64.XVІІ-XVІІІ ғғ. қазақ-жоңғар қатынастарын сипаттаңыз 1635 жылы Жоңғар хандығы құрылды. Хандықтың негізін салған Батыр қонтайшы болды (1635-1653 жж.). 1640 жылы Батыр қонтайшының бастамасымен Жоңғар ақсүйектерінің құрылтайы өткізіліп, онда «Дала жинағы» деген атауға ие болған заңдар жинағы қабылданады. Бұл жинақта жоңғар хандығының күші мен ұлылығы паш етілді. Батыр қонтайшы кезінде жоңғарлар мен қазақ хандығы арасында қақтығыстар шиеленісіп, үздіксіз соғыстарға ұласа бастады. Батыр қонтайшы қазақтарға қарсы бірнеше рет басқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Бірақ Қазақ хандығын Салқам Жәңгір хан билеген кезде 1643 жылы Орбұлақ шайқасында жоңғарлар ойсырай жеңілгені белгілі. Батыр қонтайшы өлгеннен кейін қазақ жоңғар соғыстарында үзіліс болған еді. Өйткені билікке талас кезінде Жоңғар хандығы саяси бірлігінен айырылып қалған болатын. Алайда билік басына Галдан Бошокты қонтайшының келуіне байланысты (1670-1697жж.) Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы қайтадан жанданды. Ал Жоңғар хандығыны Цеван Рабдан билеген кезде (1697-1727 жж.) қанды жорықтар өзінің шарықтау шегіне жетті.1723 жылы көктемде жоңғар әскері Қаратау арқылы талас өзенінің алқабына басып кірді. Қазақтар бұл уақытты қыстаудан көшуге дайындалып, шабуылды күтпеген еді. Мұнда барлық қазақ жұрты қырғынға ұшырады да, тірі қалғандары малдары мен мүліктерін тастап қашуға мәжбүр болды.Аяқ астынан кедейленген және ашыққан көшпенділер тобы Бұхара мен Самарқан оазисін толтырды. 1724-25 жылдары жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алып талқандады. Егіншілік, қолөнер мен сауда Сырдарияда тоқтады. Бұл оқиға қазақтар арасында “Ақтабан шұбырынды” ретінде белгілі. Нәубет жылдардағы басқыншылармен күресте қазақ болған құрбандарды халық ауыр азамен еске алады.
VII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ жонғар қатынастары.
Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған. 17 ғасырдың 80-жылдарында Тәуке жоңғарлардың қолында қалған баласын қайтаруды талап етті. Баласымен бірге еріп келген 500-ге жуық жоңғар жауынгерлері Тәуке ханның шешімімен өлтірілгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісе түсті. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. Бұл шапқыншылық Қазақ хандығының оңтүстік аудандарына айтарлықтай нұқсан келтірді. 1710 – 11 жылдары Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оларға одақтас қарақалпақтарды Ташкентке қарай ығысуға мәжбүр етті. 1726 жылы Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оған көршілес жатқан Орта Азия халықтарының шаруаларына ауыр зардаптарын тигізді. 1726 жылыБолат хан үш жүздің хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері мен батырларының, сұлтандарының басын қосып, Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, жауға қарсы жаңа стратег. шабуыл ұйымдастыру келісілді (қ. Ордабасы). Әскери күшін біріктірген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап, Қазақ хандығының басшылығында ауызбірлік қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты Қазақ ауылдарының бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын. Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай гео-саяси жағдайды қалмақтар дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы да еске алынды. Бесіншіден, шабуылдың күтпеген жерден, түтқиылдан жасалу факторы да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр соңында, алтыншыдан, жоңғарларжақсы қаруланған болатын, әрі соғыс қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды.Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.[2] Қазақ халқы жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрестегі екінші тарихи жеңіске 1730 жылдың көктемінде жетті. Бұл оқиға Балқаш көлінен 120 мың шақырым оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Алакөл маңында өткен Аңырақай шайқасында болған еді. Шайқаста Әбілқайыр хан қолбасшылық етті. Ұрыс батырлар жекпе-жегімен басталды. Шәкәрім Құдайбердіұлы оны былайша суреттейді: «... қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып, ортасында қалмақтың Қалдан-Церен ханның күйеуі Хоңтажы деген әскер басының баласы Шарыш деген батыр қазақтан жекпе жекке батыр сұрап жүр екен. Әбілмасұр Әбілмәмбетке ханға барып: «Тақсыр, бата берсеңіз мынаған мен барайын» дегенде, хан бата берген соң, Шарышқа қарай «Абылай, Абылай» деп ұран салып барып, Шарышты өлтіріп, басын кесіп алып, жау қашты деп айғай салған соң, қалмақтар қашыпты. Бір мезгілде Әбілмасұрды қасына отырғызып, «Шырағым, сен кімсің, Абылайлап шапқаның қалай» десе: «Мен қанішер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған атамның атын ұран қылдым» дейді. Шарышпен болған жекпе- жектегі жеңістің құрметіне халық оны Абылай атап кетті.
Аңырақай шайқасында майдан даласы 200 шақырымға дейін жетіп, қазақтар ұлы жеңіске жетті. Алайда, осы жеңістерді қазақ халқы одан әрі жалғастыра алмады. Оған қазақ қоғамының саяси элитасы арасындағы бақталастық кедергі жасады. Оған Болат хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығында ұлы хан болу үшін саяси күрестің басталуы себеп болды. Ұлы хан болуға бірден бір үміткер қазақтың біріккен әскерінің бас қолбасшысы, Кіші жүз ханы Әбілқайыр болатын. Бұланты мен Аңырақай шайқасындағы тарихи жеңістерден кейін Әбілқайыр ханның беделі мен саяси салмағы да арта бастағанды. Бірақ ұлы хан бола алмайтынын білгеннен кейін ол өз әскерімен Кіші жүздегі ордасына көшіп кетті.
1727 жылғы болған шайқаста қазақтар жоңғарларға ойсырата соққы бердi. Бұл жер тарихта “Қалмақ қырған” деп аталды. (Байқоңыр маңы) 1729 жылы Аңырақай деген жерде қазақтар екiншi рет қалмақтарға соққы бердi. Дегенiмен бұл екi жеңiсте қазақтарды түпкiлiктi жеңiске жеткiзе алмады. Қазақ-жоңғар соғысы: Қазақтардың ең қауiптi жауы ХVIII ғасырдың басында мейлiнше күшейген жоңғар хандығы болды. XVII ғасырдың 80 жылдары жоңғар қоңтайшысының қазақ жеріне жорықтары жанданды, олар Оңтүстік Қазақстан мен Сырдария сауда қалаларын, сонымен қатар маңызды керуен жолдары өтетін аумақтарды басып алуға ұмтылды. Қалдан қоңтайшы (1671-1699) 1681-1865 жылдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше шабуыл жасады, оның нәтижесінде Сайрам қаласы қиратылды.
Оның мұрагері Сыбан Раптан (1699-1729) басқыншылық соғысты жалғастырды. XVIIІ ғасырдың басында басқыншылардың әскері сарысу өзеніне дейін жылжыды, олардың әскерінің бір бөлігі Орта жүздің солтүстік шығыс аудандарына басып кірді. 1710 жылы Қарақұм ауданында Тәуке хан жауға қарсы ұйымдастыруды талқылауға барлық жүздердің өкілдерін жинады. Жоңғарларды шығысқа шегіндірген әскер құрылды. Қазақ саяси жүйесі ішкі саяси проблемаларды шешуге тамаша мүмкіндік берді. XVII ғасыр басындағы реформадан кейін қауымаралық пен сословие аралық алауыздық сот ісінің шегінен сирек шықты және ешқашан қарулы күреске жеткен жоқ. Бірақта XVIIІ ғасырда сыртқы саяси ахуал бірден өзгергенде, реформа нәтижесінде орталықсыздандырылған қазақ хандығы сыртқы жағдайдағы өзгерістерге дайын емес болып шықты.
Бұл 1715 жылы Тәуке хан өлген соң анық байқалды. Жоңғар тарапынан төнген қауіпке байланысты хан ролінің жоғарылауы керектігін сезінген сұлтандар жоғарғы билеуші орны үшін шиеленіскен күресті бастады. Ұзақ тартыстан соң хан болып Қайып сайланды (1715-1718).
Көп ұзамай жоңғарлар шабуылын тағы жаңғыртты. 1716 жылы олардың әскерінің басты бөлігі шабуылын Іле өзенінен Аягөзге қарай бағытпен бастады. Бір уақытта басқа отрядтары Сібірге жылжыды. 1718 жылы көктемде жоңғарлар мен қазақтар қолы арасындағы Аягөз өзенінде үш күндік қантөгіс, шайқастың алғашқы күндеріндегі жеңістерге қарамастан, қазақтардың жеңілісімен аяқталды.Өзара жауласқан Әбілхайыр мен Қайыптың келіспеушілігі, сонымен қатар жоңғарлардың тылдан оқыс соққысы шайқастың нәтижесін шешіп берді. 1718 жылы жоңғар әскері Арыс өзенінде басқа қазақ отрядтарын талқандады.
1718 жылы Қайып хан өлді де сұлтандардың жоғарғы билік үшін күресі қайта жанданды. Ең қолайлы кандидатура жас жігерлі Әбілхайыр болды, бірақ төре тұқымының күшеюін қаламаған билер шоғыры ынжық әрі жігерсіз Болатты (1718-1729) таңдады. Алайда соғыс жағдайында қауым демократиясына бас тігу өзін ақтамады да, Болат хандықты басқарудан қалды. Орталық биліктің әлсіздігі жағдайында Кіші жүз бен Орта жүз қауымының бөлігі өздерінің егемендігін шектеп, Әбілхайырды хан сайлады (1718-1748). Осылай қазақ хандығының ыдырау процессі басталды. Ташкентте ақ киізге Жолбарыс көтерілді, ал Орта жүздің бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындады. Бұл тұлғалар жоңғарларға тойтарысты ұйымдастыра алатын еді, алайда мұны сезіну үшін қазақтарға 1723 жылғы Ақтабан шұбырындыны бастан өткеруіне тура келді.
Жоңғарларға қарсы бір майданның жарылуы қазақ жасақтарының қорғаныс қабілетіне кері әсер етті. Сұлтандар шоғыры арасындағы ұрыс-керіс жоңғар қоңтайшыларының қазақтарға бірқатар ірі соққылар беруіне қолайлы жағдай туғызды.
1723 жылы көктемде жоңғар әскері Қаратау арқылы талас өзенінің алқабына басып кірді. Қазақтар бұл уақытты қыстаудан көшуге дайындалып, шабуылды күтпеген еді. Мұнда барлық қазақ жұрты қырғынға ұшырады да, тірі қалғандары малдары мен мүліктерін тастап қашуға мәжбүр болды. Аяқ астынан кедейленген және ашыққан көшпенділер тобы Бұхара мен Самарқан оазисін толтырды. 1724-25 жылдары жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алып талқандады. Егіншілік, қолөнер мен сауда Сырдарияда тоқтады. Бұл оқиға қазақтар арасында “Ақтабан шұбырынды” ретінде белгілі. Нәубет жылдардағы басқыншылармен күресте қазақ болған құрбандарды халық ауыр азамен еске алады.