74. 1891 жылғы Ресей империясының Дала генерал-губернаторлығындағы соңғы реформасын талқылаңыз. 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған «Ережеге» сай Ақмола облысы, Торғай облыстары төрт уезден құралды. Ақмола, Семей және Жетісу облыстары Дала генерал- губернаторлығы құрамына кірді. Үш облыстың негізгі әкімшілік орталығы (облыстардың жеке орталықтарын есептемегенде) Омбы қаласы болды. Бұл өзгерістер патша үкіметінің отаршылдық басқармасының рөлін мейлінше күшейтті, генерал-губернаторларға шексіз билік берілді. Қазақстандағы облыстық басқару сатылары Ресейдің орталығындағы губерниялық басқармаларға теңестірілді. Өлке шеңберінде генерал-губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты Облыстық басқармаларымен қоса генерал-губернаторға бағынды, ал Облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери губернатордың құзырында болды.Сонымен қатар Қазақстандағы отырықшы қалалық тұрғындар мен қоныс аударушылар құқығы жағынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл, әрине, қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттыра түсті.Патша үкіметінің әлеуметтік езгіге салу саясатын мынадан көруге болады: Қазақстандағы жер байлығы мемлекеттік меншік деп жарияланды.Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды.
1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі мүмкін деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдарының бас кезінде ғана отарлық үкімет орындары өлкеде әкімшілік және сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.
Бұл жаңа заңға сай Қазақстанды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарқан және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана да 5 уезден, Самарқан 4 уезден тұрды.
1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының қарауына берілді.
1891 жылғы 25 наурызда қабылданған «Ережеге» сай Ақмола облысы, Торғай облыстары төрт уезден құралды. Ақмола, Семей және Жетісу облыстары Дала генерал- губернаторлығы құрамына кірді. Үш облыстың негізгі әкімшілік орталығы (облыстардың жеке орталықтарын есептемегенде) Омбы қаласы болды. Бұл өзгерістер патша үкіметінің отаршылдық басқармасының рөлін мейлінше күшейтті, генерал-губернаторларға шексіз билік берілді. Қазақстандағы облыстық басқару сатылары Ресейдің орталығындағы губерниялық басқармаларға теңестірілді. Өлке шеңберінде генерал-губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты Облыстық басқармаларымен қоса генерал-губернаторға бағынды, ал Облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери губернатордың құзырында болды.
Сонымен қатар Қазақстандағы отырықшы қалалық тұрғындар мен қоныс аударушылар құқығы жағынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл, әрине, қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттыра түсті.
Патша үкіметінің әлеуметтік езгіге салу саясатын мынадан көруге болады: Қазақстандағы жер байлығы мемлекеттік меншік деп жарияланды.
Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерде жалпы империялық соттар жүйесі – әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқық берілген орыс шенеунігінің қатысумен өткізілді.
Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, дербес мәселе шеше алмайтын, тәуелді буын болып қалды.
Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» бекітілді. Ережеге сай Түркістан өлкесінде Ресейдегі үлгімен жаңа сот жүйесі құрылды.
1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Ресейдегі үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтын, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.
Патша үкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әртүрлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1868 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сом болды.
Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.