№123 (28851) 29 маусым сəрсенбі 2016 жыл ● Еңбегімен еленген


Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуы



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата06.03.2017
өлшемі3,38 Mb.
#8289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуы

2015  жылға  арналған  республикалық  бюджетті  нақты-

лау  жəне  түзету  кезіндегі  бюджеттік  кредит  берудің  кө-

лемі  бекітілгеннен  6,4  млрд.  теңгеге  қысқара  отырып, 

190,8 млрд. теңгені құрады. Іс жүзінде 190,8 млрд. теңге (100%) 

мөлшерінде бюджеттік кредиттер бөлінген. Бюджеттік кре-

дит берудің көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 

72,3 млрд. теңгеге (61%) ұлғайғанын атап өту қажет. 

2015 жылы бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша түсімдер 

нақтыланған жəне түзетілген жоспарда 113,4 млрд. теңгеге 

көзделгенімен, 112,8 млрд. теңгені немесе 99,5%-ды құрады. 

Жоспар, негізінен, төленген мемлекеттік кепілдіктер бойын-

ша талаптарды заңды тұлғалардың қайтаруы бойынша сомасы 

434,3 млн. теңге (28,8%) берешектің мерзімінен кешіктірілуіне 

байланысты  орындалмаған.  Аталған  көрсеткіш  бойынша 

жоспардың орындалмауы жүйелі сипатқа ие екендігін атап 

өткен жөн. 

2015 жылы бюджеттік кредит беруді 8 бюджеттік бағдарлама 

арқылы  төрт  республикалық  бюджеттік  бағдарламалар 

əкімшісі жүзеге асырған.

Бұл ретте əкімшілер бөлінісінде бюджеттік кредит берудің 

ең  көп  үлесі:  жалпы  соманың  62,9%-ы  –  Ұлттық  эконо-

мика  министрлігіне  жəне  31,5%-ы  –  Ауыл  шаруашылығы 

министрлігіне тиесілі.  

Бюджеттік кредит берудің негізгі бағыттары – жылумен-, 

сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін реконструкциялау 

жəне салу; агроөнеркəсіптік кешен субъектілерін қолдау бо-

йынша іс-шаралар жүргізу (31,5%); тұрғын үйді жобалау жəне 

(немесе) салу (21,4%) болып табылады.

Республикалық бюджет қаражатынан бюджеттік кредит беру 

бағдарламалары бойынша 2015 жылдың қорытындыларымен 

жергілікті бюджет деңгейінде 



1 364,4 млн. теңге атқарылмаған, 

оның 1 222,2 млн. теңгесі игерілмеген, үнемдеу мен қаражат 

қалдығы 142,2 млн. теңгені құрады. 

Талдау  көрсеткендей,  игерілмегенге  жатқызылған  бюд-

жеттік кредиттерді игеру кредиттік шарттардың талаптарына 

сəйкес, 2015 жылға емес, одан кейінгі қаржылық кезеңдерге 

көзделген. Осыған байланысты, Есеп комитетінің пікірінше, 

кейінгі қаржы жылдары ішінде игерілуі көзделген сомаларды 

қоспағанда, есепті кезеңдегі бюджеттік кредиттердің игерілуін 

жəне пайдаланылуын есепке алу тетігін заңнамамен реттеу 

талап етіледі.

Орталық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің 

есептерінде нəтижелерге қол жеткізілуі 2015 жылға көзделген 

бюджеттік кредиттер тікелей жəне түпкілікті нəтижелерге 

қол жеткізіле отырып игерілген деп көрсетілгені анықталды. 

Сонымен бірге олар өңірлерде игерілмеген, жоспарланған 

көрсеткіштерге қол жеткізілмеген. 

АӨК  субъектілерін  қолдау  жөніндегі  іс-шараларды 

жүргізу  үшін  2015  жылы    60  млрд.  теңге  (2014  жылы  – 

40 млрд. теңге) бөлінген. Бұл ретте тікелей жəне түпкілікті 

нəтижелердің  сандық  көрсеткіштерін  төмендете  отырып, 

оларды жоспарлауға формальды тəсіл белгіленген. 

Мəселен, 2015 жылы жоспарлы көрсеткіш 2,5 есеге асып 

кетіп, 2 249 ауыл шаруашылық тауарын өндірушіге кредит 

берілген, егістік алаңдарын қамту жоспарлы деңгейден 4,3 

есеге (1,2 млн. га) асып кетіп, 5,2 млн. га-ны құрады. Осыған 

ұқсас жайт, 2014 жылы олар бойынша асып кету тиісінше 3,6 

жəне 5,7 есені құраған. 

2014-2015 жылдары бюджеттік кредит есебінен (0,01%-бен) 

екінші деңгейдегі банктерді жылдық 6,53%-бен жəне 3,41%-

бен 54,5 млрд. теңге сомасына қорландыру жүзеге асырылған. 

Екінші  деңгейдегі  банктер  2014  жылы  алған  қарыз 

қаражатын  түпкілікті  алушыларға  жылдық  8,41%  жəне 

11,53%-бен,  2015 жылы – жылдық 7,41%-бен берген. 

Есепті  кезеңде  кредит  беру  бағдарламалары  бойынша 

бақылаумен  қамтылған  сома  38,5  млрд.  теңгені  құрады, 

18,1 млрд. теңгеге – қаржылық бұзушылықтар, 20 млрд. теңгеге 

тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.



Мемлекеттің қаржы активтерін сатып алу

Соңғы  үш  жылда  қаржы  активтерін  сатып  алуға  рес-

публикалық бюджеттен 830,1 млрд. теңге бағытталды. 

Сонымен қатар, шығыстар серпіні олардың көлемдерінің 

2015  жылы  едəуір  қысқарғанын  көрсетіп  отыр.  Егер, 

активтерді сатып алуға 2013 жылы 167,5 млрд. теңге жұмсалса, 

2014 жылы – 480 млрд. теңге, 2015 жылы – 182,6 млрд. теңге

1

 



жұмсалған.

2015  жылға  бекітілген  республикалық  бюджетте  жал-

пы  сомасы  448,0  млрд.  теңгеге  қаржы  активтерін  сатып 

алу  көзделген.  Шығыстар  сомасы  түзетілгеннен  кейін 

182,6 млрд. теңгеге дейін немесе бекітілген бюджеттен 2,5 есе-

ге азайған. 2014 жылмен салыстырғанда, ол 310,9 млрд. теңгеге 

немесе 2,7 есеге қысқарған. 

Халықаралық  қаржы  ұйымдарының  акцияларын  сатып 

алуға 1,0 млрд. теңге, акционерлік қоғамдардың жарғылық 

капиталын толықтыруға – 181,6 млрд. теңге бөлінген.

Бюджеттік бағдарламалар əкімшілері қаржы активтерін са-

тып алуға көзделген қаражатты толығымен игерген. 

Сонымен қатар, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 

26 квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны 

бақылау шоттарында (бұдан əрі – ҚБШ) жарғылық капитал-

ды қалыптастыруға жəне ұлғайтуға бөлінген жалпы сомасы 

132,3 млрд. теңге қалдық қалыптасқан. 

Квазимемлекеттік  сектор  субъектілерінің  ҚБШ-сында 

пайдаланылмаған қалдықтардың қалуына бөлінген қаражаттың 

кейінгі кезеңдерге қайта бөлінуі, өткізілген мемлекеттік сатып 

алу қорытындылары бойынша қаражаттың үнемделуі де се-

беп болған. Бұған қоса, валютаның қалыптасқан бағамының 

айырмасына жəне теңге бағамының түзетілуіне байланысты, 

құны бірнеше есеге ұлғайған жабдықтарды сатып алу жүзеге 

асырылмаған.

Сондай-ақ есепті кезеңде квазимемлекеттік сектор субъек-

тілерінің  ҚБШ-сында  мемлекеттік  тапсырманы  орындауға 

бөлінген 5,1 млрд. теңге пайдаланылмай қалған.  

Аудит барысында анықталғандай, квазимемлекеттік сек-

тор  субъектілерінің  жарғылық  капиталын  толықтыруға 

Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған резервінен қосымша 

117,6 млрд. теңге бөлінген.



Бюджет тапшылығын жəне оны қаржыландыру 

көздерін бағалау

2015 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы  

997,1  млрд.  теңге  мөлшерінде  бекітіліп,  наурыз  айында 

1 256,5 млрд. теңгеге дейін, қараша айында 1 257,7 млрд. теңгеге 

дейін ұлғаю жағына қарай нақтыланды.

2015 жылы бюджет тапшылығы іс жүзінде 912,1 млрд. теңге 

мөлшерінде  қалыптасты,  бұл  түзетілген  бюджеттен 

345,6 млрд. теңгеге төмен.

2015 жылы тапшылық мөлшері 2014 жылмен салыстырғанда 

169,1 млрд. теңгеге төмендеп, 2013 жылмен салыстырғанда 

194,1 млрд. теңгеге ұлғайды.  

Республикалық  бюджет  тапшылығын  қаржыландыруға 

бағытталған  қаражат  көлемі  1  173,5  млрд.  теңгені  құра-

ды  (тартылған  қарыздар  сомасы  арасындағы  айырма 

– 1 479,4 млрд. теңге жəне оларды өтеу сомасы арасындағы ай-

ырма – 305,9 млрд. теңге). Бюджет тапшылығының іс жүзінде 

қалыптасқан барынша төмен көлемінің нəтижесінде бюджет 

қаражатының қалдықтары   261,4 млрд. теңгені құрады. 



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ 

ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН 

БАҒЫТТАР БОЙЫНША ПАЙДАЛАНЫЛУ 

ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ 

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы 

тиімділігін бағалау

2015 жылы мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды 

іске  асыру  кезінде  2  816,8  млрд.  теңгеге  жоспарланып, 

2  571,2    млрд.  теңгесі  немесе  91,3%-ы,  соның  ішінде 

2  109,4    млрд.  теңге  –  республикалық  бюджет  қаражаты, 

289,5 млрд. теңге – жергілікті бюджет қаражаты, 172,4 млрд. теңге 

– бюджеттен тыс қаражат  игерілген.

2015 жылы Есеп комитеті 2 мемлекеттік бағдарламаның 

тиімділігін  бақылауды  жəне  іске  асырылуын  бағалауды 

жүзеге асырды. 

Жоспарланған 525,0 млрд. теңгенің тексерілген мемлекеттік 

бағдарламаларды іске асыруға бөлінген 502,1 млрд. теңгесі, 

соның ішінде 499,9 млрд. теңге – республикалық бюджет қара-

жаты, 2,2 млрд. теңге – жергілікті бюджет қаражаты игерілген. 

Бюджет жəне өзге де заңнаманың анықталған бұзушылық-

тарының  жалпы  сомасы  72,5  млрд.  теңгені  құрады, 

49,2 млрд. теңге тиімсіз пайдаланылған. 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын 

дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты 

Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасының  (бұдан  əрі 

– «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасы) іске асырылу 

тиімділігіне жүргізілген аудит.

«Саламатты  Қазақстан»  мембағдарламасы  Қазақстан 

Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық 

даму  жоспарының  денсаулық  сақтау  саласындағы  негізгі 

бағыттарын іске асыру үшін əзірленген.

Бағдарламаның  мақсаты  еліміздің  орнықты  əлеуметтік-

демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың 

денсаулығын жақсарту болып табылады.

 «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасының Іс-шаралар 

жоспарын (бұдан əрі – Іс-шаралар жоспары) іске асыруға 2011-

2015 жылдар аралығында 429,3 млрд. теңге бағытталған, оның 

ішінде 424,5 млрд. теңгесін – республикалық бюджет қаражаты, 

4,8 млрд. теңгесін – жергілікті бюджет қаражаты құрайды.

 «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасының іске асыры-

лу тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындылары бойын-

ша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 



65,8 млрд. 

теңгені құрады, соның ішінде 12,8 млрд. теңгесі –қаржылық 

бұзушылықтар, 34,6 млрд. теңгесі – тиімсіз пайдаланылған, 

жалпы сомасы 18,4 млрд. теңгесі – 138 бірлік рəсімдік бұзу-

шылықтар.

Мектеп  медицинасы  қызметін,  денсаулық  сақтаудың 

мемлекеттік кəсіпорындарын корпоративтік басқару жүйесін 

жетілдіру, медициналық көмек сапасы стандарттарын жəне 

пациенттердің,  медицина  қызметкерлерінің  құқықтарын 

сақтау  бойынша  нормативтік  құқықтық  актілерді  əзірлеу 

қамтамасыз етілмеген.

Қоршаған  ортаның  халықтың  денсаулығына  əсерінің 

тəуекелін бағалау жəне саланың адами əлеуетін жетілдіру 

үшін кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамаларын əзірлеу 

жүзеге асырылмаған.

«Саламатты  Қазақстан»  мембағдарламасын  іске  асыру 

кезінде  денсаулық  сақтау  саласындағы  мемлекеттік-жеке-

мен шік  əріптестіктің  мүмкіндіктері  мен  тетіктері  толық 

пайдаланылмаған.

Нəтижелердің жекелеген көрсеткіштерін есептеу əдіснамасы 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолданатын халық-

аралық талаптар мен стандарттарға сай емес, бұл əлемдік рей-

тингте Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін бағалаудың 

анықтығына теріс əсерін тигізеді.

Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асырудың тиім-

ділігінің төмендігі байқалады. Ересек тұрғындардың арасында 

ауруларды анықтау барлығы 3,4%-ды, балалардың арасында 

16,4%-ды құрайды.

«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасында медициналық 

колледждерде  білім  беру  сапасын  жақсарту  жөнінде  іс-

шаралар  көзделмеген,  медициналық  білім  беру  жүйесін 

материалдық-техникалық жарақтандыру, медицина жоғары оқу 

орындарының басым бөлігінде университеттік емханалардың 

болмауы, жатақханаларда орындардың жетіспеушілігі мəсе-

лелері  толығымен  шешілмеген.  Бұдан  басқа,  денсаулық 

сақтау саласындағы іргелі жəне қолданбалы ғылымды дамыту 

мəселелеріне жеткілікті дəрежеде көңіл бөлінбеген.

Ұйымдардың  дəрілік  заттарды  ұтымды  жоспарламау 

жəне  сатып  алу  проблемасы  толық  көлемде  шешілмеген, 

медикаменттердің  жоспарланатын  көлемдері  медицина 

кəсіпорындарының  жылдық  мұқтажын  асып  кетеді,  бұл 

көбінесе  ауруханалар  мен  емханалардың  дəріхана  қор-

ларындағы едəуір қалдықтарға əкеп соғады. 



«Ақпаратты  Қазақстан  –  2020»  мемлекеттік  бағ-

дар ламасын  (бұдан  əрі  –  «Ақпаратты  Қазақстан»  мем-

бағдарламасы)  іске  асырудың  қорытындылары  бо-

йынша  анықталған  қаржылық  бұзушылықтар  сомасы 



  145,1  млн.  теңгені,  тиімсіз  пайдаланылған  қаражат  – 



14,6  млрд.  теңгені,  рəсімдік  сипаттағы  бұзушылықтар  – 

41,2 млрд. теңгені құрады. 

«Ақпаратты Қазақстан» мембағдарламасының Іс-шаралар 

жоспарын  (бұдан  əрі  –  Іс-шаралар  жоспары)  іске  асыруға 

2013-2015 жылдар кезеңінде республикалық бюджеттен 121,4 

млрд. теңге бағытталып, солардың 119,5 млрд. теңгесі немесе 

98,4%-ы игерілген. 

Іс-шаралар  жоспарында  2014  жылы  өнеркəсіптік 

пайдалануға енгізілуі көзделген құны 9 млрд. теңгеден аса-

тын  6  ақпараттық  жүйе  бірқатар  мемлекеттік  органдарда 

(Бас прокуратура, Инвестициялар жəне даму, Қаржы, Əділет 

министрліктері) қамтамасыз етілмеген. 

2015 жылы мемлекеттік органдарда (Мемлекеттік қызмет 

істері,  Қаржы  министрліктері,  Есеп  комитеті)  сомасы 

6,5 млрд. теңгеге төрт ақпараттық жүйені енгізу Іс-шаралар 

жоспарында  көзделгенімен,  іс  жүзінде  Есеп  комитетінің 

ақпараттық жүйесі ғана өнеркəсіптік пайдалануға енгізілген. 

Қалған  мемлекеттік  органдарда  құны  6,1  млрд.  теңгенің 

үш ақпараттық жүйесі жоспарланған кезеңде өнеркəсіптік 

пайдалануға енгізілмеген.

2015  жылғы  нысаналы  индикаторлар  көрсеткіштерінің 

іске асырылуын бағалаудың қорытындылары бойынша 2017 

жылға жоспарланған 25 көрсеткішке қол жеткізбеу тəуекелі 

орын алып отыр. 

«Ақпаратты Қазақстан» мембағдарламасының 18 нысана-

лы индикаторының көрсеткіштерін əзірлеу тиісті деңгейде 

жүргізілмеген, соның салдарынан олардың жоспарлы мəн-

дерінің төмендеуіне жол берілген.

Мысалы, мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-

қимылын  автоматтандыру  2017  жылы  –  80%  деңгейінде 

жоспарланған, іс жүзінде ол 2013 жылы – 97%-ды, 2014 жылы 

– 99,17%-ды жəне 2015 жылы – 99,96%-ды құрады; дəстүрлі 

түрде алынған қызметтердің жалпы санына арақатынасы бой-

ынша  көрсетілген  электрондық  мемлекеттік  қызметтердің 

үлесі 2017 жылы – 50% болуға тиіс, іс жүзінде ол 2013 жылы 

– 78,6%-ды жəне 2014 жылы  – 63,1%-ды құрады; Интер-

нет  желісіне  қосылған  үй  шаруашылықтарының  үлесіне 

2017  жылы  65%  деңгейінде  қол  жеткізу  жоспарланған,  іс 

жү  зінде ол  2013 жылы – 86,7%-ды, 2014 жылы – 86,9%-ды 

құрады. 

«Ақпаратты Қазақстан» мембағдарламасында оны іске асы-

ру үшін ресурстарға деген қажеттілік айқындалмаған. 

Іс-шаралар жоспарында 25 тармақ бойынша жергілікті бюд-

жет қаражатының жəне бюджеттен тыс қаражаттың көлемдері 

көрсетілмеген,  бұл  Мембағдарламаларды  мониторингтеу 

əдістемесін сақтамау болып табылады. 

Мемлекеттік органдарға бөлінген бюджет 

қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау

2015  жылы  орталық  мемлекеттік  органдардың  рес-

публикалық  бюджет  қаражатын  пайдалану  тиімділігін 

бағалау  бюджеттік  бағдарламалар  əкімшілері  ұсынған 

ақпараттың, бақылау-талдамалық жəне аудиторлық іс-шаралар 

нəтижелерінің негізінде жүргізілді.

Бағалау  қорытындылары  көрсеткендей,  мемлекеттік 

органдар  бюджет  қаражатының  тиімсіз  пайдаланылуына 

жол  беруде,  бюджеттік  бағдарламалардың  тікелей  жəне 

түпкілікті нəтижелерінің жекелеген көрсеткіштері толығымен 

игерілгенімен, оларға қол жеткізілмеуде.

Бұдан басқа, тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің көр-

сеткіштері сапасыз жоспарланып, қаржыландырудың талап 

етілген  көлемдері  өсіріліп  көрсетіледі,  соған  байланыс-

ты, бөлінген қаражат игерілмейді немесе басқа бюджеттік 

бағдарламаларға қайта бөлінеді.

Жекелеген  бюджеттік  бағдарламалар  əкімшілері  тара-

пынан  бақылаудың  əлсіздігінен,  өңірлерге  қаражат  толық 

аударылғанымен,  кейбір  жергілікті  атқарушы  органдар 

бюджеттік  бағдарламалар  нəтижелерінің  көрсеткіштеріне 

қол жеткізуді қамтамасыз етпеуде.

Аудиторлық іс-шаралардың нəтижелері бойынша жекеле-

ген инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігінің 

төмендігі,  құрылыс  қызметі  жəне  мемлекеттік  сатып 

алу  саласындағы  бұзушылықтар,  орындалған  жұмыстар 

көлемінің анықтығын қамтамасыз етпеу анықталды.

Бақылау  объектілері  мемлекеттік  сатып  алу  туралы 

заңнаманы  бұза  отырып,  біліктілік  талаптарына  сəйкес 

келмейтін  əлеуетті  өнім  берушілердің  конкурстарға 

қатысуына негізсіз жол берген, шартты жеңілдіктерді дұрыс 

есептемеген, бекітілген жобалау-сметалық құжаттама жəне 

басқалары болмаса да, мемлекеттік сатып алу жүргізген.

Бюджеттік бағдарламалар əкімшілерін бюджеттік өтінімсіз 

не олардың негізсіз жəне анық емес есептеулері бойынша 

қаржыландыру фактілері анықталды.

 

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет 



активтерін пайдалану тиімділігін бағалау

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика-

да  мемлекет  қатысатын  403  заңды тұлға  есептелді,  соның 

ішінде: 


131 акционерлік қоғам (бұдан əрі – АҚ), олардың 11-і – 

таратылу,  банкроттық  сатысында  тұр не жұмыс істемейді, 

13-і – сенімгерлік басқаруға берілді жəне 2-еуі – төлемдер 

бойынша бөліп төлене отырып сатылды. 

23 жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан əрі – ЖШС), 

олардың 3-еуі таратылу, банкроттық сатысында тұр не жұмыс 

істемейді;   

139  республикалық  мемлекеттік  кəсіпорын  (бұдан  əрі 

– РМК) жəне  110 республикалық мемлекеттік қазыналық 

кəсіпорын (бұдан əрі – РМҚК).

Акцияларының  (үлестерінің)  мемлекеттік  пакеттері 

республикалық меншікте болып табылатын квазимемлекеттік 

сектор  субъектілерінің  қаржы-шаруашылық  қызметінің 

нəтижелеріне талдау жəне бағалау жүргізілді. 

 «Мемлекеттік тізілім» ақпараттық порталының деректеріне 

сəйкес, қаржы-шаруашылық қызметінің нəтижелері туралы 

жедел есептілікті орналастырған 92 АҚ мен ЖШС-дан 2015 

жылды 65-і – пайдамен, 20-сы – нөлдік нəтижемен аяқтады 

жəне 7-еуі залалды болып табылады.   

2015 жылы қаржы жылын 139 РМК-нің 117-сі – пайдамен, 

13-і - 956,7 млн. теңге сомасындағы залалмен, 9-ы – нөлдік 

нəтижемен аяқтады. 

2015  жылдың  қорытындылары  бойынша  7  РМК  қайта 

ұйымдастырылды не таратылу сатысында, 1-і сатылды жəне 

1-і сенімгерлік басқаруға берілді. 

Дивиденд саясатын күшейтудің арқасында дивидендтердің, 

таза кіріс бөліктерінің, қатысу үлесіне кірістердің рес пуб-

ликалық  бюджетке  түсетін  түсімдерінің  үлесі  2,2  есеге 

ұлғайды. Бұл ретте таза кірістен түсетін дивидендтердің үлесі 

4,4%-дан 14,8%-ға ұлғайды. 



(Соңы 8-бетте)

 2015 ЖЫЛҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 

БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІ ЕСЕБІНІҢ 

(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЕСЕБІНЕ ҚОРЫТЫНДЫ)



 

НЕГІЗГІ

 

ТҰЖЫРЫМДАРЫ

29 маусым 2016 жыл

www.egemen.kz

8

(Соңы. Басы 7-бетте)

2015  жылы  АҚ-лар  (ұлттық  басқарушы  холдингтерсіз) 

мен ЖШС-лардан түскен дивидендтер мен қатысу үлесіне 

кірістер  түсімдері  5,5  млрд.  теңгені  немесе  2014  жылдың 

қорытындылары бойынша алынған таза кірістің 65,1%-ын 

құрады. Бұл ретте төленген дивидендтер мен кірістердің үлес 

салмағы 2014 жылмен салыстырғанда 15,4 пайыздық тармаққа 

(49,7%-дан 65,1%-ға) ұлғайды.  

2014 жылы таза кіріс 2,7 млрд. теңгеге немесе 2013 жылмен 

салыстырғанда 24,3%-ға қысқарғандықтан, 2015 жылы АҚ 

жəне ЖШС-дан түскен дивидендтер мен кірістердің сомасы 

абсолюттік мəнде 81 млн. теңгеге немесе 1,5%-ға қысқарды. 

2015 жылы РМК таза кірісі бөлігінің түсімдері 4,8 млрд. тең-

гені немесе жоспарға шаққанда 100,7%-ды құрады.

Жалпы алғанда, соңғы үш жыл ішінде республикалық бюд-

жет кірісіне жалпы сомасы



 85,1 млрд. теңге немесе бюджетке 

түскен түсімдердің жалпы көлемінің 0,4 %-ы болатын



 диви-

дендтер түсті.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-шаруа-

шылық  қызметінің  нəтижелері  бойынша  аударымдар  мен 

дивидендтерді бюджет кірісіне уақтылы аудармау фактілерінің 

орын алуы жалғасуда.

Сонымен  бірге,  аудиторлық  іс-шаралардың  нəтижелері 

бойынша таза кірісінің бір бөлігін төлегеннен кейін квази-

мемлекеттік сектор субъектілерінің иелігінде айтар лық тай 

қаражат қалып отырады, олар екінші деңгейдегі банктердің 

депозиттік шоттарына орналастырылады.

19  ЖШС  «Жауапкершілігі  шектеулі  жəне  қосымша 

жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заң талаптарын 

бұза отырып, таза кірісінің бір бөлігін бөлу жəне бюджетке 

аудару туралы шешім қабылдамаған.

Бұл  ретте  Есеп  комитетінің  квазимемлекеттік  сектор 

субъектілерінің таза кірісінің бір бөлігі мен дивидендтерді 

уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл есептеу тəртібін айқындау 

жөніндегі ұсынымы орындалмай қалды. 

Квазимемлекеттік  сектор  субъектілерінің  қызметіндегі 

кемшіліктер мен олқылықтар бақылау-талдау іс-шараларымен 

анықталды.  Бұдан  басқа,  бюджет  жəне  өзге  де  заңнама 

бұзушылықтарына жол берілді. 



ӨҢІРЛЕРДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ 

ҚАРАЖАТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУ 

ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Өңірлерде трансферттердің пайдаланылу 

тиімділігін бағалау

2015 жылы республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінген 

трансферттердің жалпы сомасы 1 916 млрд. теңгені, соның 

ішінде нысаналы даму трансферттері – 422 млрд. теңгені, 

ағымдағы нысаналы трансферттер – 589,6 млрд. теңгені жəне 

субвенциялар – 904,4 млрд. теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге бөлінген 

трансферттер көлемдерінің төмендегені байқалады. Мəселен, 

есепті кезеңде бөлінген трансферттердің жалпы көлемі 2014 

жыл мен салыстырғанда 11,6%-ға немесе 251,4 млрд. теңгеге 

азайған.   

Трансферттер құрылымында бюджеттік субвенциялардың 

көлемдері 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 7,5%-ға не-

месе 73,7 млрд. теңгеге, нысаналы даму трансферттері – 31,5%-

ға немесе 194,6 млрд. теңгеге азайған, бұл ретте ағымдағы 

ны саналы трансферттер 2,9%-ға немесе 16,8 млрд. теңгеге 

ұлғайған. 

2015  жылы  бөлінген  нысаналы  трансферттердің  көлемі 

1 011,6 млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыс-

тырғанда 177,7 млрд.теңгеге немесе  14,9%-ға аз.  

Аудиторлық  (бақылау)  жəне  талдау  іс-шараларының 

нəтижелері  бойынша  орталық  жəне  жергілікті  атқарушы 

органдар  нысаналы  трансферттерді  бөлу  жəне  пайдалану 

кезінде жол берген жүйелі бұзушылықтар, кемшіліктер мен  

олқылықтар анықталды. 

 Есепті кезеңде қамтылған 866 млрд. теңге мөлшеріндегі 

бюджет  қаражатының  жалпы  көлемінен  нысаналы  тран-

сферттерді  қалыптастыру  мен  пайдалануға  байланысты 

анықталған 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет