12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,82 Mb.
#7356
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қорытынды

Ертеңгі  келер  күннің бүгінгіден  де  нұрлы  болуына  ықпал  етіп,  адамзат

қоғамын алға  апаратын құдіретті  күш  тек  білімге ғана  тән. Қай  елдің болсын

өсіп-өркендеуі, өркениетті  дүниеде өзіндік  орын  алуы  оның  ұлттық білім

жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей,  білім  берудің жаңа  сапасына қол  жеткізу

12  жылдық орта білім  беретін  мектептер  жағдайында  мүмкін  болады,  ол  білім

туралы құжаттардың өзгертілуін,  бейімдік  оқытуды,  көптілділікті қамтамасыз

етеді.

Негізгі  орта  мектепте  оқу  процесін ұйымдастыру  жеке  тұлғаның  өзін-өзі



таныту, ғылыми  таным  мен  ойлау әдістерін,  зерттеу  мәдениетінің негіздерін

игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Оқушыларды  болашақ кәсіби қызметінің бағытын  саналы  түрде  таңдауға

даярлауды 

жүзеге 

асыратын 



мектептің

психологиялық-педагогикалық,

ақпараттық және ұйымдық  қызметінің жүйесі  ретінде  бейіналды  дайындық

енгізіледі.

Негізгі орта мектеп міндетті базалық деңгей болып табылады және базалық

білім  беру  бағдарламаларын  аяқтауды  және  негізгі  орта  білім  берудің негізгі

құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Адамдар  арасындағы

және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-

өзі анықтауын қалыптастыру,  теориялық ойлау  тәсілдері  мен ғылыми  таным

әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

Білім - қоғамды қанағаттандыратын,  рухани  мұраны  сақтайтын ұрпақ пен

ұрпақты сабақтастыратын құрал.  Сондықтан,  оқушының елдің ертеңі, үміт

күтер  азаматы  екенін  ескере  отырып,  тұлға  ретінде қалыптастыру,  олардың

білім  деңгейлерінің  әлемдік  стандартқа  сай  болуға  лайықты  жұмыс  істеу,

білімді де тәрбиелі азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

Негізгі орта білім  беру деңгейінде оқушылардың физиологиялық және

психолого-педагогикалық ерекшіліктерін  ескере  отырып, келесі  бағыттарда

жүзеге асырылатындығы анықталды, олар:

барлық балаларға  бірдей  білім  беру;  білімнің ашықтығы,  ақпарат



алудың барлық азаматтарға мүмкін болуы;

оқу  бағдарламаларының оқушының  қызығушылығы  мен  талғамдарын



ескеруге, 

дамытуға, 

олардың

бойында 


жалпы 

оқу 


іскерліктерін

қалыптастыруға,  сондай-ақ  әр  оқушының және қоғамның мүддесі  мен

қажеттіліктерін  ескеруге,  жеке  тұлғаны  жоғары  сапамен  оқытуға,  тәрбиелеуге,

дамытуға және жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы;

әрбір  оқушыға  сол  социумға  сәйкес  тарихи қалыптасқан,  ең тұрақты



рухани, дүниетаным және мәдени құндылықтарының таратылуы және бекуі.

12  жылдық

оқытудағы  негізгі  орта  мектепте  басқару,  ақпараттық,

коммуникативтік,

әлеуметтік,

өзіндік  және  азаматтық  құзыреттіліктер

қалыптастырылады.


75

12  жылдық оқытудағы  көшу  жағдайында  жеткіншек ұрпақты  оқыту  мен

тәрбиелеудің жаңа құнды  бағыты  ретінде  оқу  пәндері  мазмұнын қазіргі  заман

талабына  сай өзгертуді қажет  етеді.  Білім  беру  саласын  ізгілендіру  идеясы

негізінде  мектеп  жұмысының мазмұнына өзгерістер  енгізу  болашақта  білім

берудің мақсат-мазмұнын,  оқыту әдістерін  жаңартуды  талап  етеді.  Жаңа  білім

парадигмасы  оқушыны  оқу  процесіндегі  басты  субъект  ретінде қарай  отырып,

оның кең шығармашылықпен  ойлауына  мүмкіндік  туғызу  мен  барлық оқу

жүйесін өзгертуді қамтамасыз етуі қажет.


76

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің

2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.

2. Қазақстан Республикасының  2015 жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту

тұжырымдамасы. //Қазақстан мұғалімі. 20 қаңтар. 2004. - 3- 4 б.

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2004.

4. 12  жылдық білім  беруге өтудің эксперименттік  жұмыстарын ұйымдастыру

туралы: ҚР  Білім  және ғылым  министрлігінің  327 бұйрығы.  Астана, 2001

жылдың 10 мамыры // Қазақстан мектебі.-2001.-С.7.-1 б.

5. 12  жылдық мектептің негізгі  орта  буынының білім  мазмұны  // Қазақстан

тарихы. -2006. -3.- С. 3-10 б.

6. Аймауытов  Ж. Сабақтың комплекстік  жүйесінің  әдістері. Қызылорда,  1929

ж. - 58 б.

7. Избранные педагогические труды: научное издание / Ю. К. Бабанский; сост.

М. Ю. Бабанский. - М.: Педагогика, 1989. - 560 с.

8. Л.С.Выготский, 

Выготский

Л.С. 

Педагогическая 



психология.−М.:

Педагогика, 1991. – 480 с.

9. Краевский  В.  В.,  Бережнова  Е.  В. Методология  педагогики:  новый  этап. —

М., 2006. — 394 с.

10.Құланбай Ә. Он  екі  жылдық білім  беру  жүйесі. //  Егемен Қазақстан.

2003 ж., 22 қаңтар.

11.Құсайынов А. Сапалы  білім - заман  талабы. //  Егемен Қазақстан. –

2007 ж. 2 қараша. - №339-340.- 8 б.

12.Құтпанбаев Ә. Он  екі  жылдық білімнің  қажеттілігі. // Ұлт тағылымы. -2001

ж. 73-79 б.

13.Личко А.Е. Эти трудные подростки: записки психиатра. –Л., 1983.

14. В.Запорожец Запорожец, А. В. Избранные психологические труды: В 2-х т.

М., 1986.

15. М.  Н.  Скаткин,  И.  Я.  Лернер. Статья:  Дидактика.  Большая  советская

энциклопедия: В 30 т. — М.: «Советская энциклопедия», 1969-1978.


77

Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................

3

1

12 



жылдық

мектептің 

5-10-сынып

оқушыларының

физиологиялық ерекшіліктері.........................................................

6

2



12 

жылдық


мектептің

5-10-сыныптарында 

оқытудың

психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері...............................

9

3

12  жылдық мектепте  негізгі  орта  білімнің базалық мазмұнын



анықтау әдістемесі............................................................................

12

4



Негізгі  орта  мектептегі  негізгі  оқу  пәндерінің  үлгілік  базалық

мазмұны...........................................................................................

15

4.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы..............................................



16

4.2 «Адам және қоғам» білім саласы..............................................

29

4.3 «Жаратылыстану» білім саласы..............................................



39

4.4 «Математика және информатика» білім саласы......................

52

4.5 «Өнер» білім саласы..................................................................



58

4.6 «Технология» білім саласы......................................................

64

4.7 «Дене шынықтыру» білім саласы.............................................



70

Қорытынды............................................................................................

74

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................



76

78

12 жылдық негізгі орта мектептің

базалық білім мазмұнын анықтау әдістері

Әдістемелік құрал

Басуға 01.04.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84

1/

16



. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 5,0.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК



010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» с.-і. о., 13-қабат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет