71.Жетісу және Сырдария облыстарын (1867 ж.) және Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы туралы жазыңыз 1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды.1. Аумақтық өзгерістер:ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына – Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай; Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870 ж. Маңғыстауьприставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына қарады.2. Басқарудағы өзгерістер:1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды. Облыс орталықтарында – полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық тұрғысынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.3. Сот жүйесіндегі өзгерістер:Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстар билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап отырды.4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.
Жетісу және Сырдария облыстарын басқарутуралы(1867ж)және Орынбор және Батыс Сібірүкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы(1868ж)уақытша ереженің жүзеге асырылуы
XIX ғасырдың 60 жылдары қазақтардың арнайы басқаружүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған арнайыкомиссия құрылды. Комиссия кезінде қазақ даласын Батысжәне Шығыс деп 2-облысқа бөлді.
1)Батыс облысы,орталығы-Торғай 2)Шығыс облысы,орталығы-Қарқаралы Комиссия ұсынысын Орынбор генерал-губернаторы А.П.Безакқа табыстарды. 1865жылы Ішкі істер кеңесініңмүшесі Гирс басқарған «Дала»комиссия құрылды. Оныңқұрамына бас штабтан-полковник Ф.К.Гейнс ,Орынборөлкесінен полковник Гутковский,Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан капитан А.П.Проценко енді. II Александр бұйрығымен 1865жылы 5маусымда қазақ жерінедеген сұрақтарын дайындады(сот ісі,жер иелену, дінимәселелер,ағарту ісі т.б Ш.Уалиханов әкімшілік басқаружүйесін құру ісіне өз ойын білдірді.