120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


жылғы Ресейдегі қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы туралы жазыңыз



бет46/67
Дата21.12.2023
өлшемі144,19 Kb.
#142145
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
Байланысты:
1-40 тарих

80.1917 жылғы Ресейдегі қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы туралы жазыңызҚазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жарияланды, Петроградтан кейін 1917 ж. Қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төнкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет