Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
12 жылдық жалпы орта мектептің
базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Әдістемелік құрал
Астана
2013
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы № 1 хаттама).
12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау
әдістері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2013. – 84 б.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда 12 жылдық мектептегі жалпы орта
білім
берудің
базалық
білім
мазмұнын
анықтаудағы
оқушылардың
физиологиялық,
психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері,
жоғары
сыныптарда бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамалық негіздері, білім
беру мазмұнына қойылатын талаптар мен дидактикалық принциптер, жалпы
орта білім берудің базалық мазмұнын анықтаудың матрицасы берілген.
Бұл әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері
мен оқытушыларына, мұғалімдерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру
институттарының
мамандарына,
орта
мектептің
оқу-ісі
жөніндегі
орынбасарлары мен мұғалімдеріне арналады.
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2013
3
КІРІСПЕ
Қазақстан
Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан
реформаның жүзеге асуы мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген
мақсаттарға жету бағытындағы
қоғамдық
прогрестің
заңдылықтарынан
туындайды.
Бұл
Қазақстан
Республикасының
Президенті
–
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның
бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы, қазақстандық білім берудің
халықаралық білім кеңістігінен лайықты орын алуы стратегиялық маңызға ие
жоба есебінде көрсетілген [1].
Сондықтан да қазіргі қоғам өмiрiнiң барлық білім беру саласында, соның
iшiнде тұлға қалыптасуының негізін қалайтын жалпы білім беретін мектептің
базалық білім мазмұнына болашаққа бағдарланған жаңартулар жасауды қажет
етеді.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басымды бағыттарының бірі ретінде
көрсетілген 12 жылдық оқыту моделіне көшу үдерісі білім беру мазмұнының
когнитивтік, іс-әрекеттік
және аксиологиялық
компоненттерін кіріктіру
негізінде жаңартылған мазмұндағы стандарттарды
әзірлеу мен енгізуді
ұйғарады [2].
Оқытудың 12 жылдық моделіне көшу қазіргі білім беру саясатының
бағыттарын іске асырумен қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың келесі міндеттерін орындауы тиіс: сапалы білім алуы үшін барлық
азаматтарға бірдей мүмкіндіктерді ұсыну; қазақстандық патриоттыққа, адам
құқықтары мен бостандығына құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілікке
және құқықтық сана-сезімге тәрбиелеу; ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға,
толеранттыққа тәрбиелеу; қоғамда әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру;
оқушылардың оқу жүктемесін білім беру деңгейлеріндегі жас ерекшелік
мүмкіндіктерімен және психофизиологиялық даму заңдылықтарымен өзара
байланыстыру; жеке білім беру траекториясын қалыптастыру; жалпы орта білім
беру деңгейінде оқытуды бейіндендіру; тілдерді деңгейлеп оқытуды енгізу
және оның негізінде көптілді тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім берудің жаңартылған мазмұнының базалық принципі
əрбір
мектепте
тұлғаның
адамгершілік-рухани
қасиеттерін
дамытуды
ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құруды (өзін-өзі анықтау жəне өзін-өзі
жетілдіру), білім беру ұйымдары мен отбасыларда адамгершілік-рухани
мəдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізуді, жалпыадамзаттық құндылықтар-
дың дамуын меңгеруді, коммуникативтік дағдыларды және ақпараттар мен
технологияларды басқара білуді, проблемаларды шеше білуді көздейді.
Оқытудың 12 жылдық моделі бойынша жалпы орта білім беру деңгейінде
білім беру сапасын жетілдіру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті
және болашақтағы қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін
жаратылыстану-
математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша бейіндік оқыту
ұсынылады [2].
4
Бейіндік оқытудың мақсаты – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге
жоғары сынып оқушыларын даярлау, оларға кәсіптік бағдар алу үшін жағдай
жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық
қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын
ұйымдастыру, білім беруді даралау мен саралап жіктеу [3]. Сондықтан бейіндік
оқыту жүйесі дамуының өзектілігі бірқатар факторларға байланысты, олар:
білім беру нәтижелері жүйесінің
кеңейуі білім, білік, дағды және
құзыреттіліктер; жоғары сыныпта оқу үдерісін ұйымдастырудың әлемдік
тәжірибесі; техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің дамуымен
байланыстырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқыту жүйесінің дамуы 16-18
жастағы
азаматтардың
білімділік
деңгейін,
олардың
қабілеті
мен
қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында
мүмкіндіктерді кеңейтуге; жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі өмірлік
жолды таңдауға бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын
іске асыруға; еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету
проблемаларын шешуге бағытталған.
Осыған орай 12 жылдық мектептің жалпы орта білім беру деңгейіндегі
бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамалық негіздерін және оны жүзеге
асыру механизмдерін анықтау, жалпы орта білім берудің базалық білім
мазмұнын жобалау, бейіндік оқытудың
құзыреттілікке
негізделген
оқу
бағдарламаларын әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау өзекті
мәселе болып табылады.
Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, яғни 12 жылдық
жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтауға арналған әдістемелік
құралын ұсынылады.
Әдістемелік құралда жалпы орта білім берудің базалық білім мазмұнын
анықтайтын
оқушылардың
физиологиялық,
психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері, бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамалық негіздері, білім
беру мазмұнына қойылатын талаптар мен дидактикалық принциптер берілді.
Әдістемелік құрал төрт бөлімнен, әр бөлім ішкі тақырыптардан тұрады.
Бірінші
бөлімде,
мектеп
жасындағы
жасөспірім
шақ
оқушылардың
физиологиялық ерекшеліктері мен жалпы орта білім беру деңгейінде оқу-
тәрбие
үдерісін
ұйымдастыру
гигиенасы
беріледі.
Екінші
бөлімде,
жасөспірімдік шақ оқушылардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы,
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, болашақ мамандықтарына бағыт
берудің психологиялық аспектілері тберілген. Үшінші бөлімде, жоғары
сыныптарда бейіндік оқытуды
ұйымдастыру бойынша шетелдік және
қазақстандық тәжірибелерге талдаулар, бейіндік оқытудың тұжырымдамалық
негіздері, жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын жобалау негіздері
беріледі. Төртінші бөлімде, жалпы орта мектепте негізгі оқу пәндерінің үлгілік
базалық мазмұны білім салалары бойынша тұжырымдалған.
5
1 12 жылдық мектептің 11-12 сынып оқушыларының физиологиялық
ерекшеліктері
1.1
Мектеп
жасындағы
жасөспірім
шақ
оқушылардың
физиологиялық ерекшеліктері
Жалпы орта мектеп оқушыларының жасөспірім шақ жастарында тұлғалық
жағынан өсіп жетілуі аяқталады, олардың өмірге көзқарасының негізгі
сипаттары қалыптасады, алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ
кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық
шаққа өту кезеңі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір
деңгейдегі білім, нормалар мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы тұлға еңбек
етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті
сезіне алады. Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында айқын көрініп
тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрда ғана алынады, тіпті көп жағдайда
бір-бірімен үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-18 жас аралықтары кей
жағдайда ерте жастық шақ болып есептеледі, кейде жасөспірім шақтың соңы
деп аталады.
Қазақстан жағдайында орта білім берудің неғұрлым оңтайлы, ыңғайлы
және экономикалық жағынан тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады. Бұл
құрылым балалар дамуының ғылыми негізделген жас кезеңдеріне (6-10 жас –
балалық шақ, 11-15 – жеткіншектік шақ, 16-18 – жасөспірімдік шақ) сәйкес
келеді [5] және қазіргі мектептің барлық оң тәжірибелерін бойына жинақтаған.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын
нормалары мен талаптарының
арасындағы айырмашылықтың
болуына
байланысты.
Әдістемелік мәселенің ең күрделі жағы жас мөлшеріне байланысты өзіндік
жеке тұлғалық сипатының тұрақтылық және өзгермелік деңгейі. Генетикалық
немесе дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму адамның
жас мөлшеріне, жынысына байланысты. Мәдени шарттылықтарға байланысты
сипаттамалар өзгермелі болып келеді, оның үстіне жас мөлшеріне қарай
болатын іргелілеушіліктер, шын мәнінде, басқа сипатқа ие. Биомәдениеттік
сипаттамалар биологиялық та, әлеуметтік-мәдени де шарттарға байланысты
түрленеді.
Ал, 16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады.
Келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне-өзі ие бола алу
қабілеті де артады, әсерленгіштігі де қалыпқа түсіп, болашаққа деген сенім
артады.
Бұл кезеңде жыныстық жағынан жетілу болып табылатын физиологиялық
үдеріс шартты түрде екі фазаға бөлінеді [6]:
а) пубертаттық кезең алдындағы немесе дайындық кезеңі;
ә) өзіндік пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық
физио-биологиялық жетілу деңгейіне жетеді.
6
Пубертаттық кезең алдындағы кезең жасөспірімдік шаққа дейінгі кезеңге
сәйкес келеді, пубертаттық – жасөспірімдік кезеңге, өзіндік пубертаттық
кезеңнен кейінгі кезең жастық шаққа сәйкес келеді.
Организмнің өсіп, даму заңдылықтары жасөспірімдердің қалыпты өсіп,
дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың
теориялық негізі болып табылады. Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп
алмайынша жасөспірімдердің күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту
үдерістеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.
Жасөспірімдердің денсаулығы мен күн тәртібінің де арасында айқын
корреляциялық байланыстар бар. Ұйқысы қанбаған оқушылар арасында
денсаулық көрсеткіші төмен екендігі, таза ауада күніне 1-ақ сағат немесе одан
да аз болатын оқушылар көз рефракциясының анамалиясымен, ревматизммен,
зат алмасу бұзылыстарымен, басқа мұндай тәртіпті сақтаған балаларға
қарағанда жиірек зардап шегеді. Жедел респираторлық аурулардың балалар
арасында
таралуы,
негізінен,
оқу-тәрбие
бөлмелерінің
ауданының
жеткіліктілігіне,
желдетілуіне
және
сонымен
қатар,
ғимараттың
жоспарлануына тікелей байланысты болып келеді.
Академик Г.Н.Сердюковскаяның басшылығымен көп өлшемді «бала –
қоршаған
орта» жүйесіне факторлық
анализ жасалып, мұнда мектеп
оқушыларында аурушылдық қалыптасуына
әсер ететін 80-ге жуық
көрсеткіштердің әсері анықталған [7].
Мұнда оқушылардың
денсаулығына елеулі
әсер ететін төмендегі
факторлар
анықталды:
жергілікті
жердің
климаттық
ерекшеліктері;
атмосфералық ауаның ластануы; қанағаттанғысыз санитарлық-гигиеналық
жағдайлар (әсіресе мектеп сыйымдылығының жоғарылауы, екі ауысымды
сабақ оқу, оқу бөлмелерінің ауданының жеткіліксіздігі т.с.с., мектептегі оқу
жүктемесінің жоғары болуы; күн тәртібін сақтамау, әсіресе ұйқы қанбауы.
Іс-жүзінде өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық жағдайы мен өсіп,
дамуына ең
көбірек
әсер ететін
әлеуметтік-гигиеналық
факторлардың
практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған жіктемесін (А.Г.Сухарев)
қолдануға болады [8]:
Қолайлы факторлар: а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі; ә) шынығу; б)
дұрыс, балансты тамақтану; в) рационалды күн тәртібі; г) қоршаған орта
әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы; д) гигиеналық дағдылар және
дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.
Қолайсыз
факторлар ("қауіптілік" факторлары): а)
қимыл-қозғалыс
қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы; ә) оқу-
тәрбие үдерістерінің және күн тәртібінің бұзылуы; б) ойын, оқу және еңбек іс-
әрекеттеріне
қойылатын
гигиеналық
талаптардың
орындалмауы;
в)
тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер; г) гигиеналық дағдылардың
болмауы, зиянды
әдеттермен айналысу;
д) жанұядағы және балалар
ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.
7
1.2 Мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру гигиенасы
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқу сабақтары әрбір сыныпқа арналып
жасалған сабақ кестелеріне сәйкес жүргізіледі. Жасөспірім оқушылардың
қызмет қабілетінің дұрыс болуы, негізінен, гигиеналық тұрғыдан дұрыс
жасалған сабақ
кестесіне байланысты болады. Бірақ,
сабақ
кестесін
құрастыруда негізге алынатын мектептегі пәндердің қиындық дәрежесі,
оларды өзгерте салуға немесе қатал регламент жасауға келе бермейтін,
көптеген нақты факторлаға байланысты болып келетіндіктен сабақ кестесін
дұрыс жасау оңай емес.
Сондықтан, жоғары сыныптарда сабақ кестесін жасауға қойылатын негізгі
гигиеналық талаптарды былайша тұжырымдауға болады:
– әртүрлі іс-әрекеттерді алмастырып отыру;
– оқу пәндерін күнделікті және апталық қызмет қабілетіне сәйкес бөлу;
– бейіндік пәндерді аптаның белгілі күндеріне қою;
– бес күндік апта жұмысын ұйымдастыру тәртібін тиімді қолдану;
– сенбі күнін дамыту күні ету, яғни оқушының жеке бағдарлы білімін
қамтамасыз ететін сабақтарды ұйымдастыруға бағыттау.
Жоғары сыныптарда оқу үдерісін қалыптастыру барысында міндетті түрде
оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттері мен демалыстарын ұтымды түрде кезекпен
орналастыруды және олардың қызмет қабілетінің қалпына келуін ескеру
қажет.
Оқу пәндері, іс-әрекеттің қиындығының сипатына, бірінші және екінші
сигналдық жүйеге түсетін жүктемелердің дәрежесіне және осы жүктемелердің
статикалық және динамикалық компоненттерінің қатынасына байланысты
әртүрлі болып келеді. Оқу күнінің басында, оқушылардың қызмет қабілеті
жоғары болып тұрған кезде, негізінен екінші сигналдық жүйеге жүктеме
түсіретін (әдебиет, тарих, алгебра және анализ бастамалары, геометрия, шет
тілдері т.б.), яғни, сөзбен айтуға, есептеуге, ойлануға арналған сабақтарды
қойған дұрыс. Оқу күнінің соңына қарай, яғни, жұмыс өнімділігі азайған кезде
сабақ кестелеріне нақты заттар, образдар арқылы, яғни ауызша айтқаннан көрі
жеңілірек қабылданатын (география, биология, технология, алғашқы әскери
дайындық т.б.) сабақтар қойылғаны дұрыс.
Үлкен ақыл-ой жүктемесін, есте сақтау мен санауды қажет ететін қиын
сабақтарды дағдылану
қалыптасатын бірінші сабақтарға және
қажу
басталатын соңғы сабақтарға қоюға болмайды. Бұл әсіресе, ұлттық бірыңғай
тестілеуге дайындалу үдерісіне байланысты болады.
12 жылдық мектепте оқытуды жүзеге асыруға байланысты негізгі келістер
анықталған: іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, денсаулық сақтау
[8].
Құзыреттілік тәсіл 12 жылдық мектепте мектеп түлегінің өзгермелі
жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда
болатын сапалар кешенін дамытуды көздейді. Оқытудағы тұлғаның
физиологиялық және психологиялық денсаулығын дамыту міндеттерімен
8
біртұтас қарастырылатын денсаулық сақтау тәсілінің де маңызы зор. Дәстүрлі
қатынастармен қатар білім беру үдерісін ұйымдастыруда оқыту үдерісінің
жалғасу циклдарының түрлі нұсқаларының мүмкіндігін қарастыратын оқу-
тәрбие үдерісінің топтама блокты жүйесі қолданылады: апталық, екі апталық,
айлық, тоқсандық, жартыжылдық. Мұндай жағдайда білім беру үдерісінен
күтілетін нәтижеге сәйкес бақылау жасау және түзету енгізуге мүмкіндігі
болатын
ұстаздардың
қызметі
жеткізіледі.
Жаңа
педагогикалық
технологияларда
ұстаздардың
ақпарат
беруші
қызметіне
қарағанда,
үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік
танымдық қызметін ұйымдастырушы қызметіне баса назар аударылады.
Нәтижеге бағдарланған білім беру үлгісінде негізгі қызметі оқушының
оқыту кезеңдерінде тұлғалық ішкі ресурстарын дамытуды қадағалау болып
табылатын психологиялық қызметтің рөлі артады. Тұлғалық-бағдарлық
оқытудың міндеттерін табысты іске асыру үшін ұйымдар жұмыс аптасының
бес күндік ұйымдастыру тәртібін тиімді қолдануды қарастырады. Сенбі
оқушының
жеке
бағдарлы
білімін
қамтамасыз
ететін
сабақтарды
ұйымдастыруға бағытталған дамыту күні болып табылады.
Оқытудың ұзақтығын тоқсандар (8 апта) мен демалыс уақыттары бойынша
реттеу балалардың денсаулығын сақтауға игі ықпал етеді.
Сонымен, мектеп оқушыларының қызмет қабілетін жоғарылатып, олардың
денсаулықтарын сақтап, нығайту үшін ұтымды құрастырылған күнделікті
және апталық сабақ кестесі ең тиімдірек гигиеналық шаралардың бірі болып
саналады. Өкінішке орай, іс-жүзінде әртүрлі себеп-сылтаулармен бұл принцип
сақтала бермейді.
Сабақ кестесін ұтымды құрастыруға кедергі келтіретін себептерді екіге
бөлуге болады: объективті және субъективті себептер.
Объективті себептерге: оқу сыныптарының жеткіліксіздігі; оқытатын
мамандардың жеткіліксіздігі; орын басушылықтар т.с.с. жатады.
Субъективті себептерге: материалдық шығын қажет етпейтін сабақ
кестесін құрастырушы адамның білімінің аздығы; сабақ беретін мұғалімдердің
сабақтан бос күндері болуы; оқу жүктемесін мұғалімдерге дұрыс бөліп бермеу
сияқты жедел түзетуге болатын себептерді жатқызуға болады.
Оқу
үдерісінің ұйымдастырылуында сабақ
арасындағы
үзілістердің
регламентациясы, әсіресе олардың ұзақтығының регламенті ерекше рөл
атқарады.
Сабақ
арасындағы
үзілістер арқылы организмге берілетін
демалыстың ұзақтығы, оның функционалдық әлеуетін қалпына келтіру және
қызмет қабілетінің қайтарылған деңгейін бекіту сияқты екі фазасын да
қамтамасыз ете алатындай мерзімде болуы керек. Егер демалыс ұзақтығы
жеткіліксіз болса және жаңадан түсетін жүктеме 1 фазаға келетін болса, онда
қызмет қабілеті күрт төмендеп, қажу үдерісі жоғарылай бастайды.
Жалпы білім беру мектептердің жоғары сынып оқушыларына сабақ
арасында ұзақтығы 10 минуттан кіші үзілістер және 2 немесе 3 сабақтардан
соң 30 минуттық бір үлкен үзіліс немесе мұндай үлкен үзілістің орнына 2 және
3 сабақтардан соң әрбіреуі 20 минуттан 2 үзіліс беріледі.
9
Сабақ арасындағы үзілістер оқушылардың іс-әрекетінің түрін өзгертуге,
яғни, организмді қимыл-қозғалыстар арқылы сергітуге арналса ғана өзінің
міндетін орындайды. Оқушылардың қызмет қабілетін жылдамырақ қалпына
келтіретін ең жақсы демалыс, жақсы көңіл-күйде, таза ауада жасалатын
қимыл-қозғалысты ойындар болып табылады. Мұндай үзілістерді жыл
мезгіліне қарамастан, ашық ауада өткізу, оқушылар организмнің шынығуына
ықпал етеді, олардың жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін жақсартып, оқу
жылындағы, тоқсандағы, аптадағы, оқу күндеріндегі оқу жүктемесінен
болатын шаршаудың дамуын төмендетеді (болғызбайды).
Жалпы оқушылардың іс-әрекеті оның организмінің өсуі мен дамуын
анықтайтын, өмір сүруіне ең қажетті фактордың бірі болып саналады. Қимыл-
қозғалыс өмір сүрудің маңызды шарты болғандықтан, өсіп келе жатқан
организм биологиялық қимыл-қозғалыс қажеттілігін сезінеді. Өйткені, қимыл-
қозғалысты іс-әрекеттер биологиялық дамуды жақсартуға ғана емес, сонымен
қатар, дағдылану механизмдерін де қалыптастырушы фактор болып табылады
[7].
Іс-әрекеттің
кез
келген
түрінің,
организмнің
функционалдық
мүмкіндіктерін уақытша азайтуға, яғни, қажуға әкеліп соғуы, оның заңды
нәтижесі болып есептелінеді. Бұл үдеріс қайтымды және жұмысты тоқтату,
жоғалған қызмет қабілетін қайтадан қалпына келтіреді. Қызмет қабілетінің үш
фазасын айыруға болады: еңбекке дағдылану, ең өнімді жұмыс уақыты және
қажу. Еңбекке дағдылану фазасы жұмыс қабілетінің ақырындап ең өнімді
жұмыс уақыты фазасына дейін көтеріле бастауымен сипатталады, одан соң
қажу фазасы дами бастайды.
Сондықтан, ерекше айтқанда 11-12 сыныптағы оқитын оқушылардың
қатты
шаршауын
болғызбау
үшін, олардың
іс-әрекеттерінің
барлығы
мөлшерленуі керек. Гигиеналық нормаландыру баланың жас мөлшеріне және
организмдерінің қызмет мүмкіндіктеріне байланысты жасалады.
