12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата15.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#9686
1   2   3   4   5   6   7   8

Мұғалім білуі:

-оқушыларды өзіндік  шығармашылық жұмыстарға  баулуда  бағыт  беруді

жобалай білуі тиіс;

-оқушылармен  жұмыс  істегенде қызметтің  әр  түрлісін  (топтық, жұптық)

қолдана білуі керек;

-алуан  түрлі  ақпарат көздері  және  дерек  базаларымен өз  бетінше  жұмыс

істей білуі керек;


58

-оқу үрдісінде  ашық білім  беретін  ақпараттық технологияларды  пайдалана

білуі керек.

-оқушылардың кәсіптік таңдауына ықпал ете білуі тиіс.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі бейіналды және бейінді оқытумен белсенді

түрде айналысып жүргендер үшін пайдалы болмақ.



Бейінді  оқыту  ауыл  мектебіндегі  білім  сапасын  жоғарылату құралы

ретінде

Ауыл мектебін жаңарту педагогикалық ғылымның назарында ерекше орын

алуы қажет.  Ауыл  мектебі,  оқушылардың жалпы  мәдениетін  дайындаумен

қатар, ауылда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда және ауыл халқының мәдени

деңгейін көтеруде үлкен рөл атқарады. Сол себепті ауыл мектебінде неге және

қалай оқыту  сұрағы  ойдан  шығарылмаған,  ол  білімнің тұлғалық,  өмірлік  және

кәсіби қажеттілігінің маңыздылығынан туындаған шындық.

Бейінді  оқыту  проблемалары  бойынша қазіргі  кездегі  зерттеулердің, ауыл

мектебі


қызметінің

нәтижелерінің,

еңбек 

нарығындағы



әлеуметтік

жағдайлардың талдауы мынадай әлеуметтік қарама-қайшылықтарды анықтауға

мүмкіндік  тудырады:  экономиканың  әр  түрлі  салалары үшін қоғамның білікті

мамандарға  сұранысы  мен  жалпы  білім  беретін  мектепте  білім,  біліктілік  пен

дағды түріндегі білім нәтижелерін жоспарлануының арасындағы; бейінді білім

берудің көптүрлілігі  мен  ауыл  мектебінің оны  жүзеге  асыру  мүмкіншілігінің

шектеулігі; бейінді оқытудың көрсетілген мақсаттары мен ауыл мектебінің оған

жетудегі  нақты  мүмкіншіліктері.    Ауыл  мектептерінде  бейінді  оқытуды  енгізу

ауылды  дамытудың

жаңа


әлеуметтік-экономикалық

жағдайында  жүзеге

асырылуда,  олар үшін  келесі  сипаттар  тән:  экономиканың көпқұрылымды

түрлерінің дамуы,  ауыл  шаруашылық саласы  мамандарына  сұраныстың

жоқтығы, өндірістік  және әлеуметтік  салаларда  жаңа  мамандықтардың пайда

болуы,  халықтың жұмыспен қамтылу құрылымындағы өзгерістер, ата-аналар

мен балалардың білім алуға сұранысы, ауыл оқушыларының қолайлы да сапалы

білім  алуына  жағдай  жасауға  бағытталған,  жалпы  білім  беретін ұйымдар

жүйесін қайта құрылымдау.

Бейінді  оқыту  жағдайында  болашақ мұғалімнің мектеп  жұмысына

теориялық және тәжірибелік дайындығын қалыптастыру: педагогикалық

жоғары  оқу  орындарындағы  студенттерді  даярлаудың

тьюторлық

үлгісінің кейбір аспектілері

Болашақ оқытушыны  даярлаудың дәстүрлі  жүйесінің негізгі  функциясы

регламенттелген  білім  көлемін  трансляциялау  болып  табылған,  бүгінгі  таңда

бұл  жүйе әлеуметтік  мәдениеттегідей, ұйымдастырушылық-педагогикалық

және ғылыми-мазмұндық жоспарда  да қоғам  мен  мектеп қажеттіліктерін

қанағаттандырмайтын күйде. Білім беру жүйесін жаңалаудың басым бағыттары

бейінді  оқытуға  ауысу  болып  табылады.  Бейінді  оқыту  тұжырымдамасы

оқытуды  даралауға  және  оқушыларды әлеуметтендіруге,  бейіналды  және

бейінді  деңгейлерде  іске  асырылатын  бейіндердің икемді  жүйесін  жасап


59

шығаруға  бағытталған,  мамандандырылған  даярлау  жүйесін құруды  негізге

алып отыр.

Құрамдас  бөлігі  оқушылардың жеке  білім  алу қажеттіліктерін,  олардың

әлеументтенуін  және өзін-өзі  танытуларын қанағаттандыру  болып  табылатын

бейінді  оқытудың  қалыптасып  келе  жатқан  жүйесі  белсенді  даму үстіндегі

инновациялық  үдерістер  жағдайында қызмет  етуге қабілетті  маман  даярлауды

қамтамасыз ету талабын алға тартады.

Оқу үдерісіне жаңалық енгізуге деген педагогтың дайындығы көп жағдайда

оның жоғары  оқу  орнында  оқыған  кезеңде қаланған  негізімен  анықталады.

Болашақ  ұстазды  даярлауға  арналған  жүйелі-қызметтік  тәсілге  сәйкес,  оның

жоғары оқу орнында білім алуы маман қалыптастырудың мақсатты бағытталған

үдерісін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  жеке  басы  мен  педагог қызметі

моделіне бағдарлануы тиіс.

Психолого-педагогикалық  әдебиетте  жаңа  типтегі  педагогқа  деген  мектеп

пен қоғамның  өзекті  сұранысы  ретінде, әлемдік  білім  кеңістігін  дамыту

тенденциясына  бағдарланған  модельдер ұсынылған.  Заманауи  педагогикалық

білім  беру  стратегиясы өзекті  білім  беру  міндеттерін  шешу  жағдайында

жауапты 

және 


кәсіби

әрекет


еуге

қабілетті 

оқытушы 

тұлғасын


қалыптастырудан  тұрады.  Бұл  стратегия  тұтастай  гуманистік  дүниетанымға,

терең кәсіби  білімге  ие,  кәсіптік қызметінде өзінің шығармашылық  әлеуетін

кешенді іске асыра алатын оқытушының рухани дамыған, мәдениетті тұлғасын

қалыптастыруға  бағытталған  оқу үдерісінің мазмұны,  түрі  және әдісін  игеруді

жүзеге асырады.

Теориялық зерттеулердің түрлі  бағыттарына қарамастан  бейінді  оқыту

жағдайындағы болашақ  ұстаздарды оқыту үдерісі  толық зерттелмеген.  Осыған

орай  тәжірибе  барысында  оқытушылардың маңызды  бөлігі,  еңбек өтілдеріне

және  біліктілік  деңгейлеріне қарамастан,  заманауи  мектепте  бейінді  оқытуды

жүзеге  асыруда  айтарлықтай қиындықтарға  тап  болуда.  Бұл  жаңа  білім  беру

жүйесі  жағдайында  жас  мамандардың бейімделуі  мен  кәсіби өсу үдерісін

қиындатады. Оқытушылардың өздері мұндай қиындықты өздерінің жоғары оқу

орнында  оқыған  кезеңдегі  теориялық және  тәжірибелік  дайындықтарының

шалалығымен байланыстырады.

Бейінді  оқытуды  іске  асыру  аясында  оқытушының инновациялық  қызмет

субъектісі  ретінде қалыптасуы  оны  жоғары  педагогикалық білім  жүйесінде

даярлау үдерісіне, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен

бағытталуына қарай  жоғары  оқу  орнында  оқытудың бастапқы  бағдарына

сапалы

өзгерістер 



енгізуді 

талап 


етеді.

Жаңа  білім  беру  моделінің  қалыптасуы  жағдайында,  бейінді  оқыту  кезіндегі

мектептегі жұмысқа педагогты даярлауды белсендіретін, инновациялық қызмет

түрлерін  меңгерумен  байланысты  оқытушының педагогикалық функциясын

дамыту жүзеге асады.

Педагогтардың кәсіби  бейімделуі  жағдайларын  және  белсенді  даму

үстіндегі  инновациялық  үдерістер  жағдайында  бейінді  оқыту  мен  кәсіби-

педагогикалық  қызметті  іске  асыруға қабілетті  педагогқа қоғам  мен  мектептің



60

әлеуметтік-мәдени қажеттіліктеріне  бағытталуы  мен  сипатын  есепке  ала

отырып,  болашақ оқытушыларды  даярлауды  жүзеге  асыруды  алдыңғы қатарға

қою қажет.  Оқытушыны  даярау  ісі  бейінді  оқытудың мазмұндық және

процессуалдық аспектілерін қамтитын,  оқытушының инновациялық  қызметке

теориялық

және  тәжірибелік  дайындығы  моделіне  бағдарлануы  тиіс.

Болжамалы  модельді  пайдалану  мектеп  пен қоғамның мұғалімге қоятын

заманауи  талаптарына  жауап  беретін,  бұрын  белгіленген  параметрлермен

маманның қалыптасуының мақсатты үдерісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бейінді  оқыту  жағдайында  болашақ  ұстаздың

мектептегі

жұмысқа

теориялық



және  тәжірибелік  даярлығын

қалыптастыру

үдерісін  келесі

әлеуметтік-педагогикалық шарттар негізінде атауға болады:

- педагогтың кәсіби қызметіне қойылатын  талаптардың жаңа  мазмұнын

оқытуға бағдарлау;

- бейінді  оқыту  жағдайында  оқытушыға  инновациялық ізденісті  жүзеге

асыруға мүмкіндік беретін, мақсатты тұжырымдау деңгейінде теориялық білім

мен  сәйкес  дағдылар  жиынтығын  (талдау-болжамалы,  жобалық

және


рефлексивтік) есепке ала отырып, бейінді оқыту жағдайында мектеп жұмысына

студенттерді даярлау моделін құру;

- бейінді  оқыту  жағдайында  студенттерді  педагогикалық білім  беру

жүйесінде  және  олардың мектептегі  кәсіптік қызметке  оқыту үдерісінің

сабақтас байланыстарын іске асыру.

Болашақ  ұстаздарды  даярлау  моделінің мазмұндық аспектісі  бейінді  оқыту

жағдайында  оқытушыға  инновациялық ізденісті  жүзеге  асыруға  мүмкіндік

беретін  жаңа  сапалы  деңгейде  теориялық білім  мен  дағдылар  жиынтығына

(талдау-болжамалы,  жобалық

және  рефлексивтік)  негізделген,  мақсатты

болжамдық деңгейдегі қызметке  педагогтың дайындығын қосуы  тиіс.  Модель

аспектісінің процессуалдық  (технологиялық) аспектісі  тапсырмалар  мазмұнын,

түрін  және  оқыту құралын  таңдау  негізінде  дидактикалық тапсырмалардың

шешімі 


мен 

берілуінің

бірізділігін

қамтамасыз 

ететін, 

көпдеңгейлі

педагогикалық білім  кезеңдерінің ерекшеліктерін  есепке  алатын,  студенттерді

оқыту үдерісін кезеңдік ұйымдастыруды көздейді.

Бейінді оқыту жағдайында мектеп жұмысына оқытушының теориялық және

тәжірибелік  дайындығы,  біздің түсінігімізше, ұстаздың талдау-болжамалы,

жобалық және  рефлексивтік қабілеттерін  теориялық білім  негізінде  меңгеруді

болжайтын, оларды жаңа білім беру жағдайында тәжірибеде өз білімдерін іске

асыратын,  мақсатты  тұжырымдау  деңгейінде  оқытушының    қызметке

қабілеттілігі  болып  саналады.  Бейінді  оқыту  жағдайындағы  мектеп  жұмысына

оқытушының теориялық және  тәжірибелік  дайындығы  моделі  жаңа  сапалы

деңгейдегі  теориялық білім  мен  тәжірибелік  дағды  жиынтығы  (талдау-

болжамалы, жобалық және рефлексивтік) ретінде қарастырылады.

Ұстаз  даярлау үдерісінде  теория  мен  тәжірибені ықпалдастыруға,  алған

білімді

өзектілендіруге,  студенттердің



негізгі  кәсіптік  дағдылары  мен

қабілеттерін қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін,  психолого-педагогикалық

практикум  басты  роль  атқарады.  Тәжірибелік  білім  алу  барысында


61

студенттердің  қызметі  бейінді оқыту  жағдайында  педагогикалық міндеттер

жүйесін құру,  педагогикалық жобалау  нысандарын  таңдау  жолымен,  ойын

модельдеудің

түрлерін  кеңінен  пайдалану,  бейінді  оқыту  жағдайында

оқушылардың жеке  білім  траекториясын  жасау  жолымен  оқытушының

инновациялық қызметін модельдеуге бағытталуы тиіс.

Болашақ  ұстазды  даярлау үшін  ең маңыздысы - жалпыкәсіптік  пәндер,

арнайы  курстар  мен  арнайы  семинар  циклдері  бойынша  таңдалатын  пәндер.

Бұл  пәндер  педагогикалық жоғары  оқу  орын  студенттерін  даярлаудың негізгі

деңгейін ұлғайтады  және  толықтырады  және  кәсіби қызметте  болашақ

оқытушылардың тиімді  бейімделуге  мүмкіндік  туғызады.  Бейінді  оқыту

жағдайында  пәндерді  тағдау  бойынша  меңгеру  аясында  пәндік  салалардың

ықпалдасуы (педагогика, психология, оқыту әдістемесі) айрықша өзектілікке ие

болады.

Ауылдық шағынжинақты мектептер туралы кейбір мақалаларда ауылдық аз



ғана  мектептерде  бейінді  оқытуды  іске  асырудың күрделілігі  айтылады.

Біріншіден,  ауылдық шағынжинақты  және  аздаған  мектеп  мұғалімдерінің

бейінді  оқытуды  жүзеге  асыру үшін  оқу  сағаттарының аз  болуы әсер  етеді,

себебі олардың жүктемесі мектептегі жиынтық-сыныптар санына байланысты.

Екіншіден,  азын-аулақ мектеп  жағдайында  барлық бағыт  бойынша  жоғары

деңгейлі мамандар тапшы болып келеді.

Кейбір ауыл мектептерінде аздаған кедергілерге қарамастан, бейіндік және

элективтік  курстарға  бірден,  болмаса,  екі  профиль  бойынша өткізеді. Қазір,

бұрынғы  замандағыдай,  ауыл  оқушысы  таңдай  алмайды,  себебі  шешімін

таппаған  кадрлық проблема – педагогтардың жеткізілксіз  даярлығы  кедергі.

Сондықтан  ауыл  оқушыларды  бейінді  оқыту  сапасы қалалық оқушылармен

салыстырғанда айтарлықтай төменгі деңгейге бағдарланады.

Алайда ауыл оқушыларын бейінді оқыту сапасын желілік ұйымдар есебінен

көтерудің әлі де мүмкіндіктері бар.



Бірінші  нұсқа, тұжырымдамада  көрсетілген  жағдай  мектеп  арасының

ұзақтығына  байланысты  ыңғайсыз  саналады.  Бір-біріне  жақын  орналасқан

(9-30 км) мектептер арасынан өзгелері үшін «ресурс орталығы» болатын біреуін

таңдау қажет.  Алайда, қарашадан  бастап  сәуірге  дейін  жалғасатын  сібір

қысында оқушыларды  «ресурс  орталығына»  жеткізу  денсаулыққа  зиян  болуы

да мүмкін. Экономикалық тұрғыдан бұл да тиімсіз.

Және  екінші  нұсқа,  тұжырымдама  авторларының  ұсынғанын  біздің

жағдайда  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Бұл  тағы  да  елді  мекендер-ауылдар  және

аудандық әкімшілік  орталықтары  немесе қалалары  арасының  қашықтығымен

байланысты. Бұл жерде ара-қашықтық 20 дан 500 км аралыққа дейін саналады.

Жоғары  оқу  орындары  ауыл  оқушыларына  көшпелі  ақылы  «жексенбілік

мектеп»  сияқты  дайындық курстарын ұйымдастырады,  бірақ бітірушілер

оқытушыларымен  аптасына  бір  рет қана  кездеседі.  Мұндай  курстар  аудан

орталығының білім  беру ұйымдарының бірінің негізінде өткізіледі. Қазіргі

көлік  мәселесінің туындауына  байланысты  аудан  орталығында  тұрмайтын

аздаған  оқушылар ғана  осындай  курстарға қатысып  жүр.  Бұған қоса,  ауыл



62

шаруашылығында қолдары  босамайтын,  6-7  жыл  бойы  жалақыларын  ала

алмайтын ата-аналар балаларының оқуын төлеуге қауқарсыз.

Жоғары  сынып  оқушыларын  бейінді  оқыту  міндетін  шешу үшін  басқа  да

идеяларға  жүгініп  көрдік.  Олардың

бірі  мектептердің

педагогикалық

ұжымдарын өзара әрекеттестіру есебінен пайда болды.

Бейінді  оқыту  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  пайдалану

арқылы қашықтықтан  оқыту  режимінде  іске  асады.  Бес  жалпы  білім  беретін

«серіктес»  мектептердің жоғары  сатыларында,  негізінен қашықтықтан  оқитын

оқушылардың бейіндік тобы қалыптасады.

Бейінді  оқыту әртүрлі  мектептерде қызмет  ететін  педагогтар  тобымен

жүзеге  асырылады.  Топта – жетекші ұстаз  (ұстаздар),  элективтік  курс

оқытушылары,  кәсіптік  топ  кураторлары қызмет  етеді.  Жетекші ұстаздар

«серіктестіктің»  әлдеқайда  жетік  даярланған  педагогтары қатарынан  шығады.

Бейіндік және элективтік курсқа жетекшілік ететін жетекші ұстаздар міндетіне

оқушыларға  арналған  оқу  материалдарын әзірлеу  және  оларды қашықтықтан

оқыту  режиміне үйрету  кіреді.  Бейіндік  топ  кураторлары  оқушылардың жеке

білім  беру  бағдарламаларын

құру  және  оларды  іске  асыру

үдерісін


ұйымдастырады.  Сонымен қатар,  кураторлар қашықтықтан  оқыту үдерісінде

балаларды  «сүйемелдеушілер»  болып  табылады.  Олар әртүрлі  жастағы  және

түрлі  деңгейлі  оқу  топтары  жағдайында  алған  тапсырмаларын  орындауды

ұйымдастырады,  оқу үдерісі  кезінде  туындаған қиындықтарды  анықтауға

көмектеседі,  жетекші

ұстаздар  немесе  элективті  курс

ұстаздарының

сұраныстарын  ресімдейді,  күндізгі  кеңес  беру

қажеттілігін  анықтайды,

оқушылардың ата-аналарымен өзара байланысын қолдайды және т.с.с.

Тоқсанына  бір  рет  оқушылардың профиль  оқытушыларымен  күндізгі

кездесуі ұйымдастырылады  (күндізгі  сессия).  Күндізгі  сессияның мақсаттары

мен  міндеттері әртүрлі  болуы мүмкін – нұсқаущы,  сынақ, зертханалық-

тәжірибелік, іздеу-зерттеу және т.б. Мұндай кездесулер қатарына «қысқы және

жазғы  мектептер»  кіреді,  онда  бейінді  оқыту  міндеттері ғана  емес,  бітіруші

түлектерін  тәрбиелеу  және

әлеуметтендіру  міндеттерін  шешу  жүзеге

асырылады. Қашықтықтан  оқыту  режимінде  іске  асырылатын  профильдермен

қатар  «күндізгі»  оқыту  да  жүргізіледі.  Мысалы,  технологиялық профиль -

«тракторшы-машинист» мамандығы, «шаштараз» және т.б.

Негізгі  жалпы  білім  беретін  пәндер әр  мектептің пән-мұғалімдерімен

қарапайым режимде жүреді.

Бейінді  оқыту үдерісін  басқару  «серіктестіктің» директорлық корпусымен

жүзеге  асырылады.  Жауапкершілік  мектеп  директорларының

арасында

төмендегідей бөлінген:

оқушылардың әртүрлі жастағы бейіндік топтарын ұйымдастыру;

оқыту бейініне қарай оқушылардың өзін-өзі анықтау үжерісін қамтамасыз

ету:  жаратылыстану-математикалық, гуманитарлық,  әлеуметтік-экономикалық,

технологиялық;

- оқыту үдерісін ұйымдастыру:  негізгі,  бейіндік  және  элективтік  курстарға

арналған оқу кестесін құру;



63

-

бейінді 



оқытудағы

ұстаздар 

тобында 

кадрлар 


даярлау 

және


функционалдық міндеттерін  бөлу  (жетекші  мұғалім,  куратор,  кеңесші  және

т.с.с).


Директордың жедел-тактикалық мәселелерді  шешетін,  бейінді  оқытуды

басқаратын өз командасы бар.

Бейінді оқытуға жетекшілік етуді аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері

мамандары жүргізеді.

Бұл модельді іске асыру міндеттер қатарына қайта ресімделетін белгілі бір

қиындықтар мен проблемалармен байланысты. Олардың ішінде:

- ақпараттық-коммуникативтік  технология құралдарымен  жұмыс  істеуге

бейінді оқыту педагогтарын және болашақ бейіндік топ оқушыларын даярлау;

- оқу материалдарын қашықтықтан оқыту режиміне бейімдеу;

- педагогтар  мен  оқушылардың күндізгі  және  кешкі  оқудағы өзара

әрекеттерін ұйымдастыру және құру;

- эксперимент  режимінде қашықтықтан  оқытудың түрлі  элементтерін

еңбекпен өтеу;

- қашықтықтан  оқытудың  «техникалық негізін»  даярлау – білім  беру

мекемелерін  компьютерлік  техникамен қосымша  жабдықтау,  техникалық

ақпараттық арналарды дайындау;

- бейінді  оқытуды  басқару  жүйесін,  нормативтік-құқықтық негізін  және

басқа да міндеттерді жасау.



ҚР білім беру жүйесіндегі 12 жылды білімдегі бейіндік оқыту

ҚР  Білім  жөніндегі  Заңына  сәйкес ҚР  2011-2020  жылғы  білім  дамуының

мемлекеттік  бағдарламасында  12  жылдық білім  беру құрылымы  келесі

деңгейлерден тұрады:



Бастауыш  білім  беру(1-4  сыныптар), баланың танымдық процеске оң

уәжі болуын, оқыту әрекетіне жеке қабілеттіліктерінің дамуын және ептілігін,

баланың жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етеді;

Негізгі  орта  білім  беру  (5-10  сыныптар),  оқушының жоғары  рухани-

адамгершілік    мәдениетінің  қалыптасуын,  тұлғааралық, этноаралық  қатынас

мәдениетінің,  өз  басына өзі  жауап  беруін  және  бейінді  дайындығын, ғылым

жүйесінің базалық негіздерін қамтамасыз етеді.



Жалпы  орта  білім  беру  (11-12  сыныптар),  алдағы  интеллектуалдық,

рухани, физикалық өсуінің жасалу шарттарын, келешек мамандығының таңдау

бағытының жіктелу,  бірігу  негізінде    білім  беру    мазмұнының кескінделуін,

қоршаған  орта,  адам, қоғам  туралы  оқушының    қорытындалған  білімдерін

біртұтас игеруін қамтамасыз етеді.

Бейінді  оқытумен  байланысты 12  жылдықбілім  берудің келесі  негізгі

ерекшеліктерін атап өту керек:

1. Таңдаулы 

бағыт 

бойынша 


(табиғи-математикалық, 

қоғамдық-

математикалық және  технологиялық)  11-12                  сыныптарда  бейінді  оқыту.

Түлектерді жоғары дәрежеде дайындаумен байланысты:

- Жоғары білім беруде келешек мамандықты таңдауға;


64

- Жоғары оқу орнында оқуларына.

Осыған  орай,  жоғары  білімді,  жоғарыквалификацияланған  мамандар,

келешек ғалымдар  дайындаудың бастапқы  базасының, негізінің  құрылуы –

бейінді оқытудың мақсаты болып табылады.

Бұл  ретте  бейінді  оқыту  мектеп қабырғасында оқушылардың бастауыш



деңгейдегі мамандықтарын ұсынуды өзінің мақсаты етіп қарастырмайды.

2. Оқушыларға бастауыш буын кәсіптерін меңгерту колледждерде міндеті

техникалық және  кәсіи  білім  беру  аясында  шешіледі.  Бүгінде  колледждер

қалалық та,  ауылдық та  (ірі  ауылдық мекендер)  жерлерде  жұмыс  жасайтыны

белгілі.

3. Негізгі  мектептің жоғары  сыныптарында  (9-10  сыныптар) бейіналды



дайындықты жеке  пәндерді  тереңдете  оқитын  оқушылар    санатында  негізгі

мектепті  бітірген  соң ЖОО-ға  түсу үшін  бейіндік  мектепте  (11-12  сыныптар)

білімін жалғастыруды жоспарлағандары ғана оқиды.

4. Ұсынылатыны: негізгі  мектепті  бітірген  соң  (10 сыныптан  соң): -

оқушылар, өз қалаулары бойынша, түсу емтиханысыз, оқуды техникалық және

кәсіби білім беру және ортадан скейінгі ілім беру ұйымдарында жалғастырады.

Емтихансыз  түсу  оқушылардың  өз  жеке  тұлғасының даму  траекториясын  ерте

анықтауға  мүмкіндік  береді.  Осының негізінде  колледж  оқушыларының

алдында өз кәсіби дамуын жалғастырудың үш жолы  ашылады.

2-курсты аяқтап, оқушы жалпы білім берудің базалық мазмұнын меңгереді

(11-12 сыныптардың қажетті минимумы), сонымен қатар біліктіліктің бастапқы

деңгейін бітіргені туралы куәлік алу үшін керекті пәндер оқытылады. 2 курстан

соң, колледж студенттерінің қолынан келетіні:

а)  осы ұйымда  оқуын  жалғастырып,  3-4  курстарда  біліктіліктің орта

буынын алады (үлгерімнің керекті деңгейіне ие болғанда);

игерген  кәсібі  бойынша  жұмысқа  орналасып  (кіші  маман  кәсібі  бойынша),

сол  мезгілде  колледждегі  оқуын қашықтан  оқу  не  сырттай  оқу  формасында

жалғастырады;

б)  кешенді  тестілеу  (КТ)  негізінде  толық оқыту  бағдарламасын    аяқтауға

жоғары оқу орнына түсу.

Колледжді    ТжКБ-нің және  ортадан  соңғы  білімнің  (1-4  курс)  толық оқу

бағдарламасын  аяқтаған  соң, оқушылар  орта  буын  маманының дипломын

алады, ол иплом мынадай құқықтар береді:

а) мамандығы бойынша білім деңгейіне сай жұмысқа орналаса алады (орта

буын маманы);

ә) кешенді  тестілеу  нәтижесі  бойынша  ЖОО-ға  түсіп, қысқартылған

бакалавриат бағдарламасымен  оқи алады (4 жылдың орнына  3 жыл оқиды).

5.  Бейіндік  сыныптардағы  (11-12  сыныптар)  оқушылар,  бейіндік  пәндерді

тереңдете  оқудан  басқа,

ҚР  БҒМ-мен  келісілген  көлемдегі  жоғары  оқу

орындарының жалпы білімдік пәндерін оқиды ( саясаттану, мәдениеттану т.б.).

12 жылдық мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) негізінде  жалпы

орта  білім  туралы  аттестат  алып,    тәуелсіз ұлттық тестілеу  формасындағы

бейіндік емтихандарнегізінде ЖОО-ғатүсе алады.



65

6. Өзінің түпмәні  жағынан,  11-12  сыныптардағы  бейіндік  оқытудан  кейін

түлектер  ЖОО-ға  емтихансыз  түседі.  Бейіндік  оқытуға  (11-12  сыныптар)

түсудің осындай  мақсаты  5-10  сыныптарда  оқудың уәжділігін  жайлы  жағынан

жоғарылата алады.

Оқушылар  10  сыныптан  соң ТжКБ-ге  түсу  емтиханысыз  түсе  алады  және

алғашқы  екі  курсты  тегін  (бюджет  есебінен)  оқи  алады  (бұл – олардың

конституциялық  құқығы),  не  болмаса,  кем  дегенде,  базалық орта  білім  тегін

берілуі тиіс.

1. Жалпы  орта  білім  (бейіндік  оқыту)  11-12  сыныптарда  білім  беруді

ұйымдастырудың мынадай түрлері арқылы жүзеге асырылады:

- бейіндік сыныптары бар жалпы білім беретін мектептерде;

- үш бағыттағы 11-12 сыныптар (ЖМБ, ҚГБ, технологиялық);

- бір бағытта оқытуды  іске асыратын «Бейіндік мектептерде» (лицейлер –

ЖМБ, не гимназиялар - ҚГБ) (бірбейінді мектептер);

- ірі  ауылдық мекендерде  ашылған  тірек  мектептерде  («Ресурстық

орталықтар»).

Жалпыбілім  беретін ұйым  (бейіндік  мектеп) қалалық және  ауылдық

жерлерде  жұмыс  жасап  жатқан  жалпы  орта  білім  беретін  мектептер  негізінде

құрылады  және  оқыту  3  бағыт  бойынша  жүргізіледі  (жаратылыстану-

математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық).



Бірбейінді  мектеп  дегенде, бір  бағыттағы  жалпы  білім  беретін ұйым

түсінілетіні  белгілі.  Бірбейінді  мектептің бағытын  анықтауда    мектептің

материалдық-техникалық және  мамандар

әлеуеті    назарда

ұсталынады.

Мысалы,  жұмыс  жасап  жатқан  лицейлерде – жаратылыстану-математикалық

бағыттағы  бейіндік  мектепті  ашудың алғышарттары  бар,  жұмыс  жасап  жатқан

гимназияларда – қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  бейіндік  мектептер  ашуға

керекті  алғышарттар бар.    Аймақтың экономикалық сұраныстарын  ескергенде,

облыс  орталықтары  мен  ірі қалаларда

қосымша  жаңа  бейіндік  мектептер

салынуы мүмкін.



Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) - білім  беру ұйымы,  оның базасында

жақын  жатқан  ШЖМ-ң білім  беру  ресурстары  жинақталады, Әрбір  ресурстың

артында  бірнеше  ШЖМ  тіркеледі.  ШЖМ  оқушысы  он  күннен үш  рет  тірек

мектебінде 

оқып, 

онда 


аралық 

қорытынды 

аттестация 

тапсырады.

Сессияаралық кезеңде  ШЖМ-да  оқыту    тірек  мектебінің мұғалімдерінің

қатысуымен  және қашықтан  оқыту  технологияларын қолданумен өткізіледі.

Осылай,  ШЖМ  мәселесі  тірек  мектептер,  интернаттар  мен  тасып  жеткізу

есебінен шешіледі (БДМБ қағидалары бойынша).

2. БДМБ-на    орай,  бастауыш,  негізгі  бейіндік  мектептерді  аяқтаған  соң,

ұлттық тестілеу жүйесі жүргізіледі:

- бастауыш  мектепте

таңдалып  жүргізіледі,  оқушылардың



оқу

жетістіктерін мониторингілеу мақсатымен;

- негізгі  мектепте – оқытудың одан әрі қарайғы  траекториясын    анықтау

мақсатымен;



66

- жалпы  білім  беретін  (бейіндік)  мектепте-

ұлттық бірыңғай  тестілеу

түріндеалынған білім, білік, дағдылардың деңгейін анықтау мақсатымен;

- бұдан  басқа,  БДМБ-ге  сәйкес,  жоғары  білім  алуға үміткерлер  тәуелсіз

ұлттық тестілеу түрінде қосымша бейіндік емтихандар тапсыратын болады.

3. 11-12 сыныптарда үшінші - технологиялық бағытты енгізудің негіздемесі.

Қазақстан  экономикасының  өсуі  жұмысшы  мамандығы  негізгі  болып

саналатын  орта  іскерліктің дамуымен  тікелей    байланысты  болып  келеді.  Ерте

еректенудің  қажеттілігі  мен  білім  алып  жатқан  жастардың

жұмысшы

мамандығына бағдар алуы технологиялық бағытты енгізуді талап етеді.



Осымен  де байланысты, ҚР  «Білім  туралы»  заңының 16  бап. 3 т. бұрынғы

ережесін қайта қалыпқа келтіруді жөн деп санаймыз. Жалпы білім беретін оқу

бағдарламалары саралау,икіріктіру және кәсіби дайындыққа бағдар ұстануымен

ерекшеленіп әзірленеді.  Бейіндік  оқытуды  енгізу әлеуметтік-гуманитарлық,

жаратылыстану, 

технологиялық

және 

оқушыларды 



кәсібиге 

дейінгі


дайындыққа бағдарлайтын басқа бағыттарды жүзеге асыруды көздейді. Жалпы

орта білім берудің жалпыбілімдік оқу  бағдарламасын игеру мерзімі - екі жыл.

(бұл  тармақша "Білім  туралы" Қазақстан  Республикасының Заңына өзгерістер

мен  толықтырулар  енгізу  туралы Қазақстан  Республикасының  2011 жылғы

24 қазандағы  №  487-ІV  Заңымен  алынып,  онда  технологиялық бағдар  алынып

тасталынды).

Үшінші технологиялық бағыттың енгізілуі қажеттілігі туралы негіздеме.

Бұған Білім  туралы" Қазақстан  Республикасының Заңына өзгерістер  мен

толықтырулар  енгізу  туралыҚазақстан  Республикасының  2011

жылғы


24 қазандағы № 487-ІV Заңының 1 бабының 18 т. негіздеме бола алады.

Осы ұсынысқа орай, БДМБ-ның сәйкес ережесіне өзгеріс енгізу керек, онда:

«2014  жылға қарай  «Бейіндік  мектеп»  атты    бейіндік  оқыту  бағдарламасы

әзірленіп,  сынақтан өткізіледі.  Онда    мынадай  бағыт  көрсетілген: қоғамдық-

гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар болады.

Тәуелсіз 

бағасапасы 

 

(ТБС)



-

оқушылардың

еңбек

қызметіне



шығарылуының ерекшелігі болып табылады.

67



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет