120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары



бет36/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

2.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары.
Қазақ халқының қалыптасу процесiнiң аяқталуы қазақ хандығының құрылуына үлкен әсерiн тигiздi. Бұл екi процес бiр-бiрiмен тығыз байланыста болды.
Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жощы ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің үлесіне тиді.
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның әлсіреуі және ыдырауы жағдайында кең байтақ аймақтың рулары мен тайпаларының ең ықпалды көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылды, немесе Шыңғыс ұрпақтарынан қамқоршы іздестірді. Олардың көбі алғашқы қазақ хандарыныңбіртұтас мемлекет құру, оны нығайтуға бағытталған іс әрекеттерді қолдады.
Қазақ рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау 40-50 жылдардың өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде Қаратау баурайларында, Сырдарияның төменгі ағысында Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді. Әбілқайыр хан өз билігін нығайту жолында және өзіне бағынбаған басшыларымен күресіп жүргенде Ақ орда хандарының ұрпақтары бұл аумақта билігін қамтамасыз етіп алды.
Керей мен Жәнібектің нақты кімнің ұрпақтары екені әлі де толық зерттелмеген мәселе. Бірақ көптеген деректемелерде Жошының 13 і ұлы Тоқа Темірдің ұрпақтары делінген. Қыдырғали Жалайриде Ұрыс ханды Тоқа Темірдің ұрпағы деп санайды. Олардың екеуі де дәстүр бойынша Ақ Орданың дәрежесі тең билеушілері деп саналған, өйткені Орданың ұлысынан Тоқа Темірдің де үлесі берілген. Тоқа Темірдің ұрпақтары ХІІІ ғ. өзінде Орда Еженнің ұлысына жатады деп саналған.
Тоқа Темірдің басқа баласы Үз Темірдің ұрпақтары Мұхаммед хан мен Ахмед хан Әбілқайыр ханға көп қарсылық көрсеткен. Әбілхайыр хан бұлардың шапқыншылығынан да қауіптеніп отырған.
Қарсылықтарын Әбілхайыр ақырына дейін баса алмаған Жошыдан тарайтын сұлтандар ішінде деректемелерде Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар да аталады. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Мырза Дуғлатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде айтылады. Бұл туралы Хондемирдің «Хабиб ас Сийарында», «Бахр әл асрарды» еңбектерінде де көрсетілген.
Жәнібек пен Керей жастары жағынан Ахмет хан мен Махмуд ханның замандастары, қатарлары ғана емес, сонымен қатар серіктері де болуы мүмкін. Керей мен Ахмет хан қатар қайтыс болған, біріншісі 1470 жылы, 1481жылы.
«Таварих и гузида йи нусрат намеде» берілген дерек бойынша Керей мен Жәнібек немере ағайын болған. .
Керей ханның шежіресі: Ұрыс хан –ТоқТақия- Полад- Керей.
Жәнібек ханның шежіресі: Ұрыс хан -Құйыршақ- Барақ хан- Жәнібек.
Керей мен Жәнібекке оңтүстік өңірінің рулары мен тайпалары келіп қосылды, әсіресе Барақ ханды қолдаған ру тайпалардың көбісі келіп қосылған.
Әбілқайыр билігін нығайту жолында 20 жыл бойы соғыс жүргізіп жүргенде, Қазақстанның оңтүстігінде наразы көптеген рулар мен тайпалар ағыла келіп қосылып жатты. Қаратау баурайлары мен Сырдариядағы қала орталықтары мен бекіністер Созақ, Сығанақ бәлкім Сауранда Жәнібек пен Керейдің қолында болған.
Алайда, Қазақстанның Оңтүстігінде өмір сүру өте қолайсыз болды, себебі, Темір ұрпақтары мен моғолдар үнемі шабуылдар ұйымдастырып отырған. Керей мен Жәнібектің көшпелі тайпалары да үнемі қысым көріп отырды, себебікөктем жаз кезінде жайылым жерлерді Әбілхайырға көшпелі тайпалары алып жатты.
Ол кезде халық өзінің ауыр жағдайы үшін ортағасырлардағы көшпелі қоғамға тән қарсылық түрі – көшіп кетумен жауап қайыру.
50 ж. аяғында осындай көшіп кетуді Керей мен Жәнібек басқарды. Олар 1458-1459 жылдары Әбілхайыр ханнан Моғолстанға Батыс Жетісу жеріне көшіп кетті. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дуғлатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде айтылады. Вильяминов Зернов та осы дерекке сүйене отырып бұл оқиғаны ХҮ ғ. 60 жылдары деп есептеген. Есенбұға бұларды шын ықыласымен қарсы алып Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы округін берді.
1462 жылы Есенбұға қайтыс болғаннан кейін Жетісуда қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болмады. 1468 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығына қарайтын жерлер кең тарады.
Қорыта келе, деректемелер мен мағлұматтарды, фактілер мен пікірлерді салыстыруда Қазақ хандығы ХҮ ғ. 60 жылдары ортасында Батыс Жетісуда құрылған. Билікті нығайту жолында Орта жүз қазақ тайпалары мен руларының ондаған жылдар бойы көшіп келген. Моғолстанның құлдырауынан кейін Ұлы жүз Қазақ хандығына келіп қосылады.
ХҮ ғ 70 жылдары Қазақ хандарымен Шайбанилықтардың арасында Сауран, Созақ түбінде, Қаратаудың Соғынлық асуында ірі шайқастар болды. Қазақтар мен өзбектер кезек-кезек алып отырды. Нәтижесінде 1495 жылы Сыр бойындағы қалаларды өзбектер иеленді.
Алтын Орда құлағаннан кейiн Қазақстан территориясында Әбiлхайыр хан басқарған өзбек және ноғай хандықтары құрылды. Өзбек хандығында хандық билiкке Орда Ежен мен Шейбени ұрпақтарының арасында талас-тартыс басталды. Нәтижеде 1428 жылы Шейбаниттер ұрпағы Әбiлхайыр хан болды. Оның хандық құрған 1428-1468 жылдар аралығында “Көшпелi өзбек мемлекетi” пайда болып, ол мемлекеттiң территориясы айтарлықтай ұлғайды. ХV ғасырдың орта шенiнде Сырдариядан Сiбiр хандығына дейiнгi ұлан-байтақ территорияны алып жатты. Алайда бұл мемлекет iшiнде үкiмет билiгi үшiн үнемi айтыс-тартыс күшейiп отырды. Керей мен Жәнiбек сұлтан және басқалары сияқты бiр топ сұлтан бiраз халықты ертiп Әбiлхайыр ханнан Моғолстанға көштi. Моғолстан ханы Исабуға қашқындарды жақсы қарсы алып, олардың мекендеуiне Моғолстанның Батыстағы шеткi аймағы болып есептелiнетiн Шу мен Қозыбасы иелiгiн бердi. Өзбек ұлысында ырың-жырың туып Әбiлхайырханның қол астындағы халықтьың көпшiлiгi Керей мен Жәнiбек хандардың қарамағына көшiп кеттi. Сөйтiп, оларға қосылғандардың саны 200 мың адамға жеттi. Қазақ сұлтандарының Жеке билiк құра бастауы (1465-66 ж.ж.) Әбiлхайыр ханнан қашқан Керей мен Жәнiбектен басталатынын жоғароыда айтып өттiк. Бұл жөнiнде атақты тарихшы Мұхаммед Қайдар “Ол қазақ хандығы құрылды” – деп жазды. Жәнiбек пен Керей құрған қазақ хандығы көп ұзамай-ақ халқының саны едәуiрге жеткен дербес мемлекетке айналды. Ал оның территориясы Жәнiбек хан тұсында Шу мен Сырдария өзенiнiнiң шеңберiндегi жерлермен шектелсе, кейiнiрек өзбек хандығына тәуелсiз басқа сұлтан иелiктерi де пайда бола бастады. Сонымен Жетiсудың Батыс бөлiгiнде орнығып нығайған қазақ хандығы Моғолстан билеушiлерiмен бiрiгiп Дештi қыпшақтарға үкiмет билiгiн өз қолдарына алуға барынша күш салды.
Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы — XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар Қазақ хандығы үшін күшею, нығаю жылдары және қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес кезеңі еді. Кезеңнің ең басты оқиғаларына көрсетілген жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы қалалар мен өңірлер үшін алғашында Мауреннахрдағы темірлік билеушілермен, кейіннен шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген күрестері жатты. Осы күрестер барысында тарих сахнасына қазақ хандарының екінші буыны өкілдері: Бұрындық, Қасым хандар шығып, қазақ мемлекеттілігінің одан әрі күшейіп, нығаюына өз үлестерін қосады.
Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрады. Жәнібек ханның қашан қайтыс бо­лып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билік құра бастағаны бізге белгісіз. Ол ту­ралы ешбір дерек жазбайды.
Тұрсын Сұлтановтың пікірі бойынша, Бұрындық хан 1473-74 жылдардан билік құра бастаған. Біз де осы пікірді жөн деп санаймыз, өйткені дәл осы жылдардан бастап Сыр бойы үшін күресте қазақ ханы ретінде Бұрындықтың есімі айтылып, Жәнібек хан ұлдарының бәрі «сұлтан» лауазымымен жазылады.
1510 жылдың қысында Мұхаммед Шайбани хан тағы да қазақтарға жорық жасайды. Бұл оның қазақтарға қарсы жасаған соңғы жорығы болды. Жорық бағыты Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан күшті еді. Ол жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп жазады: «…Бұл кезде Бұрындық ресми хан болып саналғанымен, хандықты басқару ісі және толық билік Қасым ханның қолында болды». Осы жорығында Шайбани хан Қасым ханнан тас-талқан боп жеңіледі. Қасым ханның жеңісі Дешті Қыпшаққа түгел тарап, оның атағын өсіреді.
Қасым ханның осы жеңісінен кейін Бұрындықтың тағдыры өте қайғылы жағдайда өтеді. Ол жөнінде тағы да Мұхаммед Хайдар Дулати: «…Қасым ханның атақ-абыройының өскендігі соншалық, ол Бұрындық ханды қуып жіберді», — деп баяндайды. Бұл шамамен алғанда, 1510 жылдың соңында немесе 1511 жылдың басында болады.
Осылайша, Қазақ хандығының құрылуы кезіндегі оқиғаларға белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіріп, атақ- абыройын жойды. Бұрындық ханның тағдыры әркімге де тарихи сабақ бола алады.
Енді бірер сөз Бұрындық ханның өмірінің соңғы кезеңі туралы. Тарихи дерек мәліметтерінде баяндалғанындай, Бұрындық хан Дешті Қыпшақтан кетіп, Самарқанға келеді. Қай жылдары екені белгісіз, сонда жүріп ол қайтыс болады. Ол Үргеніш қаласы маңындағы Бақырған ата қабірінің жанына жерленеді. Кейбір тарихшылар ешбір дерек мәліметіне негіздемей, Бұрындықтың соңғы өмірі жөнінде қисынсыз пікірлер айтады. Мысалы, А. П. Чулошников Қасым хан мен Бұрындық хан арасында ұрыс болды да, жеңілген Бұрындық өз Отанын тастап, Мауреннахрға кетті деген ойлар айтады. Сол сияқты, Бұрындық хан Самарқан жақта жоқшылықтан, кедейшіліктен қайтыс болды деп жазады. Мұндай пікірден кейін Бұрындық ханның өміріне қатысты мәліметтер беретін деректермен танысқанымызда, А. П. Чулошниковтың пікірлері дәлелденбеді.
XVI ғасыр басында жазылған «Хандар шежіресінде» Бұрындық ханның ұлдары жөнінде айтылады, бірақ олардың ешқайсысы Қазақстан аумағындағы саяси билікке келмейді. Соған қарағанда Бұрындық хан Қасым ханнан ығысып Хорезмге қарай жылжығанда, өзінің жақтастарымен, әсіресе, ұлдарымен бірге кеткен. Осылайша, Бұрындық ханға қатысты жоғарыда айтқан ойларымызды түйіндей келе, оның өмірі 40 жылдай Қазақ хандығының тарихымен тікелей байланысты болғандықтан, хандықтың құрылуы мен күшеюінде өзіндік рөлі, алатын орны, қосқан үлесі бар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет