120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Түркі әлемі интеграциясының бүгінгі бағыттарын тұжырымдаңыз



бет80/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

112. Түркі әлемі интеграциясының бүгінгі бағыттарын тұжырымдаңыз
Әдетте, түркі интеграциясы туралы сөз еткенде «неге одақ құрмаймыз? Неге НАТО тәрізді ортақ әскери альянс жасақтамасқа? Ортақ әліпбиіміз неге жоқ? Сауда-экономикалық бірлестік құруға болмай ма?» деген тәрізді сансыз сауал қоятын азаматтар кездеседі. Сырт көзге заңды сауал тәрізді болып көрінгенімен, іс жүзінде 1 000 жылға жуық уақыт бұрын бір-бірінен ажырай бастаған, түркі тілдері тобының өзінде қыпшақ, қарлұқ, оғыз тілдері тармағына бөлініп, жеке-жеке этносқа айналған, мәдениеті мен салтында, дүниетанымында түрлі айырмашылығы бар халықтарды бірден біріктіру оңай іс емес. Әрі түркі халықтарының ежелгі бәсекелестері Қытай, Иран тәрізді мемлекеттер орналасқан аймақта, Ресейдің де ықпалы жоғары өңірде бірден саяси-экономикалық, әскери одақ құру мүмкін емес. Тіпті, тәуелсіз 6 түркі мемлекетінің негізін қалаған халықтардың өзі рухани тұрғыда мұндай одаққа даяр емес болатын. Оған жағрафиялық және геосаяси жағдайды қосыңыз. Демек, бауырлас халықтар интеграциясында алдымен бір-бірімен қайта танысу, табысу процесі алдыңғы қатарға шығуы тиіс еді. Сол себепті Нұрсұлтан Назарбаев түркі интеграциясына қатысты түрлі ұйымдардың құрылуына ықпал етті. Сөйтіп, Бакудегі Түркі мәдениеті және мұрасы қорынан басқа барлық интеграциялық ұйымдардың құрылуына түрткі болды. Назарбаевтың бастамасымен 1993 жылы TÜRKSOY, 2008 жылы Түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА), 2009 жылы Нахчыванда Түркі кеңесі, 2010 жылы елордада Халықаралық Түркі академиясы құрылды. Түркістан қаласында 1991 жылы ашылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті де Елбасының осынау интеграцияны алдымен мәдени-гуманитарлық, білім-ғылым арқылы бастауды көздегенінің айғағы.
113. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы туралы тұжырымдаңыз
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта
Қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепетеңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты. 1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады.заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет