12. Тапсырыстық калькуляция



Дата03.02.2023
өлшемі7,58 Kb.
#65068

12. Тапсырыстық калькуляция

Өндіріс шығындарының есебімен енімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі жеке және аз сериялы күрделі бұйымдарды өндіретін машина жасау кәсіпорындарда кең тараған. Бұл әдіс бойынша жабдықтарға ғимараттарға және құрылғыларға күрделі жөндеу, көмекші ендірісте инструменттерді дайындау, ұйымның тәжірибе жасайтын цехтарында және ғылыми-зерттеу институттарында өнімдерді шығару есебі ұйымдастырылады.


Мұндай өндірістердің ерекшелігі - аз партиялы немесе шамалы бұйымдардың мадификациясын маркісін жеке түрлерін шығару болып табылады. Жыл ішінде бұйымның жеке түрін екінші рет шығарылмауы мүмкін. Бұл әдіс бойынша есеп объектісіне әрбір бұйымды (жұмысты) немесе аз сериялы бұйымдарды өндірілуге берілген жеке тапсырыстар,ал ұзақ технологиялық циклді кәсіпорындарда - тапсырыс берушілермен (сатып алушылар) келісімшарт негізінде ашылғын жеке тетіктер мен агрегаттар жатады. Әрбір тапсырысқа тапсырыс бланкісі толтырылады, тапсырыстар тіркеледі, оларға тапсырыс орындалып, аяқталғанға дейін оның коды болып табылатын номер қойылады.
Код барлық технологиялық және есептік кұжаттарға қойылады. Тапсырысты негізінен жоспарлы өндірістік жұмыс орны қабылдап, құжаттар толтырады, сонан кейін тапсырыстың қашықтығы жөніндегі хабарлама көшірмесін бухгалтерияға беріледі. Тапсырыстық әдістің мәні -бір өнімді (кешенді жұмыстардың орындалуын) немесе аз мөлшердегі біркелкі бұйымдарды дайындаудың өндірістік шығындар және калькуляциялау есебі тапсырыс бойынша жүзеге асырылады.Ол үшін бухгалтерияда әрбір тапсырыстың қашықтығы жөніндегі хабарламаның негізінде карточка немесе ведомость мерзімі ішінде шығындары есептелуі керек.
Жұмсалынған тікелей шығындар (шикізаттар мен материалдар, сатып алынған бұйымдар және шалафабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы, ақаудан болған жоғалтулар, жұмысты меңгеру шығындары)әрбір тапсырыс бойынша бастапқы кұжаттардың негізінде есептеледі: лимиттік карта, нарядтар, талаптар, сметалық рапорттар, өндіру ведомостар, маршуттық қағаздар және тапсырыс цифры керсетілетін басқа да құжаттар.
Жанама шығындар тапсырыстардың өзіндік құнына ұйымның есеп саласында қабылданған пропорциоалды бөліп тарату әдісімен енгізіледі. Тапсырысты орындауымен байланысты шығындар, жұмысты орындау мерзімі ішінде жинақталады. Орындалған тапсырыстың өзіндік құнын барлық жұмыс аяқталған соң анықталынады. Егер тапсырысқа сәйкес бірнеше біртекті бұйымдар дайындалатын болса, онда бір бірліктің өзіндік құны калькуляция баптары бойынша жалпы шығын сомасын өндірілген өнімнің санына бөлу арқылы анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет