9-тәжірибе. Хром (IV) оксидін алу және оеың тотықтырғыштық қасиетін байқау. 50 мл стаканға 4 – 5 мл-дей калий дихроматының қанық ерітіндісін құйып, стаканды салқын суы бар ыдысқа салыңдар. Стакан салқындаған кезде ерітіндіні араластыра отырып, 8 - 10 мл-дей концентрациялы күкірт қышқылын құйыңдар. Күңгірт қызыл түсті хром (VI) оксидінің кристалдары түзілуіне назар аударыңдар. Кристалдарды сүзіп алып, артық қышқылды төгіп тастаңдар. Алынған кристалдарды кәрлен тостағаншаға салып, оған тамшылатқышпен бірнеше тамшы метил не этил спиртін тамызыңдар. Спирт тұтанып жанады. Реакция нәтижесінде жасыл түсті хром (III) оксиді және өзіне тән иісі бар сірке альдегиді түзілетінін мына теңдеуден байқаңдар:
2CrO3 + 3C2H 5OH = 3CH3CHO + 3H2O + Cr2O3 – хромдауға да пайдаланылады. Хромдалған зат тотықпайды, қажалмайды, үйкелмейді әрі жылтырап тұрады.
1.Хром (III) гидроксидін алу және қасиеттері Хром (III) гидроксидін алу үшін хромның (III) тұзының ерітіндісіне 2Н сілті ерітіндісін қосамыз. Реакция теңдеуін жазып, түсіндіреміз.
2.Хром (III) тұзының гидролизі а) Хром (III) сульфатына лакмус қағазының әсерін байқаймыз. Индикатор түсін байқаймыз. Гидролиздену реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін жазамыз. Қандай заттар түзіледі?
б) 2-3 тамшы хром (III) сульфатына натрий карбонатынан тұнба Cr(OH)3 түзілгенше тамшылатып қосамыз. Газ түзілуін бақылаймыз. Бұл қандай газ? Тұздар гидролизінің қандай түріне жататынын түсіндіреміз?
3.Хроматтың дихроматқа айналуы 1 бробиркаға 5-7 тамшы хромат ерітіндісін құйып, екіншісіне калий дихроматының ерітіндісін құямыз. CrO4-2 және Cr2O7-2 иондарының ерітіндісінің түсін бақылаймыз? Бірінші пробиркаға 3-4 тамшы күкірт қышқылын ал екіншісіне сондай мөлшерде сілті ерітіндісін қосамыз. Хромат ионының дихромат ионына өтуінің иондық реакция теңдеуін жазамыз.
4.Дихроматтың тотықтырғыш қасиеті Үш пробиркаға 4-5 тамшы калий дихромат ерітіндісін құйып және оның үстіне 2-3 тамшы күкірт қышқылын құямыз. Әрі қарай бірінші пробиркаға 2-3 тамшы калий иодиді ерітіндісін, екінші пробиркаға сол мөлшерде натрий нитратын, үшінші пробиркаға натрий сульфитін қосамыз. Ерітінділерді су моншасында қыздырып, түсінің өзгеруін бақылаймыз. Реакция теңдеуін жазамыз.