120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ауыр ахуалы туралы түсіндіріңіз



бет53/67
Дата21.12.2023
өлшемі144,19 Kb.
#142145
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67
Байланысты:
1-40 тарих

92. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ауыр ахуалы туралы түсіндіріңіз
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің, әсіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді.
Соғыстан кейінгі 1946 жыл елдің ауыл шаруашылығы үшін ауыр жыл болды. Сол ЖЫЛҒЫ қуаншылық ауыл шаруашылығының онсыз да күрделі жағдайын ауырлатты. Кеңестер Одағының еуропалық бөлігінде жарты ғасыр болып көрмеген қуаңшылық соғыстан зардап шеккен аудандардың ауыл шаруашылығына қиын тиді. Оған байланысты Одақты астықпен және етпен қамтамасыз етуде шығыстағы аудандардың, соның ішінде Қазақстанның рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Жұмыс қолының азайып, ескі ауылшаруашылық техиикасының істен шығып қалғанына, ал жаңаларының жетіспеуіне қарамастан, республика ауыл-село еңбеккерлері өздерінің мемлекет алдын-дағы өнім тапсыру жөніндегі міндеттемелерін ойдағыдай орындап отырды.
Сонымен қатар соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдарда совхоз және колхоз өндірісін ұйымдастыруда көптеген кемшіліктердің орын алғаны анықталды. Колхоз өмірінің демократиялық негізгі заңы – ауыл шаруашылық артелінің Жарғысы өрескел бұрмаланды. Колхоздарды әкімшілдікпен басқару күшейіп, колхоз бастықтары оның мүшелерінің жалпы жиналысында сайланбай, жоғарыдағылардың нұсқауымен тағайындалды
93. Соғыстан кейінгі жылдардағы білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістерді талдаңыз
Білім мен ғылым, әдебиет пен өнер саласындағы ілгерілеудің көшбасында Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов, М. Айтхожин, Ш. Есенов, Д. Сокольский, Ә. Бектұров, У. Ахметсафин тәрізді тұлғалар тұрды. 1946 жылы шаңырақ көтерген Қазақстан ғылым академиясы шығармашылық-теориялық ізденістердің ордасына айналды. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақ КССР ҒА-ның жүйесінде жұмыс істейтін немесе оның толық мүшесі, мүше-корреспонденті болып сайланған 7 ғалым Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді, 18 ғалымға Лениндік сыйлықтың, 43 ғалымға КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атағы берілді.
1941 жылы КСРО үкіметінің Эвакуация жөніндегі Кеңестің шешімімен Ресей және КСРО Ғылым Академиясының ғалымдары Қазақстан жеріне орналасады. Қ.Сәтбаев талай кеңестік оқымысты ғалымдарды тартып, республиканың бай табиғи қорларын игеруге күш жұмылдырады. 1940 жылы бір ғана Геология институты ашылса, 1944 жылы КСРО Ғылым Академиясының қазақ филиалында 6 институт және 4 сектор жұмыс істеп тұрды. Бұл жерде 576 қызметкер, оның ішінде 2 академик, 4 КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, 27 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаттары қызмет етті. Соғыс жылдары ғылыми кадралар құрамы үш есе өсті. Соғыстан кейін тау-кен, химия, металлургия, топырақтану институттары ашылды. Қ.Сәтбаев республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуына қыруар дайындық іс-шаралар жүргізді. Осы мақсатпен ғалым 1944 жылы 3 қантарда республика басшылығына бір орталықтан ұйымдастырылып, үлестіріп отыратын республикалық Ғылым Академиясын ашу мұқтаждығы көрсетіліп, қазақстандық ғылым дамуы туралы хат жолдайды. 1944 жылдың соңында Қ.Сәтбаев үкімет тапсырмасы бойынша ҒА ашуға жұмыстарына кірісе бастайды. ҚазКСР Ғылым Академиясын құру бойынша жұмыстарды басқару мақсатында Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына КСРО ҒА-ның 11 академигі және президенті С.И.Вавилов кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет