№123 (28851) 29 маусым сəрсенбі 2016 жыл ● Еңбегімен еленген



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата06.03.2017
өлшемі3,38 Mb.
#8289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«Егемен-ақпарат»

Парламент  Сенатының 

Халықаралық  қатынастар, 

қорғаныс  жəне  қауіпсіздік 

комитетінің  төрағасы  Икрам 

Адырбеков  Шарль  де  Голль 

қорының  президенті  Жак 

Годфренмен кездесті, деп хабар-

лады Қазақстан Республикасы 

Парламенті  Сенатының 

баспасөз қызметі.

Қор 


басшысымен 

кездесті


Кездесу  барысында  Қазақстан-

Фран ция  ынтымақтастығының 

мəсе  лелері  талқыланды.  Тараптар 

парла ментаралық  байланыстар ды 

тереңдету  екі  ел  халықтарының 

арасын дағы  дос тық  пен  ынты мақ -

тастықты  нығай туға  ықпал  ететі-

нін  атап  өтті.  «Сенат  пен  Фран -

ция  Ұлттық  Жина лысында  парла  -

ментаралық  достық  тобы  құрыл-

ғаннан бері 20 жыл ішінде жүйелі 

түрде парламенттік сапар алмасулар 

болып тұрды», – деді И.Адырбеков.

Сенат  комитетінің  төрағасы 

эко  но микалық  саладағы  екіжақ-

ты қарым-қа тынастар туралы айта 

келіп,  Қа зақ стандағы  шетел дік 

инвесторлар дың  еңбек  жағдай-

ларын жақсарту мақ сатында жаңа 

ынталандыру  шара ларының  топ-

тамасы  қабылданғаны  жай ында 

хабардар  етті.  2005  жылдан  бас-

тап, біздің елімізде француз инвес-

ти циясының  көлемі  12  миллиард 

доллар дан асты, Франция азамат-

тарының  Қа зақстанға  визасыз 

тəртіппен  келіп-кету  мүмкіндігі 

келесі жылдың соңына дейін ұзар-

тылды, деді комитет төрағасы.

Кездесуге  сенатор  Мұхтар 

Алтын баев та қатысты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – 

өркениет өрісіне тұсау

Үкімет қарапайым 

халыққа бет бұрды

Кеше  Байланыс  жəне  ақ-

парат  қызметкерлерінің  күні  ме-

рекесіне  орай  «Қаз Медиа  орта-

лығында»  салта натты  іс-шара 

өтті.  Онда  Ақ парат  жəне  ком-

муни  ка ция лар  министрі   Дəурен 

Абаев журналистер мен бай ла ныс 

саласының қыз меткер  лерін кəсіби 

мереке сімен құт тықтап, олардың 

бір  то бын  «Үздік  байланысшы» 

жəне «Ақпарат саласының үзді гі» 

төсбелгілерімен мара пат тады.

Талғат РАЙЫМБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Мерекеде  ең  алдымен  Премьер-

Министрдің  орынбасары  Дариға 

Назарбаеваның  БАҚ  өкілдеріне 

жолдаған  құттықтау  хаты  оқылды. 

Онда: «Құрметті БАҚ өкілдері мен 

бай ланыс саласы ның қызметкерлері, 

Сіздерді  бүгінгі  кəсіби  төл  мере-

келеріңізбен  шын  жүректен  құт-

тық таймын.  Тəуел сіздіктің  25  жы-

лында  еліміздегі  ақпарат  саласы 

жаңа белестерді бағындырып, жедел 

хабар таратуда үздік келеді. Қазіргі 

технологиясы  дамыған  заманда 

қоғамға білікті мамандар қажет. Кез 

келген  жаңа лықты  дер  уақытында 

ха лық қа жеткізіп, өз аудиториясына 

шы найы  ақпарат  беру  əрбір  БАҚ 

ұжымының  міндеті.  Осы  орайда, 

мен сіздерге шығармашылық та быс, 

отба сы ларыңызға  тек  жақ сы лық 

тілей мін» – деген ізгі лебіздер бар. 

Мұнан соң министр Дəурен Абаев 

қос  саланың  қызметкерлеріне  шы-

найы құттықтауын жеткізді. 

–  Құрметті  əріптестер,  қым-

батты  достар,  баршаңызды  Бай-

ланыс  жəне  ақпарат  қызметкерлері 

күнімен  шын  жүректен  құттық-

таймын.  Мемлекет  басшысы  айт-

қандай,  ХХІ  ғасырда  ақпарат  сала-

сы оқиғаларды таратушы ғана емес, 

тұтас  əлемде  оның  қалай  өріс теп 

отырғанын  айшықтайтын  же текші 

күшке айналды. Əлемде бұрын-соңды 

болмаған  үрдістер  жүзеге  асып, 

байланыс пен ақпа рат қоғамның бар 

саласына қалай ықпал етіп жатқанын 

көріп жүрсіздер. Осынау жаһандық 

тренд  аясында  Қазақстанның  осы 

салалары  қар қын ды  дамып  келеді. 

Ақпарат  жəне  ком муникациялар 

министрлігі  үшін  бүгінгідей  қым-

қуыт  заманда  өз деріңіз  сияқ ты 

майталман  мамандармен  тығыз 

қарым-қаты наста  бірге  болу  өте 

маңызды, – деді министр. Сонымен 

қатар, ол журналистиканың қазанын-

да  қайнап,  байланыс  саласының 

басы-қасында  жүріп  үздік  атанған 

бір  топ  қызметкерді  марапатта ды. 

Оларға  министрліктің  төсбелгілері 

мен Құрмет грамотасы табысталды. 

Мұнан  кейін  салтанатты  шара-

ға  арнайы  келген  Парламент  депу-

таттары да БАҚ өкілдерін құттықтап, 

ақ тілектерін жеткізді. Ал мерекелік 

шара соңы концерттік бағдарламаға 

ұласты.

Ақпарат құралдары мен байланыс 



саласының үздіктері марапатталды

«Егемендіктер» ерледі

Іс-шараға екі тараптың тиісті 

мемлекеттік орган дарының бас-

шылары мен жауапты қызмет-

керлері қатысты.

Кездесу барысында ұлт тық 

қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету, 

сондай-ақ, халықаралық тер ро-

ризмге,  діни  экстремизм  мен 

заң сыз  есірткі  айналымына 

қар  сы  іс-қимыл  саласындағы 

екі елдің серіктестігін нығайту 

мəсе  лелері қаралды.

Консультацияларға қаты су -

шылар өңірлік қауіпсіздік са ла-

сындағы  ахуалға  баға  беріп, 

ха лық аралық  күн  тəрті бін дегі 

өзекті  мəселелерді,  атап  айт-

қанда, Таяу Шығыс пен Ауған-

стандағы жағдайды талқылады.

Н.Ермекбаев,  консуль-

та цияларды  қорытындылай 

келе,  экстремизм  мен  терро-

ризмге қарсы күрес мəселелері 

бойынша Қазақстан мен Ресей-

дің  құзыретті  органдары 

арасында  ақпарат  алмасудың 

маңыздылығына,  екі  елдің 

деңгейлес  мамандарының 

жұмыс  бабындағы  кездесу -

лер інің өткізілуіне назар аудар-

ды. Со нымен қатар, Қазақ стан 

мен  Ресей  аумақ тары  арқылы 

есірткі трафигіне қарсы тиімді 

іс-қимыл  жасау  мақ сатымен 

Есірткінің, психотроптық заттар 

мен олар дың прекурсорларының 

заң сыз айналымына қарсы күрес 

жөніндегі Орталық Азия өңір лік 

ақпараттық  үйлестіру  орта-

лығының қызметін жандандыра 

түсу ұсынылды.

Тараптар талқыланған жайт-

тарды ескере келіп, бірлесе қа-

былданған  шешім дерді  іске 

асыру бағытында жасалуы тиіс 

алдағы нақты қадамдар жөнінде 

уағдаласты.

Жоспарланған жүздесулер



Қазақстан  Респуб ли касы  Президентінің  кө мекшісі  – 

Қауіпсіздік Ке ңесінің хатшысы Нұр лан Ермекбаев пен Ресей 

Федерациясы Қауіп сіздік Кеңесінің хат шысы Николай Пат-

рушевтың тең төрағалығымен Қа зақ стан мен Ресей қауіп-

сіздік ке ңес терінің ап параттары арасын да жоспарланған 

консуль та циялар өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз 

қызметі.

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ

29 маусым 2016 жыл

3

www.egemen.kz

Бір қызығы, Оқушылар сара-

йы ның  есігі  ашылғаннан-ақ, 

өзге  əлемге  енгендей  боласың. 

Балдырғандардың  ба қыт ты 

күлкісі, тəтті сөздері, кіш кен тай-

лар дың  ата-анасына  бұл да нып, 

еркелей бұлданғаны, топыр лаған 

жүрістің  дүбірі  –  бəрі-бəрі  бар 

ғой, шіркін! 

Аз-кем ресми деректерге сү-

йенсек, Оқушылар сара йын  да за-

ман талабына сай бала ның шы ғар-

машылық, интел лек туалдық жəне 

спорттық қабі лет терін дамытуға 

арналған  бас-аяғы  123  үйірме 

жұ мыс  істей ді.  Қосымша  білім 

беру жү йе сінің əртүрлі бағыттары 

топ тас  тырылған бір шаңырақ ас-

тын да бүгінде 9470 оқушы тəлім 

алады  екен.  Оның  60  пайызы 

бюджеттік  негізде  үйірмелерге 

те гін қатысады. Яғни, мүмкіндігі 

шек теулі, əлеуметтік тұрғыдан аз 

қам тылған, көпбалалы отбасы нан 

шық қан  немесе  ата-ана  қам қор-

лығ ынсыз қалған балалар ақысыз 

оқытылады.

Мектептен тыс бос уақытын 

тиім ді  ұйымдастырамын  де-

ген  бала ның  алдында  таңдау 

мүм кіндігі  зор.  Технопарк, 

ғылым  қала шығы,  чемпион-

дар лигасы, болашақ, шеберлер 

қаласы,  дип ло матиялық  кор-

пус  сияқты  үлкен  бөлімдердің 

ішінде  неше  түрлі  үйірмелер 

бар. Директордың оқу-тəрбие ісі 

жөніндегі  орынбасары  Қымбат 

Іргебаеваның  айтуынша,  бала-

лар дың арасында спорттық сек-

цияларға деген сұраныс ерекше 

жоғары  екен.  «Қазақша  күрес, 

тоғызқұмалақ,  мəнерлеп  сыр-

ғанау, хоккей, жүзу, дзюдо, кара-

тэ, көркем гимнастика, шах мат 

жəне  т.б.  ұлттық  жəне  клас  си-

калық спорт түрлеріне ар нал ған 

үйірмелер  еліміздің  бо ла шақ 

спорт  саңлақтарын  қа лып тас-

тыратыны сөзсіз», – деген сені-

мін білдірді Қымбат Іргебаева.

Білім мен ғылым жетекші са-

налатын  ХХІ  ғасырдың  оқушы-

ларға қояр басты талабы – зерт-

теу дағдысын жетілдіру, ғылыми 

жобалар  мен  зертханалық  жұ-

мыс тармен  айналысу  болған-

дықтан, ең алдымен біз «ғылым 

қалашығын» аралап шықтық.

Ғылыми-зерттеу жəне са рап-

тау қызметіне баулу мен техникаға 

икемі  бар  дарынды  балаларды 

анықтау осы «Ғылым қалашығы» 

мен «Технопарк» бағыттарының 

жұмыстарынан  айқын  көрінеді. 

Мысалы,  «Ғылым  қалашығы» 

бағы ты физика, астрономия, хи-

мия,  математика,  информати-

ка,  экология,  анатомия,  биоло-

гия,  география  сынды  барлық 

академиялық пəндерді қамтиды. 

Бұл  пəндер  мектепте  де  оқыты-

ла ды,  бірақ  осы  жерге  келген 

бала ның озық технологиялар мен 

жабдықталған  лабораториялар-

да  практикалық  жұмыстарды 

тереңірек  зерттеуге  мүмкіндігі 

бар.  Əсіресе,  «Биохимиялық 

зерт  ханада» тірі организмдердегі 

ге не тикалық  ақпараттың  ұрпақ-

тан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, 

дамуы  мен  қызметін  қамтама-

сыз етуге жауапты ДНК алу, оны 

көбейту, молекулаларын тыңғы-

лық ты зерттеу үйретіледі.

«NextBio» үйірмесінде еліміз-

дің өсімдік селекциясы жөніндегі 

же  тіс тіктері баяндалып қана қой  -

май, оқушылардың өздері де өсім  -

дік  тің өсуін, көбеюін, тыныс алуын, 

қоректенуін,  қоршаған  ор та   ның 

қолайсыз жағдайына бе йім   де  л уін, 

яғни физиологиясын зерттейді.

Ал «Технопарк» мынадай үйір-

ме лерді  қамтиды:  интернет  жо-

балау,  электроника,  робот  тех-

никасы,  компьютерлік  графи ка, 

WEB дизайн, автомодель деу, бағ-

дарламалау тілі, жас өнер тап  қыш 

жəне  кеме  құрас тыру.  Атал ған 

алаң дардың  негізгі  принципі  – 

ғы лымға қызығу шы лық танытқан 

оқу шылар  қол же тімді  форматта 

жаңа  техноло гияларды  қолдану 

ар қылы  виз уаль ді  əлемге  ене 

отырып,  барлы ғын  өз  көзімен 

көріп, сезіне алады.

Сондай-ақ,  Оқушылар  сара-

йын   дағы  жеткіншектерге  жас 

по ли  г лот  болып,  интерактивті 

фор  мада əлемге белгілі тілдерді 

үй   ре ніп, əр елдің ұлттық құнды-

лық    тары мен  танысуға  жағдай 

жа   сай тын  «дипкорпус»  жұмыс 

іс  тейді. Со ның аясындағы қазақ, 

орыс, ағыл шын, француз, түрік, 

қы тай тілдері үйірмелері арқасын-

да линг вистикалық кеңістікке ену 

үшін билин гвал ды дамыту ортасы 

құрылды.

Сонымен,  біз  флористикаға 

қатыс ты «Жас натуралистер» үйір -

месіне кіргенде, 5-6 жасар бала-

лар  сурет  салып,  біреуі  қура ған 

гүлдерден композиция жасап жат-

ты. «Апай, апай, ме нің өр мек шіме 

қараңызшы. Дұрыс жаса дым ба?» 

деп ұл бала жетек шісінің қасына 

жүгіріп  келді.  Мен  де  қарадым. 

Ермексаздың  қо  ңыр,  қара  жəне 

ақ  түсін  пайда ла нып,  өрмек 

тоқыған  өрмекші ні  бейнелепті. 

Артынан  үйірме  жетек шісі 

айтқандай,  біздің  алдымызда 

ғана  оқушылар  жəндіктер  мен 

өсімдіктердің қыс мезгіліне дай-

ындалуы  туралы  сабақ  өткен. 

Бұл үйірмеге қатысқан бала лар-

дың байқампаздығы қалыптасып, 

олар табиғаттың тілін түсіне бас-

тайды екен. «Ботаникалық бақты 

аралатып,  ондағы  өсімдіктердің 

пайдасын, оған қандай күтім ке-

рек екенін əңгімелейміз. Сондай-

ақ, адамға қандай əсері барын да 

үйретеміз. Мектеп бағдарламасын 

қайталамаймыз, керісінше ондағы 

білімді толықтыра түсеміз. Оқу-

шы ларым жыл басынан бері бас-

тал ған дəптерге гүлдердің ғылы-

ми аттарын, сипаттамасын жазып 

алып жүр. 

«Қыш жəне мүсін» үйірмесі-

нің жұмыстарымен де танысып 

қайттық.  Осы  өнерге  баулитын 

мұғалім  Еркінбек  Сатыбал ды-

ұлының айтуынша, балалар бұл 

жұмысты  бар  зейінімен    жа-

сайды.  Əсіресе,  құмыра  құюға 

қызығады.  «Өте  пайдалы  іс. 

Баланың  ойлау  қабілеті  дами-

ды. Екі қолды бірдей іске қосу 

арқылы мидың екі жақ бөлігінің 

жұмысы жақсара түседі» деді ол. 

«Осында  қатысқаныма  3  жыл 

болды.  Басым  тынығып,  кере-

мет күйге бөленемін. Болмашы 

нəрсеге  ашуланатын  едім, 

үйірме нің  арқасында  сабыр-

лы,  тия нақ  ты  болып,  бастаған 

ісімді  аяғы на  дейін  жеткізуге 

үйрендім. Сон дай-ақ, осы үйірме 

менің  сурет ші лік  қырымды 

да  ашты»,  –  дейді  11  жастағы 

Тұржанова Томирис.

«Сəндік  қолданбалы  өнер» 

үйірмесіне  қатысатын  қыздарға 

қарап  көз  тояды.  Саусағынан 

шебер  лік тамған қыздар өсіп келе-

ді. Ине сабақтап, кесте тігіп, киіз-

ге ою-өрнек басып отыр. Жұм сақ 

ойыншық тігуді əлде қашан мең-

геріп алған. 

Балалар  «Шешендік  өнер» 

үйірмесіне  де  үйір.  Көпшілік 

алдында  сөйлеу  мəдениетін 

мең геріп,  қандай  да  болсын 

ортада  қысылмай,  емін-еркін 

жүріп,  тыңдаушысын  баурап 

алып,  кез  келген  адаммен  тіл 

табыса кету өнеріне машықтану 

мақсатында  келген  балалар 

біздің  көзімізше  жетекшілері 

берген  тақырыптағы  этюдті 

мимикамен  ашуға  тырыс ты. 

«Дұрыс сөйлеуді дағдыға ай  нал -

дыру  үшін  жақ  пен  ауыз  қуы -

сына,  тыныс  алу  мүшелеріне 

ар  нал  ған  артикуляциялық  жат-

ты ғу  лар  жасатамын.  Əңгіме 

жазу,  от басы  мүшелерінің  қи-

м ыл-қозға лыстарына  пародия 

жасау  үй  тапсырмасы  ре тін де 

беріледі», – деді аталмыш үйір-

менің мұғалімі.

Айтпақшы, оқушылар Елбасы-

ның  тікелей  тапсырмасымен 

ашыл  ған  Ұлттық  интерактивті 

парк  ті тиім ді қолданып жүр. Дə-

ліз  дің  іші нен  əрі-бері  өткенде 

бай  қа  дық, балалар алдарындағы 

тех ни  ка ның тілін меңгеріп алға-

ны сонша, кішігірім экранда шы-

ғатын түсін дір мелерді де оқу ды 

қойған  екен.  Көп  қондырғы лар-

дың сырын түсін ген олар экспо-

зи циялардың таным дық қызметін 

білім игілігіне жұм сау ды əдетке 

айналдырған сыңайлы.

Ал, былтыр Оқушылар сарай-

ында «Менің мамандығым» атты 

виртуалды лаборатория ашылды. 

Арнайы көзілдірікті таққан бой-

да  балалар  құрылыс,  теміржол 

саласының  қыр-сырымен  таны-

сып,  ауылшаруашылығы,  мұ-

най-кен өндірісін зерттейді. Вир-

туалды  түрде  Астананың  əуе-

жайын аралайды, əлемнің музей-

лерінде саяхаттайды. 

Бірқатар  үйірменің  қонағы 

болу арқылы қаншама позитивті 

энергия  алғанымызды  жасыр-

маймыз. Біздің кезімізде мұндай 

шаңырақ  болмады.  Сол  жоқтың 

орнын  толтыруға  талпынғандай 

бүгінгінің балалары «Оқушылар 

сара йының» қадірін түсініп, бар 

жақсылығын көріп жүр. 

Ментальді арифметиканың Қа-

зақ   станға келгеніне 4-5 жыл дың жү-

зі болды. Алайда, атағы 2015 жыл    д-

ың аяғында кеңге жайылды. Бұ   ған 

бір себеп – былтыр ғана «Пус ть го-

ворят»  бағдарламасында  Ма ла хов 

мақтаған  ойша  есептеуі мен  жұрт-

ты  тəнті  еткен  астаналық  Да   нияр 

Құр манбаевтың айды ас пан ға бір-

ақ шығаруы еді. Əйтеуір мен тальді 

ари ф  метика  бе лең  алғалы  оның 

төңі ре гінде дау-дамай да қыза түс ті. 

Əсіресе, математиктер дабыл қақты. 

Мəселен, академик Асқар Жұма-

ділдаев  «Abai.kz»-ке  шыққан  сұх -

ба тында:  «Математика  ғылымы  – 

теңіз.  Ментальді  арифметика  сол 

те ңіз дің бір тамшысы ғана. Мұны 

игер  ген адам сандарды тез кө бейту-

ді бі леді. Одан өзге артық шылығы 

жоқ.  Бір  есепті  біреу  5  секундта, 

екін    ші  біреу  1  минутта  шығаруы 

мүм    кін.  Меніңше,  нəтиже  дұрыс 

бол   са,  болды»  дейді.  Профессор 

сон   дай-ақ,  бұл  жолға  бүкіл  қазақ 

тү  сіп кетпесе дейді, себебі, мұны ха-

лық   т ың қалтасын қағу үшін жасал-

ған  ма ғы насы  күмəнді  шаруа  деп 

күдіктенеді. 

Алайда,  таяқтың  екі  ұшы  бар. 

Пай дасын  пайымдау  үшін  пер-

зентінің  саннан  жаңылыспай,  тез 

есептеуіне ай сайын 16 мыңдап ақша 

төлейтін  ата-аналармен  тіл десуді 

жөн көрдік. 

Сөз  басында  республикалық 

олим  пиадада  үздік  үштікке  енген 

алты  жастағы  Заңғар  туралы  ай-

тылды. Əкесі Бахтияр Базылов бізге 

бір қызық оқиғаны баяндап берді. 

Бұдан бір жыл бұрын ол бала-

бақшадағы  тəрбиешіден  баласы 

жайлы  жағымсыз  пікірлерді  жиі 

естіпті.  «Заңғар  əріп  танымайды, 

түк тү сін бейді, санау білмейді, оқу-

ға ынтасы жоқ» тағысын-тағы ша -

ғым   дары бітпейді екен. Бала ның да 

бала бақшадан басы салбырап, кө  ңі-

лі түсіп келеді. Келесі күні бару   ға 

құл қы да жоқ. Ақыры əкесі Заң    ғар    -

ды ба ла бақшадан шығарып алыпты. 

Бір күні таныстарынан менталь-

ді  арифметика  жайлы  естіп,  бала-

сын соған жаздырады. Заңғар шот 

арқылы  санауды  бірден  ұнатып, 

«Əке, тағы барайықшы» депті келесі 

күні. 

Содан  бері  бір  жылдай  уақыт 



өтті.  Заңғар  бүгінде  ментальді 

ариф   ме тиканың  алғашқы  екі  дең-

ге йін еңсеріп, үшіншісін меңгеріп 

жүр.  Астанадан  30  бала  қатысқан 

республикалық олимпиададан Заң-

ғар дың  жүлдемен  оралуын  мұ-

ғалімі Зибагүл Қанапина оның бас-

қалардан еректігімен түсіндіреді. 

– Есептерді дауыстап оқыған да, 

Заңғар  кібіртіктеп,  ұзақ  ойла нып 

барып жауап беретін. Айтқан сан-

дарды қайтара сұрайтын, ша тасып 

кетемін деп қайталап айтатын. Бас-

тапқыда түк шықпай ма деп уайым-

дадым.  Бірақ  бір  күні  есептерді 

тақтаға жазып, «Кəне, Заңғар, осы-

лай көрші» деп едім, саусақтарын 

ойнатып,  көзді  ашып  жұмған -

ша  бірнеше  амалдың  жауабын 

айнақатесіз жаза берді, жаза берді. 

Мен  де  таңғалдым,  өзі  де  солай 

шеше ала тынын күтпеп еді. Бірден 

«Апай, маған тағы есеп беріңіз де, 

видеоға түсіріп алыңызшы. Мамама 

көрсетемін» деп қуаныпты.

Өнерін бізге де көрсетті. Зиба-

гүл  Еділбайқызы  тақтаға  тігінен 

«54+35-24+23»  деп  жазғаны  сол 

еді  Заңғардың  саусақтары тоқтау-

сыз жыбырлап, 88 екенін дəл тапты. 

«53+20+15+11?» деген ді шы ғаруға, 

ересек  оқырман,  қанша  секунд 

кетті? Алты жастағы балақай есепті 

«99» деп 3 секундқа жетер-жетпес 

уақытта шағып тастады. 

Бір қызығы, балабақшада ашыла 

алмаған кішкентай мектепке даярлық 

сыныбында үлгерім жөнінен топ жа-

рыпты.  Ұстаздар  ерек ше  баланың 

зеректігіне  таңғал ған.  Əрине,  сан 

таниды, оның үстіне екі таңбалысын 

бір-біріне ойша қосады, азайтады. 

Əріптерді де бір айтқаннан қағып ала-

ды. Өлең шумақтарын жатқа соғады. 

Үш айға созылатын даярлық сыны-

бын Заңғар бір айға жетер-жет пес 

уақытта тəмамдапты. Бала бо йын дағы 

осы оң өзгерістерді үй іші мен тальді 

арифметикамен байланыстырады. 

Шындығында  ментальді  ариф-

ме тиканың пайдасы екенін «ISMA» 

халықаралық ментальді арифметика 

мектебінің  бас  директоры  Айжан 

Бектілеуова сеніммен айтып отыр.

– Ментальді арифметика – 5-16 

жастағы баланың ақыл-ой қабілетін 

ойда санақ жүргізу арқылы дамы-

татын ерекше əдіс. Оны меңгерген 

бала  қосу  мен  азайтуды,  көбейту 

мен бөлуді, процент пен түбір астын 

табу есеп терін калькулятордан жыл-

дам  шығарады.  Ментальді  ариф-

метиканың маңызы – сол нəтижеге 

жетуде  баланың  ми  бөлігінің  сол 

жағы  мен  оң  жағы  қатар  жұмыс 

істейді.  Абакус  дейтін  есеп шот та 

бала екі қолының саусақ тарын бір-

дей пай даланады. Əбден жат тық қан 

соң, абакусты көз алдына елестетіп 

үйре неді де, күр делі есептерді ойша 

шы ғарады.  Сол  ар қылы  баланың 

зейі ні артады, фото графиялық есте 

сақ тау  қабілеті  қа лып тасады,  же-

дел қимыл дап, жыл дам ойланатын 

болады. 

Иə, ментальді арифметика ғылым 

емес.  Жай  ғана  есептеудің  тиімді 

əрі пайдалы əдісі. «Математиканы 

ешкім  жоққа  шығармайды.  Тез 

есептеуді  үйренемін  деп  балам 

ештеңеден кем қалмады. Керісінше, 

бұрын  бір  шумақ  өлеңді  жаттата 

алмай  əбігерге  түсетінмін.  Қазір, 

рақат, үш-төрт шумақты бес-алты 

рет оқып, айналдырған бір сағатта 

зуылдатып  айтып  шығады  өзіме. 

Бір  күні  дүкеншінің  ақшамыз-

ды  жеп  қойғанын  мен  емес,  осы 

ұлым байқап қалды. Сөйтсе, алған 

тауар ларымызды  ойша  қосып, 

қайтарымның  қанша  болатынына 

дейін тауып қойыпты» дейді 9 жасар 

Аслан  Рысқалиевтің  анасы  Бақыт 

Ерболатқызы. 

Бағасына  келер  болсақ,  ата-

ана біраз ақшадан қағылары анық. 

Себебі,  ментальді  арифметика  10 

деңгейден  тұрады.  Оқу  ұзақтығы 

–  3-4  жыл.  Аптасына  бір  рет  90 

ми нуттан өткізілетін сабақтың бір 

айлық құны – 16 мыңнан кем емес 

көп жерде. Ал, нəтижесі жоға рыда 

айтылғандай. Дегенмен, жетіс тікке 

жету үшін сабақтан тыс күні не 15-

20  минут  бөлуі  тиіс  дейді  оқыту-

шылар. Сондықтан бала үйіне құ-

шақ-құшақ  есепті  арқалап  кетеді. 

Əри не, бұл оның компьютер алдын-

да телміргенінен əлдеқайда жақсы. 

Қош, өсіп келе жатқан кішкен-

тай математиктер болашақта қазақ-

стандық  білім  сапасын  көтеріп, 

қазақтың алғырлығын əлемге əйгі-

лейді деген тілегіміз бар. 



 Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет