның ұлттық және аймақтық компоненттерін кеңейту.



12  жылдық

білім  мазмұны  оқушылардың

меңгеретін  біліктерімен

құрастырылады.  Ал оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын  талаптар

оқытудың

метапәндік  нәтижелері  (түйінді

құзыреттіліктер)  мен

пәндік


нәтижелері арқылы анықталады [4].

2-сурет. Білім беру парадигмасының өзгеруі

Пәндік және түйінді құзіреттіліктердің дамуы білім алушылардың танымдық

қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген оқу және өмірлік жағдаяттарда

шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту  мен өзіндік  басқаруға

дайындауға мүмкіндік береді. Түйінді және пәндік құзыреттіліктің білім берудің

нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған

болуы


қажет.

Білім  мазмұны  мектеп  оқушыларының

функционалдық

сауаттылығын  дамытуға  және  түйінді,  пәндік құзыреттіліктерге қол  жеткізуге

бағдарланады.

Пәндік құзыреттіліктер  пән  бойынша  оқушылардың білімі,  біліктігі  мен

дағыдысының

деңгейімен  анықталады,  яғни  жекелеген  пәндік  салалар

шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім,

іскерлік, дағды ерекшеленеді.

Түйінді құзіреттіліктер оқушының адамгершілік  және  этикалық нормаларға

қарсы келмейтін  жетістікті  шешім қабылдау үшін  танымдық және  практикалық

біліктері  мен  дағдыларын  кіріктіруге  дайындығын  байқататын  білім  салалары

аралығындағы қабілеттер  болып  табылады [26,  27].  Түйінді құзыреттіліктер

адамның адамгершілік құндылықтары  мен  ынталарын қалыптастыруға,  сондай-

ақ  әлеуметтік  және  мінез-құлықтық әрекеттерінің дамуына,  алғы  шарт  болады;

әрбір білім  салалары  бойынша  күтілетін  нәтижелерді  анықтауға қызмет  етеді

[28].


33

Түйінді


құзыреттіліктер

барлық


білім  беру  салаларының

күтілетін

нәтижелерінде көрініс табады және ол мынадай негізгі түрлерге бөлінеді [4]:

– тұлғалық  құзыреттіліктер (өзіндік  іске  асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік

және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);

– әлеуметтік құзыреттіліктер (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);

– азаматтық  құзыреттіліктер (қазақстандық сана-сезім  мен  мәдени ұқсастық

негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);

– ақпараттық  құзыреттіліктер (өзіндік  танымдық  қызметке қабілеті  немесе

өмір бойы білім ала білуі);

– басқарушылық құзыреттіліктері (проблеманы шешу қабілеті);

– коммуникативтік құзыреттіліктер (қазақ, орыс  және ағылшын  (шет)

тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);

– технологиялық 

құзыреттіліктер

(тиімді 


пайдалану 

деңгейінде

технологияларды,  оның ішінде ғылыми,  сандық технологияларды  пайдалану

қабілеті).

12  жылдық жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  тұлғалық  құзыреттіліктің

қалыптасу нәтижелері:

– өзінің әрекеттері мен  істері үшін мақсатты  және  мағыналы  бекітімдерді

таңдай білуі;

– өзін-өзі тануға, қазіргі  заманғы  адамға қажетті  тұлғалық сапаларды

дамытуға қабілеттілігі;

– психологиялық сауаттылығы;

– ойлау мәдениетін меңгеруі;

– қоғамдағы өзінің рөлі мен орнын түсіне білу қабілеттілігі;

– пайда болған жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігі;

– салауатты өмір салтын жүргізуі және үгіттеуі;

– өзінің қауіпсіздігін сақтай білу ережелерін білуі;

– өзінің жеке құндылық сезімін және өз елінің азаматының құндылық сезімін

көрсете білуі;

– өздігінен білім  алу, өзін-өзі іске  асыру,  жасампаз  еңбектену қабілетінің

болуы;


– физикалық, рухани  және  интеллектуалды өзін-өзі дамыту қабілетінің

болуы;


– эмоционалды өзін-өзі басқару және өзін-өзі қолдау қабілеттілігі.

12  жылдық жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  азаматтық  құзыреттіліктің

қалыптасу нәтижелері:

– қоршаған әлемді дұрыс қабылдай  білуі,  жоғары  этикалық  құндылықтар,

азаматтық және  патриоттық негізінде қоғамның саналы өмірінде өз  орнын  таба

білуі;


– азаматтық-қоғамдық іс-әрекеттер аймағында  білім  мен  тәжірибелерді

меңгеруі;

– өзінің әрекеттері мен  істері үшін  мақсатты  және  мағыналы  бекітімдерді

таңдай білуі;

– Қазақстан Республикасының Конституциясына,  мемлекеттік рәміздерге,

мемлекеттік тілге құрмет көрсетуі, заңдарды және құқықтық тәртіптерді сақтауы;



34

– белсенді  азаматтық бағытты,  жоғары  патриоттық сезімді, өз  Отанына

қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайындығын көрсете білуі;

– болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға баға бере білуі, мемлекеттің мүддесін

қорғау тұрғысында әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай білуі;

– саяси жүйені түсіне білуі және бағалай білуі.

12  жылдық жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде әлеуметтік құзыреттіліктің

қалыптасу нәтижелері:

– қоғамдық қызметтер, әлеуметтік-еңбектену саласы, отбасылық қатынастар

аймақтарында,  экономика  және құқық мәселелер  мен  кәсіби өзін-өзі анықтауда

білім мен тәжірибені меңгеруі;

– қоршаған әлемдегі стандартты  емес  мәселелерді  шешу  барысында

әлеуметтік білімді қолдана білу қабілеттілігі;

– жалпыадамдық

мәдени 

жетістіктері,



ұлттық

ерекшеліктері,

этномәдениеттік құбылыстар  мен  жеке,  отбасылық және әлеуметтік өмір

салттары негізінде танып білу мен іс-әрекет тәжірибесін иеленуі;

– қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың

тарихына,  мәдениетіне,  салт-дәстүріне  және  басқа құндылықтарына құрметпен

қарауы;

– мемлекеттік  тілді сөйлесу құралы  ретінде  пайдалануға  оң көзқарастың



болуы, оны танып білу, мәдени және әлеуметтік әрекеттесу аймағында пайдалана

білуі;


– танып  білу,

өзін-өзі


дамыту,  мәдени  алмасу,

ғылыми-техникалық

прогресстің жетістіктері  туралы  ақпараттарды  алу құралы  ретінде  орыс,

ағылшын және басқадай шетел тілдерін меңгеруі;

– қоршаған ортаны, туған өлкесін, өзінің елін қорғау тұрғысында белсенділік

көрсетуі;

– адамдармен  сөйлесуде  жоғары  мәдениеттілікті,  этикалық нормаларды

сақтауды көрсете білуі;

– отбасында өзін ұстау этикасын  білуі, өзінен жасы үлкен  адамдарды

сыйлауы  және өзінен  кішілерге қамқорлық көрсетуі,  отбасы  мүшелеріне  және

қоршаған адамдарға жақсылық пен қайырымдылық көрсетуі;

– әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін  дұрыс  бағалай  алуы, қоғамға  жат

құбылыстарға,  идеологиялық, діни  ағымдарға  және  заңды  бұзушылық  әрекетке

қарсы тұра білуі.

12 

жылдық


жалпы 

орта 


білім 

беру 


деңгейінде

басқарушылық

құзыреттілігінің қалыптасу нәтижелері:

– жоспарлаудың

және 

іс-әрекеттерді



ұйымдастырудың

нақтылы


болашағымен өз мүмкіндіктерін ұштастыра білуі;

– әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі;

– баламалы  мүмкіндіктермен  салыстырмалы  түрде  таңдап  алған  шешімді

негіздей білуі;

– лидерлік қасиеттерді көрсетуі;

– базалық 

өзара 

байланыстарды,



қатынастардың

көптігін 

көруде

тұжырымдамалық ойлауды  иеленуі,  күрделі  жағдайларды  пайымдауы,  білімді



35

практикалық

іс-әрекеттерде

пайдалануы, 

алынған 

ақпараттарды

шығармашылықпен өңдей білуі;

– аналитикалық және  жаңашыл  ойлауға  ие  болуы,  жаңашыл қызметке

ұмтылуы;

– әрекеттердің стратегиясын анықтай білуі және нәтижелерді болжай білуі;

– шығармашылық көзқарастарды жасай және енгізе білуі, оларды басқаларға

оқыта білуі.

12  жылдық

жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде

коммуникативтік

құзыреттіліктің қалыптасу нәтижелері [29]:

– оқу  және өмірлік  міндеттерді  шешу үшін  ауызша  және  жазбаша

қатысымдардың әртүрлі тіл құралдарын пайдалана білуі;

– коммуникативтік  міндеттерді  дұрыс  шешуге

әртүрлі  стилдер  мен

жанырларды таңдай білуі;

– оқу  және әлеуметтік  мәдени қарым-қатынас жағдайларында өнімді

әрекеттесуді жүзеге асыра білуі;

– қатысымдық іс-әрекеттерде өзінің қатысуын бағалай  білуі  және  осының

негізінде өзіндік түзетулер жасай білуі;

– тұрмыстық,

оқу,  мәдениет  және  бейіндік  бағыттағы  салалар  іс-

әрекеттерінде қазақ, орыс тілдерін пайдалана білуі;

– күнделікті қарым-қатынас және  бейіндік  оқыту  аясында  ағылшын  тілін

пайдалана білуі.

12  жылдық жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  ақпараттық  құзыреттіліктің

қалыптасу нәтижелері [30]:

– қазіргі

заманғы 


ақпараттық-коммуникациялық

технологиялардың

көмегімен ақпараттарды табу, талдай және іріктей білуі;

– алған ақпаратты құрылымдай және жүйелей білуі;

– сыни байыпты ақпарат негізінде саналы шешім қабылдауға даяр болуы;

– ғылымдар негізі  және ғылыми жетістіктердің  қолданылу  аймақтары

бойынша білім жүйесін меңгеруі;

– ақпаратты өздігінен  талдау, өңдеу,  іріктеу,  жүйелеу,  түрлендіру,  сақтау,

тасымалдау және оқу қызметінде пайдалану әрекеттерін білуі;

– танып білу, модельдеу, құрастыру әдістерін меңгеруі;

– оқу қызметі үдерісінде өңделген ақпаратты қолдана білуі;

– оқу қызметінің алға қойған  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сәйкес  таңдап

алынған материалдарды топтастыра білуі.

12 жылдық жалпы орта білім беру деңгейінде технологиялық құзыреттіліктің

қалыптасу нәтижелері:

– таңдап  алған  оқу  бағдарының  (жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде)

аясындағы өндірістік қызметінде  пайдаланылатын  негізгі  технологиялардың

жалпы сипаттамаларын білуі;

– оқу қызметінің аясындағы  зерттеуді құрастыру  мен  жобалауда қазіргі

заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы;

– жобалық іс-әрекеттер негіздері  мен  ақпараттарды  берудің графикалық

құралдарын меңгеруі және оларды зерттеу қызметтерінде пайдалануы.



36

3.3 12 жылдық мектептегі жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын

жобалау негіздері

12  жылдық мектептегі  жоғары  сынып,  бұл  жалпы  орта  білім  берудің соңғы

кезеңі  болып  табылады. Бұл  деңгейдің негізгі  мақсаты – оқытудың саралануы

мен  даралануына  бағдарланған  жалпы  орта  білім  беруде  бейіндік  оқыту,

оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне  саналы  да  жауапты  таңдау  жасауына,

жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.

Жалпы  орта  білім  берудің мазмұны  жаратылыстану-математикалық және

қоғамдық-гуманитарлық бағыттар  бойынша  ішкі  бағдарларға  бөліну  арқылы

бейіндік  оқытуды  енгізе  отырып,  саралау,  кіріктіру  және  білім  беру  мазмұнын

кәсіптік  бағдарлау  негізінде  жүзеге  асырылады. Бұл оқушылардың  өздерінің

танымдық  қызығушылықтарына, қабілеттілігіне,  оқудағы  жеткен  жетістіктеріне

және  кәсіби  ниеттеріне  байланысты  олардың оқыту  бағдарын  еркінше  таңдап

алуға  негізделген. Сонымен қатар, оқушылардың белгілі  бір  тобына қатысты

даралық тұрғыдан қарауды  жүзеге  асыруға  бағытталған. Әр  топтағы  оқыту

үдерісі түрліше  жүреді,  білім  мазмұнымен  ерекшеленеді,  оған қандай  да  бір

оқыту әдістерінің, түрлерінің және  формаларының басымдық рөлі,  оқушылар

мен мұғалімнің өзара қарым-қатынас стилі өзгереді.

11-12 сыныптардағы жалпы орта білім оқушының табиғат, қоғам және адам

туралы  біртұтас,  аяқталған  білім  жүйесін  меңгеруін,  функционалдық

сауаттылығының дамуын,  тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік

және  физикалық дамуын,  білім  мазмұнын  саралау,  кіріктіру  және  бейіндеу

негізінде  болашақ мамандығының бағытын  таңдау  жағдайын қамтамасыз  етеді

[31].

12  жылдық



білім  беретін  мектептерге  көшудегі  бейіндік  оқытуды

ұйымдастыру барысында жаңа формаларды қолдану төмендегідей жетістіктерге

қол жеткізуге мүмкіндік береді [32]:

- оқушы өзі таңдаған бейіндігіне сәйкес терең білім алуға, алғашқы кәсіптік

білімді меңгеруге мүмкіндік алады;

- өзінің қабілеті мен  бейінділігіне қарай білім  мазмұнын  таңдап  оқуға қол

жеткізеді;

- оқу  мүмкіндігіне қарай  білім  мазмұнының игерілуі  мүмкін, әрі  міндетті

деңгейлері жүзеге асырылып, мұғалім мен оқушы арасындағы қайшылықтың бір

үлкен түйіні шешіледі;

- білім алушы оқу үрдісінде белсенді ұйымдастырушы, өздігінен білім жолын

игеруші, нәтижесін бағалаушы тұлғаға айналады;

- бейіндік  оқыту  жеке  адамының  өзін-өзі дамытуда  жетілдіру  тұрғысынан

ұйымдастырылғандықтан,  сыртқы әсерден  гөрі  сыртқы  мотивацияның  үлес

салмағы  артып  білімді  игеру  жолындағы табыстан  туатын

құштарлық,

құлшынысы жетіледі, білімді игерудің жаңа қайнар көзі пайда болады;

- білім алушының даму кеңістігіне толық мүмкіндік беріліп, өзін-өзі дамыта,

басқара отырып, өсу траекториясын өзі белгілеуші болады.

12  жылдық

білім  жүйесіндегі  бейіндік  мектепте

негізгі


үш  бағыт

басшылыққа алынады:



37

1-бағыт:  оқушының жеке қабілеттерін  есепке  ала  отырып  жеке  даралық

бағытта оқыту.

2-бағыт:  оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін  есепке  ала  отырып  жеке

даралық бағытта оқыту.

3-бағыт:  ішкі қажеттіліктерді  есепке  ала  отырып  жеке  даралық бағытта

оқыту.

12  жылдық білім  беру  жүйесі  бойынша  бұл  бағыттарды  жүзеге  асыру үшін



мұғалім мынадай негізгі компоненттермен таныс болуы тиіс [3]:

Білімнің базалық мазмұны – жалпы  орта  білім  беретін ұйымдардың меншік

нысанына,  типі  мен  түріне қарамастан,  меңгеруге  міндетті,  орта  білім  берудің

келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының

құрамы мен көлемі;



Оқу  жоспарының

инвариантты  компоненті

орта  білім  берудің



мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген және жалпы білім беретін

ұйымдарда оқуға міндетті пәндердің жиынтығы;



Оқу  жоспарының вариативті  компоненті – оқушылардың  қабілеттеріне

және  білім  беру  сұраныстарына  есепке  отырып  жалпы  білім  беретін ұйыммен

анықталатын оқу пәндері мен курстарының жиынтығы;

Базалық пән – оқытудың барлық бағыттарына  міндетті  болатын  типтік  оқу

жоспарының инвариантты компонентінің пәні;



Бейіндік  пән – жалпы  орта  білім  беру  деңгейіндегі  оқыту  бағытына  сәйкес

нақтылы  мазмұны  бар  болатын

типтік  оқу  жоспарының

инвариантты

компонентінің пәні.

Жалпы  орта  білім  мазмұнының инварианттық компоненті  типтік  оқу

жоспарларында, ал вариативтік компоненті оқу жұмыс жоспарларында беріледі.

11-12  сыныптардағы  бейіндік  оқыту  инварианттық компонентке  енгізілген

базалық пәндер  мен  жаңа  мазмұнды  бейіндік  пәндер  есебінде  және  вариативтік

компонентті  (мектептік  және  оқушы  компоненттері)  пайдаланумен  жүзеге

асырылады (1-кесте).

1-кесте ‒ Бейіндік оқытудың типтік оқу жоспарының ерекшеліктері

Жаратылыстану-математикалық

бағыты


Қоғамдық-гуманитарлық бағыты

1

И



н

в

ари



ан

тт

ы



қ

к

ом



п

он

ен



т

Базалық пәндер

Базалық пәндер

Бейіндік пәндер

Бейіндік пәндер

2

В



ари

ат

и



в

ті

к



к

ом

п



он

ен

т



Қолданбалы курстар

Қолданбалы курстар

Таңдау бойынша курстар

Таңдау бойынша курстар



38

Бейіндік  оқытудағы  базалық пәндер  және  олардың мазмұны  барлық

бағыттарда  (жаратылыстану-математикалық

және


қоғамдық-гуманитарлық

бағыттар) біркелкі болады.

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі базалық білім мазмұны [33]:

1) Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  кеңістігінің біртұтастығын,

орта  білім  беру  деңгейлері  және  білім  салалары  бойынша  орта  білім

мазмұнының жүйелілігін, сабақтастығын және үздіксіздігін;

2) барлық оқушылар үшін білімнің тең мүмкіндігі мен тең қолжетімділігін;

3)  жалпы  орта  білім  беретін ұйымдардың типіне,  оқыту нысанына  және

түріне қарамастан,  орта  білім  мазмұнының бірыңғай  талаптарын  сақтауды

қамтамасыз етеді.

11-12  сыныптардағы базалық білім мазмұнын  алты  білім  саласы құрайды:

«Тіл  және әдебиет»,  «Математика  және  информатика»,  «Адам  және қоғам»,

«Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру».

Әрбір білім саласы ұқсас оқу пәндерін қамтиды:

1) «Тіл  және әдебиет»  білім  саласына  енетін  пәндер:  «Қазақ тілі»,  «Қазақ

әдебиеті»  (қазақ тілінде  жалпы  білім  беретін ұйымдар үшін,  оқыту  тілі қазақ

тілінде емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті»

(орыс  тілінде  жалпы  білім  беретін ұйымдар үшін),  «Орыс  тілі»,  «Орыс

әдебиеті»  (қазақ тілді  және  басқа  да  орыс  тілді  емес  жалпы  білім  беретін

ұйымдар үшін), «Шетел тілі».

Қазақстанда тұратын  этностың тілінде  оқытатын  жалпы  білім  беретін

ұйымдарда «Тіл  және әдебиет»  білім  саласына  осы  этностың  «Ана  тілі  мен

әдебиеті» қосымша енеді. Нақты этностың шоғырланып орналасқан жерлерінде

олардың тілін  оқыту  мәселесін  шешу  білім  саласындағы  жергілікті  атқару

органдары құзырына  беріледі.  «Ана  тілі»  («Ұйғыр  тілі»,  «Өзбек  тілі»,  «Тәжік

тілі»)  мен  «Әдебиет»  («Ұйғыр әдебиеті»,  «Өзбек әдебиеті»,  «Тәжік әдебиеті»)

пәндері үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енеді.

«Тіл және әдебиет» білім саласының білім мазмұнына қойылатын талаптар:

қазақ,  орыс  және  шетел  тілдері  бойынша  коммуникативтік,  тілдік,



лингвистикалық және әлеуметтік мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыру;

сауатты жазбаша және ауызша сөйлеуді дамыту;



этноаралық  қатысымда  табысты  сөйлесуді  жүзеге  асыру біліктігін

қалыптастыру;

әдебиеттердің



адамгершілік  және  гуманитарлық  құндылықтарын

пайымдау арқылы белсенді азаматтық борышты қалыптастыру;

типологиялық 



әдеби 

байланстарды 

анықтау 

арқылы


әртүрлі

халықтардың дәстүрлерін ұлттық танып  білу  мен  толеранттық  қатынасты

қалыптастыру;

оқушылардың оқуға қызығушылықтарын,  эстетикалық талғамдарын,



бейнелік  ойлауларын  дамыту  және  оларды өздігінен мәтін  жасауда қолданып

шығармашылық қабілетін дамыту.

2) «Математика  және  информатика»  білім  саласына  енетін  пәндер:

«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика».



39

«Математика  және  информатика»  білім  саласының білім  мазмұнына

қойылатын талаптар:

– оқу 


пәндерінің

даму


әлеуетін,

білім 


мазмұнының 

қолданбалы

бағыттылығын кеңейту;

– оқытудың негізгі  екі  функциясының орнықты  жүзеге  асуын қамтамасыз

ету: 

математикалық



білім 

беру 


және 

математика 

мен 

ақпараттық-



коммуникациялық технология көмегімен білім беру;

– математика  мен  информатиканы  оқу  кезінде  пәнішілік  және  пәнаралық

байланысты, білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты қамтамасыз ету;

– информатиканы және басқа да мектеп пәндерін оқыған кезде ақпараттық

және телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып нақтылы объектілер

мен үдерістердің моделдерін қолдану және түрлендіре білу, қазіргі ақпараттық-

коммуникациялық технологиялар  және  визуалды  программалаудың теориялық

негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру;

– әртүрлі формаларда ұсынылған ақпаратты қабылдау мен сыни талдауын,

математика  мен  информатиканың  әртүрлі  тілдерін  (ауызша,  символдық,

аналитикалық,

графикалық) 

пайдалану

қабілетін, 

функционалдық

сауаттылығын, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістіктік

түсініктерін, танымдық қабілеттер мен практикалық дағдыларды дамыту.

3)

«Жаратылыстану»  білім  саласына  енетін  пәндер:  «Биология»,



«География», «Физика», «Химия».

«Жаратылыстану»  білім  саласының білім  мазмұнына қойылатын  талаптар

[34]:

– коэволюциялық,



синергетикалық

парадигмаға

негізделген

ғылыми-


жаратылыстану білім берудің жаңа тұжырымдамасының элементтерін меңгеру;

– «табиғат-қоғам-адам-техносфера»

мегажүйесін 

тұрақты 


және

гармониялық дамуын қамтамасыз  етудің  құндылықтары  мен  мақсаттарына

жетуге бағытталуы;

– планетарлық

ойлауды  және  экологиялық-гуманитарлық

көзқарасты

қалыптастыру;

– әлемді танып  білудің ғылыми-жаратылстану,  гуманитарлық, техникалық

және  технологиялық, ақпараттық компоненттерін  ауқымды  кіріктіру  негізінде

әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыру.

4) «Адам  және қоғам»  білім  саласына  енетін  пәндер:  «Қазақстан  тарихы»,

«Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық».

«Адам және қоғам» білім саласының білім мазмұнына қойылатын талаптар:

мәденилайықтылық принципті  және ұлттық-мәдени құндылықтардың



кіріктірілуін есепке ала отырып білім мазмұнын сұрыптау;

пәндердің тәрбиелік және әлеуметтендіру әлеуетін күшейту;



әлеуметтік,  мәдениеттік,  саяси,

құқықтық

және  экономикалық

білімдердің бастамасын оқып білу;

дүниеге  көзқарастық,



жалпылама  және

әдіснамалық

сипаттарын

күшейту;


Егеменді Қазақстанның жетістіктері тұрғысынан Қазақстан тарихының

мазмұнын жаңарту.


40

5) «Технология» білім саласына енетін пәндер: «Технология. Графика және

жобалау».

«Технология» білім саласының білім мазмұнына қойылатын талаптар:

– ақпараттарды  іздеу,  жүйелеу  және  тиімді  пайдалану  дағдыларын

қалыптастыру;

– жобалау, моделдеу, құрастыру дағдыларын дамыту;

– оқытуды ертерек кәсіптендіруге бағыттау;

– өндірістің

инновациялық

технологиялары 

мен


қазіргі 

заманғы


ақпараттық-коммуникациялық құралдардың негіздерін меңгеру;

– танымдық және практикалық іс-әрекеттерге ынталарын арттыру.

6)  «Дене  шынықтыру»  білім  саласына  енетін  пәндер:  «Дене  шынықтыру»,

«Алғашқы әскери дайындық».

Бейіндік  оқытудағы  бейіндік  пәндер  және  олардың мазмұны әр  бағытта

(жаратылыстану-математикалық

және

қоғамдық-гуманитарлық



бағыттар)

әртүрлі болады, яғни бейіндік пәндер жоғары сыныптағылардың бейіндік оқыту

бағытын, мамандандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бейіндік пәндер:

оқыту бағыттарына байланысты сараланған түрде болады;



инварианттық компонентке қосылған  және  олардың бағдарламалары

мен оқу-әдістемелік кешендері мемлекеттік деңгейде әзірленеді;

жаңашыл және тәжірибеге бағытталған қолданбалы мазмұнды қамтиды;



көптілді оқыту арқылы жүзеге асырылады;

бейіндік  оқыту  аясында  жекелей  және  аралас  пәндерді  кіріктіру



жолымен  орта  мектеп  пен  жоғары  мектептің бакалавриат  бағдарламасындағы

сабақтастықты қамтамасыз етеді.

11-12  сыныптарда  бейіндік  оқытудың білім  мазмұны  жаратылыстану-

математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардың ішкі  бағдарларға

бөлінумен жүзеге  асырылады,  яғни  жаратылыстану-математикалық бағыт

химия-биологиялық,

физика-математикалық

және  т.б.

бағдарларға,  ал

қоғамдық-гуманитарлық бағыт  филологиялық, тарихи-құқықтық, әлеуметтік-

экономикалық және т.б. бағдарларға бөлінеді.

Жалпы  орта  мектептегі  жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-

гуманитарлық бағыттарындағы  білім  мазмұны  11-12  сынып  оқушыларының

мүдделерін, қабілеттері мен қажеттіліктерін  есепке  ала  отырып тиімді

педагогикалық жағдайлар  жасауға  бағытталған. Сонымен қатар, ол барлық

оқушыларды  жоғары  оқу  орындарының сәйкесінше  мамандықтарында кәсіби

білім алуға қажетті дайындық деңгейімен қамтамасыз етеді.

Жаратылыстану-математикалық білім берудің мақсаттары: жаратылыстану-

математикалық бағыттағы  пәндерді тереңдетіп  оқытуды қамтамасыз  ету;

қоршаған әлемді түрлендірудегі математиканың, информатиканың, физиканың,

биологияның және химияның рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру; оқытуды

бейіндендіруге  жағдай  жасау  және  оқушыларды  одан әрі кәсіби өзін-өзі

анықтауға, өзін-өзі дамытуға даярлау [34, 35].

Жаратылыстану-математикалық

бағыт 

жаратылыстану-математикалық



циклдегі  пәндер  бойынша  білім  беру

үдерісінде  оқушы  тұлғасының

интелектуалдық  әлеуетін  дамыту  мақсатында физика-математикалық және


41

химия-биологиялық білім  беруді,  оқушылардың логикалық, математикалық,

ғылыми-жаратылыстану,  инженерлік  ойлауын

қалыптастыруды,

әртүрлі

өмірлік жағдайларға  және  болашақ кәсіби қызметіне қажетті  оқушылардың



аналитикалық, практикалық біліктері мен дағдыларын жетілдіруді қамтиды [34,

35].


Жаратылыстану-математикалық бейіндік бағыты келесідей бейіндік пәндер

құрамымен қамтамасыз етіледі: бағдар бойынша терминология (шетел тілінде),

математика, қолданбалы математика, физика, астрофизика, химия,  биология,

география,  информатика, биохимия  және  биотехнология  негіздері, экология

және  тұрақты  даму, қазіргі заманғы  химиялық технологияның негіздері,

графика  және  проекциялау, компьютерлік  моделдеу,  ақпараттық жүйелер мен

технологиялар және т.б.

Қоғамдық-гуманитарлық

білім 

берудің


мақсаттары:

қоғамдық-

гуманитарлық бағыттағы  пәндерді тереңдетіп  оқытуды қамтамасыз  ету;

оқушылардың  қабілеттерін,  жеке  бейімділіктері  мен қажеттіліктерін  ескеріп

оқыту  мазмұнын  жіктеу,  оқушылардың гуманитарлық даму  ортасын  жасау;

жоғары  рухани-адамгершілік  мәдениеттерін  және  тұлғааралық, этносаралық

қатынас

мәдениеттерін 



оқушылардың

бойына 


сіңіру, 

оқушылардың

функционалдық сауаттылығын,  тұлғаның  өзін-өзі тануын  және өз  мүмкіндігін

іске асыруын қалыптастыру және дамыту [31].

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт қазақ халқының және Қазақстанда өмір

сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және

басқа

құндылықтарына



құрметпен

қарауды


оқушылардың

бойында


қалыптастыру,

адамгершілік

қарым-қатынастың

жоғары  мәдениеттілігін

дамыту,  этикалық нормаларды сақтау,  келешекте  оқушыларды  табысты

әлеуметтендіру үшін қажетті тіл-қатынастық біліктер  мен  дағдыларды

жетілдіру мақсатында  тарихи-мәдениеттік, әдебиеттік  және  көптілді  білімді

қамтиды [31, 32].

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар,  бейіндік  пәндердің келесі құрамымен

қамтамасыз етіледі: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, әдебиет, шешендік өнер, мәдени

қазына, әлемдік әдебиет, шетел  тілі, бағдар  бойынша  терминология  (шетел

тілінде), әлеуметтік-экономикалық география,  экономика  және  менеджмент

негіздері, әлеуметтану, кәсіпкерлік  негіздері, қазіргі әлемдегі Қазақстан,

Қазақстандық заңнама, этика мен шешендік өнер және т.б.

Оқыту 

мазмұнын 



жетілдірудің

дидактикалық

негізіне 

оқытуды


ұйымдастырудағы 

тұлғалық-бағдарлық

және 

шығармашылық



іс-әрекет

тұрғысынан 

балаға 

іс-әрекет



субьектісі 

ретінде 


(қызығушылығына,

әрекеттердің себептеріне,  мақсаттарына  т.б.) қарап,  оны қалыптастыру  туралы

теориялық принциптер  жатады [24, 36].  Осыған  орай, 12  жылдық мектептегі

жалпы  орта  білім  беру  деңгейіндегі  білім  мазмұнын  жобалауда  бірнеше

дидактикалық принциптер жүзеге асырылуы тиіс:

Ғылыми және  жас ерекшелік  принципі.  Берілетін  білімді  мұқият  іріктеу,

қазіргі таңда ғылыми  тұрғыдан  айқындалған  принциптер, ғылымда  нақты

қолданылатын ұғымдардың енгізілуі. Сол берілген материалдың оқушылардың


42

оқуға дайындық деңгейіне, олардың дене дамуы мен психикалық үдерістерінің

(зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б.) даму деңгейіне сәйкес келуі.

Кіріктіру  принципі.

Бейіндік  мектепте  математика,  физика,  химия,

биология, 

технология 

пәндері

қоғамның


индустриялдық-инновациялық

дамуына,  болашақ мамандығына  дайындауға  байланысты  жоғары  мектептің

сәйкесінше  пәндерімен  мазмұнына қарай  бір-бірімен  кіріктіріліп  келеді.

Кіріктіру  бұл  бірнеше  жақын  мазмұнды,  оқу  пәндерінің біреуінен  берілетін

білімді  бірі  толықтыруға  ыңғайлы  болып,  олардың мазмұндық жүйесінің

кірігуі. 

Кіріктіру 

принципі 

арқылы 

дүниенің


біртұтастығы, 

оның


құбылыстарының өзара байланыстылығы  туралы  түсініктер қалыптастыру

мүмкіндігі туады.

Бейіндік  мектеп пен  жоғары  мектеп  компонентінің кіріктірілуі  жалпы орта

білім  беру  мен  жоғары  білім  берудің  (бакалавриат)  мазмұндарындағы

сабақтастықты;  1-2  курс  бакалавриатының жалпы  білім  беру  циклі  пәндерінің

(қазақ тілі  (орыс тілі),  шетел  тілі, Қазақстан  тарихы, информатика,  саясаттану,

философия, әлеуметтану, құқық негіздері, өмір қауіпсіздігінің негіздері)

мазмұнын  бейіндік  мектепке  көшіруді;  бакалавриаттың жалпы  білім  беру

пәндерінің  (ЖБП)  циклі  азаюына  байланысты  базалық және кәсіптендіру

пәндері бойынша білім мазмұнын күшейтуді қамтамасыз етеді.



Пәнаралық байланыстар  принципі.  Бұл әр  пәннен  алынған  білімді  кез

келген сабақ барысында кешенді түрде пайдалануды көздейді. Бұл сабақтас оқу

пәндерінің мазмұнын сәйкестендіруге, пәндердің өзара байланысын іздестіруге

сол арқылы оқушылардың логикалық ойын дамытуға жағдай жасайды.



Әр түрлі  деңгейде  оқыту  мен  тәрбиелеу  жүйесінде  бала  тұлғасын  дербес

дамыту принципі. Бұл барлық жағынан баланың дербес ерекшеліктерін ескере

отырып, әр  түрлі  міндеттерді  шешу  мүмкіндіктерін,  алға қойған  мақсатты

шешудегі қарқындылығын дамыту.

Нәтижелі  шығармашылық принципі.  Бағдарлама  мазмұны  тек әр  пән

бойынша  білім  мен  тәрбие  беруге  және  оны  меңгертуге ғана  емес,  сонымен

қатар оқушылардың шығармашылық  қызметін  дамытуға  бағытталған.  Бұл әр

уақытта  балалардың эвристикалық  қабілеттерін  дамыта  отырып,  оқу  іс-

әрекетін,  оқушылардың  қызығушылығы  мен  бейінділігін  дамыту,  ойлан  тап,

ойдан шығар, орында, қиялда, құрастыр, дайында т.с.с. жаңа нәтижелер жасауға

бағыттайтын тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады.

Мәдениеттендіру  принципі.  Кез  келген  пәннің мазмұнында  оқушылардың

жеке  басынан  бастап  оның жалпы  мәдениетін  көтеру,  ол үшін  отбасының

гигиенасынан  басталатын  түрлі қатынастың біртіндеп,  мәдени  орталықтарды,

адам баласының  қай  салада  болсын  Республикамыздың  ғана  емес,  адамзат

тарихынан бастап, қолы жеткен жетістіктерін қамту көзделген.

Экологиялық принципі. Әр  сынып  сайын  оқушының  өзін-өзі байқауы, өз

әрекетін басқаның тиімді әрекетімен  салыстыру, қоршаған  ортаға, табиғатқа

адами, мәдени қатынас жасауға мүмкіндік беру жағы қарастырылады.

Өлкетану принципі. Әр пәннің  әр  тарауын  жергілікті  материалдармен

байланыстыра  оқытуды  талап  етеді.  Бұл, әрине,  мұғалімдердің  әдістемелік

ізденістерін, қосымша материалдардың молдығын керек етеді.


43

Осы сияқты білім берудің дидактикалық принциптерін сақтай отырып жаңа

буын  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  арқылы  12  жылдық білімнің барлық

буынында оқыту мен тәрбие талаптарын қамтамасыз етуге жағдай туады. Білім

беру  барысында  осы  дидактикалық принциптердің жүзеге  асырылуы  негізінде

баланың жалпы  дамуын қамтамасыз  ету  мәселесі  жүзеге  аспақ. Олар  баланың

жеке  бастық іс-әрекетінің, әлеуметтік,  зейінін,  тілі  мен  ойының,  қимыл

әрекетінің т.б.  дамуын қамтамасыз  етеді.  Бірақ бұл  дамулардың бәрі  де бала

мүмкіндігінен асып кетпеуге тиісті.

Сонымен  12  жылдық мектептің жоғары  сыныптарында  бейіндік  оқытудың

мақсаты,  бейіндік  оқытуды  дамытудың басымды  бағыттары  мен  жүзеге  асыру

механизмдері,  білім  мазмұны

мен

оқушылардың



дайындық

деңгейіне

қойылатын талаптар (түйінді  және  пәндік құзыреттіліктер), білім  мазмұнын

жобалаудың дидактикалық принциптері негізінде жалпы  орта  білім  берудің

базалық мазмұнын анықтаудың матрицасы құрастырылды. Оны  біз  көрнекі

түрде мынадай кесте арқылы ұсынамыз [22, 25, 31] (2-кесте).

2-кесте ‒ 12 жылдық білім беру мазмұнын жобалау матрицасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет