94. 1950-ші жылдары ауыл шаруашылығын көтерудің әміршіл-әкімшілдік шараларына баға беріңіз 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6 737- ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды. Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты. Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшілік жүйесі. Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО – ның ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды.
95. Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмахановтың негізсіз айыпталуын көрсетіңіз Бекмаханов 1947 жылы “XIX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан” деген кітабы жарық көрді. Ол кітабында Кенесары көтерілісі феодалдық монархиялық көтеріліс емес, ұлт-азаттық көтеріліс деп баға берді. Осы үшін де ол саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті – Правда газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды. Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды.
Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды