66.Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары туралы сипаттап көрсетіңіз Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. Құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. Аяғында Астрахан меже бөлімі бойынша — 77 624 km21799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазып, өзінің қол астыңдағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп баруына рұқсат сұрап, өтініш жасады. Сөйтіп 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді.Бөкейдің өзіне Ресей императорының суреті бар алтын медаль тапсырылды. Көшіп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың шаршы шақырым шамасында болды. Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтар орналасқан бұл аймақ Ішкі Орда деп аталды. Ішкі Орда батысында Астрахан, солтүстігі мен шығысында Саратов және Орынбор губернияларымен шектесті, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Каспий теңізі мен Жайық шекара шебіне барып тірелді.
1801 жылы патша үкiметi Еділ Жайық аралығында Ішкi орда немесе Бөкей хандығы атты орда құрады. Кiшi жүздiң жерiн екiге бөлiп жүзге байланыссыз төртiншi орда құрғандағы патша үкiметiнiң мақсаты өзiнiң отаршылдық әрекетiн тереңдету едi. Патша үкiметi қос өзеннiң арасындағы шаруашылық жүргiзуге қолайлы жерге жаңа мемлекет құрып, онда үлгiлi шаруашылық ұйымдастырып, сол арқылы Ресейдiң қол астына өте қоймаған тайпа, руларды тарту едi. Патша үкiметiнiң бұл ниетi Жәңгiр хан жүргiзген реформалардан көрiнiс тапты.
Жәңгiр хан әкесi Бөкей хан қайтыс болған соң 1824 жылы хан тағына отырады. Ол қыстау және шабындық жерлердi жеке меншiкке беруден өз реформасын бастайды. Бұл реформаның мақсаты жердi интенсивтi түрде пайдалану болды. Сондай-ақ ол шет елдерден асыл тұқымды мал әкелiп қазақы малмен будандастыру арқылы мол өнiм беретiн мал тұқымын жасауды ұйымдастырды. Ол Ресеймен және басқа елдермен сауда байланысын дамытты, тұңғыш жәрмеңке ашты. Бұл тауар-ақша қатынасының дамуына әсер еттi. Жәңгiр хан ордасында қазақ балалары үшiн бастауыш мектеп ашты. “Орда мектебi” деп аталған бұл оқу орнын бiтiргендердi хан Ресей қалаларына оқуға жiбердi. Орда мектебiнен қазақтың тұңғыш интеллигенциясы туып жатты.
Жәңгiр Нарын құмының Жасқұс мекенiнде хан ордасын салғызды. Ағаш үйлерден құралған бұл қалашықта хан үкiметiнiң кеңселерi, қызметкерлердiң үйi салынды, осы үлгiмен сұлтандар, ру басылары өздерiне жеке үй салдырды. Жәңгiр хан үкiметiн нығайту үшiн билiктi ханның қолына топтастырып, сұлтандар мен ру басыларының билiгiне шек қойды.
Жәңгiр хан осы және басқа реформаларды үстем тап өкiлдерiнiң мүддесi тұрғысынан жүзеге асырғанын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар ол жүргiзген шаруашылық және бiлiм саласындағы рефомалар қарапайым халыққа тиiстi дәрежеде пайдалы болды. Сондықтан да Жәңгiр ханның жүргiзген реформасының прогрессивтiк сипатын, оның жеке басының реформаторлығын ғалымдар мойындайды. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы.
Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды.
Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Ресей империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды. Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкейдің - Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді.[2] Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А. Сергачев келеді. Кейін 1839 ж. тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф. Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр.
1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 ж. көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 ж. тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған.
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны «Хан мешіті» деп атаған