Іскерлік қарым-қатынас өте тиімді болуы үшін барлық
компоненттерді, соның ішінде коммуникативті құзырлықты жете
білу міндетті.
Коммуникативті құзырлық деп қоршаған адамдармен, топтармен,
аудиториямен өзара қарым-қатынас жасай алу, келіссөз жүргізе алу
тəсілдері мен білім жинағы.
Коммуникативті құзырлық білімі деп коммуникация функцияларын,
коммуникация
үрдісі
ерекшеліктерін,
үн
қату,
серіктестердің
психологиялық типтері жəне əлеуметтік рөлдерін, презентация жасай алу
тəсілдерін, коммуникацияның вербалды немесе вербалды емес құралдарын
айтамыз.
Іскерлік қарым-қатынас практикалық пəн болып есептеледі, дегенмен,
əлеуметтану, психология, антропология, менеджмент теориялары мен
пайымдауларын оқып үйрену жəне қолдану практикалық тəсілдерді түсіну
мен ұғынуды тереңдетеді.
Сандық технологиялардың дамуымен қоса, іскерлік коммуникация
келбеті де өзгерді. Қазіргі таңда бір жобада жұмыс жасау үшін, адамдар
бір аймақта, бір мекемеде еңбек етуі шарт емес. Интернет, телефон,
əлеуметтік жүйелер дамуының арқасында іскерлік коммуникация жылдам
əрі жаһанды сипат алды.
Ақпарат тарату мен БАҚ-ның аудиторияға əсер ету пішіндері
жаңғырып, жаңа түрлері пайда болды. Қаржы көздері де жаңа ақпараттық
технологияның пайдасына қайта қарастыруда.
Жоғарғы технология мен коммуникация саласындағы бизнесті
ұйымдастыру пішіні мен құрылымы өзгерді.Əлеуметтік желілер мен
мобильді технологиялар интернеттің қарқынды дамуына жол ашты.
Интернеттегі эволюция адамдардың қарым-қатынасына жаңа тəсілдер
енгізді. 2004 жылы дүниеге келген Facebook 2230 миллион белсенді
қолданушысы бар бүкілəлемдік желіге айналды. Мобильді технологиялар
интернет таралымын арттырып, қолданушыларды көбейтті.
Мəселен, www.internetworldstats.com сайтында 1995–2018 жылдар
аралығында əлемдегі интернет қолданушылардың саны мен өсу пайызы
көрсетілген.
1-кесте. Интернет қолданушылар үлесі
(https://www.internetworldstats.com/emarketing.htm сайтынан
алынды)
Мерзімі
Қолданушылар
саны
Əлем халқының
саны %
Ақпараткөзі
1995 ж.
желтоқсан
16 миллион
0,4 %
IDC
2005 ж.
1 018 миллион
15,7 %
Əлемдік интернет-
желтоқсан
статистика
2015 ж.
желтоқсан
3,366 миллион
46,4 %
Əлемдік интернет-
статистика
2017 ж.
желтоқсан
4 156 миллион
54,4 %
Əлемдік интернет-
статистика
2018 ж.
маусым
4 208 миллион
55,1 %
Əлемдік интернет-
статистика
Кестеде көрсетілгендей, 1995 жылдың желтоқсанында əлемдегі
халықтың 0,4% интернетті пайдаланған. Яғни 16 миллион пайдаланушы
интернетке қосылған. 2005 жылы пайдаланушы 1 миллиард, 2015 жылы 3
миллиардқа өсті. 2017 жылғыжелтоқсандаəлемхалқының 54,4% Интернет
қолжетімдіболды. 2018 жылдың маусым айындағы деректер бойынша 4
миллиард 208 миллион пайдаланушы интернетті тұтынады. Жерхалқының
55 %-ы интернеткеқосылған.
Қазіргі таңда, сандық технологиялар өміріміздің ажырамас бір
бөлігіне
айналды.
«Электронды,
виртуалды
қарым-қатынас»,
«киберкоммуникация» терминдері кеңінен таралуда. Бұл қарым-қатынас
түрі интерактивті, əлеуметтік желілер жəне чаттар арқасында реалды
уақыт режимінде онлайн өтеді. Виртуалды қарым-қатынастың басты
ерекшеліктері:
- Шектеулі сенсорлық байланыс. Интернет-технологиялар арқылы
жүзеге асырылатын қоммуникацияда шынайы өмірдегі көзқарас, дауыс
ырғағы, ым-ишара секілді сенсорлық байланыс тапшылығы бар.
- Физикалық дененің болмау, яғни адмдар өзінің шынайы келбетін
көрсетпей, аноним болып қарым-қатынас орната беруі мүмкін. Осы орайда
«кибер
бірдейлік»
мəселесі
туындайды.
«Кибер
бірдейлік»
альтернативасы – никнейм («nickname» ), аватар, юзерпик («userpicture»)
болып табылады. Виртуалды əлемде адам өзінің тұлға сипаттамасын өзі
таңдай алады, қалаған рөл, жас, əлеуметтік дəреже, жыныс таңдай алады.
- Коммуникацияның тіл ерекшелігі. Виртуалды қарым-қатынастың
басым көпшілігі жазбаша болғандықтан, өзіндік компьютерлік сленг
дамиды: қысқартылған сөздер, акронимдер, шет тілінен алынған
терминдер.
- Эмоцияларды көрсету ерекшелігі. Виртуалды əлемде эмоциялар мен
ым-ишара смайлдар мен эмотикондар арқылы беріледі. Адамның жүзінде
пайда болған күлу мен чатқа жіберілген смайл арасында бірнеше секунд
уақыт қалады, яғни эмоциялар кейінгі эффектпен қабылданады.
Сонымен қатар, виртуалды қарым-қатынаста адамдар шынайы емес,
қалаған эмоцияны көрсете алады. Бұл «бетперде» арқылы тілдесуге тағы
бір жеңілдік туғызады.
- Кеңістік пен уақыт ерекшелігі. Виртуалды қарым-қатынаста уақыт
пен кеңістік қатынас шексіз. Адам онлайн байланыста уақыттың дəл
қазіргі сəтінде өмір сүреді де, офлайн байланыс хаттан-хатқа дейінгі
уақытта болады. Бұл жерде кеңістік заңдылықтары еш əсер етпейді.
Сонымен, виртуалды қарым қатынас адамға үлкен кеңшілік жасайды.
Киберəлемде адамдар өзінің шынайы немесе ойлап тапқан қатым-қатынас
кедергілерін (түр-келбеті кемшілігі, тіл кемістіктері, мінез, мүгедектік,
психикалық ауытқулар) жоққа шығарып, əлеуметтік қажеттіліктерін
қанағаттандыра алады. Мұндай жағдай қосымша сенімділік беріп, ішкі
өзін-өзі таныту мотивін жүзеге асырады.
Осылайша, виртуалды қарым-қатынас ақпараттық, коммуникативті,
терапиялық, мəдени қызметтер атқарып, адамның психологиялық келбетін
өзгертті.
Сандық технологияларды қолдану адамның ес, зейін, ойлау
қабілеттерін өзгертті. Л.С.Выготский ойлап тапқан «жақын даму
аймағындағы» ересек адамның рөлін сандық технологиялар басуы əбден
мүмкін, себебі бала өзі жасай алмаған істі сандық технологиялар
көмегімен орындай алатыны ақиқат.
Қазір адамдардың шынайы өмірінің басым бөлігі виртуалды əлемді
өтіп жатыр: іскерлік қарым-қатынастар, банктік операциялар, интернет
сауда саттық, оқу жəне тағы басқалар. Бұл шынайы өмірдегі əлеуметтену
процессіне жағымсыз əсер етуі мүмкін.
2000 жылдың басында дүниеге келген балаларды – Z ұрпағы деп
атайды жəне олар интернет технологиялар заманының балалары болып
табылады. Оларды интернеттен айырса, олар ауырып, тұншығып,
кеңістіктегі бағдарын жоғалтып алуы мүмкін, себебі интернет оларды
əлеммен байланыстырып отыр.
Осыған орай, іскерлік қарым-қатынастар сандық технологияларды
қолдану мүмкіндігі арқасында, шекара, уақыт жəне кеңістік ұғымдарын
шетке ысырып, жаһандану, жылдамдық, еркіндік, қолжетімділік
ұғымдарын алға қойып, жаңа кибер іскер орталық құруда.
Достарыңызбен бөлісу: |