§12. Тасымалдау құбылыстары



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі1,34 Mb.
#125903
1   2   3
Байланысты:
10-лекция. Тасымалдау құбылыстары. Реал газдар

12.3.Ішкі үйкеліс құбылысы


Сұйық немесе газ қабаттары бір-біріне қатысты қозғалған жағдайда олардың арасында үйкеліс күші пайда болады. Бұл құбылыс ішкі үйкеліс құбылысы деп аталады.





Ішкі үйкеліс кезінде газдың бір қабатынан екінші қабатына импульс (қозғалыс мөлшері) тасымалданады.
- жылдамдық градиенті.
Ішкі үйкеліс құбылысын сипаттайтын заңды ағылшын

ғалымы Ньютон ашты. Сондықтан бұл заң ішкі үйкеліс құбылысы үшін Ньютон заңы деп аталады:


немесе

мұндағы: -кернеу, -ішкі үйкеліс коэффициенті немесе тұтқырлық, өлшем бірлігі



Бақылау сұрақтары

  1. Газ молекулаларының еркін жолының ұзындығы дегеніміз не?

  2. Газ молекулаларының еркін жолының орташа ұзындығының бірлік

уақыттағы соқтығысу санына көбейтіндісі нені береді?

  1. Тасымалдау құбылыстарын атаңыз.

  2. Диффузия құбылысын қандай заң сипаттайды? Диффузия

коэффициентінің өлшем бірлігі қандай?
5. Жылу өткізгіштік құбылысын қандай заң сипаттайды? Жылу өткізгіштік
коэффициентінің өлшем бірлігі қандай?
6. Ішкі үйкеліс құбылысын қандай заң сипаттайды? Ішкі үйкеліс
коэффициентінің өлшем бірлігі қандай?
§13.Нақты газдар

Менделеев-Клапейрон теңдеуі молекулалары бір-бірімен әсерлеспейтін және нүкте деп қарастырылатын идеал газдардың күйін анықтайды. Нақты газдардың молекуларының өлшемдері болады және олар бір-бірімен өзара әсерлеседі. Нақты газдардың күйін анықтайтын теңдеуді алу үшін голланд ғалымы Ван-дер-Ваальс Менделеев-Клапейрон теңдеуіне молекулаларды өлшемдерін және өзара әсерлесуін ескеретін түзету енгізді. Бұл алынған теңдеу нақты газдардың күй теңдеуі немесе Ван-дер-Ваальс теңдеуі деп аталады. Мөлшері 1 моль нақты газ үшін Ван-дер-Ваальс теңдеуі келесі түрде жазылады:


,
мұндағы: -Ван-дер-Ваальс тұрақтылары, өлшем бірліктері , .
Бірінші жақша ішіндегі түзетуі молекулалардың арасындағы тартылыс күшінің әсерінен пайда болады. Оны кейде ішкі қысым деп атайды. түзетуі молекулалардың өлшемдерін ескереді. Кез-келген мөлшердегі нақты газ үшін Ван-дер-Ваальс теңдеуі екенін ескере отырып келесі түрде жазылады:
немесе .
Нақты газдардың ішкі энергиясы өрнегімен анықталады, мұндағы - молекулалардың қосынды кинетикалық энергиясы, -молекулалардың қосынды өзара әсерлесу энергиясы. энергиясын анықтайық. Ол үшін молекулалардың арасындағы тартылу күшінің жұмысы энергиясының кемуіне тең екенін ескереміз, яғни . Молекулалардың арасындағы тартылу күші ішкі қысыммен сипатталады. Сондықтан және .
Молекулалардың қосынды кинетикалық энергиясы олардың қозғалысына тәуелді болады.
Сондықтан Ван-дер-Ваальс газының 1 молінің ішкі энергиясы
,
мұндағы: .


Бақылау сұрақтары
1. Нақты газдардың молекулаларының арасында қандай күштер әсер етеді?
2. Нақты газдардың күй теңдеуі қалай жазылады?
3. Менделеев-Клапейрон теңдеуінен Ван-дер-Ваальс теңдеуін қорытып
шығарғанда оған қандай түзетулер енгізіледі?
4. Ван-дер-Ваальс тұрақтыларының өлшем бірліктері қандай?
5. Ван-дер-Ваальс газының 1 молінің ішкі энергиясы қалай анықталады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет