1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасына
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның маңыздылығы
«BT Signal» ЖШС – 2010 жылы құрылған заманауи және серпінді дамып келе жатқан компания. 10 жылдан астам уақыт бойы біз Қазақстан темір жолдарында кең тараған пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен басқарудың ең озық жүйелерін сәтті енгізіп, оларға қызмет көрсетіп келеміз. революциялық технологиялар, олар ең аз инвестициямен, өткізу қабілетін арттыру және пайдалану шығындарын азайта отырып, қауіпсіздікті арттыру арқылы темір жолдардың тиімділігін арттырады.
10 жылдан астам уақыттан бері біз ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға атсалысып келеміз. «BT Signal» ЖШС заманауи сигналдық жүйелерді енгізу және техникалық қызмет көрсету бойынша сертификатталған Қазақстан Республикасындағы жалғыз компания болып табылады.
2 РЕЛЬС ТІЗБЕКТЕРІНІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ
2.1 Рельс тізбектерінің негізгі элементтері мен аппаратураларының топтастырылуы.
Рельс тізбектері теміржол автоматика және телемеханиканың негізгі элементі болып табылады. Олардың қызметі пойыздар қозғалысын реттеудің автоматтық және телемеханикалық жүйелерінің негізін қалайды және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі мен құрылғылары жұмысының сенімділігін көп мөлшерде анықтайды анықтайды [3,4]
Рельс тізбегі қоректендіру мен жүктеме көзі бар электр тізбегі болып табылады. Ал электрлік токтың өткізгіштері болып темір жолдың рельс жолдары табылады. Қарапайым рельс тізбегінің электрлік сұлбасы қоректендіру соңынан, рельс жолынан және релелік соңнан тұрады.
Рельс тізбегінің қоректендіруші соңында ВАК түріндегі түзейткішпен 1 немесе ПТ жолдық трансформатормен буферлік режимде жұмыс істейтін аккумулятор орнатылады. Рельс тізбегі пойызбен бос емес болған кезде жолдық реле якорінің түсірілуін қамтамасыз ететін R0 резистор арқылы рельс жолына қоректендіру түседі.
Сурет 2.1 – Рельстік тізбектің құрылғысы
Рельс жолы екі рельс қылдарынан 7 тұрады. Олар рельс қылдарының 21 электрлік кедергісін төмендетуге арналған ток өткізуші түйіспелік қосқыштармен өзара байланысқан рельс түйіндерінен 8 тұрады. Учаскідегі тартым түріне және рельске бекітудің таңдалған тәсіліне байланысты түйіспелік қосқыштардың үш түрі болады [3,4]
Автономдық тартымдағы учаскілерде болат штепсельдік және пісірілмелі қосқыштар пайдаланылады. Электрленген учаскілерде мыс пісірілмелі қосқыштар қолданылады. Рельс қылдары ағаш немесе темірбетон шпалдарда орнатады 9. Шектес рельс тізбектерінің рельс жолдарын темір жапсырмалы оқшаулағыш түйіспелердің 6 көмегімен немесе желімболттық түйіспелердің көмегімен ажыратады. Оқшаулағыш түйіспелер жолдың жоғарғы құрылысының сенімді электрлік оқшаулауы мен механикалық мықтылығын қамтамасыз етуі керек [3,4]
Сондықтан оларды жоғары механикалық мықтылыққа ие және ылғалдану шарттарында жұмыс қабілеттілігін сақтайтын оқшаулағыш материалдардан жасайды. Зауыттық шарттарда жасалатын желімболттық оқшаулағыш түйіспе жоғары механикалық мықтылыққа ие, себебі ол рельспен бірге біртұтастықты құрайды.
Электрленген учаскілерде оқшаулағыш түйіспелерде рельс жолында ДТ дроссель – трансформаторлары орнатылады (сурет 4.2), олар оқшаулағыш түйіспелерді айналып рельс жолдарымен қайтымды тартым тогын өткізуді қамтамасыз етеді.
Дроссель-трансформатор екі орамға ие: негізгі және қосымша. Негізгі орам үш шығысқа ие — екі шеткіні рельс жолдарына қосады, ал ортаңғысы қос рельс тізбегінің дроссель – трансформаторының ортаңғы шығысымен қосылады. Қосымша орамның шығыстарына рельс тізбегінің приборлары қосылады.
Сурет 2.2 – Рельс тізбегіне дроссель-трансформаторды қосу сұлбасы
Рельстік жолдан сигналдық ток релелік соңда тұрақты немесе айнымалы токта рельс тізбегінің жағдайын тіркейтін жолдық релені (сурет 2.1) қабылдайды (қозғалмалы құрамнан бос немесе бос емес) және пойыздар қозғалысын реттейтін әр түрлі жүйелердің жұмысы үшін осы ақпаратты жібереді. Рельс тізбектерінің кейбір түрлерінде жолдық реле мен рельс арасында келесі приборлар қосылуы мүмкін: оқшаулаушы немесе жоғарылатушы трансформатор, қорғау фильтрі және т.б [3,4]
Релелік шкафта немесе ЭО постында орналасқан қоректендіруші және релелік соңдардың аппаратурасы кабельмен 3 22 (сурет 2.1) жолға жақын орнатылған кабельдік тұрақ 4 немесе жолдық қорап арқылы, тростық ауыстырып қосқыш арқылы 5 жолдың рельс қылдарына қосылады. Рельс тізбегінің жұмыс қызметі рельстік жол арқылы жолдық релеге көзінен түсетін ток өлшемі жол учаскісінің жағдайына тәуелді болуына негізделеді.
Учаскі бос болған кезде қоректену көзінен сигналдық ток рельстік жолдармен П жолдық релесінің орамымен ағады, сондықтан реле қозады, фронттық контактілерді тұйықтап, рельс тізбегінің бостығы мен ақаусыздығын тіркеп жәкірді тартады. П релесінің қоздырылған күйі рельске қозғалмалы құрам түскенге немесе рельс алынғаннан немесе сынғаннан жолдың рельстік қылының үзілуіне, түйіспелік қосқыштың үзілуі немесе басқа да бұзылу пайда болғанға дейін сақталады [3,4]
Жолдық оқшауланған учаскі қозғалмалы құраммен бос емес болған жағдайда пойыз дөңгелеуінің төмен кедергісімен рельстік қылдардың шунтталуы орын алады. Жолдық реле орамындағы сигналдық ток күрт төмендейді, себебі жолдық реле орамының кедергісі пойыздар дөңгелеуінің кедергісінен әлдеқанша үлкенірек. Жолдық реле фронттық контактілерді тұйықтап, тылдық контактілерді ажыратып жәкірді түсіреді. Сол арқылы пойызбен рельс тізбегінің бостығын бақылайды.
Рельс тізбегіне пойыз түскен кезде жәкірдің жіберілуі рельс тізбегінің шунттық эффекті деп аталады. Дөңгелек беті мен рельс бастиегінің арасындағы өтпелі кедергіні ескергендегі дөңгелек жұбының кедергісі – шунт кедергісі деп аталады. Рельс қылы үзілген кезде П жолдық релесі де ажыратылады және рельс қылының ақаулығын тіркеп тылдық контактілерді тұйықтайды [3,4]
Осылайша, рельс тізбектері бекеттер мен аралықтарда жолдық оқшауланған учаскілердің бостығы мен бос еместігін, рельс қылдарының электрлік тұтастығын, қозғалыстағы пойыздың жолдық және локомотивтік бағдаршамдармен байланысын үздіксіз бақылауға және қозғалмалы құрамның өту уақытында бұрмалардың ауысуын болдыртпауға арналған.
Рельс тізбектері рельс қылдарының тұтастығын бақылауды қамтамасыз ететіндіктен, олар аралықтар мен бекеттердегі қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатудың сенімді әрі эффективті құралы болып табылады.
2.2 Релелік және қоректік соң аппаратуралары
Рельс тізбектерін қоректендіруге қолданылатын бұл түрлендіргіштер жиілігі 50 Гц айнымалы токты жиілігі 25 Гц айнымалы токқа түрлендіруге арналған. Жиілік түрлендіргіштерінің үш түрі шығарылады: ПЧ50/25-100УЗ - 25 Гц сандық кодалық автоблоктау рельс тізбектерін қоректендіруге; ПЧ50/25-150УЗ – айнымалы ток электртартымды бекеттерде 25 Гц импульсті рельс тізбектерін топтық қоректендіруге; ПЧ50/25-300УЗ – ДСШ-13 және ДСШ-13А фазасезімтал екіэлементті релелермен 25 Гц бекеттік рельс тізбектерін қоректендіруге. 100, 150 және 300 сандары 25 Гц жиіліктегі айнымалы токтың шығыс қуатын білдіреді (В•А), У әріпі – климатикалық орындалуы, 3 – орындалу категориясы [3,4]
Барлық түрлендіргіштер 110 және 220 В кернеуде 50 Гц жиіліктегі айнымалы токтағы бірфазалы желіден жұмыс жаайды. Түрлендіргішті 220 В желіге қосқан кезде ауыстырып қосқышты 1 орамының 2-3 шығыстарының арасында орнатады, ал кернеуі 110 В желіге қосқан кезде 1-2 және 3-4 шығыстарының арасына орнатады [3,4]
Жиілік түрлендіргіші екі бөлікке бөлінген: ферромагниттік блок (орамдар және диодтармен магниттік жүйе) және 27 конденсаторлар блогы.
Ферромагниттік блоктар горизонтальді орналасады (ПЧ50/25-100УЗ типтегі блокты ілуге рұқсат етіледі). Конденсаторлық блоктар (сурет 2.3 б) горизонтальді орнатылады немесе вертикальді ілінеді. 100 және 150 В•А қуатты түрлендіргіштердің конденсаторлар блогы 80 мкФ сиымдылыққа ие және айнымалы токтың 250 В жұмыстық кернеуіне әр қайсысы 10 мкФ сиымдылықты сегіз конденсаторлардан тұрады. ПЧ50 25-300УЗ конденсаторлар блогы 120 мкФ сиымдылыққа ие және 12 конденсаторлардан тұрады.
Жиілік түрлендіргіштері жоғары тұрақтандырушы қасиеттерге ие және кіріс кернеуді тұрақтандыру үшін арнайы құрылғыларды талап етпейді. Кернеудің (220±20) В шектеріндегі тербелістер кезінде контур кернеуі 5% аспай өзгереді және шығысындағы 50% жүктемеде іс жүзінде өзгермейді. Түрлендіргіш аса жүктелгенде біріншілік орамдағы ток өспейді.
Түрлендіргіштер қысқа тұйықталудан арнайы қорғау қажет етпейді. Қысқа тұйықталуды жойғаннан кейін түрлендіргіш автоматтты түрде жұмысқа қосылады. Егер жүктеме тогы түрлендіргіштің есептік қуатымен анықталатын шамадан жоғары болса, жиілікті түрлендіру үдерісі бұзылады әне түрлендіргіш жұмыс жасамайды [3,4]
Жиіліктің статикалық түрлендіргішінің әрекет ету принципі индуктивтілік және сиымдылықпен контурда тербелістердің параметрлік пайда болу құбылысына негізделген. Бұл құбылыстың негізі тербелмелі контур параметрлерінің бірі – сиымдылық немесе индуктивтілік өзіндік жиіліктен екі есе көп жиілікпен арнайы өзгертілген кезде, контурда өшпейтін тербелістер пайда болады және қолдалады.
Олардың жиілігі өзіндік жиілікке шамалас. Контур параметрлерін өзгертуге болады, мысалы, индуктивтілік орамында болат өзекті 2f берілген жиілікпен жылжыту арқылы. Механикалық энергия есебінен контурда f жиілікті айнымалы ток түріндегі параметрлік тербелістер пайда болады. Қаныққан болат өзекті трансформатор орамының индуктивтілігін өзгертуді қолданып параметрлік тербелістерді алуға болады. Болат өзекті орам индуктивтілігі.
Электротехникалық болаттан жасалған екі өзектердің тізбектей қосылған орамдары w жиілігі 50 Гц айнымалы токтағы желіге қосылады. wl орташа орамның L индуктивтілігі С сиымдылығымен бірге 25 Гц жиілікке бапталған тербелмелі контур тудырады. w орамдарын өзектің ортаңғы бөлігіндегі олар жасайтын магниттік ағындар бір біріне қарама қарсы бағытталатындықтай қосады. Сондықтан wl ортақ орамындағы 50 Гц жиіліктегі айнымалы ток индуцияланбайды.
Орамдармен тізбектей 50 Гц айнымалы токты бір жарты периодты токқа түрлендіретін V диод қосылады. Нәтижесінде өзектердегі магниттік ағын 1 с 50 рет өзгереді. Өзектер қаныққан кезде салыстырмалы магниттік өткізгіштік μ өзгереді, яғни ортақ орам индуктивтілігі L де өзгереді. Контурды 25 Гц жиілікке баптау кезінде түрлендіргіштің шығысында 25 Гц жиілікті айнымалы токты алуға болады [3,4]
ПЧ50/25-100УЗ типтегі түрлендіргіштер әр қайсысына қажет тәуелсіз орнатылған кернеумен екі рельс тізбектерін қоректендіре алады. Негізгі және қосымша екіншілік орамдарды қолданып түрлендіргіштен 5 В интервалмен 5-175 28 В аралығында әр түрлі 34 түрлі кернеулер алуға болады. Түрлендіргіштің габариттік өлшемдері 215 х 112 х 203 мм, массасы 14,6 кг; конденсатор блогының габариттік өлшемдері 142 x 120 x 180 мм, массасы 3,4 кг.
Сурет 2.3 – ПЧ50/25-150УЗ типті түрлендіргіштің ферромагниттік блогы (а) және конденсаторлар блогы (б)
Достарыңызбен бөлісу: |