29.Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы туралы баяндаңыз Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі . Мақмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түркі қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13—14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды.
30. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы туралы жазыңыз Қимақ қағанаты – Шығыс және Орталық Қазақстанда тоғызыншы ғасырдың соңы мен он бірінші ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет.
Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар жетінші ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс Түркі қағанатының құрамына кірген. Сегізінші ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. Тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады.
656-ыншы жылы Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840-ыншы жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Имақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түркі атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары болды. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі.