1,2,3,4 апталардың тапсырмасы Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін экономикалық теорияның негізгі талдау ерекшеліктерін төмендегідей ұсынылатын тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізу.
Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
Тақырыпбойыншалогикалықсызбаларқұрастыру.
Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
Мен экономикалық теорияны не үшін оқимын?
Экономикалық теорияның ғылым болып қалыптасуындағы қазақ экономикалық ой-пікірлерінің рөлі мен орны;
Қазіргі экономикалық теорияны оқудың жеке адам үшін маңызы; Қазіргі экономикалық теорияны оқудың бизнес үшін маңызы; Экономикалық теорияның экономикалық саясатпен байланысы.
Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект): Экономикалық теориядағы адам мәселесі.
Экономика ғылымы бойынша Нобель сыйлығы және оның лауреаттары.
Қазіргі экономиканың негізгі элементтері.
Жаттығулар: Мына ұғымдардың сәйкес анықтамаларын табыңыз:
а) – елдің шаруашылығын зерттейтін ғылымдардың жиынтығы;
А. Экономикалық экспери- мент
ә) – экономикалық үдерістер мен заңдардың мәнін ашатын ғылымдар;
Ә. Экономикалық категория
б) – әлемдік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылықтарын сипаттайтын ғылым;
Б. Еңбек
в) – тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде туындайтын қатынастар;
В. Кейнстік теория
г) – экономикалық үдерістер мен құбылыстарға қатысты объективтік, себеп-салдарлық байланыс- тар мен өзара тәуелділіктер;
Г. Меркантилизм
ғ) – экономикалық әрекеттердің тиімділігін тексеру мақсатында экономикалық салада ғылыми негізде жүргізілетін тәжірибе;
Ғ. Позитивті экономикалық теория
д) – зерттеу әдістері туралы ғылым;
Д. Индукция
е) – байлықты ақшамен байланыстыратын ғылым;
Е. Маржинализм
ж) – ақша факторлары басты рөл ойнайтын экономиканы тұрақтандыру теориясы;
Ж. Жалпы экономикалық ғылымдар
з) қоғамның экономикалық өмірінің аса жалпы және маңызды жақтарын сипаттайтын логикалық түсініктер;
З. Материалдық емес өндіріс
и) – жекеден жалпыға қарай ой қорытындылаудың беталысы;
И. Өндірістік қатынастар
к) – экономикалық құбылыстар мен үдерістерді ғылыми дәлелдеуге бағытталған ғылым;
К. Экономикалық заңдар
қ) – нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздемесі;
Қ. Жеке экономикалық ғылымдар
л) – адамның табиғатқа оны өзгерту мақсатында ықпал ету үдерісі;
Л. Экономика
м) – материалдық емес сипаттағы қызметтерді ұсыну мақсатында рухани құндылықтарды жасау үдерісі;
М. Монетаризм
н) – экономикалық басқарудың салалық ерек- шеліктері мен қызметтерін зерттейтін ғылым;
Н. Методология
ң) – өз зерттеулерінде негізінен шекті шамаларды қолданатын теория.