120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


(ХХІ ғ. Басы). Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайын баяндаңыз



бет83/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

118. (ХХІ ғ. Басы). Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайын баяндаңыз
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап алған болатын. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Ресейдің үлгісімен бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең- 1991-1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерізімде жүргізілетін іс бағдараламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең – 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осымен байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылдайды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т. Б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның да кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.
119. Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы жазыңыз
Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет