120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Геосаяси және геоэкономикалық факторлардың Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптерінің қалыптасуына ықпалын тұжырымдаңыз



бет53/61
Дата24.12.2023
өлшемі153,07 Kb.
#143175
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61
104. Геосаяси және геоэкономикалық факторлардың Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптерінің қалыптасуына ықпалын тұжырымдаңыз
Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі легитимделуінде, оның негізгі сыртқы саяси принциптерін, құндылықтары мен басымдықтарын жобалау мен дамытуда елдің алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көрнекті рөл атқарғандығын ескере кеткеніміз жөн.Қазақстан Республикасы қазіргі әлемнің ірі мемлекеттерінің мүдделері астасып жатқан күрделі геосаяси кеңістікте орналасқан. Бұл жағдай «мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға» (Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы) болып табылатын ел Президентінен саяси ерік пен бастаманы, ойластырылған және салмақты әрекетті, превентивті шешімдер мен шараларды қабылдау қабілеттілігін талап етеді. Осы түрғыда ҚР президенті Н.Э.Назарбаев тарапынан ұсынылған еуразиялық идеясы ерекше мәнге ие.
105. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз
Қазақстан полигондары. Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен – Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары аралығында атмосферада – 27, жер бетінде – 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет