69.Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісінің сипаты мен маңызын талдаңыз 1836-1838 жылы Бөкей ордасында болған ұлт-азаттық қозғалысты рубасы Исатай Тайманов пен ақын Махамбет Өтемiсов басқарды. Көтерiлiстiң негiзгi себебi патша үкiметiнiң отаршылдық әрекетi едi. Патша үкiметi Каспий теңiзiнiң шаруашылық жүргiзуге қолайлы солтүстiк жағалауын Ресей помеùиктерiнiң қолына бердi. Олар осы жерден балық аулау, тұз алу, егiн егу, мал-жаю кәсiпкерлiгiмен шұғылданбақшы болған халықты қатал қанады. Бұл көтерiлiстiң негiзгi себебi едi.Сонымен бiрге көтерiлiсшiлер Жәңгiр хан мен оның туыстарының қарапайым халыққа жасаған қиянатына қарсы шықты. Исатай мен Махамбет қол жинап Ресейдiң отаршылдық әрекетiн жүрiгiзiп отырған сұлтандар мен билердiң ауылдарына шабуыл жасаудан көтерiлiстi бастады. 1837 жылы 5 мыңға жеткен көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханның ордасын қоршады. Көтерiлiсшiлер мен жазалаушы отярдтың арасында 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде қысқа, бiрақ кескiлескен шайқас болады. Көтерiлiсшiлер 100-дей адамынан айрылып ұсақ топтарға бөлiнiп жан-жаққа тарап кетедi.Исатай мен Махамбет көтерiлiсшiлерден шағын отряд құрып жазалаушыларға кенеттен шабуыл жасап үлкен шығынға ұшыратып кетiп отырады. Олар патша әскерлерiне қарсы күрестi жалғастыру үшiн Жайық сыртына өтiп Кiшi жүз халқын көтерелiске жұмылдыруды көздейдi. Осы мақсатпен олар неғұрлым табанды, сенiмдi сарбаздарды бастап 1837 жылы желтоқсанда Жайықтан өтедi. Көтерiлiс басшылары Кiшi жүз халқынан сарбаз жинап бiрсыпыра күшейедi. 1838 жылы шiлде айында жазалаушы отрядпен көтерiлiсшiлер арасында Ақбұлақ шешушi шайқасы болады. Көтерiлiс жеңiлiп, Исатай қаза табады.Сөйтiп Исатай, Махамбет бастаған көтерiлiс жеңiлiске ұшырайды. Бұл көтерiлiс Қазақстан тарихындағы бұқаралық және ұлт-азаттық сипаттағы қозғалыстың бiрi болды. Бұл қозғалыс патша үкiметiнiң отаршылдық саясаты мен үстем тап өкiлдерiнiң сатқындығын әшкерелеп бердi. Көтерiлiс қазақ халқының ұлт-азаттығы үшiн күресiнiң алдағы уақытта да жалғаса беруiне әсер еттi.
1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлының Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындалуы көтеріліске түрткі болды.
Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді «жалға» беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін әр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді.
Жер қатынасындағы осындай әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтерілістің басында Беріш руынан шыққан белгілі батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тұрды.