Хром және оның қосылыстары. Хром ақ түсті, өте жылтыр әрі қатты металл. Қалыпты температурада химиялық әрекеттерге төзімді. Хром металургияда әр түрлі мақсаттарда кең қолданылады. Оны басқа металдардың бетіне жалатуға
7-тәжірибе.Хром (III) оксидін алу және оның каталитикалық қасиетін байқау. Құрғақ кәрлен тостағаншаға аммоний дихроматының ұнтағын салып, жалпақ қатырма қағазының үстіне қойыңдар. Одан кейін шыны таяқшаны спирт шамына қыздырып, аммоний дихроматына тигізіңдер. Аммоний дихроматы қыздырғанда оңай ыдырайтын зат. Реакция нәтижесінде хром (III) оксиді, азот және су буы бөлінеді. Реакция теңдеуін жазыңдар:
(NH4)2Cr2O7 = Cr2O3 + N2 + 4H2O Енді хром (III) оксидінің каталитикалық қасиетін тексеріңдер. Ол үшін зат жағатын қасыққа толтырып хром (III) оксидін салыңдар да спирт шамының жалынында қыздырыңдар. Үлкен колбаға құйылған 10 – 15 мл концентрациялы аммиак ерітіндісін тығынмен жауып шайқаңдар.колбада аммиактың ауамен араласқан буы пайда болады. Қызған хром (III) оксидін колбаға себелеп салыңдар. Колбада «отты жаңбырдың » түзілгенін байқаңдар.
8-тәжірибе.Хром алу (алюминотермиялық тотықсыздандыру). Алюминий металдардың көпшілігінің оксидтерімен, оның ішінде хром (III) оксидімен де әрекеттеседі. Бұл реакцияда хром және алюминий (III) оксиді түзіледі: 2Al + Cr2O3 = 2Cr + Al2O3 + Q . Асбест қағазынан шиыршықтап орап, түбі жоқ стакан жасап, сыртын сыммен байлаңдар. Оны құм салынған қаңылтыр қалбырдың үстіне қойыңдар. Асбест стаканға алюминий мен хром оксидінің ұнтақтарының қоспасын салып, қоспаның астынан шығып тұратындай етіп магний таспасын қадап қойыңдар. өздерің шеткері тұрып таспаны тұтатыңдар. Осы кезде магний таспасы жан-жаққа от шашып жанады. Қағаз жанып ыстық массалар құмға ағып түседі. Реакция теңдеуін жазыңдар.