5.Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі ескерткіштер туралы баяндаңыз Қоладәуірі. (б.з.б. 2-1 мыңжылдықтар). Тасғасырыаяқталғаннанкейін, қолағасырыбасталады. Қолағасырыдепаталуыныңсебебі, осы кездеЕвразиядақолаөндірутәсілімеңгеріліп, қолазаттарынжасайбастады. Қолаеңбекқұралдары мен қаруүшінқолданылатыннегізгішикізатболды. Қоладәуіріндерулыққатынасжойылып, тайпалықбірлестіктерқұрылды.
Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.
1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады.
2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістед
3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.
6.Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде баяндаңыз Алғаш рет түріктердің жазуы туралы деректер Византия тарихшысы Менандр Протектордың еңбектерінде айтылады. Ежелгі түркі жазуына түрік көсемдері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөкке арналып салынған ескерткіш тастағы жазулар жатады. Бұл ескерткіш жазулар ХVІІІ –ХІХ ғасырларда Монғолиядағы орхон өзені бойынан табылған. Ертедегі Түркі руна (сына) жазуларының көбі қайтыс болған кісілердің басына қойылған, ескерткіш жазулары түркілер «бітіг таш» деп атаған. Түркі руна жазуы қағанаттың VI-VIII ғасырлар арасындағы тарихын қысқаша баяндайды.1889 жылы Н.М. Ядринцев Солтүстік Монғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазуы бар үлкен құлпытас тапты. Бұл құлпытастағы жазулардың сырын алғаш ашқан ғалым В.Томсон болды, ал Ресей түріктанушысы В.Ф.Радлов жазуды оқып, үлкен тарихи жаңалық ашты.
Түріктану ғылымында бұл жазу табылған жеріне байланысты «Орхон-Енисей тас жазуы» деп аталады.
7.Атасу кезеңіндегі андронов тұрғындарының мәдениеті туралы баяндаңыз Андронов тайпаларының қоныстанған негізгі аудандарының бірі – Орталық Қазақстан. Қола дәуiрiнiң ерте кезеңi Солтүстiк Қазақстанда Феодоров кезеңi деп аталған, ал Орталық Қазақстанда бұл кезең Нұра кезеңi деп аталды, б.э.д. ХVIII-ХVI ғғ. Қамтыды. Қола дәуiрiнiң орта кезеңi Солтүстiк Қазақстанда Атасу кезеңi б.э.д. –ХV-ХII ғғ. Қамтыды. Б.э.д. ХII-VІІІ ғасыр – Беғазы-Дандыбай кезеңінде Андронов мәдениетi тайпаларының экономикасында тұрмысымен мәдениетiнде өзгерiстер болды.Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.