Организмнің қоршаған ортамен байланысында, үнемі ішкі және сыртқы
ритмдер бір-бірімен әсерлесіп отырады, олардың қосындысы физиологиялық
жағдайды анықтайды.
Биологиялық ритмдер дегеніміз – организмнің әртүрлі жағдайларының
және физиологиялық қызметтерінің белсенділігінің мезгіл сайын алмасып
тұруы. Әрбір биологиялық циклдың құрылуына, белгілі-бір алдыңғы себептер
қажет болады. Сондықтан, биологиялық ритмдер, балалар организмдерінің
қоршаған
ортаға дағдылануының
негізгі механизмдерінің
бірі болып
есептелінеді. Егер, баланың іс-әрекеттерінің (оқу, дене еңбегі) қандайда бір
ритмі оның биологиялық ритмімен қабаттаса жүрсе, онда ол қызмет
қабілетінің жоғарлауымен көрінеді .
Организмнің физиологиялық функциясының циклдылығы әрбір адамда
ерекше, бірақ белгілі бір аралықта болады. Балалардың функционалдық
көрсеткіштері тәулік ішіндегі белгілі бір уақыттарда, көбінесе таңертеңгі
уақыттарда жоғарылайтыны анықталды. Сондықтан, кейбір авторлар балалар
арасында акрофазаның (белсенділік циклдары) үш түрін бөліп қарауды
ұсынады: таңертеңгі, кешкі және аритмиялық.
10
11-12 сыныптағы оқитын оқушылардың
биологиялық
ритмдерінің
арасында, ең жақсы үйлесімділік болу үшін, оқу, еңбек, тұрмыс, демалыс
нормаларын өңдеп жасау хронобиологияның алдына қойған мақсаты болып
табылады.
Гигиеналық
тұрғыдан жоғарыда көрсетілген факторлардың
ішінде
жасөспірімдердің өмірінде тұрақты түрде орын алатындары ғана (оқу
жағдайларын ұйымдастыру, шаршау, ауыспалы еңбек және күн тәртібі
сияқтылар) ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бұндай жағдайларда гигиеналық
қағидалардың сақталмауы организмдегі биологиялық үдерістерді бұзады және
сонымен бірге, әр түрлі патологиялық дамуларға әкеліп соғады.
Мұндай жағдайларды көбінесе жасөспірімдерді компьютерге оқыту мен
оны пайдалану кездерінде де байқауға болады.
Жасөспірімдердің компьютермен жұмыс істеген кезде көбінесе физикалық
факторлармен және информатика мен электрлік-есептеу бөлмелерінің ауа
құрамының әртүрлі факторларымен кездеседі. Компьютерлік сыныптардағы
мектеп оқушыларының организміне әсер ететін негізгі физикалық факторлар:
электростатикалық
өріс;
50Гц-электромагниттік
өріс;
радиожиіліктегі
электромагниттік өріс.
Электростатикалық өріс, өндірістік орындардағы осындай факторлардың
әсері
сияқты
қолданушылардың
жүйке жүйесінің
және эндокриндік
жүйелерінің қызметін
өзгерістерге
ұшыратпағанымен, бөлмедегі шаң-
тозаңдарды «зарядтап», олардың ауада ұзақ уақыт сақталуына жағдай
жасайды. Осындай шаң-тозаңдар тыныс алу - тері, көз, жоғары тыныс
жолдарының аллергиялық ауруларының дами бастауына қосымша қауіп
төндіреді.
Информатика
кабинеттерінде
орнатылған
компьютерлер
рентген
сәулесінің көзі болып табылмайды. Бірақ, мұндағы өте төмен қарқындағы
рентген сәулесінің өзі ауа
құрамының
иондануына
әсер етеді және
компьютерлік сыныптарда БДТ саны көбейген сайын иондар саны да
жоғарылай түседі. Оң иондар санының өте көбеюі адамдар денсаулығына
қолайсыз әсер етеді. Қалыпты жағдайда олардың саны 1 см
3
ауада 5000 аспауы
керек. Сонымен қатар, оқу мекемелерінің информатика және есептеу
техникалары сыныптарының бөлмесінде арнаулы жағдайлар (ауа құрамының
және микроклиматының, жарық жағдайының сапасының нашарлауы т.б.)
қалыптасады. Сондықтан, сабақтан соң оқушылар көз демалысына арналған
гимнастиканы үнемі жасап отырғандары жөн.
11
Достарыңызбен бөлісу: |