Көтерілістің негізгі себептері: Ақшалай салықтың өсуі;
Әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттелуі; Шаруалардың көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық өлеуі; Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды, оған старшын, билер де қатысты.
Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық және отаршылдыққа қарсы.
Көтерілістің барысы. Көтеріліс үш кезеңге бөлінді.
Бірінші кезең – 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең – 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларында жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.
70.Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы: қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептерін талдаңыз Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Саяси тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егінші де, ағамандар да, сұлтандар да ат салысты. Қазақ жерін әскери отарлауға, Қоқанд бектерінің озбырлығына қарсы жалпы халықтық күрес бұл қозғалысқа азаттық жолындағы күрес сипатын берді. Рас, Кенесарыны қолдауда билердің, ағамандардъщ, сұлтандардың бәрі бірдей бір мақсатты болғаи жоқ: орын ауыстыруға, негізгі күштердің өзге аудандарға өтуіне байланысты руластық белгілері бойынша құралған кейбір жасақтар кетерілісшілерден бөлініп қалып отырды. Жасақтардың жетекшілері Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Бәйсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай және басқалар сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасынан орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктер және басқа ұлт өкілдері кездесті. Кенесары соғыс қимылдарын 1838 ж. көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Бекіністің коменданты, әскер старшинасы Қарбышев пен Ақмола округінің аға сұлтаны, полковник Қоңырқұлжа Құдаймендин өртелген бекіністен әрең дегенде қашып шыға алды. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай ауданына қарай ойысты. Орынбор шенеуніктеріне жазған хаттарында Кенесары өзінің бұл қадамын Орынборға жақынырақ келіп қоныстап, келіссөздер жүргізуімді жеңілдету үшін жасадым деп түсіндіреді. Ал іс жүзінде сұлтан көтерілісті Ресейми тікелей жанасып жатқан 1836-1838 жж. Исатай Таймановтың басшылығымы көтеріліс болған Кіші жүз жеріне таратуды мақсат тұтты. Жоламан Тіленшиев батыр бастаған төртқаралықтар, шөмекейлер, табындықтар және басқа рулар көтерілісшілерге келіп қосылды. Сөйтіп, қозғалыс Кіші жүзді де қамтыды. Күткендегідей, келіссөздерден ешқандай нәтиже шықпады.
Кеңесары Ресейдiң отаршылдығына қарсы күресте аты шыққан әулеттiң ұрпағы. Оның әкесi Қасым, ағалары Саржан, Есенкелдi, баласы Садық өз өмiрлерiн Ресейдiң отаршылдығыныа қарсы күреске арнаған қайраткерлер.
Ресейдiң отаршылдығына қарсы бағытталған қозғалыстармен салыстырғанда Кеңесары қозғалысының бiрнеше ерекшелiгi, артықшылығы болды. Бұл көтерiлiс Қазақстан тарихындағы хан басқарған бiрден бiр көтерiлiс. Бұл қозғалыстың бұқаралық сипаты болды. Көтерiлiске үш жүздiң халқы қатысты, көтерiлiсшiлер қатарында өзбек, орыс, поляк, қырғыз және басқа халықтардан өкiлi болды. Көтерiлiске атышулы батырлар қатысты. Кеңесары бастаған қозғалыс ұзаққа созылған тегеурiндi қозғалыс болды. Патша үкiметiнiң жазалаушы отряды 10 жыл бойы Кеңесарының соңына түскенiмен ауыз толтырып айтарлықтай табысқа жете алмады. Кеңесары қазақ халқының саяси тәуелсiздiгiнiң белгiсi болған хан үкiметiн қалпына келтiру үшiн күрестi.
Қарқаралы (бұрынғы Бөкей ханның иелігіндегі) және Көкшетау (бұрынғы Уәли ханның иелігіндегі) округтерін құру патша өкіметінің Орта және Ұлы жүздердің түйіскен тұсындағы қазақ жерлерін бірте-бірте басып алуын бастап берді. Қазақтардың дәстүрлі көшіп-қонатын жерлері тарылды, жері құнарлы аудандарға қазақтарды жаңадан қоныстандыру өріс алған. Абылай хан ұрпақтарының төңірегіне топтасқан қазақ халқының наразылығы арта түсті. Шыңғыс әулеттерінің бірі Ғұбайдулла сұлтанды патша үкіметінің жазалаушы отряды ұстап алып, Березовкаға жер аударып жіберді. Сол сібірлік бұғаудан ол тек 1840 ж. қараша айында соның өзінде Кенесары сұлтанның табандылықпен талап етуі арқасында ғана қайта оралды.
Қасым төренің ұлы Саржан сұлтан дара-дара жасақтарды біріктіріп, қазақ жерін отарлау саясатына қарсы кетерілді. Патшаның жазалаушы отрядтары ығыстырған Саржан сұлтан өзінің жолын қуушылармен бірге Қоқанд бегінің көмек көрсетер деген үмітпен Қоқанд хандығына көшіп кетті. Саржан осында 1836 ж. Қоқаңд басқарушысының нұсқауы бойынша жауыздықпен өлтірілді. 1840 ж. Кенесарының әкесі Қасым төре мен оның басқа да жақындары қаза тапты. Патша үкіметінің отаршылдық мақсат-ниетіне қарсы өзінің күресінде Қоқанд бектерінің қолдауына сенім артқан Қасым сұлтанның үміті ақталмады. Алайда, стихиялық, ұйымдаспаған сипатына қарамастан Қасым сұлтан мен оның балаларының күресі отаршылдыққа қарсы күштердің Кенесары сұлтанның, кейіннен Кенесары ханның қолбасшылығымен (1802-1847 жж.) тағы да бірігіп, нығайуында зор маңыз атқарды.
Кенесары Қасымұлы тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы ірі тұлға ретінде қадам басты. Ал ол кездегі жағдайға келсек, патша әскерлерінің бастырмалатқан әрекеттер салдарынан, Сібір Және Орынбор қазақтары туралы 1822-1824 жж. уставтар қабылданғанына қарамай, саяси оқшауланушылығын әлі де сақтап келе жатқан Қазақстан аудандарының тәуелсіздігіне қатер төнген болатын. Сондықтан көтеріліс шығарушы сұлтанның басты мақсаты Қазақстанның Абылай хан тұсындағы территориялық шеттерінің тұтастығын қалпына келтіруге, «жинақтарды» жоюға (оның хаттарында XIX ғ. 20-30 жылдарында Қазақстанда құрылған округгердің көрсетілгендей), Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауға құрылды.
«Бүлікші сұлтанның» негізгі талаптары император Николай I-ге, Орынбор губернаторлары В.А.Перовскийге, В.А.Обручевке, Сібір губернаторы, кінәз В.Д.Горчаковка, Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы А.Ф.Генске және басқаларға жолдаған көптеген хаттарында нақты айқындалған. Ғұбайдулла сұлтан да, оның ағасы Саржан да М. Красовскийдің пікірі бойынша «ақылы жағынан өзінің атасынан (Абылайдан) кем түссе де, мінезінің жігерлілігімен онан да және өз әкесін де (Қасым тереден) асып түсіп, бүкіл далаға әйгілі болған» Кенесары Қасымұлымен олар бір қатарда тұра алмайды.
«Епті, өзіндік ерекшелігі бар саясатшы» Кенесары Қасымұлы сұлтан Ресей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек әскери ғана емес, сонымен бірге дипломатиялық күш-жігерді де талап ететінін ой таразынан өткерді. Ол халық қозғалысынан бөлектенген жекеленген сұлтандардың, ағамандардың, билердің өз еркімен кетушілігін қатал басып-жаншыды. Ресей саясатын қолдаушыларды аяусыз жазалады, бірақ сонда да патша үкіметімен арадағы түсініспеушілікті бейбіт жолмен шешудің жақтаушысы күйінде қалды. Соғыс тұтқындарына, соның ішінде кейбіреулері өзінде қызмет еткен орыстарға қиянат жасамай, шыдамдылықпен қарады. Ресей елші уәкілдерін әдепті қабылдады. Тіпті оның мінезінен қырғыздармен қарсыластық кезеңінде көрінгені болмаса оншалықты қаталдық байқалмаған. Ал көтеріліс мүддесіне сатқындық жасап, әскери тәртіпті бұзғандарға ашуызасының буырқануы аз болмағанды. Мұны, атап айтқанда осы қозғалысқа белене қатысқан ақын, сарбаз Нысанбайдың «Кенесары-Наурызбай» дастаны дәлелдейді.
Кенесары барлық әдіс-амалдарымен феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалық бөлімдерін біріктіруге, бұл мақсатына тіпті азаттық күресінің 1844-1845 жж. ең бір шарықтаған шағында да қол жеткізе алмағанымен, барынша тырысып бақты. Көтерілістің бастапқы кезінен-ақ қазақ ақсүйектері бір-бірлеріне қарсы күресуші екі лагерьге бөлінді: үкімет әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп, өздерінің саяси қарсыластарын күйретуге күш салды. Кенесарының ымыраға келмейтін қарсыластары Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмед пен Мұхамед Жантөриндер, сұлтаны Айшуақов болды. Кенесары Жетісуға асқаннан кейін көтеріліске байланысты ымырасыздық позицияға Абылай ханның ұлдары, азаттық күресінің жетекшісі өзінің туысқандары – Әли меи Сүйік те ұстанды.
Бірақ қалай дегенде де Кенесары Қасымұлы өзінің туы астына үш жүздегі қазақ руларының едәуір белігін топтастыра алды. Кей кездері оның сарбаздарының саны 20 мың адамға дейін жетті. Арасында Орта жүз өкілдері басым болған қазақ сұлтандарының үлкен бөлігі көтеріліске қосылды. Омск облыстық басқармасына қарасты сот-жазалау мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар, билер, ағамандар қолдаған. Жасы 23-ке келген шағынан бастап азаттық қозғалысына белсенділікпен қатыса жүріп, ағалары мен әкесін қазаға ұшыраттырған бекініс желілерінің апаттылығана көзі жеткен Кенесары Сырдария сағасы қазақтарын ығыстыра қыспаққа алған Қоқандтың Күшбегімен келіссөз жүргізуден бас тартты. Сөйте тұра кейде өзін оқ-дәрімен, қару-жарақпен жабдықтаған Бұхар әмірімен достық қарым-қатынаста болды.
Қазақтардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен-ақ кең құлаш жайған қарқын алды. Бұл XVIII ғ. соңы мен XIX ғ.-дағы азаттық жолындағы қозғалыстар тарихындағы Орта жүздің ру-тайпалық бірлестігінен басқа қазақ руларына тараған, барлық негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір көтеріліс еді. Оған Кіші жүздеғі шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас және басқа, Ұлы жүзден – үйсін, Дулат және басқа рулар қатысты.
Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Саяси тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егінші де, ағамандар да, сұлтандар да ат салысты. Қазақ жерін әскери отарлауға, Қоқанд бектерінің озбырлығына қарсы жалпы халықтық күрес бұл қозғалысқа азаттық жолындағы күрес сипатын берді. Рас, Кенесарыны қолдауда билердің, ағамандардъщ, сұлтандардың бәрі бірдей бір мақсатты болғаи жоқ: орын ауыстыруға, негізгі күштердің өзге аудандарға өтуіне байланысты руластық белгілері бойынша құралған кейбір жасақтар кетерілісшілерден бөлініп қалып отырды. Жасақтардың жетекшілері Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Бәйсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай және басқалар сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасынан орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктер және басқа ұлт өкілдері кездесті. Кенесары соғыс қимылдарын 1838 ж. көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Бекіністің коменданты, әскер старшинасы Қарбышев пен Ақмола округінің аға сұлтаны, полковник Қоңырқұлжа Құдаймендин өртелген бекіністен әрең дегенде қашып шыға алды. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай ауданына қарай ойысты. Орынбор шенеуніктеріне жазған хаттарында Кенесары өзінің бұл қадамын Орынборға жақынырақ келіп қоныстап, келіссөздер жүргізуімді жеңілдету үшін жасадым деп түсіндіреді. Ал іс жүзінде сұлтан көтерілісті Ресейми тікелей жанасып жатқан 1836-1838 жж. Исатай Таймановтың басшылығымы көтеріліс болған Кіші жүз жеріне таратуды мақсат тұтты. Жоламан Тіленшиев батыр бастаған төртқаралықтар, шөмекейлер, табындықтар және басқа рулар көтерілісшілерге келіп қосылды. Сөйтіп, қозғалыс Кіші жүзді де қамтыды. Күткендегідей, келіссөздерден ешқандай нәтиже шықпады.
1841 ж. қазақтардың үш жүзінің өкілдері Кенесары Қасымұлын хан сайлады. Қазақ хандығы қалпына келтірілді. 1841 ж. тамызында көтерілісшілер қоқандықтардың едәуір күштері орналастырылған Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекшістерін қоршауға алды. Қоқандықтардың бірнеше бекіністеріне басып кіру көтерілісшілерді жігерлендіре түсті. Көтерілістің негізгі ошақтарынан шалғайда көшіп-қонып жүрген төртқаралықтар мш шектілердің өздері Кенесарыны бүкіл қазақтық хан деп мойындайтындықтары туралы хабарлады.
Төртқаралықтар мен шектіліктердің Кенесары Қасымұлы жағында белсенді әрекет жасағандығы туралы айта отырьш, олардың ХІХғ-дың 30-жылдарының соңы мен 40-жылдарының бас кезінде әрекет-қимылдарын ширықтыра түскен қозғаушы факторларға назар аударғанымыз жөн. Біз бұл арада осы аймақтағы қазақ руларының қазақ жерлерінің оңашалануы тек Ресей империясы тарапынан; төніп келе жатқан отар етіп басып алушылық қатерінен сақтап қалу ғана емес, сонымен бірге қоқандтық бектердің зорлық-зомбылығынан құтылу мақсатындағы ортақ іске өз үлестерін қосуға талпыныс жасағандарын еске салмақпыз. Кенесары мен Қоқанд хандығы қарым-қатынастарының шиеленісуі қазақ сұлтанының жеке өзіне байланысты себептерден де туды. Қоқанд басқарушыларының 1836 ж. патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы қазақтар көтерілісі басшыларының бірі, ағасы Саржан сұлтанды опасыздық-пен өлтіруі, 1840 ж. Қасым төрені, туған ағалары Есенгелді, Әлжан сұлтандарды, Абылай қанынан тараған тағы басқаларды қындықпен дарға асуы қозғалыс жетекшісінің қоқандықтарға қарсы позициясын қатуландырып жіберді. Бұл жөнінде, жекелеп айтсақ, Кенесарыөз хаттарының бірінде Орынбор губернаторына жазды. Азаттық жолындағы күрестің ең басынан бастап қаза тапқанына дейін Кенесары Қоқанд хандығы жөнінде нақты мақсат-қоқанд басқарушыларының өзгісінен босану мақсатын ұстанды. Қазақ ханының Бұхар әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу болды. Кенесары олармен өзара толық сенімділік қатынас орнатты. Хиуа басқарушысы кейде казақ жасақтарын зеңбіректермен, оқ-дәрімен жабдықтап отырды. Әскери тарихшы В. Поттоның пікірі бойынша бұл мемлекеттер Кенесарымен өзара тиімді одақ құруға дайын тұрды.
Осы жағдайдың бәрі белгілі бір дәрежеде Кенесарының көрші елдерге байланысты саясатының сипатын алдын-ала анықтады, бұл оның хандығының әкімшілік басқару құрылымына ықпал жасады. Кенесары хан құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Ол өзінің билігін империяның отаршылдық билігі орныққан Ертіс, Есіл. Жайық бекініс желілері бейындағы аудандардан басқа Қазақстанның бүкіл территориясына таратты. Салықтар жинау тәртіпке келтірілді: малшылар үшін – зекет, егіншілер үшін – ұшыр салығы қолданылды. Патша әскерлерімта соғасудың жалғасуы материалдық және басқа шығын – қаражаттарды талап етті, мұның өзі, әрине, салық; ауыртпалығының арта түсуіне әкеп соқты.
Кенесары мемлекеті қазақтардың егіншілікпен айналысуын қалады. Басқа жағдайлармен бірге бұл патша әкімшілігі тарапынан сауда керуендеріне бақылау жасау қатты күшейген жағдайда көтеріліске шыққан ауылдарды астықпен қамтамасыз ету қажеттігінен туды. Кетерілісшілерге арналған астық конфискеленіп отырды, оларға тәуекелдікпен астық жеткізуші саудагерлер қатаң жауапкершілікке тартылды.
Кенесарының сауда-саттық саясаты едәуір өзгерістерге ұшырады. Көпес керуендерінен алынатын баж салығы едәуір кіріс келтіретінін көріп, хан керуендерді тонаушылығын доғарды, кейде керуен басшыларын жеке өзі қабылдап, товар алып келгені үшін баж салығын телеуден жалтарушыларға қосымша салық салды.
Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді, Хандық кеңес мәселені кеңесіп шешетін жоғары органдар ретінде ханға берілген батырлардан, билерден, сұлтандардан, ханның туысқандарынан құрылды.
Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарының өз қолында қалды. Хандық қеңеске негізін азаттық қозғалысының мүдделеріне адал, жеке басының батылдығымен, дипломатиялық қабілетінен көрінген I адамдар енді.
Басқарудың арнайы қызметі хандық кеңес шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда таратылуын, түсіндірілуін және орыңдалуын қадағалады. Мемлекеттің басында бола отырып, Кенесары басқару ісіне шығу тектеріне қарамастан жеке басының әдетте тыс сапасымен көрінген адамдарды тарта білгендерді сыйлық беріп көтермеледі.
Хан Ресейдің, Орта Азияның лауазымды адамдарына үнемі хаттар жазып, сөз салып тұрды. Дипломатиялық қызметтің ұйымдастырылуына ол мейлінше маңыз берді. Оның хаттары, үндеулері дәлме-дәл нақты мазмұнымен, талаптарының дәлелдігімен ерекшеленеді. Орыс дипломаттары Гернді, Долговты, барон Урды, әйгілі кеңестерді қабылдағанда дипломатиялық әдептілік танытты. Хандықтағы билікті орталықтандырудың жақтаушысы болғандықтан Кенесары ықпалды феодалдардың арасында талас-тартыстың орын алуын тыюға тырысты, барымтаны айыптады, руаралық қақтығыстардың шығуына кінәлілерді қатаң жазалады. Кенесары жекелеген жасақтарына әскери кеңестің мүшелері, данқты батырлар қолбасшылық еткен, соғысуға қабілетті жасақ ұйымдастыра білді. Жүздікке және мыңдыққа бөлінген Кенесары әскері созылыңқы далалық соғыс жағдайына бейімдендірілген болатын. Кенесары енгізген қатал тәртіп оған сарбаздарын қысқа мерзім ішінде жинап алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кенесары өз әскерінде айырмалық белгілерін енгізді. Көптеген түпкі материалдан көтеріліс қолбасшысының өзі орыс армиясының офицерлік алтындалган әшекейлі погонын тағып жүргенін растайды.
Кенесары өзіне қажетті мәліметтерді жеткізіп отыратын өз тыңшыларының қызметін білгірлікпен пайдаланды. Осындай хабарламаның арқасында хан жазалаушы күштердің әскери жылжу жоспарларын алдын-ала біліп отырды, ал мұның өзі оған адам шығынын болдырмауға мүмкіндік берді. Кенесарының соғыс әрекеттерін жүргізу тактикасы полковник Дуниковскийдің, Лебедевтің рапорттарында, есептерінде, хабарламаларында, өткен ғасыр тарихшылары Н. Середаның, В. Поттоның, Л. Мейердің және басқалардың еңбектерінде егжей-тегжейлі суреттелген.
Хандықтың басына келіп, Кенесары қазақ жерлерін азат ету жолындағы куресін бұрынғысына қарағанда едәуір табандылықпен жалғастырады. Қоқандтың Созақ бекінісін басып алып, Кенесары тек соғыс қимылдары ауданын кеңейтуді ғана емес, сонымен бірге өз жақындарының өлімі үшін кек алуды көздеді.
Кенесары Қасымұлы өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді. Қиын-қыстау шақтағы ортақ мүдде – ұлттың азаттығы үшін осындай әрекетке баруының өзі ұлылық емес пе?! Патшаның «бөліп ал да, билей бер» деген саясаты қазақ даласына кеңінен таралуы, елдің қатты наразылығын туғызуы оның жақтастарын көбейтуі заңды еді. Сонымен бірге, Кенесарыға қарсы щыққан рулар да болды.
Отарлауға қарсы куреске үш жүз қазақтарының да белсенді қатысуы патша өкіметін қатты алаңдатты. Көтерілісшілерге қарсы ірі қарқынды күрес жүзгізу керек деп шешілді. Бір мемлекетте екінші мемлекет болмауға тиістін білдіретін қарарға қол қойып, Николай-I 1843 ж. 27 маусымда Кенесарыға қарсы ірі көлемді соғыс жорығын жасауға рұқсат етті. Әскери старшын Лебедевтің 300 адамдық отряды алға шығарылған күш саналды да кейіннен оның отрядындағы әскер саны 1900 адамға жеткізілді; 1843 ж. тамызында сүлтан А.Жаңтөрин мен Б. Айшуаков басқарған екінші топ жасақталды. Қарсылас жақтардың 1843 ж. 7 тамызындағы шайқас үкіметке көздендей нәтиже бермеді. Полковник Бизанов басқарған қарулы топ көтерілісшілердің негізгі куүштерін кездестіре алмай, Орск бекінісіне кері қайтты. Өлке жерш жақсы білетін Кенесары шабуылға шығьш, 1844 ж шілденің 20-нан 21-не қараған түні сүлтан Жантөрінің жасағын тас-талқан етіп жеңді. Әскери старшын Лебедев шабандығы және шұғыл көмек көрсетпегендігі үшін әскери отрядқа басшылық етуден тайдырылды. Осы жеңістерімен жігерленген Кенесарының негізгі күштері 1844 ж. 14 тамызда Екатеринск станциясына шабуылдап, фор-штадты өртеп жіберді, 40 адамын тұтқындап алып кертті.
Көтерілісті басып-жаншу үшін Орынбор жақтан полковник Дуниковскийдің отряды жіберілді, ал әскерлердің сібірлік тобын генерал Жемчужников басқарды. Кенесарыға патша отрядтарының қуғынынан сытылып кетудің сәті түсті. Үкіметтік топтарды абыр-жушылық биледі. Оның үстіне Кенесарымен ұзаққа созылған соғыс патша үкіметінің талай күш-қаражатын шығындатты. Соғыс жылдам жеңіспен бітетін болмады. Бұған қоса Орынбор губернаторы В.А. Перовский мен Сібір губернаторы В.Д. Горчаковтың арасында Кенесарымен қалай күресу жөнінде алауыздық туды. Перовский дауды келіссөздер жүргізду жолымен шешуді ұстанды, ал Горчаков мәселені шешудің соғыстык түрін жақтады.
Орынбор бастықтары Кенесарыға Долгов пен Герн басқарға елшіліктер жіберу қажет деп тапты. Олар өздері алған нұсқау сәйкес Кенесарының алдына қабылдауға болмайтын шарт қойды.
Бұл шарт бойынша көтерілісшілерге үкімет белгілеген шектеулі аймақтарда ғана кешіп-қонуға рұқсат етілді. Көздеген мақсаттарына ете алмаған патша елшілері кері қайтуға мәжбүр болды. Соның өзінде Долгов Орынбор әкімшілігіне Кенесарының талаптарын жеткізді. Онда Кенесары егер орыстардың барлық бекіністері жойылса, басылып алынған жерлер қазақтарға қайтарылса, далада тонаушылық пен зорлық-зомбылық жасаушылық тоқтатылса ғана ресейдің протекторатын (импералистік ұлы мемлекеттің ықпалындағы кіші мемлекет...) қабылдауға келісім беретінін білдірді.
Үкімет Арал-Сырдария алқабы ауданынан бірнеше бекіністер салу арқылы Кенесары ханды Орынбор елкесінен ығыстырып щығаруға күш салды. Екі қанатынан қыспаққа алынған Кенесары Сарыарқаны (Алтын даланы) қалдырып, көтеріліс орталығын Ұлы жүзге ауыстыруға мәжбүр болды.
Сібір өкімет орындары аймаққа Кенесары жасақтарының келуінен алдын-ала сақтану үшін халық пен мал санағыш жүргізуді желеу етіп, Жетісуға Сібір шекара басқармасының төрағасы генерал Вишневскийдің басқаруымен зеңбіректері бар едәуір әскери күш жіберді. Оның қай жағынан да басым күшінің қысымымен Кенесары Іле өзенінің оң жағалауына өтіп, одан алатаулық қырғыздарға қауіп төндіре Алатау бөктеріне қоныс аударды. Ұлы жүз батырлары Сұраншы, Байсейіт, Тайшыбек Кенесарыға қолдау көрсетті. Көтерілісшілер қырғыз жерлеріне жақындады. Көтерілістің бастапқы кезінде старшындыққа қарсы сипаты өзгеріске ұшырай бастады. Хан солтүстік қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай және Жанғараш тайпалар өкілдерінің құрылтайын шақырды. Сарыбағаш, Бұғы, Саяқ, Солто, Шерік және басқа тайпалардың өкілдері қазақ ханының талаптарын орындаудан бас тартты. 1847 ж. сәуірінде 10000 әскері бар Кежсары Қырғыз жеріне басып кірді. Қырғыздармен қақтығысу Ыстық көлдің тау шатқалы қойнауында және Шу өзенінің бас жағында өтті. Тоқмақтың маңында болган күштері тең смес шайқаста Кенесары 32 қазақ сұлтандарымен бірге қаза тапты. Ханның жеңілісі мен өлімі орыс отрядтарының Іле сыртындағы өлке мен Солтүстік Қырғыз жеріне қарай жылжуына қолайлы жағдай туғызды, сөйтіп бұл территорияларды Ресей империясына қосып алуды жеңілдетті.
Кенесары Қасымұлының көтерілісінде қарама-қайшылықтар аз емес. Олар: бір жағанан- Қоқанд хандығымен соғыс (қазақтарды азат ету мақсатын кездеді) және-екінші жағынан-қырғыздармен туысын өлтірушілік соғыс, өзіне қолдау көрсетуден бас тартқан қазақ РУларына деген өшпенділік.
Қазақ халқының феодалдық хан мемлекеттілік қалпына келтіру мақсатындағы XIX ғ. аса ірі халық-азаттық көтерілісі бұл жолы да жеңіліспен аяқталды, ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының есінде өшпес із қалдырды. Кенесарының күресі, оның халық мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, нәзік саясатшы Ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғ-дың өзінде-ақ халық арасында қадірлеушілік тапты.
Қай халықтың болса да ең манызды ескерткіші – оның тарихы. Сол тарихымызды әлі күнге дұрыстап тани алмай, біресе олай, біресе былай ауытқып келіп еді, енді ғана ақ-қарамызды айырып, ақ таңдақ қалған жерлерін анықтай бастадық. Сол ақ таңдақтардың ең бір үлкені – халқымыздың ұлт азаттығы жолыңдағы күресі. Осы бағыттағы, орыс патшалығына бағынғаннан бергі жердегі Сырым, Исатай-Махамбет, Жанқожа, Есет, Кенесары, Жоламан қозғалыстары, Иса, Досан, Сақыр бастаған адай көтерілісі, қазақтың жері үшін, тендігі үшін бар өмірін сарп еткен, ел санасын оятқан Әлихан, Ахмет, Мыржақыптардың күресі әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ. Әріден басталып, аяғы он алтыншы жылға дейін тізбектеліп келетін, одан кешегі Желтоқсанға жалғасатын осы уақиғаларды бір ізге салып, дұрыс бағасын бере алмай келеміз. Соңғы уақытқа дейін патшалы Ресейдің әскери-отарлау экпансиясына қарсы қазақтардың 1837-47 ж.ж. көтерілісін ұйымдастырушы көрнекті Кенесары Қасымұлының қызметі бір жақты жазылып, тарихи қиянат жасалынып келді. Қазіргі қоғамдық пікір өзгеріп келеді. Осыған байланысты тарихи құжаттарға сүйене отырып, Ж.Қасымбаев «Кенесары хан саясатшы және қолбасшы» атты кітабында көтерілістің шығу себебі мен сипатына, оның қозғаушы күшіне, империяның отарлық саясатына қарсы қазақтарды көтеріліске ұйымдастырудағы Кенесарының қызметіне жаңа көзқарас тұрғысынан тоқталған. Көтеріліс Абылайханның түсіндағы тәуелсіз қазақ мемлекетінің қалпына келтіру мақсатында жүргізілген ұлт-азаттық көтеріліс ретінде сипатталады.