12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата15.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#9686
  1   2   3   4   5   6   7   8

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру

(эксперимент)

Әдістемелік құрал

Астана

2013


2

Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы Ғылыми  кеңесімен

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).

12  жылдық мектепте  бейіндік  оқытуды ұйымдастыру  (эксперимент).

Әдістемелік

құрал.


Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы

Ұлттық

білім


академиясы, 2013. – 87 б.

Әдістемелік құралда үлгілік оқу жоспарында бейіндік пәндер бойынша оқу

жүктемесінің ерекшеліктері, пәндер  бойынша бейіндік  білім беру мазмұны,

мектептерде  бейіндік  оқытуды ұйымдастырудың жолдары  және  бейіндік

сыныптарда

білім  алатындардың педагогикалық кадрларының деңгейіне

қойылатын талаптар қарастырылады.

Құралда  бейіндік  оқытуды ұйымдастыруда  оқушылар  мен  ата-аналардан

алдын ала  сұрақтар бойынша пікірлерін білу және нақты аймақ, қала, ауданның

еңбек  нарығының сұранысы  тірек  ретінде  алынады.  Мектептің  (мамандар,

материалдық-техникалық  қоры)  мүмкіндігі  де  маңыздылығы  жағынан  жоғары

көрсеткіш болып саналады.

Әдістемелік құрал мұғалім-экспериментаторларға, білім беру ұйымдарының

басшыларына,  12-жылдық

білім  беруге  көшу  бойынша  экспериментке

жетекшілік  ететін  облыстық  (қалалық) педагогикалық кадрлар  біліктілігін

арттыру және қайта даярлау институттарының әдіскерлеріне арналады.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013


3

Кіріспе

Бейіндік  оқыту  мектепте  білім  беруді  дамытуда өзекті  және  маңызды

қадам  болып  табылады.  Осы  сияқты  көлемдегі  барлық басқа  жаңа

енгізілімдер  сияқты,  бұл қадам  да  барынша  ойлануды,  тындырымды

нақтылауды    керек  етеді.  Ең алдымен,  «бейіндік  оқыту»  және  «бейіндік

мектеп» ұғымдарын ажырату қажет.



Бейіндік  оқыту – саралай  және  даралай  оқытудың құралы,  білім  беру

үдерісінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастыруында өзгертулер енгізе

отырып, 

оқушылардың 

 

қызығушылықтарын,



қабілеттері 

мен


бейімділіктерін 

ескеретін, 

жоғары 

сынып 


оқушыларының

бейіндік


қызығушылықтарына  және  таңдаған  бағыттарына  білімді  жалғастыруына

сәйкес оқыту жағдайларын жасау.



Бейіндік  мектеп – осы  мақсатқа  жетудің институционалдық формасы.

Бұл  негізгі  форма  болғанымен,  жекелеген  жағдайларда  бейіндік  оқытудың

басқа  формалары  перспективалы  бола  алады,  оның ішінде  білім  стандарты

мен бағдарламаларды  жүзеге  асыруда    жеке  білім  беру ұйымынан  тысқары

шығара алатын формалар да болады.

Бейіндік  оқыту  жеке  тұлғаны қалыптастыруға  бағдарланған оқыту

үдерісін 

жүзеге 


асыруға 

бағытталады. 

Бұл 

ретте 


оқушылардың

индивидуалдық білім  алу  траекториясын  реттеу  мүмкіндігі  кәдімгідей

кеңейеді.

Бейіндік оқытуға көшудің көздеген мынадай негізгі мақсаттары бар:

- жалпы  орта  білім  берудің жекелеген  пәндерін  тереңдете  оқытуды

қамтамасыз ету;

- оқушылардың индивидуалдық білім  бағдарламаларын құрудың кең

ауқымдағы және  икемді  мүмкіндіктерін  анықтай  отырып,жоғары  сынып

оқушыларын оқыту мазмұнын мәнділікпен саралауға жағдай жасау;

- оқушылардың 

қабілеті 

мен 


индивидуалдық

бейімділіктеріне,

қажеттіліктеріне  орай,  түрлі  категориядағы  оқушылардың

толыққанды

білім алуға  тең қолжетімдігін орнатуға ықпал ету;

- оқушылардың  әлеуметтену  мүмкіндіктерін  кеңейту,  жалпы  және

кәсіби  білім  беру  арасындағы  сабақтастықтың  қамтамасыз  ету,  мектеп

түлектерін  жоғары  кәсіби  білім  бағдарламаларын  меңгеруге  тиімділікпен

даярлау.

Бейіндік білім беру ұйымы бүгінгі күні аса қажет ететін мәселелер:

- оқушылар мен тәрбиеленушілерге кәсіби бағдар беру, бейіналды және

бейіндік даярлауды жүзеге асыру брйынша жүйелі жұмыс жүргізу, нәтижесі

түлектердің



болашақ

мамандығын 

игеруге 

жоғары 


деңгейдегі

психологиялық және интеллектуалдық (білімдік) даярлығы болуы;

- кәсіби  бағдар  беру,  бейіналды  және  бейіндік  оқыту  бағдарламалары

бойынша 


көрестілетін 

білімдік


қызметке 

білім 


беру

үдерісіне

қатысушылардың сұранысы болуы;

- біліктілігі бар мамандар құрамы болуы;



4

- қажетті материалдық-техникалық базасы болуы;

- таңдалған бағыт бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;

- оқушылардың  өзін-өзі  тануы  мен әлеуметтік  бейімделуі үдерістерінің

жүйелі психология-педагогикалық қамтамасыз етілуі;

- бейіндік  пәндердің оқытылу  сапасын  бақылайтын  және әдістемелік

қамтамасыз  ететін әдістемелік  кеңес  болуы;    бейіналды  және  бейіндік

оқытуды


ұйымдастыру 

мен 


нәтижелерінің

бағаланымы 

бойынша

аналитикалық іс-әрекеттер  жасау;  таңдалған  бағыттар  бойынша  зерттеулер



мен әзірлемелердің оза  жүру  сипаты;  бейіналды  және  бейіндік  оқытудың

бағыттарына  сәйкес    келетін  кәсіби  бағдар  беру  жұмысының мазмұны  мен

формаларын әзірлеу;

- ақпараттық-талдау қызметін ұйымдастыру.

Жалпы  білімнің жоғары  сатысын  жаңалаудың басты  идеясы - мұндағы

білім  беру  барысының неғұрлым  индивидуалдануы,  функционалдануы  мен

тиімді болуы.

Көпжылғы  тәжірибе  көрсеткендей,  жасөсіпірім  шақтың  15

жас

шамасынан 



бастап 

білім 


беру 

жүйесінде 

оқушылардың 

өз

қызығушылықтарының,  қабілеттерінің және  мектептен  кейінгі өмірлік



жоспарларының жүзеге асырылуына жағдайлар жасалынуы керек.

Әлеуметтік  зерттеулер  жоғары  сынып  оқушыларының көпшілігі  (70%

шамасы)  «негізгі  пәндердің басты қағидаларын  білу,  ал  терең оқуға  тек

мамандануға  байланысты  пәндер ғана  таңдалуына»  мүдделі  екендігін

көрсетеді.  Басқаша  айтқанда,  жоғары  сынып  оқушыларында  оқытуды

бейіндендіру  жоғары  сынып  оқушыларының көпшілігінің

білімдік  және

өмірлік


ұстанымдарына  сәйкес  келеді.  15-16  жасқа  таман  көптеген

оқушыларда  болашақ кәсіби қызметіне  бағдар қалыптаса бастайды.

Қазіргі  кезеңде  жоғары  сынып  оқушыларының ЖОО-ға  түсу  мен

сынақтардан

өтуі 

бойынша 


мектепте

қосымша 


мамандандырылған

даярлықтың қажеттілігі туралы тұрақты пікір қалыптасқан.

Жалпы  білім  беретін ұйымдардағы  жоғары  сынып  оқушыларының

дәстүрлі 

бейіндік 

емес 


даярлығы 

мектеп 


пен 

ЖОО


арасындағы

сабақтастықтығы  бұзылуына  алып  келді,  ЖОО-ларда  көптеген  даярлық

бөлімдерін,  репетиторлық, ақылы  курстар  т.б.  ашуға  жетеледі.  Жалпы  орта

білім  беретін  мектептің міндеті – жоғары  сынып  оқушыларының кәсіби

бағдар алуына жағдайлар жасау.

Әлемдік    ақпараттық кеңістіктің дамуына  байланысты,  білім  беру

саласын да жаңа қарқынмен, жаңа мазмұн байлығымен дамыту керек. Білім

мазмұнында қоғамның құндылықтары, рухани және шығармашылық әлеуеті

қалыптасатындай күш болуы керек.

Ол үшін    білім  беруге  деген  көзқарас  түбегейлі өзгеруі  керек,  атап

айтқанда,  оқушылар  тек  білім,  білік,  дағдыны  меңгеріп қоюы ғана

көзделмей,  есесіне,  адамдық болмысының  қалыптасуына, әрқайсысының

қайталанбас өзіндік  тұлғасы қалыптасуына  ден қою  керек.  Бейіндік

оқытудың түпкі көздейтін мақсаты  осындай болуы керек.



5

1 Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы

Елімізде білім беру үдерістерін реттеуші негізгі құжат болып 2007 жылы

қабылданып,  2011  жылы өзгертулер  енгізілген ҚР  «Білім  туралы»  Заңы

табылады [1].

Сонымен бірге бейіндік оқытудың нормативтік-құқықтық негізіне:

- Қазақстан  Республикасының  1997 жылдың  11 шілдесінде қабылданған

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы;

- Қазақстан  Республикасының  2002 жылдың  8 тамызында қабылданған

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» №345 Заңы;

- Қазақстан 

Республикасының

Президенті

Ұлт 


Көшбасшысы

Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан 

халқына 


Жолдауы 

«Қазақстан-2050»

стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;

- Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020

жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;

- Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен қолданудың  2011-

2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-

2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары;

- «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру  объектілеріне

қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар»

санитариялық

қағидаларын  бекіту  туралы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы

30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысы.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған  Мемлекеттік  бағдарламасында  2015  жылдан  бастап  жалпы  білім

беретін 

мектептердің,

интеллектуалдық

мектептердің,

лицейлердің,

гимназиялардың

жоғарғы  сыныптарында  бейіндік  оқытуға  арналған

«Бейіндік  мектеп»  бағдарламасы  іске қосылады  деп  атап  көрсетілген.

Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.

Бейіндік  мектепте  10  сыныпты  аяқтаған  түлектердің  60% оқиды  деп

күтіледі.  Бұл  ретте  бейіндік  мектептер  ашып,  олардың

жанынан


жатақханалар  ашылып,  олардың жартысынан  көбі – ауылдық жерлерде

болады  деп  күтілуде.  Осымен  бір  мезгілде,  базаларында  бейіндік  оқыту

бағдарламаларын  жүзеге  асыратын  мектептер  ашылатын  40 базалық ЖОО

анықталған (11-12 сынып) [2].

Жинақталған  тәжірибе  мен

халықаралық

практиканы  ескергенде,

Қазақстанның білім  беру  жүйесі  2015  жылдан  бастап  БХСЖ  сатыларына

сәйкестендіріледі.  Арнайы  техникалық және  кәсіби,  ортадан    кейінгі  білім

жіктелісі қайта қарастырылатын  болады.  Жекелеген  орта  кәсіби  білім

бағдарламалары

үшіншілік  білім  беруге  (қолданбалы  бакалавриатқа)

жатқызылатын болады, сөйтіп колледждердің мәртебесі жоғарылайды.

Қолданбалы  бакалавриат  бағдарламаларына  оқуға  түсу үшін  толық

жалпы орта білімді аяқтау міндетті болып табылады.


6

Әлемдік  тәжірибені  ескере отырып,  оқушылардың оқу  жетістіктерін

бағалау  жүйесі дамытыла бастайды. Ұлттық тестілеу  бастауыш,  негізгі және

бейіндік мектепті аяқтаған соң жүргізілетін болады:

- бастауыш  мектепте – оқушылардың оқу  жетістіктеріне  мониторинг

жасау мақсатымен іріктелініп жүргізіледі;

- негізгі  мектепте  (10  сыныптан  соң)

оқытудың    әрі

қарайғы

траекториясын анықтау мақсатымен жүргізіледі;



- бейіндік  мектепте – алынған  білім  мен  білік  деңгейлерін  бағалау

мақсатымен жүргізіледі.

2015  жылға қарай    білім  алушылардың  құзыреттілігі қалыптасу  деңгейін

анықтауға  арналған,  жазба  тапсырмалар қосылған  тестілік  тапсырмалардың

қоры қалыптасады.

Сыртқы 


емтихандар 

жаңа 


ақпараттық

технологиялар 

негізінде

жүргізілетін  компьютерлік  тестілеу  бойынша  жүргізіледі.  Жоғары  білім

алуға үміткерлер  тәуелсіз ұлттық тестілеу  формасындағы қосымша  бейіндік

емтихандар тапсырады [2].



7

2

Үлгілік  оқу  жоспарындағы  бейіндік

пәндер  бойынша

оқу

жүктемесінің ерекшеліктері

Бейінді оқытудың әдістемелік негізі

Бейінді  оқыту – білім  беру үдерісінің  құрылымында,  мазмұнында және

ұйымдастырылуындаға өзгерістер  есебінен  оқушылардың  қызығушылықтары,

бейімдіктері  және қабілеттері  толық есепке  алынғанда,  оқуды  жалғастыруға

байланысты  жоғары  сынып  оқушыларының кәсіптік қызығушылықтары  мен

ниеттеріне  сәйкес  білім  алулары үшін  жағдай  жасалған  кездегі  білімді

дифференциациялау  және  даралау құралы.  Бұл  ретте  оқушының жеке  білім

траекториясын құру мүмкіндігі ұлғаяды.

Бейіндік  мектеп  осы  мақсатты  іске  асырудың институциналды  түрі, әрине

бірегей  емес  негізгі  түрі  болып  табылады.  Жекелеген жағдайда,  бейінді

оқытудың басқа  түрлері  де  перспективті  болуы  мүмкін,  мысалы,жеке  бір

мектеп қабырғасында,ы  сәйкес  білім  бағдарламаларын  іске  асыратын  түрлер.

Экспериментке қатыастын  жалпы  білім  беретін  мектептер  «сынақ алаңы»

ретінде ғана  емес,  бейінді оқытудағы  жаңа құрылымды  ашудағы  серіктес

ретінде танылады.

Профиль  базистік  оқу  жоспарымен  (ТОЖ)  бекітілетін  оқу  уақытының

минимальды  көлемі,  санитарлық жүктеменің максималды  лимиті  сияқты  оқу

жүктемесінің нормасына қатысты  жалпы  шекті  талаптарға  жауап  беретін

негізгі,  бейіндік  және  элективті  курстардың бірігуі  болып  табылады.  Демек,

негізгі,  бейіндік  және  элективті  курстарды  біріктіру  арқылы  оқушыларға

әртүрлі дайындық деңгейімен (оқушымен таңдалған) оқу орнын бітіріп шығуға

мүмкіндік  беретін  толық орта  білімді  алып  шығудың жеке  бағдарламасын

немесе жеке бағытын құруға мүмкіндік [3].

Бейінді  оқыту – бұл  оқушылардың  қызығушылықтары,  бейімдіктері  және

қабілеттері  есепке  алынатын,  оқушылардың кәсіптік  таңдауларына  сәйкес

олардың дамуына  жағдай  жасалатын,  оқу қызметін ұйымдастыру  түрі,  оқуды

дифференциациялау және даралау түрлерінің бірі.

Бейінді  оқытудың  әдістемелік  тәсілдері,  стратегиясы,  мақсаты  мен

міндеттері қандай? Алдымен түсініктердің мағынасын ашып алу қажет.

Жалпы  орта  білім – оқушылардың функцоналдық сауаттылығы  мен

әлеуметтік  бейімделуін қамтамасыз  етуге,  оларды қоғамдық және  азамттық

өзін-өзі анықтауына атсалысуға бағытталған жалпы білімнің соңғы сатысы. Бұл

функциялар өзінің азаматтық  құқықтары  мен  міндеттерін  тани  алатын, өзінің

әлеуетті  мүмкіндіктері,  таңдаған өмірлік  жолын  іске  асыру  ресурстары  мен

тәсілдерін  анық тани  білетін, әлеуметтік  сауатты  және әлеуметтік  мобильді

тұлғаны қалыптастыруға  мақсаттардың бағытталғанын  көрсетеді.  Аталған

мақсаттарды  тиімді  іске  асыру  оқытуды  даралар  және  оқушыларды

әлеуметтендіруге  бағдарланған,  соның ішінде  бастауыш,  орта  және  жоғары

кәсіптік  білім ұйымдарымен  мектептердің жоағыр  сатылары  профилі  мен

кооперациясының икемді  жүйесін  жасау  сияқты  еңбек  нарығының шынайы

қажеттілігі  есебімен,  жалпы  білім  беретін  мектептердің жоғары  сыныптарда


8

«мамандандырылған  дайындау  жүйесі»  болып  табылатын,  бейінді  оқытуды

енгізген  кезде ғана  мүмкін. Оқушылардың бейінді  оқытуы ұйымдастыруын

құру  және  эксперименттік  тексеру  білім  беруді  жаңалау  стратегиясына

негізделеді  (білімді  оның тұлғалық дамушы  бағытталуын  даралау  және

дифференциациялау,

қызметтік  және

құзыреттік  тәсілдерді  іске  асыру,

коммуникативтік 

дамыту, 


аймақтың

еңбек 


нарығы

қажеттілігі 

мен

геоэкономикалық кеңістігін есепке алу) [4].



Оқушының оқыту  профилін  таңдауы  бейіндік  мектепті құрудың негізі

болып  табылады.  Алайда  бұл  таңдау әлі  жеке  шешім қабылдау  субъектісі

болып  табылмайтын  жастағы  мектеп  оқушысына  міндеттеледі.  Сондықтан

метептегі  бірінші  оқуды  бастаған  күннен  бастап  оқушыларды  тұрақты  іздеуге

және өз  жолын  таңдауға  шақырып  отыру қажет.  Сондықтан  мектептерге

бейіндік және элективтік курстар (міндетті және таңдау бойынша) енгізу керек,

себебі  олар  оқушы қызығушылығы  мен  кәсіптік  бейімделуін  дамытуға әсер

етеді. Бұған қоса, оқыту бейінін анықтау оқушының танымдық қызығушылығы

негізінде ғана  емес,  білім  беру ұйымдарының педагогикалық  ұжымының

мүмкіндіктерін,  аймақтық білім  жүйесінің  құрылымы, әлеуметтікмәдени  орта

дәстүрі мен ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

Бейінді  оқыту  тұжырымдамасын құрудың  әдістемелік  негізі  «таяу  даму

аймағын» құратын,  ілеспелі  оқыту үдерісімен  сәйкес  келмейтін  оқыту  мен

дамыту


үдерістерінің

динамикалық  қатынасы  туралы  Л.С.Высотскийдің

гипотезасы болып табылады. Бейінді оқыту теориясын құруда В.В.Давыдовтың

дамытатын  оқыту  теориясы  елеулі үлес қосты,  ол  теория  бойынша  дамытушы

оқыту  мазмұнының  әдісі – оқушылар  мен  педагогтардың бірлескен  оқу

қызметін ұйымдастыру,  ал  даму өнімі – басты  психикалық жаңаашылымдар

болатын  теориялық

білім  болып  табылады.

Кейінірек  бұл  идеялар

Ш.А.Амонашвили,  В.В.Рубцов,  И.С.Якиманский  және  т.б.  жұмыстарында

қарқын алды [5].

Бейіналды дайындық пен бейінді оқыту үдерісіндегі оқушылардың өзін-өзі

дамыту  феноменінің  әдістемелік  негізін әр  оқушының даралығы, өзіндік

ерекшелігі, өзін-өзі  бағалауын  мойындау  негізіне  кіретін,  білім  берудегі  жаңа

тәсіл – антропоэкологиялық тәсілді (А.А. Макареня, С.В. Кривых, И.В. Иванов,

Е.В.  Бускина,  А.Н.  Макарчук)  ашады.  Адамзат  табиғатының терең біліміне

(онтогенез  дағдарысы,  жас  физиологиясы  мен  психологиясы,  идентификация

заңдары, өзін-өзі  тану, өзін-өзі  жетілдіру  және өзін-өзі  дамыту)  негізделген

тәсіл - білім  берудің гуманистік  тұжырымдамасы  талаптары:  толеранттық,

педагогикалық  қолдау,  атсалысу  және  т.б.  талаптарды  есепке  алатын,  субъект-

субъекттік қатынас.  Баланың барлық даму  сатысын:  дене,  эмоционалдық,

зияткерлік,  рухани-адамгершілік,

әлеуметтік  және  т.б.  оның  қалауы,

қызығушылығы мен талпысынына сәйкес, оқушы денсаулығын сақтау кезіндегі

оның

жеке  даму



қарқынын  дамытуды

қамтамасыз  ететін  когнитивті,

перцевтивті,  креативті қабілеттері  мен  мүмкіндіктерін  есепке  алатын  тәсіл.

Білім беру міндеттерін шешудің антропоэкологиялық тәсілі адамзаттың жоғары



9

құндылығынан  және  адамдар  мен  олардың  қаоғамдастығын  («іскер қоғам»)

ұйымдастыру тәсілі ретінде өркениеттің тиімділік өлшемінен туындайды [6].

Жалпы  орта  білімнің бейіндік  оқыту  мазмұны  екі - жаратылыстану-

математикалық және қоғамдық-гуманитарлық білімдік - бағыттан  тұрады.

Бейіндік пәндер бойынша көптілді оқыту мүмкіндігі болады.

Жаратылыстану-математикалық

бағыт


құрамында

екі  бейін  болады:

физика-математикалық және химия-биологиялық.

Физика-математикалық бейінге  «Математика»  (ілгері  деңгей),  «Физика»

(ілгері  деңгей),  «Информатика  және  АКТ»,  «English  for  specific  purposes»,

«Графика және жобалау» пәндері кіргізіледі.

Физика-математикалық бейін  пәндерінің мазмұны  мыналарды қамтамасыз

етуі керек:

- математика,  информатика,  физика,  графика  және  жобалау, модельдеуді

практикада қолдануға бағыт алу;

- математика,  информатика,  физика,  графика  және  жобалау, модельдеуді

болмысты танудың бір ғылыми әдісі ретінде меңгерту;

- білім алушыларда математикалық және физикалық модельдеу аппаратын

білу құзыретін қалыптастыратын білім, білік, дағдыларды меңгерту;

- түрлі 

сипаттағы

қолданбалы 

физика-математикалық

модельдерді

құрастыра алатын практикалық дағдыларды меңгерту;

- басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;

- өз  бетімен  білім  алу  білігі  мен қабілеттерін  дамыту, өз  бетімен  негізгі

білім  модульдері  бойынша  жобалық зерттеулер  жүргізу,  олардың нәтижелерін

талдау және негіздеу;

- білімін  таңдап  алынған  бейін  бойынша  алдағы  білім  деңгейлерінде

жалғастыруға  дайындалу,  кәсіби өзіндік  келбеті қалыптасқан  тұлға  болуға

даярлану.

Химия-биологиялық бейінге  «Химия»  (ілгері  деңгей),  «Биология»  (ілгері

деңгей), 

«Рекреациялық

география», 

«Englishforspecificpurposes»,

«Информатика және АКТ» пәндері кіргізіледі.

Химия-биологиялық бейін пәндерінің мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі

керек:

жаратылыстану  циклы  пәндерін  пәнаралық байланысты  ескере  отырып



тереңдете және кең ауқымды етіп оқыту;

білім 


алушылардың 

қазіргі 


кезеңдегі 

жаратылыстану 

білімі

тұжырымдамасын меңгеруі;



химия,  биология,  географиядан  білім  мазмұнының

жоғары  білім

деңгейіндегі білім беру мазмұнымен сабақтастығы және бейініне сәйкес оқуды

жалғастыруы мен мамандық таңдауы мақсаты қойылуы;

қазіргі кезеңдегі  жаратылыстану  таным әдістері  мен  оларды  оқу  іс-

әрекетінде практикалық қолдану негіздерін игеруі;

өз  бетімен  білім  алу  білігі  мен қабілеттерін  дамыту, өз  бетімен  негізгі

білім  модульдері  бойынша  жобалық зерттеулер  жүргізу,  олардың нәтижелерін

талдау және негіздеу;


10

күрделілігі  жоғары  теориялық және қолданбалы  сыпаттағы  есептерді

шығарудың практикалық дағдыларын дамыту;

жаратылыстану  нысандары  мен үдерістерді  танып-білу  мен  модельдеуді

жүзеге асыру біліктері мен қабілеттерін дамыту;

білімін  таңдап  алынған  бейін  бойынша  алдағы  білім  деңгейлерінде

жалғастыруға  дайындалу,  кәсіби өзіндік  келбеті қалыптасқан  тұлға  болуға

даярлану.

Қоғамдық-гуманитарлық

бағытта


үш  бейін  болады:  филологиялық,

әлеуметтік-экономикалық, тарихи-құқықтық.

Фиологиялық бағытқа мынадай пәндер кіреді: қазақ мектептеріне арналған

«Қазақ тілі»  (ілгері  деңгей),  «Қазақ  әдебиеті»  (ілгері  деңгей),  орыс  тілді

мектептерге  арналған  «Орыс  тілі»  (ілгері  деңгей),  «Орыс әдебиеті»  (ілгері

деңгей), «Әлем әдебиеті», «Екінші  шет тілі», «Информатика және АКТ».

Филологиялық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

мемлекеттік 

тілдің 

қоғамның


ресми, 

саяси-қоғамдық, 

қоғамық-

экономикалық, ғылыми, күнделікті бейресми сияқты түрлі салаларында қызмет

ету ерекшеліктерін білуі, басқа да тілдердің ерекшеліктерін білуі т.б.;

қазақ


тілінің

түрлі 


коммуникативтік 

жағдаяттарда

қызмет 

ету


ерекшеліктерін меңгеру;

қоғамда  мемлекеттік  тілде қарым-қатынас құруда  ауызша  және  жазбаша

сөйлеу тілі мәдениетін дамыту;

танылатын  нысандарды өзара  салыстыру,  салғастыру,  бағалау  және

жіктеме  жасаудың

критерийлерін

өз  бетімен  сұрыптай  алатын  білік-

дағдыларды меңгерту;

білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды игеруге

баулу, дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;

сөз  сөйлеуге  дайындалу  (тақырыпты  таңдау,  аталымды  жинақтау,  ішкі,

психологиялық көңіл-күй  т.б.)  және  көпшілік  алдында  сөйлеу  дағдыларын

меңгеру;

өз  бетімен  білім  алу  білігі  мен қабілеттерін  дамыту, өз  бетімен  негізгі

білім  модульдері  бойынша  жобалық зерттеулер  жүргізу,  олардың нәтижелерін

талдау және негіздеу;

білімін  таңдап  алынған  бейін  бойынша  алдағы  білім  деңгейлерінде

жалғастыруға  дайындалу,  кәсіби өзіндік  келбеті қалыптасқан  тұлға  болуға

даярлану.

Тарих-құқықтық

бейінге  мынадай  пәндер  кіреді:  «Қазіргі

әлемдегі


Қазақстан», 

«Қазақстан 

заңнамасы»,«English 

for 


specific 

purposes»,

«Информатика және АКТ», «Этика және қарым-қатынас психологиясы».

Тарих-құқықтық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

қазақстандық патриотизмге,  белсенді  азаматтық көзқарасты ұстануға

тәрбиелеу;

оқушылардың тарихи және құқықтық сауаттылығын дамыту;

қоғамдық  қатынастар  мен әлеуметтік  коммуникацияға  кіру  мәдениетін

дамыту;


11

оқушыларда қоғамдық-тарихи  ақпаратарды  талдау,  мәнін  түсіну  және

түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;

қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүретін басқа да ұлттардың тіліне,

тарихына, дәстүріне және мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу;

басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;

өз  бетімен  білім  алу  білігі  мен қабілеттерін  дамыту, өз  бетімен  негізгі

білім  модульдері  бойынша  жобалық зерттеулер  жүргізу,  олардың нәтижелерін

талдау және негіздеу;

білімін  таңдап  алынған  бейін  бойынша  алдағы  білім  деңгейлерінде

жалғастыруға  дайындалу,  кәсіби өзіндік  келбеті қалыптасқан  тұлға  болуға

даярлану.

Әлемуеттік-экономикалық бейінге  мынадай  пәндер  кіреді: «Экономики

және  кәсіпкерлік  негіздері», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан»,  «English  for  specific

purposes»,

«Информатика  және  АКТ»,  «Қазақстанның  қазіргі  кезеңдегі

геоэкономикасы».

Әлемуеттік-экономикалық бейін  пәндері  мазмұны  мыналарды қамтамасыз

етуі тиіс:

қазақстандық патриотизмге, өз  Отаны үшін  мақтаныш  сезімін,  белсенді

азаматтық көзқарасты ұстануға тәрбиелеу;

әлеуметтік

өмірдің

түрлі  салалары,



қазақстандық  қоғамның

даму


заңдылықтары мен мүмкіндіктері туралы түсінігі болуы;

кәсіби  бағдар  беру  және  білім  алушылардың экономика  мен  кәсіпкерлік

салаларда табысты еңбек ету дағдыларын дамыту;

Қазақстанның индустриалды-инновациялық жаңашаландырылуы    және

әлеуметтік-экономикалық даму жолдары туралы жүйелі білім қалыптастыру;

адамзаттың жаһандану  жағдайында  тұрақтылықпен  даму  заңдылықтары,

мәселелері мен жолдары туралы заңдылықтары туралы білімді меңгерту;

оқушыларда

әлеуметтік-экономикалық

және


қоғамдық-саяси

ақпараттарды  талдау,  мәнін  түсіну  және  түсіндірме  беру  дағдыларын

қалыптастыру;

өз  бетімен  білім  алу  білігі  мен қабілеттерін  дамыту, өз  бетімен  негізгі

білім  модульдері  бойынша  жобалық зерттеулер  жүргізу,  олардың нәтижелерін

талдау және негіздеу;

білімін  таңдап  алынған  бейін  бойынша  алдағы  білім  деңгейлерінде

жалғастыруға  дайындалу, өзіндік  кәсіби  келбеті қалыптасқан  тұлға  болуға

даярлану.


12



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет