Жасқа байланысты ерекшеліктері Дәнекер тіндер жасына қарай құрылымында, мөлшерінде және химиялық құрамында өзгерістерге ұшырайды. Жасы ұлғайған сайын дәнекер тінінің түзілімдерінің жалпы массасы артады. Дәнекер тінінің құрылымдарының көптеген түрлерінде коллаген түрлерінің, гликозаминогликандардың қатынасы өзгереді; атап айтқанда, оларда сульфатталған қосылыстар көп болады.
Ағза ретінде сүйек сыртынан қаптаған сүйек қабығынан (периост), бір-біріне ауысатын тығыз және кемік затттарынан, түтікті сүйектің диафизін қызыл кемік орналасқан қуыс жағынан төсейтін эндосттан құрылған. Сүйектің құрамына басқа да тіндер кіреді: тығыз және талшықты дәнекер, май және нерв тіндері, бірақ функция жағынан жетекші тін - пластинкалы сүйек тіні.
ПЕРИОСТ ішкі сыртқы қабаттардан құрылған сүйектің сыртқы қабығы. Периосттың сыртқы қабаты тығыз талшықты пішінделмеген дәнекер тіннен тұрады. Құрамында жалпайған ұршық пішінді остеогенді жасушалары, преостеобласттары және остеобласттары бар, оның ішқабаты БТДТ құрылған. Сүйек қабығы коллагенді талшықтармен пластинкалы сүйек тініне берік бекітіледі функциялары: 1) трофикалық - сүйектің қоректену 2) - остеогенді жасушалардың пролиферациясы 3) тіректік - бұлшық еттермен, байламдармен және сіңірлермен сүйектің байланыстары
ТЫҒЫЗ ЗАТ түтікті сүйектердің диафизін және жалпақ сүйектердің сыртқы қабатын құрайды. Тығыз заттың құрылымдық элементтері - тығыз бууынып-түйінген, қалыңдығы 4-15 мкм сүйек табақшалары. Сүйек табақшаларының архитектоникасына сәйкес диафиз үш қабаттан тұрады: 1) сыртқы жалпы табақшалары; 2) остеонды қабат; 3) ішкі жалпы табақшалары.
КЕМІК ЗАТ сүйектің ішкі бөлігін құрайды және құрылылдық-фуикциялық бірліктерден - сүйек трабекулдарынан тұрады. Бұл тіректік құрылымдар бос тор құрып орналасады және олардың орналасу бағыттары жүк-салмақтардың қосу және созу күштердің бағыттарына сәйкес болады. Трабекуларалық кеністіктерде сүйек кемігі орналасады. Кемік заттың трабекулдары қисық пішінді сүйек табақшаларынан құрылған.
ЭНДОСТ - сүйек кемігі жағындағы периостқа ұқсас сүйектің жұқа дәнекертінді қабығы. Эндост құрылысы дәл сол периостсияқты, бірақ қабаттары нашар дамыған. Оның құрамында белсенділігі сүйектің дамуы мен өсуі кезінде немесе сынған жағдайда күшейетін аз дифференцияланған остеогенді жасушалардан және остеокласттардан тұратын үздіксіз қабаты бар.
73.Бұлшықет тіндері. Жалпы және гистогенетикалық жіктелуі.