120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды талдаңыз



бет60/67
Дата21.12.2023
өлшемі144,19 Kb.
#142145
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
Байланысты:
1-40 тарих

106. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды талдаңыз
1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді.
1991 жылғы тамыз оқиғасы КСРО-ның күйреуін жылдамдатты.1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кездесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер 1922 жылғы КСРО құру туралы келісімшартты жою және Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру болды. Бұл кездесуге Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев, басқа Орта Азия республикаларының басшылары да шақырылмады.Одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті.1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта басқосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімін) шешімін қолдайтындарын білдірді.Ақыры Тамыз бүлігінен кейінгі төрт ай ішінде аса шиеленіскен саяси күрес үлкен тарихи маңызы бар оқиғамен аяқталды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ұлы оқиға болды.
107. Қазақстан Республикасында Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызына баға беріңіз
1989 жылы Кеңес Одағының күйреуі жағдайында қабылданған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Тіл туралы» Заңында көрініс тапты. Бұл Заң Қазақстан тарихында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін айқындап берді. Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде бекітілді. Аталған Заңда тәуелсіздік алар жылдардағы этнодемократиялық ахуал ескерілді. Бұл кезде ел халқының 38 пайызы орыстар және 12 пайызы орыстілді өзге этнос өкілдері болатын. Қазақтардың үлес салмағы 40 пайыз ғана еді. Қазақтар саны 6 млн. 497 мың болса, орыстар 6 млн. 93 мың болатын. Қазақтардың 30 пайызы ана тілдерін мүлдем білмейтін. Тілдік ахуалдағы осы қайшылықты Елбасы Заң арқылы шешуді мақсат етті. Бұл қадам елдегі әлеуметтік-этникалық келісімді сақтау үшін ауадай қажет болды. 1989 жылдың 22-қыркүйегінде қабылданған «Тіл туралы» Заңның саяси мәніне тоқталатын болсақ, бұл Заң Ресеймен стратегиялық әріптестікті нығайтуға өз үлесін қосқандығы даусыз. Қазақстан билігі ел халқының тең жартысынан астамы болып табылатын орыс тілді азаматтардың тілдік және рухани мүдделерін қорғайтындығын көрсетті. .Тәуелсіз Қазақстанның дамуы барысында, сондай-ақ елдегі этнодемографиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты 1997 жылы 11-шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң 1995 жылы қабылданған ҚР Конституцияның 7-бабының талаптарының шеңберінде жасалынды. 1989 жылғы Заңға қарағанда, жаңа Заң қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейте түсті. Мемлекеттік тіл елдегі қоғамдық қатынастардың барлық салаларында міндетті түрде қолдануға тиіс болды. Сонымен қатар Қазақстанның шетелдегі қазақ диаспораларының мемлекеттік тілді білуіне қамқорлық жасауы қажет екені айтылды. Елбасының тапсырмасымен ҚР Үкіметі 1997 жылғы Заңды орындау мақсатында «Қазақстан Республикасында 2000 жылға дейінгі кезеңде қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдады»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет