12 тақырып. Жылдық баға қоюдың алгоритмін құрастырудың ерекшеліктері Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапмырмалар 1


БӨЛІМ\ОРТАҚ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАНЫ ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМІ



бет2/2
Дата20.05.2022
өлшемі293,39 Kb.
#35153
1   2
БӨЛІМ\ОРТАҚ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАНЫ ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМІ


Рубрика әр бөлім\ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдеріне құрастырылып, әр критерий аясында оқу жетістігінің деңгейі көрсетіледі.
Бөлімше 1.3 «Менің атамекенім»
Оқу мақсаты: 1.1.3.1. Өз мекенжайын атау және елді мекенінің
географиялық орналасқан жерін сипаттау.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
 Өз мекенжайын атайды.
 Тұрғылықты жерінің (қаласының/ауылының)
ерекшелігін, географиялық орнын сипаттайды.
1-тапсырма
Мекенжайыңызды атаңыз. Алыстағы досыңызға хат жолдау үшін конверттің сыртына сол мекенжайыңызды толтырыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- өз елінің, мемлекетінің, қала/ауылының атауларын атайды;
- өзінің тұрғылықты жерінің орны, ерекшелігі туралы әңгімелейді.
Дескриптор: Білім алушы
- өз мекенжайын атайды;
- мекенжайын жазып көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұндағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.ТЖБ балл қою кестесіне сәйкес құрастырылады, кестеге сәйкес мұғалім балдарын қояды. Мұғалім әр жауапқа қойылған балдардың, нәтижелердің дұрыс азылғанына көз жеткізуі тиіс.
Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім\ ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.

Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім\ ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50:50) пайыздық қатынаста есептеледі.

Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады. (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар).


Төменде 4-сыныптың «Математика» пәнінен білім алушының жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген.
«Математика» пәнінен 5-сынып білім алушыларының 1-4- тоқсандардағы нәтижесі

Жиынтық бағалау (ЖБ)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Жалпы балл саны

Арақатынасы, %

Оқу жылы бойынша балдардың пайыздық мазмұны

Бөлім бойынша ЖБ

34-тен 23

30-дан 20

25-тен 21

20-дан 18

109-дан 82

50%

37,6%

Тоқсан дық ЖБ

20-дан 18

20-дан 15

20-дан 19

20-дан 16

80-нен 68

50%

42,5%

Жылдық баға есебі келесі формулада жүргізіледі:



Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық арақатынаспен анықталады.
Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша бағаға ауыстырылады.
37,6% + 42,5% = 80,1%
Дөңгелектелген мәні 80% тең

Баға

Негізгі мектептегі балдың пайыздық мазмұны

«2»

0- 39%

«3»

40% - 64%

«4»

65% - 84%

«5»

85% - 100%

Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес 80 %, – «4» деген баға. «Математика» пәнінен 4-сынып білім алушысының жылдық бағасы – «4».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет